БАҒдарламасы (екіжылдық оқыту) 2013-2014 оқу жылына Астана қ, 2012 ж


-тақырып. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер



бет2/6
Дата23.02.2016
өлшемі396 Kb.
#3118
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

26-тақырып. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер.

Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің пайда болуының түсінігі және шарттары. Зиянды өндіру мөлшері. Жәбірленушінің кінәсін есепке алу. Моральдық зиянды өтеу. Құқықтық әрекеттермен келтірілген зиянды өтеу. Мемлекеттік органдармен, жергілікті басқару органдарымен және олардың лауазымды қызметкерлерімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс-әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу ерекшеліктері. Кәмелетке толмағандар және әрекет қабілетсіздер келтірген зиян үшін жауапкершілік. Жоғары кауіптілік көзімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік. Жоғары қауіптілік көзінің түсінігі. Бірлесіп келтірілген зиян үшін жауапкершілік. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің ерекшеліктері. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу.



27-тақырып. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.

Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің түсінігі және мазмұны. Міндеттемелердің тараптары. Қайтарылуға жататын мүліктің құнын анықтау. Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық.



28-тақырып. Интеллектуалдық меншік құқығы.

Интеллектуалдық меншіктің түсінігі. Интеллектуалдық меншік құқығының субьектілері мен обьектілері. Интеллектуалдық меншік обьектілеріне құқықтың пайда болуының негіздері. Интеллектуалдық меншік обьектілеріне айрықша құқықтар. Айрықша құқықтарды қорғау әдістері. Лицензиялық шарт.



29-тақырып. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар.

Авторлық құқықтың түсінігі. Авторлық құқық обьектілерінің түсінігі және түрлері. Авторлық құқықтың обьектісі болып табылмайтын туындылар. Авторлық құқықтың субьектілері. Авторлардың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі. Авторлық құқықты қорғау.

Сабақтас құқықтардың түсінігі, субьектілері және обьектілері. Сабақтас құқықтарды иеленушілердің құқықтары. Сабақтас құқықтарды қолданылу мерзімі. Сабақтас құқықтарды қорғау.

30-тақырып. Патент құқығы.

Патент құқығының түсінігі. Патенттік қатынастарды құқықтық реттеу. Патенттік құқықтардың субьектілері. Патент: түсінігі, қолданылу мерзімі және алу тәртібі. Алдын ала патент. Инновациялық патент. Патент иесінің құқықтары. Патенттік құқықтарды беру. Оған дейін пайдалану құқығы. Өнертабыс: түсінігі және патенттік қабілеттіліктің шарттары. Пайдалы модель: түсінігі және патенттік қабілеттіліктің шарттары. Өнеркәсіптік үлгі патенттік құқықтың обьектісі ретінде.



31-тақырып. Мұрагерлік құқық.

Мұрагерліктің түсінігі, маңызы және негіздері. Мұраны ашу орны және уақыты. Мұраның құрамы. Мұрагерлер. Лайықсыз мұрагерлер. Заңды мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлер шеңбері. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік. Мұрадағы міндетті үлес. Өсиеттің түсінігі, нысаны және мазмұны. Өсиеттің күшін жою және өзгерту. Өсиеттің жарамсыздығы. Мұраны қабылдау. Мұрадан бас тарту. Мұраны бөлу. Мұрагерлік трансмиссиясы. Мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу. Иесіз қалған мұра.


Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жылғы 30 тамыздағы.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 1994 жылғы 27 желтоқсандағы, (Ерекше бөлім), 1999 жылғы 1 шілдегі.

  3. Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 2003 жылғы 20 маусымдағы.

4. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы, 1996 ж. 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

5. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы.

6. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, ҚР-ның 26.07.2007 жылғы Заңы.

7. Банкроттық туралы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-1 Заңы

8. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы, 1998 ж. 30 маусымдағы № 254-1 Қазақстан Республикасының Заңы.

9. Бағалы қағаздар рыногы туралы, ҚР-ның 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы.



10. Қазақстан Республикасының патент заңы, 1999 ж. 16 шілдедегі № 427-I Қазақстан Республикасының Заңы.

11. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы, Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22 сәуірдегі № 220-I Заңы.

12. Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.

13. Шаруашылық серіктестіктері туралы, 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Қазақстан Республикасының Заңы.

14. Акционерлік қоғамдар туралы, 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы.

15. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 Заңы.

16. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы.

17. Мемлекеттік сатып алу туралы, Қазақстан Республикасының 2007 ж. 21 шілдедегі Заңы.

18. «Тұтынушылардың құқықықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы.

19. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының 2002 ж. 24 маусымдағы N 330-II Заңы.

20. Соттардын авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір зан нормаларын қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  2007 жылғы 25  желтоқсандағы № 11  Нормативтік Қаулысы.

21. «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 Қаулысы.

22. Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 9 Нормативтік қаулысы.

23. Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы N 3 нормативтік қаулысы.

24. Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1996 жылғы 25 шілдедегі N 7 нормативтік қаулысы.



25. Гражданское право: Общая часть. Учебник // Под ред. М.К.Сулейменова, Ю.Г.Басина. Алматы, 2000.

  1. ГК РК (Особенная часть). Комментарий. Отв. Ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, 2000.

  2. Гражданское право. Под ред. Ю.К.Толстого, А.П.Сергеева. Ч.1-3. М., 2000.

  3. Гражданское право. Под ред. Суханова Е.А. М., БЕК, 2000.

  4. Гражданское право России. Курс лекций. Под ред. Садикова О.Н. М., 1996.

  5. Гражданское право. Под ред. А.Г. Калпина, А.И. Масляева. 2-е издание. Ч.1-2. М., 2000.

  6. Гражданское, торговое и семейное право капиталистических стран. Под ред. Нарышкиной Р.Л. М., 1993.

  7. Гражданское, торговое и семейное право капиталистических стран. Сб. нормативных актов. Гражданские и торговые кодексы. М., 1986.

  8. Гражданское право: Практикум Ч. 1-2/ Под ред. Н.А.Егорова, А.П.Сергеева. М., 1997.

  9. Гражданский Кодекс РК (Общая часть): комментарий/ под ред. М.К.Сулейменова, Ю.Г.Басина. Кн.1,2. Алматы, 1998.

  10. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству РК: понятие и общая характеристика. Алматы, 2000.

  11. Басин Ю.Г. Сделки. Алматы, 1999.

  12. Басин Ю.Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, 1997.

  13. Басин Ю.Г. Вина как условие ответственности за нарушение обязательства // Гражданский кодекс РК – толкование и комментирование. 1997. Вып. 2.

  14. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Общие положения. М., 1997.

  15. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 2. Договоры о передаче имущества. М., 2000.

  16. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 3. Договоры о выполнении работ и оказании услуг. М., 2003.

  17. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 4. Договоры о перевозке, буксировке, транспортной экспедиции и иным услугам в сфере транспорта. М., 2003.

  18. Братусь Д. Основные элементы понятия залога. Актуальные проблемы современного гражданского права. Том 1. Алматы, 2001.

  19. Витрянский В.В. Договор купли-продажи и его отдельные виды. М., 1999.

  20. Грибанов В.П. Осуществление и защита гражданских прав. М., 2000.

  21. Додонов В.Н. и др. Словарь гражданского права. М., 1997.

  22. Диденко А.Г. Научно-практический комментарий статей ГК РК о залоге // Гражданское законодательство РК: Статьи, комментарии, практика. 1999. Вып.8.

  23. Диденко А.Г. Роль договора в социально-экономических преобразованиях // Там же. 2000. Вып.9.

  24. Ефимова Л.Г. О соотношении вещных и обязательственных прав. // Государство и право. М., 1998, № 10.

  25. Завидов Б.Д. Договорное право России. М., 1998.

  26. Искакбекова С. Предприятие как имущественный комплекс.// Мир закона. 2001. №4.

  27. Иоффе О.С. Гражданское правоотношение // Избранные труды по гражданскому праву. М., 2000.

  28. Иоффе О.С. Обязательственное право. М., 1975.

  29. Договор в гражданском праве: проблемы теории и практики. Т.1,2. Отв. Ред. М.К. Сулейменов. Алматы, 2000.

  30. Кабатова Е.В. Лизинг: правовое регулирование, практика. М., 1998.

  31. Лунц Л.А. Деньги и денежные обязательства в гражданском праве. М., 1999.

  32. Мамонтов Н.И. Обязательства и их исполнение // Актуальные вопросы коммерческого законодательства в РК. Алматы, 1996. Том 2.

  33. Нерсесов Н.О. Избранные труды по представительству и ценным бумагам в гражданском праве. М., 1998.

  34. Острой М.В. Моральный вред: возникновение и развитие идеи компенсации. Учебное пособие. Алматы, 2000.

  35. Романкова И.В. Проблемы правового регулирования предпринимательства граждан в РК. Учебное пособие. Алматы, 1997.

  36. Совершение сделок: Учебно-практическое пособие/ Составитель Р.Темиргалиева. Алматы, 1998.

  37. Сулейменов М.К., Осипов Е.Б. Залоговое право. Алматы, 1999.

  38. Сейдахметова Ф., Скала В. Договоры в РК. Ч.1 Алматы, 2000.


Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы бойынша

мемлекеттік емтиханға арналған сұрақтар

1. ҚР азаматтық құқығының құқық саласы ретінде түсінігі. Азаматтық-құқықтық реттеудің пәні мен әдісі.

2. Азаматтық заңнамасының принциптері.

3. Азаматтық құқықтың қайнар көздері: түсінігі және түрлері.

4. ҚР азаматтық заңнамасы. Азаматтық заңнамасының әрекеті.

5. Азаматтық заңнамасын ұқсастығы бойынша қолданылуы.

6. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі, оның түрлері мен белгілері.

7. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру: түсінігі мен әдістері.

8. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және әдістері.

9. Жеке тұлғаның түсінігі. Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері.

10. Азаматтардың құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. Эмансипация.

11. Кәсіпкерліктің түсінігі мен белгілері. Кәсіпкерлер құқықтарының кепілі.

12. Жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайы.

13. Азаматты хабар-ошарсыз кетуі. Қайтыс болды деп жариялау.

14. Заңды тұлғаның түсінігі және белгілері.

15. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі.

16. Заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының түрлері.

17. Заңды тұлғаны құру. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу.

18. Заңды тұлғаларды қайта құру: түсінігі, негіздері және тәртібі.

19. Заңды тұлғаларды таратудың түсінігі, негіздері және тәртібі.

20. Заңды тұлғаның банкроттығы.

21. Шаруашылық серіктестіктері: жалпы сипаттамасы.

22. Толық серіктестік.

23. Сенім (коммандиттік) серіктестік.

24. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

25. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік.

26. Акционерлік қоғам: құқықтық жағдайы.

27. Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы.

28. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорынның түрлері.

29.Қоғамдық бірлестіктер мен мекемелер коммерциялық емес ұйымдар ретінде.

30. Тұтыну кооперативтің құқықтық жағдайы. Заңды тұлғалардың ассоциациясы (одағы).

31. Азаматтық құқықтар обьектілері: түсінігі және түрлері.

32. Жылжымайтын мүліктің құқықтық жағдайы.

33. Бағалы қағаздар: түсінігі және түрлері. Бағалы қағаздар бойынша құқықтарды беру.

34. Туынды қаржы құралдары.

35. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың түсінігі мен түрлері.

36. Жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау.

37. Мәмілелердің түсінігі, белгілері және түрлері.

38. Мәміленің нысаны. Мәмілелер нысанының бұзылуы салдары.

39. Мәмілелердің жарамсыздығының түсінігі және негіздері.

40. Мәмілелердің жарамсыздығының салдары.

41. Өкілдіктің түсінігі және түрлері. Өкілеттігі жоқ өкілдік.

42. Сенімхат, оның түрлері, әрекет ету мерзімі және нысаны. Сенім ауысуы.

43. Талап қою мерзімі: түсінігі және маңызы. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, өтуіндегі үзіліс және қалпына келтіру.

44. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі, түрлері және мерзімдерді есептеу.

45. Меншік құқығының түсінігі және мазмұны.

46. ҚР-да меншіктің нысандары және түрлері.

47. Азаматтардың меншік құқығы.

48. Заңды тұлғалардың меншік құқығы.

49. Ортақ бірлескен меншіктің құқықтық режимі.

50. Ортақ бірлескен меншіктегі мүлікті иелену, пайдалану және оған билiк ету.

51. Ортақ үлестік меншіктің құқықтық режимі.

52. Жай серіктестік. Консорциум.

53. Меншік құқығының тоқтатылуы негіздері.

54. Меншік құқығына ие болуының бастапқы және туынды негіздері

55. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарды азаматтық-құқықтық қорғау.

56. Мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен алу туралы талап.

57. Иеленуден айыруға байланысы жоқ, бұзылуды жою туралы талап.

58. Заттық құқықтарының ұғымы мен түрлері.

59. Шаруашылық жүргізу құқығы.

60. Оралымды басқару құқығы.

61. Міндеттеменің түсінігі, оның субъектілері мен пайда болу негіздері.

62. Міндеттеменің түрлері.

63. Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі. Ортақтасқан, үлестік міндеттемелер.

64. Міндеттемені орындау. Міндеттемені тиісінше орындау.

65. Міндеттемені орындаудың пәні, орындау жері және әдістері.

66. Регрестік талаптар.

67. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің әдістері: жалпы сипаттамасы.

68. Міндеттемедегі қатысушыларды ауыстырудың түсінігі, негіздері және тәртібі.

69. Айып төлеу ұғымы және түрлері.

70. Кепілдік міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретінде.

71. Кепіл болушылық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретінде.

нің топтастырылуы.

72.Кепілдің түсінігі. Кеіл пәнін айналымға іске асыру тәртібі.

73. Кепілдің түрлері. Ипотека және кепілзат кепілдің түрлері ретінде.

74. Кепіл туралы келісім шарт: түсінігі, нысаны және мазмұны.

75. Айналымдағы тауарларды кепілге салу.

76. Кепілпұл мен ұстап қалу міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің әдістері ретінде.

77. Міндеттемені тоқтату: жалпы сипаттамасы.

78. Жаңғыртылуға байланысты, есепке жатқызу арқылы міндеттеменінің тоқтату негіздері ретінде.

79. Орындауға мүмкіндік болмағандықтан, заңды тұлғаның таратылуымен байланысты міндеттеменінің тоқтату негіздері ретінде.

80. Шығыстардың ұғымы. Шығыстар мен айып төлеудің айырмашылығы.

81. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі, түрлері мен нысандары.

82. Моральдық зиянды өтеу.

83. Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік негіздері

84. Өзге біреудің ақшасын құқыққа қайшы қолданғаны үшін жауаптылық.

85. Субсидиарлық жауаптылық.

86. Үшінші тұлғалардың әрекеті үшін жауаптылық.

87. Азаматтық-құқықтық шарттың ұғымы мен маңызы. Шарт еркіндігі.

88. Шарттың елеулі ережелері. Шарттың үлгілі ережелері.

89. Шарт нысаны.

90. Азаматтық-құқықтық шарттардың түрлері.

91. Шарт және заңнама.

92. Шарттың ережелерін анықтау. Шарттың бағасы.

93. Оферта. Акцепт.

94. Азаматтық-құқықтық шарттың жасасу тәртібі.

95. Шарттың міндетті түрде жасалуы.

96. Шартты өзгерту және бұзу негіздері.

97. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және салдары.

98. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту).

99. Алдын ала жасалынатын шарттар.

100. Жария шарт.

101. Қосылу шарты.

102. Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт.

103. Шартты түсіндіру.

104. Сатып алу-сату шарты: жалпы сипаттамасы.

105. Тауардың сапасы. Тауардың кемшіліктері үшін сатушының жауаптылығы.

106. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.

107. Тауар жеткізілімі шарты: түсінігі және мазмұны.

108. Энергиямен жабдықтау шарты.

109. Келiсiм-шарт жасасу шартының құқықтық табиғаты.

110. Кәсіпорынды сату шарты.

111. Айырбас шарты: түсінігі, мазмұны.

112. Сыйға тарту шарты.

113. Сый беруден бас тарту. Сыйға тартуды шектеу. Қайырымдылық.

114. Рента түсінігі және түрлері.

115. Өмір бойы асырауда ұстау шарты.

116. Мүлікті жалдау (аренда) шарты: жалпы сипаттамасы.

117. Мүліктік жалдау (аренда) шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.

118. Лизингтың құқықтық табиғаты.

119. Үйлер мен ғимараттарды жалдау шарты.

120. Прокат шартының ерекшеліктері.

121. Кәсіпорынды жалдау шарты.

122. Мүлікті тегін пайдалану (ссуда) шарты.

123. Тұрғын үйді жалдау шартының ерекшеліктері.

124. Мердігерлік шарты.

125. Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері.

126. Тұрмыстық мердігерлік шарты. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша тапсырыс беруші-тұтынушының құқықтарын қорғау.

127. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердігерлік шарт.

128.Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шарт.

129. Өтелмелi қызмет көрсету шарты: шарттың пәні. Өтелмелi қызмет көрсету шартының орындалуы.

130. Жүктi тасымалдау шарты. Кейбір көлік түрлерімен жүктi тасымалдаудың ерекшеліктері.

131. Жолаушыларды тасымалдау.

132. Көлік экспедициясы шартының түсінігі және нысаны. Экспедитордың жауапкершілігі.

133. Заем шартының түсінігі және нысаны. Заем шарты бойынша сыйақы.

134. Заем түрлері (банктік заем, мемлекеттік заем, мақсатты заем).

135. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартының түсінігі, пәні және мазмұны.

136. Банктік шот шарты: түсінігі, нысаны және мазмұны.

137. Ақша аудару шарты.

138. Банк салымы шарты. Банк салымдарының түрлері.

139. Сақтау шарты: түсінігі, нысаны және мазмұны.

140. Ломбардта сақтаудың ерекшеліктері.

141. Тауарлық қоймада сақтаудың ерекшеліктері.

142. Құнды заттарды банкте сақтау.

143. Сақтандырудың түрлері.

144. Сақтандыру шарты: түсінігі, нысаны және тараптары.

145. Сақтандыру шартының елеулі талаптары.

146. Қос сақтандыру. Қайта сақтандыру.

147. Тапсырма шартының мазмұны және түсінігі. Тапсырма шартының тоқтатылуы.

148. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау, оның шарттары. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз жасалған іс-әрекеттер үшін сыйақы.

149. Комиссия шартының түсінігі. Комиссионердің жауапкершілігі. Комиссия шартын тоқтату.

150. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты. Сенімгер басқарушының құқықтары мен міндеттері.

151. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының түсінігі. Шарттың шектеу ережелері.

152. Конкурстық міндеттемелердің түсінігі және түрлері.

153. Конкурстық міндеттемелердің мазмұны.

154. Сыйақыны қоғамдық жариялау

155. Тендер конкурстық міндеттеменің түрі ретінде

156. Аукцион конкурстық міндеттеменің түрі ретінде

157. Ойын жән бәс тігуге байланысты талаптар.

158. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің пайда болуының түсінігі және шарттары.

159. Кәмелетке толмағандар және әрекет қабілетсіздер келтірген зиян үшін жауапкершілік.

160. Жоғары кауіптілік көзімен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

161. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің ерекшеліктері.

162. Жұмыс, қызмет және тауар кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды өтеу

163. Мемлекеттік оргнадар, жергілікті басқару органдары, сондай-ақ, олардың лауазымды тұлғаларымен келтірілген зиянды өтеу

164. Алдын-ала тергеу, анықтау органдары, прокуратура және соттың құқыққа қайшы әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеудің ерекшеліктері.

165. Моральдық зиянды өтеудің көлемі, тәртібі жәненегіздері

166. Зияткерлік меншік құқығы объектілерінің түсінгі.

167. Зияткерлік меншік объектілеріне мүліктік және мүліктік емес құқық.

168. Лицензиялық шарттың нысаны, түсінігі және талаптары.

169. Шығармашылық зияткерлік қызметінің нәтижелерін жасау және нәтижелерін қолдану ерекшеліктері.

170. Авторлық құқық объектілері түрлері және түсінігі. Авторлық құқықтың обьектісі болып табылмайтын туындылар.

171. Авторлардың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқықты қорғау.

172. Авторлық құқықты қорғау мерзімдері, тәсілдері және тәртібі.

173. Сабақтас құқықтардың түсінігі, субьектілері және обьектілері.

174. Сабақтас құқықтарды иеленушілердің құқықтары.

175. Сабақтас құқықтарды қорғау тәртібі және мерзімдері.

176. Патент құқығының объектілері және субъектілері.

177. Туындыны, пайдалы модельді және өндірістік үлгіні құқықтық қорғау жағдайлары.

178. Патент құқығын беру туралы шарт.

179. Дараландыру құралдарына құқығын иеленушілерді құқықтық қорғау. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарлар және қызметтерді.

180. Селекциялық нәтижені құқықтық қорғау.

181. Интегралды микросызбалар топологиясына құқықты қолданудың ерекшеліктері

182. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау жағдайы.

183. Негізсіз баюдың салдарынан туындаған міндеттемелердің түрлері және түсінігі.

184. Мұрагерліктің түсінігі. Мұрагерліктің негіздері.

185. Мұраның ашылған орны мен уақыты.

186. Мұраның құрамы. Мұрагерлер. Лайықсыз мұрагерлер.

187. Заңды мұрагерлік.

188. Мұрадағы міндетті үлеске құқық

189. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік.

190. Мұраны қорғау және оны басқару.

191. Өсиеттің түсінігі және нысаны.

192. Өсиеттің мазмұны.

193. Өсиеттен бас тарту (легат)

194. Өсиеттің күшін жою және өзгерту.

195. Өсиетті орындау.

196. Өсиеттің жарамсыздығы.

197. Мұраны қабылдау.

198. Мұрадан бас тарту

199. Мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу.

200. Иесіз қалған мұра.



БӨЛІМ 2 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ»

Мазмұны

1-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі

2-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары

3-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары

4-тақырып. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы

5-тақырып. Азаматтық істердің соттылығы

6-тақырып. Соттың құрамы, қарсылық білдіру

7-тақырып. Іске қатысушы тұлғалар

8-тақырып. Прокурордың азаматтық процеске қатысуы

9-тақырып. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуы

10-тақырып. Соттағы өкілдік

11-тақырып. Дәлелдемелер және дәлелдеу

12-тақырып. Сот шығындары

13-тақырып. Азаматтық процестегі мәжбүрлеу шаралары

14-тақырып. Іс жүргізу мерзімдері

15-тақырып. Бұйрық өндірісі

16-тақырып. Сот хабарлаулары мен шақырулары

17-тақырып. Талап қою бойынша іс жүргізу

18-тақырып. Талап қоюды қамтамасыз ету

19-тақырып. Істі сотта қарауға әзірлеу

20-тақырып. Сотта іс қарау

21-тақырып. Сот шешімі және оны атқару тәртібі

22-тақырып. Сот актілерін орындау

23-тақырып. Аралық сотта іс қарау. Аралық сот шешімін орындау.

24-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

25-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту

26-тақырып. Арызды қараусыз қалдыру

27-тақырып. Сот ұйғарымы

28-тақырып. Хаттамалар

29-тақырып. Сырттай іс жүргізу

30-тақырып. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

31-тақырып. Ерекше іс жүргізу

32-тақырып. Сот актілеріне аппеляциялық шағымдану, наразылық келтіру

33-тақырып. Кассациялық сатыда апелляцииялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдану және наразылық келтіру

34-тақырып. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу

35-тақырып. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу

36-тақырып. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру

37-тақырып. Халықаралық процесс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет