Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш. Қ 34



Pdf көрінісі
бет2/40
Дата09.10.2023
өлшемі3.79 Mb.
#480227
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
c4931a4236cbca7eb8f0c9b977a1b666

дай бола алмағанымен, заман шындығын шеберлікпен 
өлеңге сыйғызған; Шортанбай дін сөзін көп қолданғанына 
қарамастан, діндар емес, мистік-ақырет ақыны болғанымен, 
оны халық санасынан сыртқа сырып тастауға ешкімнің құдіреті 
жеткен жоқ; Шортанбай феодал табының көзқарасымен жау-
ап берсе де, еңбекші халықты қанап отырған кім екенін көрді; 
Шортанбай құдайға сенген, мұсылман дінінің қабырғалы 
молдасы болғанымен, үнемі молдалық жолын қумай, зама-
нында айтысқа түскен – суырып салма ақын; Шортанбай араб 
сөзін қолданады, бірақ жалпы елге таныс сөздерді ғана ай-
тады; Шортанбай бұрынғы фольклор дәстүрінен алға кет-
кен, өлеңінің варианты біреу ғана; ол өз заманының елеулі 
ақыны, Абайдан бұрынғы әдебиеттің көрнекті уәкілі; Шор-
танбай ескі ақындарша әріден бастамайды, жыр дәстүрінен 
де Шортанбай озат тұр; ескі фольклордан көркем әдебиетке 
таянған, бірақ ат құйрығын мүлде кесіспеген; Шортанбай 
ауыз әдебиет пен жазба әдебиеттің арасында жатқан көпір; 
Шортанбай өлеңі тақ-тұқ, қарабайыр көрінгенімен, ол сөз об-
разын мықтап тізгіндеген, шебер ақын; әдебиет тарихында 
халыққа баспа бетінде де, ауызша да көп тараған Шортанбай 
орны бөлек... Шортанбай шығармашылығының қыр-сырын, 
әдеби мұрасын бағалауда айтылған пікір-тұжырымдар осы-
лай дейді.
1959 жылғы конференцияда Сәйділ Талжанов жасаған 
қосымша баяндама – өзінің нақтылығымен, ғылыми мәселе 
қойылымымен Шортанбайтанудағы ізденістердің өрісі әріге 
тартып жатқанына меңзеген мәнді баяндаманың бірі.
1957 жылы Шортанбай Есмағамбет Ысмайыловтың зерт-
теулерімен «Қазақ ССР тарихының» бірінші томына енді. 
Мұның өзі ақынның рухани, мәдениет тарихымыздағы елеулі 
тұлға екенін мойындау, тану еді дегенді нықтай түседі.
1957 жылғы Қаулы, 1959 жылғы ғылыми-теориялық кон-
ференциядан соң Шортанбай мұрасы жоғары мектепте ғана 
оқытылатын болды.
Шортанбай шығармалары төңкеріске шейін бірнеше ба-
сылым көрді. Соның көпшілігі өзі дүниеден өткен нен кейін 
шықты. В.В. Радлов, Лютшь, Ы. Алтынсарин, М.Кө пеев; 
беріде С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ш.Кәрібаев, Х.Сүйін-


шәлиев, М.Мағауин, К.Жүністегі, С.Дәуітовтер Шортанбай 
шығармаларын жинады, баспадан шығарды. 
Қазіргі кезеңдегі ақын мұрасын бағалаудағы негізгі ша-
руаның бірі – жарияланған, басылым көрген өлең-толғау-
лардағы мәтіндік айырмашылықтарды арнайы салыстыру-
лар арқылы зерделеу. Яғни, мүмкіндігінше ақын мұрасының 
ғылыми текстологиясын жасау. Сол мақсатта өз тарапымыз-
дан Шортанбай мұрасын зерттеу бағытында (Қ.Мәдібай. Зар 
заман ағымы және Шортанбай Қанайұлының әдеби мұра-
сы. – канд. дисс. 1995 ж.) біраз салыстыру, айғақтау жұмысы 
жүргізілді.
Шортанбай шығармаларының ұлт тарихындағы, әдеби 
дамудағы бастамашыл бағыттарын, діни-ағартушылық 
ұстанымдарын ендігі уақыттың таным талқысына тарта оты-
рып, зерттеудің күрделі міндеттері бар.
Ақын мұрасын жүйелеу жұмысы әлі де күн тәртібінде тұр.
Шортанбай шығармаларының осы кезекті басылымы сол 
орайдағы игілікті істерге өзіндік септігін тигізеді деген ойда-
мыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет