Курстың мақсаты: студенттердің кәмелетке толмаған балалар мен жас өспірімдердің мінез - құлықтарындағы ауытқуларды болжау және алдын алу бойынша түсініктері мен психологиялық және педагогикалық білімдерін жетілдіру.
Курстың міндеттері:
Студенттерде нормадан ауытқушы мінез-құлық табиғаты туралы теориялық білім қалыптастыру;
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етуші жағымсыз факторлар туралы студенттердің білімдерін жетілдіру;
Студенттерді кәмелетке толмаған балалардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтың негізгі алдын алу шараларымен таныстыру;
Бағдарламаның мазмұнына сай балалармен және жасөспірімдермен түзету - реабилитация жұмыстарына арналған тренингтік сабақтарда студенттердің практикалық дағдыларды игеруіне жағдай жасау.
Осы пән арқылы студенттер теориялық білім алумен қоса практикалық тұрғыда педагогикалық-психологиялық тәжірибе жұмыстарымен қамтамас етіледі:
- білімнің пайдалы жолдарын, бағыттары мен болашағын болжату;
- девиантология тұжырымдамаларының шеңберінде негізгі түсініктерді қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін ажырата білу;
- жасөспірімдердің делинквенттік мінез-құлықтың алдын-алудағы педагогикалық-психологиялық іс-шаралармен және тренингтермен таныстыру.
Пререквизиттер:
Девиантологияның негізгі терминдері мен ұғымдарын білу;
Мінез-құлқында ауытқулар бар кәмелетке толмағандар туралы мәлімет жинау;
Ата-аналар мен білім беру мен тәрбиелеуде қиындықтар көретін балалар үшін ағарту сабақтарын жоспарлау;
Мінез-құлықтың ауытқу себебін анықтау бойынша диагностика;
Тұлғааралық дау-дамайды шешу мақсатында балалармен, ата- аналармен және педагогикалық ұжым мүшелерімен кеңес өткізу.
Постреквизиттер:
Осы курсты оқытар алдындағы пәндер тізімі: «Жалпы психология», «Әлеуметтік педагогика», «Психогенетика», «Заң психологиясы», «Конфликтология», «Тұлға психологиясы», «Әлеуметтік психология», «Психологиялық кеңес беру негіздері», «Виктимология» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |