Бағдарламасы dev 3209 девиантология 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»



бет2/9
Дата04.06.2024
өлшемі120.5 Kb.
#502284
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
№ 9 Девиантологии. каз 3

Курстың мақсаты: студенттердің кәмелетке толмаған балалар мен жас өспірімдердің мінез - құлықтарындағы ауытқуларды болжау және алдын алу бойынша түсініктері мен психологиялық және педагогикалық білімдерін жетілдіру.
Курстың міндеттері:

  • Студенттерде нормадан ауытқушы мінез-құлық табиғаты туралы теориялық білім қалыптастыру;

  • Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етуші жағымсыз факторлар туралы студенттердің білімдерін жетілдіру;

  • Студенттерді кәмелетке толмаған балалардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтың негізгі алдын алу шараларымен таныстыру;

  • Бағдарламаның мазмұнына сай балалармен және жасөспірімдермен түзету - реабилитация жұмыстарына арналған тренингтік сабақтарда студенттердің практикалық дағдыларды игеруіне жағдай жасау.

Осы пән арқылы студенттер теориялық білім алумен қоса практикалық тұрғыда педагогикалық-психологиялық тәжірибе жұмыстарымен қамтамас етіледі:
- білімнің пайдалы жолдарын, бағыттары мен болашағын болжату;
- девиантология тұжырымдамаларының шеңберінде негізгі түсініктерді қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін ажырата білу;
- жасөспірімдердің делинквенттік мінез-құлықтың алдын-алудағы педагогикалық-психологиялық іс-шаралармен және тренингтермен таныстыру.
Пререквизиттер:

  • Девиантологияның негізгі терминдері мен ұғымдарын білу;

  • Мінез-құлқында ауытқулар бар кәмелетке толмағандар туралы мәлімет жинау;

  • Ата-аналар мен білім беру мен тәрбиелеуде қиындықтар көретін балалар үшін ағарту сабақтарын жоспарлау;

  • Мінез-құлықтың ауытқу себебін анықтау бойынша диагностика;

  • Тұлғааралық дау-дамайды шешу мақсатында балалармен, ата- аналармен және педагогикалық ұжым мүшелерімен кеңес өткізу.

Постреквизиттер:
Осы курсты оқытар алдындағы пәндер тізімі: «Жалпы психология», «Әлеуметтік педагогика», «Психогенетика», «Заң психологиясы», «Конфликтология», «Тұлға психологиясы», «Әлеуметтік психология», «Психологиялық кеңес беру негіздері», «Виктимология» және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет