Бағдарламасы бойынша фармацевтикалық талдау пәнінен зертханалық жұмысты орындауға Әдістемелік нұСҚау тараз 2022



бет9/16
Дата10.04.2023
өлшемі323.75 Kb.
#472000
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
фарм талдау лаб

Сапалық реакция

1.А. Димедрол. Сағат шынысына салынған 0,01 г дәрінің үстіне 2-3 тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосады. Сары түс пайда болады, ол 2-3 тамшы су қосылғанда түсі жойылады.


1.Б. Кальций глюконаты. Колбаға 0,05 г дәрінің үстіне 1 мл сұйылтылған сірке қышқылын қосады, қайнағанша қыздырады, суытады және 3-5 тамшы аммоний оксалатын қосады. Аммоний гидроксиді ерітіндісінде ерімейтін және сұйылтылған минералды қышқылдарда еритін ақ тұнба түзеді.
1.В. Сахараға. 0,005 г дәрінің үстіне 1-2 мл сұйылтылған тұз қышқылын және резорциннің бірнеше кристалдарын қосады. Қоспаны 1 минут қайнатқанда қызыл түс пайда болады.


Сандық анықтау

2.А. Димедрол. 0,5 г дәрінің үстіне 5 мл су, 2 мл сұйылтылған азот қышқылы, 3 мл 0,02 н күміс нитраты ерітіндісіне, 1 мл темір аммоний алюминий ашутас ерітіндісін қосамыз. Күміс нитратының артық мөлшерін 0,02 н аммоний тиоцианаты ерітіндісімен қызғылт түске боялғанша титрлейді.


1 мл 0,02 н күміс нитратының ерітіндісі 0,005836 г димедролға сәйкес келеді.

Димедрол дәрінің сандық құрамының мөлшері (X1, г) мына формула бойынша есептеледі:





Мұндағы, а1–дәрінің сандық құрамы, г (0,5 г);


b – дәрінің орташа салмағы;
V0 – 0,02 н AgNO3 ерітіндісінің артық стандартты көлемі, анықталатын қосылыспен әрекеттеседі (3 мл);
V1 – 0,02 н NH4SCN стандартты ерітіндінің көлемі AgNO3 артық ерітіндісін титрлеу үшін қолданады, мл;
K0, K1 – AgNO3 және NH4SCN стандартты ерітінділерінің титрлерінің түзету коэффициенттері
T1 – талданатын заттың титрантының титрі.

2. B. Кальций глюконаты. 0,2 г дәрінің үстіне қыздыру кезінде 10 мл су қосыңыз. Салқындағаннан кейін 10 мл аммиак буферінің ерітіндісін, 0,02 г қышқыл хром қара көк индикатор қоспасын қосып, 0,05 М трилон В ерітіндісімен көк-күлгін түске дейін титрлейді.


1 мл 0,05 М трилон В ерітіндісі 0,02242 г кальций глюконатқа сәйкес келеді.
Кальций глюконат дәрінің сандық құрамының мөлшері (X2, г) формула бойынша есептеледі:





a2 – анықтау үшін алынған дәрінің өлшенген бөлігі, г (0,2 г);
b – дәрінің массасы, г (0,1+0,01+0,001 г);
V2 – титрлеуге жұмсалған стандартты ерітіндінің көлемі (0,05 М трилон В), мл;
К2 – Трилон В ерітіндісінің титріне түзету коэффициенті;
T2 – талданатын затқа сәйкес титранттың титрі.
2. B. Қант. Рефрактометриялық әдіспен анықталады. Ол үшін қыздырылған кезде 0,2 г дәрінің үстіне 10 мл су қосылады; Алынған дәрі ерітіндісінің 1 тамшысын рефрактометр призмасына жағып, сыну көрсеткішін анықтайды.
Қант мөлшерінің (X3 ) масса мына формула бойынша есептелінеді:

n – талданатын ерітіндінің сыну көрсеткіші;


n0судың сыну көрсеткіші;
F2 – кальций глюконаты ерітіндісінің сыну көрсеткіші;
(F2 = 0,00216 – анықтамалық мәліметтер);
F3 – сахароза ерітіндісінің сыну көрсеткішінің коэффициенті;
(F3 = 0,00143 – анықтамалық мәліметтер);
a – талдау үшін алынған ұнтақ үлгісінің салмағы (0,2 г);
b – ұнтақтың орташа массасы, г;
Vp – сұйылту кезіндегі көлемі (10 мл.);

С2 – талданатын ерітіндідегі кальций глюконатының концентрациясы, пайызбен көрсетілген және формуламен есептелген:





a – талдау үшін алынған ұнтақ үлгісінің массасы (0,2 г);


b – ұнтақтың орташа салмағы, г;
Vp – сұйылту кезіндегі көлемі (10 мл.);
Х2 – химиялық әдіспен анықталған ұнтақтағы кальций глюконатының мөлшері, г.
9 зертханалық жұмыс. Аскорбин қышқылы, глюкоза және тиамин хлорид сандық мөлшерін анықтау

Тиамина хлорид – 0,005;


Аскорбин қышқылы – 0,1;
Глюкоза – 0,2
Қоспа шынайылығын анықтау.

1. 0,2 г дәрінің үстіне 0,5 мл суда ерітіп, 1 мл калий феррицианид ертіндісін, 1 мл натрий гидроксидінің ертіндісін, 0,5 мл хлороформ қосады. Қоспаны жақсылап шайқап, аз уақытқа қалдырады. Органикалық қабатта УК-жарықта көк флюоресценция көрінеді (рибофлавин)


2. 0,05 г дәрінің үстіне 3 мл суда ерітіп, ертіндіге 1-2 тамшы феррицианид ертіндісін және темір хлоридінің (III) ертіндісін қосқанда көк түс түзіледі (аскорбин қышқылы)
3. 0,01 г дәрінің үстіне сулы спиртте ерітіп, бір жүйелі қағазды хроматографияға, бутанол-сірке қышқылы-су (40-12,5-29) жүйесіне қойып, о-толуидин айқындағышымен анықтайды (глюкоза - көкшіл жасыл түс береді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет