Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет12/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Оқу қызметі ұнады ма?
5 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлім: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар. «Т» дыбысы.
Мақсаты: Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.
Міндеттері: «Т» дыбысымен таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру, қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Ойларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: жаңа дыбыстан басталатын сөздер айтады, өлең мазмұнын түсініп, жаттап алады, сөздерді буынға бөледі;
Түсінеді:дыбыстардың айырмашылығы қандай екенін, сөз буыннан, буын дыбыстан құралатынын, жаңа дыбысқа сөз ойлай білуді;
Қолданады: сөз жарысында көп сөз айтуды
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қаламдар.
Сөздік жұмыс: қоңырау.
Билингвалды компонент: дыбыс – звук, ұзын сөз – длинное слово, қысқа сөз – короткое слово.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балалардың назарын өзіне аударады да, есікті қағады. Қоңырауды сылдырлатады, қағазды умаждап, не естігендерін сұрайды.

  1. Негізгі кезең

Сөздік жұмысын жүргізу.
Қоңырау – темірден жасалған, үн шығаратын құрал.

  • Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер.

  • Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?

  • Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: «А-а» десек. Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады.

Дыбыстар екіге бөлінеді, дауыссыз дыбыстар, дауысты дыбыстар болып. Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.
Мысалы, «Т» дыбысы. Кәне, бәріміз осы «Т» дыбысын айтып көрейік.
Айырмашылығы қандай?
«Т» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: Ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің түбіне тиеді, тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Дем тіл ұшы мен тістің арасыннан шығады да, «Т» дыбысы жасалады.

  • «Т» дыбысы – дауыссыз дыбыс, сондықтан да қысқа айтылады. Енді осы дыбыстардан сөз құрайық.

  • «Ат» – бұл сөзде неше дыбыс бар?

  • Дұрыс айтасыңдар, «ат» сөзі екі дыбыстан құралған. Ал осы сөзге тағы да «А» дыбысын жалғасақ, қандай сөз шығады?

  • Дұрыс, «Ата» сөзі шығады.

  • «Ата» сөзі неше дыбыстан тұрады?

  • «Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап айтыңдаршы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет