Бағдарламасы dev 3209 девиантология 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»


Ауытқыған мінез-құлық генезисіндегі әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасы



бет4/9
Дата04.06.2024
өлшемі120.5 Kb.
#502284
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
№ 9 Девиантологии. каз 3

Ауытқыған мінез-құлық генезисіндегі әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасы

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы биологиялық және әлеуметтік ғылыми тұжырымдамалар (Ч. Дарвин, Ч. Ломброзо, У. Шелдон, К. Лоренца, Ф. Гальтон т.б.). Ауытқы мінез-құлық детерминациясы. Девиантты мінез-құлықтың пайда болудағы әлеуметтік негіздер. Психогенетикалық зерттеулер. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мінез-құлқын анықтаудағы биоәлеуметтік факторлар. Жеке тұлғаны әлеуметтендіру жолдары. Қылмыстық мінез-құлық генезисіндегі биологиялық пен әлеуметтіктің өзара қатынасы. «Девиант» және «делинквент» ұғымдары.



  1. Жасөспірімдердің қылмысқа бару себептері

Қылмыстық мінез-құлықты анықтаудағы биологиялық факторлардың алатын орны. Қылмысқа бару мотивтері. Формальды емес криминогенді топтар. Субмәдениет және девиантты мінез-құлық.Ішімдікке салыну, нашақорлыққа бейімделу, құмар ойындармен шұғылдану т.с.с. ауытқылар түрлері. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы және превентивті жұмыстар. Жасөспірімнің «криминалдылығы». Социопатиялық тұлға (А. Айхорн, Н. Мак-Вильямс, В.В. Ковалев т.б). Қазақстан Республикасындағы арнайы жабық балалар мекемелері.



  1. Қылмыстың алдын алу шаралары мен олардың классификациясы

Жасөспірім мен қылмыс. Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын әлеуметтік бақылау. Девиантты және делинквентті мінез-құлыққа салыстырмалы талдау. Кәмелетке толмағандардың әлеуметке қарсы мінез-құлық көріністері және оның себептері (Жадбаев С.Х., Каиржанов Е.И., Джекебаев У.С., Бимурзин С.Б., Нарикбаве М.С. т.б.). Кәмелетке толмағандардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзету. Жасөспірімдердің ауытқы мінез-құлқын психологиялық –педагогикалық тузету жолдары мен әдістері.



  1. Ауытқы мінез-құлықты жасөспірімдердің жекелік және жас ерекшеліктері

Кәмелетке толмағандардың ерекшеліктерін зерттеудегі теориялық тұжырымдамалар С. Холл, З. Фрейд, К. Левин, Э. Шпрангер, Г. Силливен, Э. Эриксон, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин т.б.). Мінез акцентуациясы. Жыныстық дамудың негізгі кезеңдері. Жас ерекшелік дағдарыстар, олардың мән мағынасы. Девиантты мінез-құлықты зерттеудегі превентивті психология мен педагогика. Есею және ересек адамның әлеуметтік рөлін қабылдау мәселесі. Құндылықты бағыттар мен жасөспірімдердің өз-өзін бағалауы. Гендер мәселелері және психосексуалды денсаулық. Мектеп психологының ауытқы мінез-құлықты ажыратудағы қолданатын әдіс-тәсілдері.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет