Бағдарламасы бойынша ақылы негізінде оқыту туралы шарт


ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ШАРТТЫ БҰЗУ ЖАҒДАЙЛАРЫ



бет5/6
Дата19.12.2023
өлшемі86.5 Kb.
#486970
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Интерн ақылы

4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ШАРТТЫ БҰЗУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
4.1. Осы шартта қаралған өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен белгіленген тәртіппен жауапкершілікті иеленеді.
4.2. Шарт мына жағдайларда бұзылуға жатады:
4.2.1. білім алушы академиялық үлгермегендігі үшін білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынысы бойынша бұйрықпен оқудан шығарылған жағдайда және білім беру ұйымының Жарғысында, ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген талаптар мен ережелерді бұзған жағдайда;
4.2.2 білім алушының оқудан шығу туралы жазған өтініші бойынша, денсаулығына байланысты ДКК-ның анықтамасы негізінде, өзге білім беру ұйымына ауысуына, сол сияқты шарттың 2.3.3. және 3.1 пунктін орындамаған жағдайда, білім беру ұйымына қатысты емес басқа да жағдайларға байланысты оқудан шығарылса;
4.2.3 білім алушы білім беру ұйымынан теріс қылықтары үшін оқудан шығарылған жағдайдаларда білім беру ұйымыда оқығаны үшін төленген ақшасы қайтарылмайды.
5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
5.1. Шартты орындау барысында туындайтын келіспеушіліктер мен даулар өзара келісімі негізінде тараптармен шешіледі.
5.2. Келіссөздер арқылы тараптармен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.


6.ФОРС-МАЖОР
6.1. Су тасқыны, өрт, басқа да апатты жағдайлар, соғыс немесе әскери әрекеттер сияқты форс-мажорлық жағдайларда, сондай-ақ Тараптардың бақылауынан саналы шегіне байланысты емес және шартты жасағаннан кейін пайда болған кез келген өзге жағдайларда Тараптардың жауапкершілігі басталмайды.


7. ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ, ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ ТӘРТІБІ МЕН ОНЫ БҰЗУ
7.1. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және оқу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
7.2. Шарт Тараптардың келісімдері негізінде өзгертіледі және толықтырылады, шартқа енгізілген кез келген өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, оған қол қоюға өкілеттігі бар тұлғалар қол қойған кезде ғана жарамды болады
7.3. Білім беру ұйымы басшысының тиісті бұйрық шығаруы тараптар арасында шарт талаптарын тоқтатылу сәті болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет