Бағдарламасы (Биология 8-сынып)



бет2/4
Дата07.02.2024
өлшемі30.01 Kb.
#491296
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Биология әлемі биология 8-сынып факультатив жұмысы

Пәнаралық байланыс – бұл түрлі оқу пәндерін сәйкестендіріп оқытуға мүмкіндік беретін әдіс:
– түрлі ғылымдарды кіріктіру процесі ретінде, заманауи ғылыми білімнің ерекшеліктерін көрсету;
– білім алушылардың санасында қоршаған әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Білім алушылар жобаларға қатысу барысында жұмыстарының нәтижелерін баяндама, мақала, фото және бейне есеп түрінде рәсімдеу арқылы өздерінің білімдері мен бақылауларын жүйеге келтіруді үйренеді. Олар экология саласындағы өз іс-әрекеттерін арнайы сайттарға, түрлі сайыстарға орналастыра алады.
«Биология әлемі» факультатив курсын оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

  • ақпаратты іздеу, сұрыптау және фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды анықтау, салыстыруға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды пайдалану;

  • белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды пайдалану;

  • білім алушыларды электронды оқулықтар арқылы оқыту;

  • компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жобалар жасау;

  • білім алушылардың пікірталас өткізу және тарихи мәселелерді талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалануға мүмкіндік береді.

«Биология әлемі» факультатив курсы барысында білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін:

  • жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, адам қызметінің экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақтан және сыныптан тыс іс-әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

  • оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, өздігінен білім алуға талпынулары үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • тірі жүйелерге, маңызды классикалық және заманауи жетістіктерге қатысты ғылыми танымдық әдісін меңгерту;

  • адамның қызметі және табиғи себептердің ықпалының нәтижесінде олардың өзгерістері мен жүйелердің құрылымы, жұмыс істеуі, дамуы туралы білімді меңгерту;

  • пәнді бейінді оқыту негізінде білім алушылардың болашақ мамандығын өз бетімен таңдауға дайындау;

  • өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту ұсынылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет