«Математика» пәні бойынша 2021-2022оқу жылында 1-сыныпта оқу үрдісінің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
«Математика» пәнін оқытуға 1 сыныпта 140 сағат бөлінген.
Аптасына : 4 сағат
Математика пәні бастауыш білім деңгейінде «Математика» білім саласындағы кіріктірілген пән. Оны игеру 1 000 000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектеп деңгейінде білімді жалғастырудан тұрады.1-сыныпта 0 санынан 20 санына дейінгі сандармен; 10-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту арифметикалық амалдарымен; «ондық», «жүз» сандарымен таныстыру басталады; 2-сыныпта қарастырылатын 100-ге дейінгі сандарды игеруге дайындық жүргізіледі.
Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәні келесі міндеттерді айқындайды:
логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту
|
тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту
|
оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту
|
түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту
|
сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту
|
ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген
|
өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну
|
коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту
|
Достарыңызбен бөлісу: |