БАҒдарламасы емтихан тақырыптарының тізімі



Дата22.06.2016
өлшемі93 Kb.
#153636
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

«6М072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

Емтихан тақырыптарының тізімі

Пәндер: «Аналитикалық химия»; «Физикалық имия»; «Бейорганикалық химия»; «Жалпы химиялық технология»; «Жобалау негіздері және зауыттарды жабдықтау»; «Электрохимиялық өндіріс технологиясы, плазмохимия»; «Қазақстанның минералды шикізаты»; «Бейорганикалық қышқылдар, негіздері және тұздардың химиясы және технологиясы»; «Химико-технологиялық өндірістің қауіпсіздік негіздері».
1. Реалды жүйелердегі химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константалар. Электростатикалық және химиялық әрекеттесулерді ескеру. Идеалды және реалды жүйе. Идеалдықтан ауытқу. Электростатикалық және химиялық әрекеттесулердің әсері. Термодинамикалық константа, реалды және шартты константалар.

2. Гомогенді жүйелердегі химиялық тепе-теңдік. Қышқыл-негіздік тепе-теңдік, тотығу-тотықсыздану тепе-теңдік және комплекстүзілу. Бренстед-Лоуридің протоликалық теориясы. Қосарланған қышқылдар мен негіздер. Қышқылдық және негіздік константалар. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік және гидроксилды көрсеткіштер. Қышқылдар, негіздер, тұздар ерітінділерінің рН-ын есептеу.

3. Комплекстүзілу реакцияларының тепе-теңдігі. Тұрақсыздық және тұрақтылық константалар. Комплекстену функциясы. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тепе-теңдігі. Нернст теңдеуі, тотығу-тотықсыздану потенциалға әртүрлі факторлардың әсері (рН, ерітіндінің иондық күші, комплекстүзілуі және нашар еритін қосылыстың түзілуі). Тотығу-тотықсыздану реакциялардың тепе-теңдік константалары. 3. Тұнба-ерітінді жүйедегі тепе-теңдік.

4. Тұнба-ерітінді жүйедегі тепе-теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі. Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі. Тұнбалардың ерігіштігіне аттас иондар мен бөгде электролиттің әсері. Тұнбалардың түзілу және еру шарттары.

5. Гравиметрлік талдау. Гравиметрлік анализдің негізгі операциялары. Гравиметрлік фактор. Тұндырылған және гравиметрлік формаларына қойылатын талаптар. Кристалдық және аморфты тұнбалардың түзәлу шарттары. Тұндырғыштарға қойылатын талаптар. Темір мен барийді гравиметрлік анықтау.

6. Титриметрлік талдау. Титриметрлік талдау әдістердің жіктелуі. Қышқылды-негіздік титрлеу. Қышқылды-негіздік титрлеу қисықтары. Қышқылды-негіздік индикаторлар. Индикаторлардың иондық, хроморлы және ионды-хромофорлы теориялары. Тотығу-тотықсыздану титрлеуі. Тотығу-тотықсыздану титрлеу қисығы. Тотығу-тотықсыздану титрлеудегі индикаторлардың түрлері.

7. Комплексиметрлік титрлеу. Комплексондар. Комплексонометрия. Комплексонометриядағы индикаторлар. Титрлеу қисықтары. Тұндырып титрлеу. Аргентометрия. Титрлеу қисықтары. Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау тәсілдері.

8. Оптикалық және электрохимиялық талдау әдістері. Электрохимиялық және оптикалық талдау әдістердің жіктелуі. Тура потенциометрия мен потенциометрлік титрлеу. Бірінші және екінші текті электродтар. Жарықжұтылудың негізгі заңы. Фотометрлік талдау әдісінің негіздері.



9. Химиялық процестер жылу эффектісі, оны есептеудің жолдары. Термодинамиканың бірінші заңы, оны идеал газдар қатысымен өтетін түрлі процестерге қолдану. Гесс заңы, оны химиялық процестер жылу эффектісін есептеуде қолдану. Химиялық процестер жылу эффектісіне температураның әсері. Кирхгофф теңдеуі.

