Сандық анықтау
Тиамина хлорид. 0,2 г дәрінің үстіне 2 мл суда ерітеді де, ЖАК ертіндісін көк түс жойылғанша (шамамен 3,5 мл), 0,2 мл (нақты пипеткамен) аммоний роданидінің ертіндісін (0,02 моль/л) қосады. Сосын күміс нитратының ертіндісімен (0,02 моль/л) титрлейді түссізденгенше. Титрлеуге кеткен күміс интратының көлемінен 0,2 мл аммоний роданидінің ертіндісін алып тастайды.
Аскорбин қышқылы. 0,1 г дәріні 3-5 мл суда ерітіп, йод ертіндісімен титрлейді (0,1 моль/л) көк түске дейін (индикатор крахмал)
Глюкоза. 0,1 г дәрінің үстіне 2 мл суда ерітіп (пипеткамен алынатын нақты көлем) рефрактометр көмегімен сыну көрсеткішін анықтайды.
Глюкоза препаратының ертіндісін бутанол-сірке қышқылын-су (40-12,5-29) жүйесінде бір жүйедегі хроматограммасын қойып, УК-жарықта қара. Айқындағыш –о-толуидин.
№10 зертханалық жұмыс. Салицил мазьдардың сандық және сапалық құрамын талдау
1 тапсырма. Салицил мазьдардың 4% -10,0 құрамында
Салицил қышқылы 0,4
Вазелин 9,6
Салицил қышқылы. 0,2 г жақпа майға 2 мл су құйып, 1 минут шайқайды, содан кейін 1 тамшы темір оксиді хлоридінің ерітіндісін қосады. Күлгін түс пайда болады, ол аз мөлшерде сірке қышқылын қосқанда сақталады, бірақ 0,5 мл сұйылтылған тұз қышқылын қосқанда түссізденеді.
0,3 г жақпаға 2 мл спирт қосып, су моншасында қыздырған кезде салицил қышқылын ерітеді. Салқындағаннан кейін 4-5 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосады және натрий гидроксиді ерітіндісімен (0,1 моль/л) қызғылт түс алғанша титрлейді.
1 мл натрий гидроксиді ерітіндісі (0,1 моль/л) 0,01381 г салицил қышқылына сәйкес келеді.
Расчет содержания салициловой кислоты (Х, г) в мази проводят по формуле:
V – титрлеуге жұмсалған натрий гидроксиді ерітіндісінің көлемі (0,1 М), мл;
а – талдау үшін алынған өлшенген жақпа (0,3 г);
b – рецепт бойынша жақпа массасы, г;
К – титрант концентрациясын түзету коэффициенті;
T – талданатын затқа арналған стандартты ерітіндінің титрі (0,01381 г/мл).
Достарыңызбен бөлісу: |