Билингвалды компонент: су – вода.
Педагог өлең оқиды, балалар «Ү» дыбысы бар сөздерді есте сақтап қалады.
Балабақша Балабақша – базарлы үй, Ауылдағы ажарлы үй. Шаттығы бар шуақты үй, Өз үйіміз сияқты.
(Ә. Қонарбаев)
Педагог балалар «базарлы үй» деген берекелі, молшылық сыйластығы бар отбасын үйді айтады.
Саусақ бұлшық етіне жаттығу жасату.
Жеті мен сегіз, Қошақан ғой егіз. Тоғыз бен он,
Көгершін боп қон.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 34 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі. 3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар сендерге оқу қызметі ұнады ма? Түсінбеген жерлерің бар ма? Түсінікті болса бәрің қол шапалақтаңдаршы.
№ 35 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Қайталау. Біз нені білеміз?
Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту.
Міндеттері: Сөздегі дыбыстың орнын анықтауға үйрету, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Сөздерге сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын байыту.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды:дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады;
Түсінеді: ойын шартын түсінеді;
Қолданады: текшелерді дұрыс қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті текшелер, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: ұстахана. Билингвалды компонент: құмыра – ваза, тоңазытқыш – холодильник.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бүгін біздің соңғы оқу қызметімізде өтілген тақырыптарымызды қайталап, еске түсіреміз. Біздің бүгінгі күніміз көңілді өту үшін, бәріміз қол ұстасып, шаттық шеңберіне тұрайық.
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік. 2. Негізгі кезең
Дидактикалық ойын:
"Кім зерек?"
Педагог балаларға қызыл, көк текшелерді алдарына қоюларын сұрайды.
Егер мен дауысты дыбыс айтсам қызыл текшені, дауыссыз дыбыс айтсам, көк текшені көтересіңдер. Мысалы: а, қ, с, ң, і, е, ә, ө, ү, ү, м, о, р, ғ, н, т.
Дидактикалық ойын: "Дұрыс бөл".
Педагог әртүрлі заттардың суреттерін көрсетіп, сол заттардың атауларын айтады.
Мысалы: ұшақ, доп, ағаш, пияз, дөңгелек, құмыра, мысық т.б.
Дидактикалық ойын:"Сөз өлше – тез өлше".
Педагог әртүрлі сөздер айтады, ал балалар екі қолдарымен сөздің ұзындығын көрсетеді.
Мысалы: доп, қоңырау, күн, қаламсап, шелек, ұстахана, тоңазытқыш, ат, баспалдақ т.б.
Ұстахана – темірмен жұмыс жасайтын ұстаның жұмыс жасайтын орны.
Достарыңызбен бөлісу: |