  1. Тепе-теңдік күйдегі химиялық жүйеге әртүрлі факторлар әсері. Тепе-теңдік күйдегі жүйеге әрекеттесетін заттар концентрацияларының әсері. Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі. Тепе-теңдік күйдегі жүйеге температураның әсері. Вант-Гофтың зобара (изохора) теңдеуі. Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасын есептеулер жолдары.

  2. Бір және екікомпонентті жүйелердегі гетерогенді тепе-теңдіктерді термодинамикалық тұрғыдан сипаттау. Гетерогенді тепе-теңдктің шарттары. Біркомпонентті жүйелердегі фазалар арасындағы тепе-теңдікті термодинамикалық тұрғыдан сипаттау. Екікомпонентті жүйелердегі фазалар арасындағы тепе-теңдікті термодинамикалық тұрғыдан сипаттау.

  3. Химия-технологиялық процестер кинетикалық сипаттамаларына әсер ететін факторлар. Әрекеттесетін заттар концентрациясының әсері. Температураның әсері. Химия-технологиялық процестер кинетикалық сипаттамаларын есептеу жолдары.

  4. Бейорганикалық заттарды алудың электрохимиялық әдістері. Электролиз заңдары, олардың практикалық маңызы. Электродтар, олардың типтері. Нернст заңын қортып шығару және талдау. Электрохимиялық тізбектер, олардың түрлері. ЭҚК. Электрохимиялық реакциялар термодинамикасы.

  5. Атом-молекулалық ілім және химияның негізгі стехиометриялық заңдары. Химияның негізгі стехиометриялық заңдары. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау әдістері. Заттардың тазалығы жайында түсініктер.

  6. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі және атом құрылысы. Химиялық элементтер, периодтық заң және периодтық жүйе. Атомның электрондық құрылымының күрделілігі, атомдық орбиталдардың электрондармен толу реті және периодтардың түзілуі. s, p, d, f – элементтер және олардың периодтық жүйеде орналасуы.

  7. Химиялық байланыс және молекула құрылысы. Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Коваленттік және иондық байланыстардың табиғаты. Валенттік байланыс әдісі. Молекулалық орбитальдар әдісі. Кристалдық өріс теориясы.

  8. Комплексті қосылыстар химиясы. Вернердің координациялық теориясының негізі. Координациялық қосылыстардың құрылымы. Лигандтар түрлері, дентанттылық. Хелаттар. Комплексті қосылыстардың изомериясы. Комплексті қосылыстардың номенкулатурасы.

  9. Ерітінділер. Электрхимиялық процесстер. Электролиттік диссоциация. Ерітінділер концентрациясын белгілеу тәсілдері. Ерітінділер жайында химиялық теория. Ерітінділер концентрациясын анықтау.

  10. Химиялық технологияның негізгі заңдылықтары. Жұмсалу коэффициентінің мәні. Өзгеру, конверсия дәрежесі. Процестің өнімділігі. Өнім шығымы.

  11. Байланысқан азот технологиясы. Процестің физика-химиялық негізі. Процесс катализаторы. Технологиялық режимі және параметрлері. Өнім сипаттамасы.

  12. Күкірт өндірісінің технологиясы. Процестің физика-химиялық негізі. Процесс катализаторы. Технологиялық режимі және параметрлері. Өнім сипаттамасы.

  13. Тыңайтқыш өндірісі. Минералды тыңайтқыштардың жіктелуі. Фосфатты шикізаттың айырылуы және фосфор тыңайтқыштарын алу. Аммиакты селитра және карбамид өндірісі.

  14. Электрохимиялық өндіріс технологиясы. Электрохимиялық өндірістің физика-химиялық негізі. Каустикалық сода және хлор өндірісінің технологиясы. Технологиялық режим. Технологиялық схемасы. Процесс механизмі. Тұз қышқылы өндірісінің технологиясы.

  15. Химиялық өндірістерді жобалаудың негізгі кезеңдері және оларды ұйымдастыру. Болашақтағы жоспар және техника-экономикалық неегіздеу. Технологиялық процесс өнеркәсіптік жобалаудың негізі ретінде. Химиялық өндірістердің негізгі бас жоспары.

  16. Алғашқы мәліметтердің құрамы және химия өнеркәсібінің қондырғылары мен кәсіпорындарын жобалаудың негізгі сатылары. Химиялық өндірістерді жобалаудың негізгі сатылары. Конструкторлық құжаттардың түрлері. Өнеркәсіптік химиялық өндірістерді жобалауға қажет алғашқы мәліметтер. Экологиялық болжау. Жобалаудың техника-экономикалық неегіздері.

  17. Өндірістің технологиялық сызбанұсқасын таңдау және жасау. Химиялық өндірістердің технологиялық қондырғысын таңдау. Технологиялық сызбанұсқаны жасаудың реттілігі. Принципиалды технологиялық сызбанұсқа. Технологиялық жабдықтарды орналастыру. Химиялық реакторлардың негізгі түрлері. Реакторларды таңдауға әсер ететін химиялық факторлар.

  18. Негізгі және қосалқы аппаратураның технологиялық есептелінуі. Стехиометриялық есептеулер. Реакторлар көлемін есептеу. Аппараттардың көлемін анықтау. Идеалды реакторларды есептеу. Технологиялық процесстердің физика-химиялық негіздері. Энергия балансының теңдеуі. Тәжрибелік жылу балансы. Реакторлардағы жылу алмасуы. Периодты жұмыс істейтін реакторларды есептеу.

  19. Автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ). АЖЖ-ін жасаудың негізгі принциптері. Сызбаларды автоматты түрде жасау. АЖЖ-нің негізгі талаптары. Жобаларды автоматтандырудың артықшылықтары. Автоматтандырылған жобалау жүйесі (цемент зауыты мысалында). Қолданбалы бағдарламалардың негізгі пакеттері.

  20. Химиялық ток көздері. Химиялық ток көздері - химиялық реакциялардың энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғылар. Аккумуляторлардың жұмыс істеу барысындағы және оны зарядтау кезінде жүретін реакциялар. Конверсия процесін практикада жүзеге асыру мүмкіндіктеріне байланысты және тоқ көздерін тұтынушылардың талаптарына сай ХТҚ -нің алуан түрлілігі.

  21. Гальванотехника. Электролиз арқылы металдық камтамалар алу. Металдарды қондырудың негізгі заңдылықтары, түзілетін тұнбалардың шашырау қабілеті, құрылымы. Гальваникалық қаптаманың сапасына әсер ететін электролиздің негізгі факторлары (температура, концентрация, тоқ тығыздығы). Электрохимиялық тұну процесіне БАЗ әсері. Қаптамалардың негізгі түрлері – никельдеу, мыстау, мырыштау, хромдау. Құймаларды тұндыру.

  22. Электрогидрометаллургия. Электролизді қолдану арқылы кендік шикізаттан металл алу. Шаймалау ерітінділерінен металдарды электроэкстракциялау. Никельдің, мыстың, мырыштың электроэкстракциясы. Мысты электролиттік рафинирлеу. Мысты электрорафинирлеу кезіндегі қоспалардың күйі. Рафинирлеу барысында қоспаларды бөліп алуға БАЗ-рдың әсері.

  23. Металл бөлінбейтін электролиз арқылы заттарды алу. Негіздер мен қышқылдардың сулы ерітінділерін электролиздеу арқылы сутекті және оттекті алу. Ас тұзы ерітіндісін электролиздеп хлор мен сілтілерді алу. Сілті алудың мембраналық және сынаптық әдістері. Натрийдің гипохлоридін, сутек асқын тотығын және калий персульфатын алу.

  24. Коррозия және одан қорғау. Металдарда жүретін коррозия процестерінің түрлері. Металдардың газдық коррозиясының ерекшеліктері. Электрохимиялық коррозия. Эванс диаграммасы. БАЗ-дың сұйықтықта жүретін коррозиялық процестерге әсері. Коррозия ингибиторлары, ингибирлеу механизмі. Металдарды коррозиядан қорғау және олармен күресу жолдары.

  25. Қазақстанның минералды-шикізат қорлары туралы жалпы мәліметтер. Химиялық элементтердің жер қыртысында таралуы. Қазақстан минералды шикізатының геогрфиялық таралуы және олардың сипаттамасы. Минералды ресурстарды ролі.

  26. Шикізаттарды өндірудің жаңа тенденциялары мен құрал-жабдықтары. Химиялық өңдеудге шикізатты дайындаудың негізгі операциялары мен мақсаты: классификация, ұнтақтау және ірілендіу, сусыздандыру және кептіру. Қатты шикізатты дайындау үшін арналған құралдар мен машиналар.

  27. Қазақстан кендерін байыту және өңдеу. Шикізаттың қасиеті мен құрамына байланысты кендерді байыту әдістері және оларды таңдау. Байытудың сандық көрсеткіштері.

  28. Қазақстанның химиялық өнеркәсіптерінің шикізаттары. Химиялық өнеркәсіптердегі шикізаттар. Химиялық өнімдердің өзіндік құнындағы шикізаттың үлесі. Химиялық шикізаттардың классификациясы.

  29. Өндіріс қалдықтары және екіншілік минералды шикізаттар. Өндіріс қалдықтары мен екіншілік минералды шикізаттарды өңдеу. Екіншілік минералды шикізаттар және олардың өнеркәсіптегі маңызы.

  30. Қышқылдар мен негіздер. Қышқылдық-негіздік теориялар (Аррениус теориясы, протондық теория, сольво-жүйелер теориясы, Льюис теориясы және т.б.). Қышқылдар мен негіздердің күші. Нивелирлеуші эффект. Қышқылдар мен негіздердің күшінің өзгерісіндегі заңдылықтар.

  31. Бейорганикалық қышқылдар мен негіздердің химиясы және технологиясы. Бейорганикалық қышқылдар мен негіздердің өнеркәсібі. Алу әдістері. Процестің физико-химиялық негіздері. Технологиялық сызбалары.

  32. Бейорганикалық тұздардың химиясы және технологиясы. Бейорганикалық тұздардың өнеркәсібі. Оларды алу әдістері. Процестің физико-химиялық негіздері. Технологиялық сызбалары.

  33. Бейорганикалық қосылыстар өнеркәсібінің материалдық және жылулық баланстары. Бейорганикалық қосылыстар өнеркәсібінің материалдық баланстарын есептеу.

  34. Негізгі бейорганикалық синтездердің технологиясы. Бейорганикалық қышқылдар, негіздер және тұздарды синтездеудегі қолданатын шикізаттар, қолданатын құрал-жабдықтар, синтездеу процесіндегі физико-химиялық параметерлер және синтездеу технологиясы туралы жалпы мәліметтер.

  35. Азот қышқылының технологиясы. Азот қышқылын алуда қолданатын шикізаттар. Азот қышқылын алу әдістері. Азот қышқылын алу негізіндегі физико-химиялық процестер. Азот қышқылын алудың принципиалды технологиялық сызбасы.

  36. Еңбекті қорғаудың жалпы мәселелері. Еңбекті қорғау. Еңбек жағдайлары. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар, және олардың жіктелуі. Еңбек ауырлығы мен кернеулігі. Еңбек шартын жіктеу. Еңбек шартына тәуелді жұмыс орындарын аттестациялау реті.

  37. ҚР заңы: қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздігі туралы заңдылықтары. Еңбекті қорғаудың нормативті құжаттары мен заң актілерінің жүйелері. Еңбекті қорғау заңдылықтарын мемлекеттік және қоғамдық бақылау. Өндірістік жарақаттану және ауру. Өндірістегі бақытсыз жағдайларды зерттеу мен тіркеу реті.

  38. Зиянды заттар және кәсіби ауруларды ескерту. Зиянды заттардың жіктелуі, зиянды заттардың қауіптілік көрсеткіштері. Ағзаға улы заттардың әсері және қорғану жолдары. Өндірістік шаң және олардың жіктелуі. ШЖК, тітіркену әсері. Қызметкерлерді шаңнан қорғау әдістері.

  39. Электр қауіпсіздігінің негіздері. Электр қауіпсіздік жұйелерінің жалпы сипаттамасы. Электр тогымен адамдарды жарақаттану қауіптілігіне байланысты ғимараттардың жіктелуі. Адамға электр тогының әсері. Электр тогымен жарақаттанған кездегі қауіптілікті анықтайтын факторлар. Электр тогымен жарақаттанған жағдайларды сараптау. Техникалық әдістер және қорғаныс құралдары. Статикалық электр және қорғану. Электр тогымен жарақаттану барысындағы алғашқы көмек.

  40. Технологиялық процестер мен технологиялық қондырғылардың қауіпсіздігі. Потенциалды қауіпті технологиялық процестер. Технологиялық процестердің қауіпсіздік талаптары. Қауіпсіздіктің инженерлі-техникалық құралдары. Өндірістік қондырғының қауіпсіздік және сенімділік талаптары. Қысыммен істейтін ыдыстарды қолдану қауіпсіздігі. Қысылған, сығылған және ерітілген газдарға арналған баллондар.

  41. Технологиялық процестердің өрт профилактикасы. Жану процесі. Заттар мен материалдардың өртке және жарылысқа қауіпті қасиеттері. Көрсеткіш номенклатурасы. Өздігінен тұтану. Өрт профилактикасы. Өрттің жіктелуі. Адам ағзасына өрттің әсері. Технологиялық процестердің өрт қауіпсіздігі. Қондырғыларды өрттен және жарылыстан қорғау. Өртке және жарылысқа қауіпті аумақтардағы электр қондырғылары. Өртті өшіру әдістері мен құралдары.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиет:

1. Сағадиева К.Ж., Бадавамова Г.Л. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, 1994, 213 б.

2. Сағадиева К.Ж., Бадавамова Г.Л. Сандық анализден лабораториялық жұмыстарға методикалық нұсқаулар. Химиялық анализ әдістері. Алматы, 1997, 36б.

3. Мендалиева Д.К. Аналитикалық химиядан есептер мен жаттығұлар жинағы. Алматы, 2003, 217б.

4. Утелбаева А, Утелбаева А., Утелбаев Б. Химия 8. Аналитикалық химия. Зат құрамын және мөлшерін өлшеу. Алматы, 2008, 400б.

5. Основы аналитической химии в 2-х книгах. Кн. 1. Общие вопросы. Методы разделения: Учеб. для вузов / Ю.А. Золотов, Е.Н. Дорохова, В.И. Фадеева и др.; Под редакцией Ю.А.Золотова.- М.: Высш. шк., 1996. – 353 с.

6. Васильев В.П. Аналитическая химия. В 2-х ч. Кн.1. Титриметрический гравиметрический и методы анализа: Учеб. для студентов, обучающихся по химико-технол. спец. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Дрофа, 2002. – 368с.

7. Васильев В.П. Аналитическая химия. В 2-х ч. Кн.2: Физико-химические методы анализа: Учеб. для студентов, обуч. по химико-технол. спец. – 3-е изд., стереотип.-М.: Дрофа, 2003.- 384с.

8. Оспанов Х.К., Қамысбаев Д.Х., Абланова Е.Х., Шәбікова Г.Х. Физикалық химия : Өскемен: ШҚМУ баспасы,- 1997- 575 б.

9. Оспанов Х.К., Қамысбаев Д.Х., Абланнова Е.Х., Шәбікова Г.Х. Физикалық химия. Алматы: Қазақ ун-ті,- 2002.- 688 б.

10. Асманова Н.А., Утегулов Р.Н., Петрова Е.А. Физикалық химия. 1-ші бөлім.: тестілер және курс бағдарламалары. Алматы: Қазақ ун-ті,- 2005.- 246 б.

11. Түсіпбекова А.С., Мырзагалиева М.Г. «Физикалық химия» курсы бойынша бағдарламалар және есептер. Алматы: Қазақ ун-ті,- 2006.- 100 б.

12.Физика-химиялық шамалардың қысқаша анықтамалығы /. Жалпы ред. А. А. Равдель, А. М. Пономарева. Алматы: Қазақ ун-ті, 2008. б.

13. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.- М.: Высш. шк., 2006.-640 с.

14. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. - М.: Высш. шк., 2007. – 527 с.

15. Карапетьянц М.Х., Дракин С.Н. Общая и неорганическая химия. – 4-е изд., стереотип.- М.: Химия, 2003.- 592 с.

16. Коровин Н.В. Общая химия.- М.: Высш.шк., 2007.- 557с.

17. Зайцев О.С. Неорганическая химия (Теоретические основы. Углубленный курс).- М.: Просвещение, 1997.- 320 с.

18. Спицин В.И., Мартыненко Л.И. Неорганическая химия. Часть1. М.: Изд-во МГУ, 1994.- 624 с

19. Танашева М.Р., Смагулова Д.А., Омаров Т.Т. Бейорганикалық химия. Сұрақтар мен жаттығулар. Алматы: Казак.ун-тi, 2000. – 250 б.

20. МухленовИ.П.Основы химической технологии.М.,1991.

21. СоколовР.С Химическая технология. М., 2002. – т. 1-2.

22. КутеповА.И., Бондарева Т.И. Общая химическая технология. М.: ВШ. – 1990.

23. ҚайырбековЖ.Қ., ƏубəкіровЕ.А., МылтықбаеваЖ.Қ. Жалпы химиялық технология, Алматы, 2009.

24. Основы проектирования химических производств. Под редакцией В.И. Косинцева, М.: Академкнига, 2005

25. Общий курс процессов и аппаратов химической технологии. Под редакцией В.Г. Айнштейна. М.: Высшая школа, 2003, 2 Т.,1757 с.

26. Я.И. Гринберг. Проектирование химических производств. М.: Химия, 1970. 266 с.

27. И.Л. Иоффе. Проектирование процессов и аппаратов химической технологии. Л.: Химия, 1991, 347 с.

28. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии. К.Ф. Павлов, П.Г. Романков, М.П. Маликов, А.А. Носков. Л.: Госхимиздат, 1950, 404с.

29. Химическая технология неорганических веществ. Под редакцией Т.Г. Ахметова. М.: Высшая школа, 2002. 2Т., 686 с.

30. Багоцкий B.C. Основы электрохимии.-М.:Химия, 1988.-400 с.

31. Егоров В.В., Иванов B.C. Электрохимические источники тока.-М.: Знание, 1979.-64С.

32. Багоцкий B.C., Скундин A.M. Химические источники тока.-М.: Энергоиздат, 1981.-360 4. Лакерник М.М., Пахомова Г.Н. Металлургия цинка и кадмия. – М.: Металлургия, 1969. – 486 с.

33. Баймаков Ю.В., Журин А.И. Электролиз в гидрометаллургии. – М.: Металлург., 1977 – 336 с.

34. Дж.Бокрис, А.Дамьянович, «Механизмы электроосаждения металлов», в сб. «Современные аспекты электрохимии», издательство «Мир», 1967 г., стр.259–387.

35. Томилов А.П. Прикладная электрохимия. М.:Химия,1984, 520 с.

36. Ротинян А.Л. /Прикладная электрохимия. Л.:Химия,1974,536с.

37. Строение расплавленных солей. Пер.с англ. М. «Мир», 1966, 431 с.

38. Миомандр А.В Электрохимия. М. 2008г.

39. Делимарский Ю.К. Электрохимия ионных расплавов. М. «Металлургиздат», 1978.

40. Кудреева Л.К., Курбатов А.П. Гальваникалық қаптамалар алудың технологиясы бойынша практикалық жұмыстарды орындауға оқу - әдістемелік құралы, 2009. – 34 б.

41. Р.С.Соколов. Химическая технология. – М.:ВЛАДОС, 2000. - 266 с.

42. В.С. Бесков. Общая химическая технология. – Москва: ИКЦ «Академкнига», 2005.–446 с.

43. А.П. Егоров, А.И. Шершевский, И.В. Шманенков. Общая химическая технология неорганических веществ. – М.: Химия, 1965. – 688 с.

44. Позин М.Е. Технология минеральных солей. Часть 1,2. – Л.: Химия, 1970. – 791 с.

45. В.К. Бишимбаев, Л.Б. Рёсслер, М.К. Жакеев. Состояние и перспективные направления развития основой химической промышленности Республики Казахстан. – Шымкент, Ғылым, 2006. – 290 с.

46. Қ.И. Сәтпаев. Шығармалар жинағы.- Алматы «Ғылым». -1999. – (1-10 томдары)

47. Комплексная переработка минерального сырья Казахстана. Том 1-10. Астана 2003 г.

48. Тойбаев И.Қ., Жұбанов Қ.А. Химиялық технологияның теориялық негіздері. – Алматы: ҚазҰУ, 1996. - 183 б.

49. В.С. Бесков. Общая химическая технолгия. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 448 с.

50. Р.С. Соколов. Химическая технолгия. – М.: Владос, 1999. – Т. 1. – 367 с.

51. Химическая технолгия неорганических веществ / Под. ред. Т.Г. Ахметова, Л.Г. Гайсина. – М.: Высшая школа, 2002. – 686 с.

52. М.Қ. Қалабаева, Г.В. Абрамова. Бейорганикалық қышқылдар, негіздер мен тұздардың химиясы және технологиясы.

53. Шрайвер Дж., Эткинс Дж. Неорганическая химия. В 1 том. – М.: Мир, 2004.

54. Безопасность труда в химической промышленности. М.: «Академия», 2006.

55. Макаров Г.В., Васин А.Я. и др. Охрана труда в химической промышленности. М.: Химия, 1989.


Қосымша әдебиет:

1. Отто М. Современные методы аналитической химии В 2-х т./ пер с нем. Под ред. Гармаша А.В.-М.:Техносфера, 2003

2. Харитонов Ю.Я. Аналитическая химия (аналитика). В 2-х кн. Кн.1. Качественный анализ: Учеб. для вузов. – 2-е изд., испр.- М.: Высш. шк., 2003.

3. Харитонов Ю.Я. аналитическая химия (аналитика). В 2-х кн. Кн.2. Количественный анализ. Физико-химические (инструментальные) методы анализа: Учеб. для вузов. – 2-е изд., испр.- М.: Высш. шк., 2003.- 559с.

4. Жайлауов С. Физикалық химия. Алматы: Рауан,-1992.-251б.

5. Жанабаев Б., Өтелбаев Б. Физикалық химия. Алматы: Респ. Баспа,-1994.-236 б.

6. Қоқанбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. Алматы: Білім,-1996.-223 б.

7. Нухұлы А. Химиялық термодинамикадан қысқаша мағлұматтар. Алматы: Ақыл кітабы.- 1997.- 72 б.

8. Шабикова Г.Х, Қайырбекова А.Ж. Физикалық химиядан есептер жинағы. Шымкент: ОҚТУ.- 1998.- 169 б.

9. Задачи и упражнения по общей химии /Под ред. Н.В. Коровина.- М.: Высш.шк., 2006.- 325с.

10. Коровин Н.В., Мингулина Э.И., Рыжова Н.Г. Лабораторные работы по химии: Уч. пособие/Под ред. Н.В. Коровина.- М.: Высш.шк., 2007.- 256с.

11. Артеменко А.И., Тикунова И.В., Малеванный В.А. Справочное руководство по химии.- М.: Высш.шк., 2003.- 367с.

12. Глинка Н.А. Общая химия./ Под ред. А.И.Ермакова.- 28-е изд., перераб. И доп.- М.: Интеграл-Пресс, 2000.- 728 с.

13. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А., Цветков А.А. Основы номенклатуры неорганических веществ.- М.: Химия, 1983.-112 с.

14. Любимова Н.Б. Вопросы и задачи по общей и неорганической химии.- М. Высш.шк., 1990. – 351 с.

15. Танашева М.Р., Омаров Т.Т. Химия и технология соединений бора. Алматы: Казак.ун-тi,2000.- 189с.

16. Химическая энциклопедия. Т.1, Т.2, Т.3 / Гл.редактор И.Л. Кнунянц. М.: Советская энциклопедия, 1990.

17. Энциклопедический словарь./ Гл.редактор И.Л. Кнунянц. М.: Советская энциклопедия, 1983.- 790 с.

18. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии. М.: Госхимиздат, 1990. - 829 с.

19. Бояринов А.И и др. Методы оптимизации химической технологии.. М.:Химия,1975.

20. Гольштейн Р.Химическаяпереработканефти.М.: ИЛ,1961.

21. Кушелов В.И. Основы техники безопасности на предприятиях химической промышленности.М.: Химия,1977.

22. ВольфковичС.И.Общая химическая технология.М.,1959.т.2.

23. ТойбаевИ.К. Жұбанов К.А.Химиялықтехнологияныңнегіздері. Алматы: ҚазГУ, 1996.

24. Қайырбеков Ж.Қ., Жұбанов Қ.А., Əубакіров Е.А. Органикалық химия мен химиялық технологиядағы каталитикалық процестер. Алматы: 2002.

25. Бесков В.С., Сафронов В.С. Общая химическая технология. –М.: Химия, 1999.

26. Беляева И.И. и др. Сборник задач по химической технологии. –М.: Просвещение,1982.

27. Толковый словарь по химии и химической технологии. Под редакцией Ю.А. Лебедева. М.: Русский язык, 1987. 525с.

28. В.И. Перельман. Краткий справочник химика. М.: Химия, 1964, 620 с.

29. Дж. Пери. Справочник инженера химика.

30. Щенникова О.Б. Расчет и выбор оборудования химико-фармацевтической промышленности. Часть 1 – 2. С-Пб. 2005 год.

31. Кромптон Т. Первичные источники тока.-М.: Мир, 1986.-328 с.

32. Кедринский И.А., Дмитренко В.Е. Химические источники тока с литиевым электродом.- Красноярск: Красноярский университет, 1983.-247с.

33. Мелащенко Н. Ф. Гальванические покрытия диэлектриков. Мн.:Беларусь. 1987, 179 с.

34. Зубченко В.Л., Захаров В.И. Гибкие  автоматизированные гальванические линии. -1989., с.617.

35. Родионов  А.И.,  Клушин  В.Н.,  Торочешников  Н.С.  Техника защиты окружающей среды., -М.: Химия,-1989. с.512.

36. Кульский Л.А., Гороновскнй И.Т., Корпгоновский А.М. Справочник по свойствам, методам анализа и очистки сточных воды.., Киев. :Навуковая думка, 1980, с.680.

37. Т.Г Ахметов, Р.Т. Профирьева, Л.Г. Гайсин и др. Химическая технология неорганических веществ. – М.: Высшая школа, 2002. – 687 с.

38. А.П. Крешков. Основы аналитической химии. – М.: Химия, 1976. – 480 с.

39. Жантасов Қ. Т. Минералды шикізатты қазып алу және өңдеуге дайындау технологиясы.-Шымкент. -2009. – 152 с.

40. М.Бәкенов, Қ.Т.Отарбаев. Пайдалы қазбалардың геологиясы: Оқу құралы. ҚазҰТУ, 2002.

41. Позин М.Е. Технология минеральных солей. – Л.: Химия, 1974. В 2 ч. Часть І и ІІ. – 558 с.

42. К.Дей, Д. Сельбин. Теоретическая неорганическая химия. – М.: Изд. «Химия» 1976.

43. Практикум по безопасности жизнедеятельности, под ред. проф.А.В.Фролова, Ростов-на-Дону,2009 г.



44. Кораблев В.П. Меры электробезопасности в химической промышленности. М.: Химия, 1983.

45. Закон Республики Казахстан «О безопасности и охране труда».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет