Бағдарламасы Форма ф со пгу 18. 2/06



Дата14.06.2016
өлшемі403.35 Kb.
#134379
түріЖұмыс бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

Адвокатура пәні бойынша

050301 Заңтану мамандығы студенттеріне арналған

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Пәннін оқу ұрдісіне алатын орны, мақсаты мен міндеті.

Адвокатура курстың оқытудағы басты мақсат – адвокаттық құқықтық өндіріске қатысу әдістері мен тәсілдері, құралдарды қолдану қабілетін, білім жүйесін студенттерге қалыптастыру. ҚР азаматтардың Конститутциясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі. Азаматтардың құқықтарының сақталуы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірінші кезекте азматтардың қорғалуын оның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыратын ерекшеліктерін оқытады.



Пәннің мақсаты – құқықтану және юриспруденция мамандықтары бойынша заңгерлер дайындау мақсатымен сәйкес келеді.

Адвокатура пәнін оқудың басты міндеттері; кәсіби өкіл ретінде процессуалдық әректтерді жасау және қатысу, құқықтық өндірісте кәсіби өкіл ретінде құқыққолднушылық жасау және қызметтің ерекшеліктері туралы білім алу; өз білімінін тәжірибеде бекіту үшін заңдық көмек көрсету барысында процессуалдық актілер мен басқа да құжаттарды толтыру әдістемесі туралы білім алу; заңдық процесс үшін маңызды оқиғаны әсіби бағалау және кәсіби субъект ретінде соған сәйкес құқыққолданушылық шешім қабылдау, адвокаттық қызметтің ұйымдастырушылық және құқық негізі туралы білімді жүйелеу;адвокаттық қызметті регламенттейтін нормативті ережелерді сараптау; адвокатты қызметті қорғаушы, жәбірленушінің өкілі, азаматтық талапкер; азаматтық жауапкер және айыптаушы өкілдері ретінде қабылдау.

Тәрбиелік міндеттер қылмыстық, азаматтық және басқа да сот өндрісінде заңдылық, әлеуметтік әділдік және ізгілік қағидаларын терең түсінумен, мемлекет пен қоғамдағы адвокатураның маңызымен байланысты.

Студент аталған пәнді оқып, үйренген соң адвокатура нормаларын талқылап, қолдануға дағдылану керек.

Сонымен қатар студент адвокатура құқықғы институтының даму таризы мен перспективаларына талдау жасай отырып:



  • заңдылықтарды талқылауды

  • азаматтардың құқықтарын қорғау

  • заң сұрақтары бойынша кеңес бере білу керек.

Прериквизиттер

Адвокатура курсына сабақтас пәндер:



  • заңгердің кәсіби этикасы

  • құқықтық психологияның негізі

  • прокурорлық қадағалау

  • криминалистика

  • сот риторикасы

  • азаматтық құқық

  • конституциялық құқы

  • әкімшілік құқық

  • қылмыстық құқық


Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-Тақырып. Адвокатура курсының ұғымы,пәні және міндеттері.

Адвокатура және адвокаттық қызметінің түсінігі және негізгі белгілері. Адвокатура ғылым және оқу пәні ретінде.

Адвокатура туралы ғылымның даму және қалыптасу тарихы. Адвокатура және адвокаттық қызмет проблемадарын зерттеуде мыңызды үлес қосқан ғалымдар.

2-Тақырып. Адвокатураның пайда болу және даму тарихы.

Адвокатура институтының пайда болуның алғышарттары. Еуропалық мемлекеттерде адвокатураның пайда болуы және дамуы.

Қазақтардың әдет-ғұрып құқығындағы адвокаттық қызметтің элементтерінің болуы.

1864 ж. Соттық-құқықтық реформа кезіне дейінгі Ресей адвокатурасы.

Депутаттар, талапкерлер, жәбірленушілер, стряпчий, подъячий, ходатайлар институттары.

1864ж. соттық реформа. Сенімді алқалар кенесінің пайда болуы және қызметі. Сенімді алқалар кандидаттарына талаптар. Адвокатураның пайда болу ұрдісі. Көрнекті өкілдер. Алғашқы заңдық консультациялар.



3-Тақырып. Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі мәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары.

Адвокатура институтының тұлғаларға жоғарғы заң көмегін корсететін ұйымдардың нысандары ретінде жалпы мінездемесі. Азаматтардың жоғарғы білікті заң көмегін алуға және адвокатураға жүгінуге Конституциялық құқықтары. Заң көмегін көрсететін субъектілер шеңберінің көбею перспективалары. Адвокатураның түсінігі, құқықтық табиғаты және мақсаттары.

Адвокатурамен адвокаттық қызметтің тәуелсіздігінің кепілдіктері. Адвокат мамандығын монополиялау және бостандық беру мәселелері.

4-Тақырып. Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негізі.

Адвокаттық қызметтің нормативты құқықтық базасының кешенді сипаты. Адвокаттық қызметтің құқықтық реттеудегі негізгі қайнар көздері.

1995ж. ҚР-ң Конституциясы адвокаттық қызметтің құқықтық негізі ретінде. 20.09.2002ж. бастап «ҚР-ң құқықтық саясаты концепциясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. 05.12.1997ж. бастап 11.07.2001ж. және 03.06.2003ж. өзгертулер мен толықтыруларымен «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

1997ж. және 1999ж. Адвокатура және адвокаттык қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Кенесінің каулылары.



5-Тақырып. Адвокаттардың құқық жағдайы. Адвокаттык қызметі лицензиялау тәртібі.

Қазақстан Республикасындағы адвокат. Адвокаттық көмекшілері мен стажерлары. Адвокаттык қызметпен айналасуға жүзінген тұлғалар жоғарғы талаптар.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия: мәні және тағайындалуы. Аттестация тәртібі. Стажировка - лицензия беру үшін алдын ала аттестациядан өту жағдайы. Адвокаттық қызметпен аттестациядан өтпей-ақ айналасуға лицензияны алуға құқығы бар тұлғалар. Аттестациялық комиссиясының шешімі – Қазақстан Республикасінің Әділет Министілрігінің адвкаотқа лицензия берудің негізі. Адвокаттар лицензияның мемлекеттік реестрі. Адвкаттық қызметпен айналасу құқығына лицензия әрекетінің уақыты мен аумағы.
6-Тақырып. Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі, оның органдары.

Адвокаттар алқасының түсінігі және маңызы. Адвокаттар алқасының құқықтық табиғаты. Адвокаттар алқасының құрған кездегі олады құру тәртібі және оларға шек қою тәртібі. Адвокаттар алқасының негізгі мақсаттары. Адвокаттар алқасының жарғысы: мазмұнына қойылатын талаптар. Адвокаттар алқа қызметін тоқтату.

Адвокаттар алқасының органдары. Адвокаттар алқа мүшелерінің жалы жиналысы (коныеренция), жоғарғы алқа органдары ретінде: өкілеттілігі, шақыру тәртібі және жұмысы. Адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысындағы (конференциядағы) ерекше кұзіретті мәселелер.

7-Тақырып. Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары.

Адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандарының әртүрлігі адвокаттық мамандықты жүзеге асырудағы бостандық кепілі ретінде.

Әкімшілік-территориялық бірлестіктер, адвокаттар алқасы мүшелігіне кіру-адокаттық қызметті әртүрлі ұйымдастыру нысандары арқылы қызметті жүзеге асыру жағдайлары.

Заң консультациясы – адвокаттар алқасы президиуммен ұйымдастырылатын адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшелері (филиал), заң консультациясы туралы ереже осы қызметтің ққықтық негізі. Заң консультациясы менгерушісінің құзыреті. Заң консультациясының заң көрсететін ұйымының атрибуттары.



ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
8-Тақырып. Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі.

Құқықтық және заңдық көмек: ұқсастығы және айырмашылығы. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша заң көмегін көрсетудың нысандары. Әртүрлі юрисдикциялық өндірісте өкіл және қорғаушы ретіндегі әртүрлі нысандарда адвокатпен заң көмегін көрсетуді бекітетін заңнаманың перспективасы.

Осы ережедегі жеңілдіктерге байланысты адвоккаттарды таңдау бостандығы. Адвокаттардың қылмыстық істер бойынша кәсіби қорғауды көрсетудің ерекшелігі.

Қорғаушылық пен өкілдікпен байланысты шығындарды өтеу, адвокатпен көрсетілетін заң көмегінің төлемақысы. Заң көмегінің төлемақысының мөлшерін белгілеу. Адвокатпен көрсетілетін заң көмегі іссапар ақшасы, көлік және т.б. оның шығындарының азаматтық және қылмыстық істер бойынша төлемақы негіздері.



9-Тақырып. Адвокаттың кәсіби этикасы.

Адвокаттың этикасы – адвокатура туралы ғылымының және заңдық этиканың құрылымдық бөлімі. Заң этикасының негізгі категориялары. Адвокаттың кәсіби этикасы және адвокаттық қызметтің мінез-құлық негіздері.

Адвокаттық этиканың түсінігі, пәні және мазмұны. Кәсіби мінез-құлық нормаларының түсінігі және пәні, олардың этикалық нормалармен арақатынасы.

Адвокаттық этиканың мазмұны. Шындық, адалдық, ақиқаттылық, ізгіліктік, жауаптылық, әр-ұятты құрметтеушілік адвокаттык этиканың қағидалары ретінде.


10-Тақырып. Адвокаттың ораторлық өнерінің негіздері. Адвокаттың соттық сөйлеуі.

Адвокат қызметіндегі ораторлық өнердің мәні. Адвокаттың сөйлеу мәдениеті: түсінігі және мазмұны.

Адвокаттың сөйлеу мәдениетін анықтайтын қырлары: анықтылығы, дұрыстығы, логикалығы, орынды болу, нақтылығы, эмоционалды және экспрессивтілігі, дербестілігі (өзіңдік ерекшелігі).

Адвокаттың сөйлеу мінез-құлқының этикасы. Адвокаттың ораторлық өнерінің техникасы. Сөйлеу ықпал ету құралы ретінде.


11-Тақырып. Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокаттың қатысуы.

Адвокаттың қылмыстық процесте қатысуы заң көмегінің бір түрі ретінде. Қылмыстық сот өндірісіне адвокаттың қатысуының негіздері мен нысандары. Өкіл, қорғаушы, куәнің адвокаты. Қылмыстық іс жүргізуде өкілдік етудін ерекшеліктері. Адвокат өкіл ретінде, оның процессуалдық жағдайы, азаматтық процестегі өкілден айырмашылығы. Жәбірленушінің өкілі (жеке айыптаушы) ретінде іс жүргізуге қатысудың ерекшелігі. Айыптауды қолдау. Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокаттың құқықтық жағдайы.

Адвокат – қорғаушы және айыпталушының қорғануға құқығы. Міндетті және қосымша қорғау. Міндетті түрде қорғаушының қатысу негіздері мен мазмұны.Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру. Қорғаушыдан бас тарту, адвокат-қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуынан алып тастау.

Қорғаудың мақсатымен міндеттері. Қорғаудың тәсілдері мен амалдары. Қорғаушының өкілеттілігі. Қорғау позициясының түсінігі және процессуалдық мәні. Адвокаттық тергеу: мұмкіншіліктері, перспективалары және жүзеге асырылуы.

Қылмыстық істі қозғау сатысындағы адвокаттың қатысу ерекшеліктері. Алдын ала тергеу сатысының әртүрлі этаптарындағы адвокаттың қатысуы.Адвокаттың қорғалушымен алғашқы кездесуы. Айып тағу және айыпталушыдан жауап алуда адвокаттың қатысуы. Тергеу әрекеттерін және басқа да процессуалдық әрекеттер өндірісінде адвокаттың қатысуы. Алдын ала тергеудің аяқталу сатысына адвокаттың қатысуы. Іс материалдарымен, сұрау өтініштермен танысу, қорғау тізімін құрастыру.

Соттық сатыда адвокаттық қатысуының жалпы сұрақтары. Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселелерді шешу кезеңіндегі алдын ала тыңдауға және басқа да нысандарға адвокаттық қатысуы. Істі қосымша тергеуге бағыттау.

Сұрау және басты сот талқылауының дайындалу бөлгінің басқа да әрекеттері. Соттық әректеттергі қатысу және сот тергеуінің басқа да мәселелері. Адвокатпен куәлерден, жәбірленушіден, айыпталушыдан жауап алуды жүргізу. Куәлардың көрсетулеріне сенімсіздікті білдіру. Сотта сарапшының қорытындысын зерттеу. Заттық дәлелдемелерді зерттеу. Процессуалдық әрекеттер хаттамаларын және басқа да құжаттарды зерттеу. Басқа да дәлелдемелерді көрсету және зерттеу. Соттық жарыссөздерде адвокаттың қатысуы. Қорғауды жүзеге асырған кезде виктимология жетістіктерін қолдану.
12-Тақырып. Адвокаттың азаматтық сот өндірісіне қатысуы.

Азаматтық іс бойынша консультация: түсінігі, мәні, негізгі кезеңдері. Құқықтық позицияны анықтау. Құқықтық кенес.

Іс бойынша тапсырмаларды қабылдау. Азаматтық істі жүргізуде тапсырмаларды адвокатпен қабылдау жағдайлары. Тараптың өкілі ретінде адвокаттың қатысуын болдырмайтын мән-жайлар. Азаматтық іс бойынша адвокат-сенімдінің өкілеттілігі. Адвокаттың процессуалдық дербестігі.

Азаматтардың сотқа жүгіну және сотта өкіл болу құқығы. Өкіл ретінде қатысу негіздері. Тараптардың және үшінші тұлғалардың, азаматтық талап-арыз берушінің, азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысу ерекшеліктері.


13-Тақырып. Басқа да юрисцикциялық өндірістерге адвокаттың қатысуы.

Әкімшілік өндіріске қорғаушы және өкіл ретінде адвокаттың қатысуы. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндіріске қатысу. Әкімшілік құқықбұзушылық.. Сотқа дейінгі сатыда іс материалдарын дайындауда, соттық сатыға адвокаттың қатысу ерекшеліктері.


14-Тақырып. Адвокаттық қызметтің психологиясы.

Адвокаттық қызметтің құрылымдық компоненттері. Танымдық, коммуникативтік, құрылымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік куәландырылатын элементтер. Әр компоненттің мінездемесі, соның ішінде куәландырылатын компонентті жүзеге асыру.

Адвокаттық қызметтің психологиялық құрылымында өзге компоненттердің әртүрлі үйлестірілуы.

Адвокаттық қызметті психологиялық әрекеттер және психологиялық құралдар. Психотехника – адвокатпен психологиялық құралдары, тәсілдері және амалдарды қолдануы.


15-Тақырып. Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері.

Адвокат тактикасының түсінігі, негіздері және түрлері. Адвокаттык тактиканың құрылымы (кәсибі қорғау және өкілдік тактикасы). Адвокат қызметунуң мақсаты және міндеттері, оның адвокаттық қорғау үшін маңызы адвокаттық қызметтегі тактиалық әдістер.

Қорғау жағдайы: түсінігі, мәні, мазмұны және түрлері. Қорғау болжамдары: түсінігі, мәні, мазмұны және түрлері. Қорғауды және өқіл болуды жоспарлау.

Гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың жетістіктерін адвокаттың қолдануы. Адвокатпен қабылданған шешімнің логикалық-ақпараттық құрылымы.


16-Тақырып. Шет елдердегі адвокатура.

Англиядағы адвокатура. Барристе және солисторлар институты. Соттық инндар. Соттық инндардың және барристер Кеңесінің Сенаты. Кіші және үлкен барристерлер. Корольдік адвокаттың мәртебесі. Бас атторней тәжірибеден өтуші барристер ретінде. Солисторлар – Англиядағы ең көп санды адвокаттар тобы. Рекордерлер – Корона сотында щығуға құқығы бар солисторлар. Сайланбалы Кеңестегі басқарылатын заңдық қоғам – солисторлар корпоративтік органы. Ағылшын құқығындағы қоғамдық қорғаушы, көмекші (Маккензи достым) тарапынан көмек алу құқығы.

Германиядағы адвокатура. Германияда адвокатпен көрсетілетін заң көмегінің түрлері. Адвокаттыққа үміткерлердің талаптары. Стажировкадан өту, екінші экзаменді тапсыру соттық және адвокаттық қызметпен айналасуға рұқсат алу жағдайы ретінде. Адвокаттық қызметке рұксат алу тәртібі. Германияның құқық докторларын емтихандардан және стажировкадан өтуден босату. Адвокаттық бюроның ашылу міндеті., жерге және аумақтарға территориялық бағыныштылық. Адвокаттар алқасы, оның органдары. Екінші алқаның бір аумақтық территорисында білім алу тіралы мәселелерді шешу. Германияның федералдық адвокаттар қауымдастығы. Федералды Жоғарғы сотына істі жүргізуге жіберілген ерекше адвокаттар алқасы.


Тәжірибе сабақтардың мазмұны
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-Тақырып. Адвокатура курсының ұғымы,пәні және міндеттері.

Адвокатура туралы ғылымның мақсаты, пәні және тәсілдері. Адвокатура ө құқыққорғау қызметін зерттейтін заң ғылымдары циклының бөлігі. Адвокатура туралы ғылымның басқа заң ғылымдары арасындағы алатын орны.


2-Тақырып. Адвокатураның пайда болу және даму тарихы.

1874 ж. конттрреформалар. Жеке сенімділер институтының пайда болуы. Сенімді алқалар көмекшілерінің институты. 1874ж. және 1889ж. автономияның бұзылуы. 1866,1869,1871 ж.ж. сот жарлықтарының және адвокатураның өзгеруі. 1905ж. бірінші жалпы Ресейлік сенімді алқалар съезді.

Ресейге қосылғаннан кейінгі реформалық кезеңге дейінгі Қазақстандағы адвокатура. Адвокатура 1886 ж. Түркістандық және Дала өлкелерін басқару туралы ережелерге сәйкес Қазақстандағы адвокатура.

«Сот туралалы» №1 және №2 декреттер, №1 құқыққорғаушы алқа декреті боыйнша адвокаттық мамандықтың абсолюттік бостандығы 1918 ж. Халық соты туралы ережесіне сәйкес айыптаушылар және корғаушылар алқаларын құру. 1922 ж. Қорғаушылар алқасы туралы ереже. 1939 ж. КСРО адвокатура туралы ереже.


3-Тақырып. Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі мәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары.

Адвокатураның заң шығарушы және сот билігімен қарым-қатынасы. Адвокатура және азаматтық қоғам. Адвокатураның адвокаттар және азаматтық қоғам институтының кәсіби қауымдастықтары ретіндегі белгілері. Адвокатураның жариялығы және диспозитивтілігі. Адвокатураның ұйымдастыру және қызмет қағидалары. Адвокаттар алқасының құқық-қорғау және басқа да мемлекеттік органдарымен және де мемлекеттік емес және қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынасы.


4-Тақырып. Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негізі.

Халықаралық құқықтық стандарттар және адвокаттык қызметтің қағидаралы. 1948ж. Адам құқықтары туралы жалпы декларация; 1966ж. азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт; 1985ж. кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сотты апаруға тиесілі БҰҰ Минималды Стандарттары Ережелері (Пекиндік Ережелер);1990ж. адвокаттардың ролі туралы Негізгі ережелер және 1990ж. БҰҰ Сегізінші Конгресімен қабылданған заңгерлердің қатысты негізгі қағидалар;1978ж. заңдық көмек және консультациялар туралы КМ Еуропа Кеңесінің Резолюциясы; 2000ж. адвокат мамандығын жүзеге асыру бостандығы туралы КМ Еуропа Кеңесінің Кепілдемесі және басқа да адвокаттық мамандықтың негізгі болатын стандарттар мен кағидалар бекітетін халықаралық құқықтық құжаттар.

Адвокатура және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңы.

5-Тақырып. Адвокаттардың құқық жағдайы. Адвокаттык қызметі лицензиялау тәртібі.

Лицензия беруден бас тарту: негіздері және тәртібі. Лицензия әрекетін тоқтата тұру: Негізі және тәртібі.

Адвокаттық лицензиясын кері қайтарып алудың жалпы және арнайы негіздері. Лицензияны кері қайтарып алу өндірісі бойынша іс қозғаудын тәртібі. Лицензияны кері қайтарып алу лицензия әрекетінің күшін тоқтата тұрудың негізі ретінде. Адвокаттық лицензияның әрекетін тоқтата тұру турала шешім: қайта қарау және шығару тәртібі.
6-Тақырып. Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі, оның органдары.

Адвокаттар алқасы Президиумы алқаның атқарушы органы ретінде: сайлау тәртібі және қызметі.

Адвокаттар алқасы Президиумы алқа қызметін ұйымдастыру бойынша өкілеттілігі. Адвокатар алқасы президиумның төрағасы: сайлау тәртібі және өкілеттілігі.

Адвокаттар алқасының ревизиялық комиссиясы бақылау ревизиялық орган ретінде: саулау тәртібі және қызметі. Ревизиялық комиссияның өкілеттілігі. Адвокаттар мүшелерінің міндеттері. Мүшелікке жарна төлеу – адвокаттар алқасының мүшелерінің алқа алдында бір жақты мүшелік міндеттемесі.

Адвокаттар алқа мүшелерінің тәртіптік жауапкершілігі: негіздері, тарту, босату тәртібі. Адвокаттардың стажерларына тәртіптік жауапкершілік ережелерінің таралуы.
7-Тақырып. Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары.

Адвокаттық контора – мекеме нысанындағы емес ұйым. Адвокаттық контораның тағайындалуы. Адвокаттық контораны құру жағдайы мен тәртібі. Жарғы, құрыдтайшылық келісім-шарт – адвокаттық контора қызметінің құқықтық негізі.


ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
8-Тақырып. Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі.

Бірталай заң көмегін көрсетумен байланысты емес заң көмегінің төлемақысы (қылмыстық қудалау органдарына кезекшілікте).

Заң көмегі толемақысынан босату негіздері мен тәртібі.

Республикалық бюджет есебінен заң көмегі төлемақысынан босату мүмкіншілігі.

Адвокаттар алқасы және адвокаттық контора қаражатынан адвокаттармен тегін көрсетілетін заң көмегінің төлемақысы.

9-Тақырып. Адвокаттың кәсіби этикасы.

Адвокаттың мінез-құлық ережесінің этикасы. Заң көмегіне жүгінетін тұлғалармен адвокаттың қарым-қатынасының мінез-құлық этикалық ережесі. Адвокаттық қауымдастықтың ішіндегі қарым-қатынастардың құрылуының этикалық ережесі. Адвокаттың мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен қатынасқа түскендегі мінез-құлқының этикалық ережесі.

Коғам, адвокаттар қауымдастығы және адвокаттардың өздері жағынан адвокаттык қызметті ішкі және сыртқы этикалық бағалау. Адвокаттар қызметінде этикалық нормаларды жүзеге асыру тәсілдері.

Адвокаттық этикасының нормалары – корпоративтік нормалар. Моральды-этикалық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік. Адвокаттық этика кодексі.



10-Тақырып. Адвокаттың ораторлық өнерінің негіздері. Адвокаттың соттық сөйлеуі.

Адвокаттың соттық ораторы ретінде логикалық мәдениеті. Соттық сөйлеудің сенімділігі және сөйлеудегі логикалық қателіктер. Соттық сөйлеудің құрылымдық мазмұнына іс бойынша позицияның әсер етуі.

Соттық сөйлеудін міндетті элементтері: дәлелдемелерді констатациялау – жалған екенін білдіру. Соттық сөйлеудің логикалық құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Кіріспе сөйлеу бөлімінің мазмұны және оған қойылатын негізгі талаптар. Соттық сөйлеудің негізгі бөлімі: істің нақты мән-жағдайларын көрсету; іс бойынша жиналған дәлелдемелерді анализдеу; саралауды негіздеу; қылмыстық іч бойынша тұлғалы сипаттау; құқық бұзушылықты жасаудың себебі; жазалау шарасы туралы ойлау. Соттық сөйлку қорытындысының психологиялық, логикалық және эмоционалдық маңызы.
11-Тақырып. Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокаттың қатысуы.

Аппеляциялық өндіріс сатысына адвокаттың қатысуы.Аппеляциялық шағымдарды құрастыруға қойылатын талаптар. Үкімді бұзу және өзгерту негіздері.

Сот шешімін атқару сатысына адвокаттың қатысуы. Осы сатыдағы адвокаттың өкілеттілігі.

Қылмыстық процесстің ерекше сатысына адвокаттың қатысу ерекшеліктері: қадағалау өндірісінде және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау. Қылмыстық процесстің ерекше сатысында соттық шешімдерді қайта қарау негіздері. Қадағалау щағымы: құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өндірісті қозғау және ондағы адвокаттың қатысуы.



12-Тақырып. Адвокаттың азаматтық сот өндірісіне қатысуы.

Сотқа дейындгі іс материалдарын дайындаудағы адвокаттың қатысуы. Азаматтық іс бойынша дәлелдеу пәнінің анықтамасы. Адвокаттық процессуалдық құжаттарды құрастыруы. Адвокат азаматтық процесстің дәлелдеу субъектісі ретінде.

Соттық істерді талқылауға адвокаттың қатысуы. Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсіндірмелерінде адвокаттың қатысуы. Куәлардан жауап алуда адвокаттың қатысуы. Куәлардың көрсетулеріне сенімсіздікті білдірудің негізгі тәсілдері. Сотта сарапшының қорытындысын зерттеу. Сотта жазбаша және заттық дәлелдемелерді зерттеу. Басқа да дәлелдемлерді зерттеу.
13-Тақырып. Басқа да юрисцикциялық өндірістерге адвокаттың қатысуы.

Третейлік сотта халықаралық коммерциялық арбитражда (сотта) және басқа да конфликтерді шешетін органдарда істі талқылауды сенімді өкіл ретінде қатысу. Құқықтық конфликтерду альтернативті амалдармен шешуде қатысу: келіссөздер, медиация, минисот, істің мән-жайлы фактілерін анықтау бойынша тәуелсіз сараптама, омбудсмен, жеке соттық жүйе.



14-Тақырып. Адвокаттық қызметтің психологиясы.

Заңгердің және адвокаттың психотехникасы.. Адвокаттың сөйлеу психотехникасы. Адвокаттык қызметтегі әсер ету, қарсылықты жоққа шығару және дәлелдеуғ сендіруді білу амалдары.

Адвокаттың қарым-қатынас психологиясы. Сөйлесушы адамды психологиялық бақылау, сенімді қарым-қатынастарды және психологиялық байланасты орнату және қолдау; азаматтардан ақпараттар мен мәліметтерді алу және анализдеу психологиясы.

15-Тақырып. Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері.

Процеске қатысушылармен психологиялық және іскерлік байланысты орнату тактикасы. Тергеулік, соттық және басқа да процессуалдық әрекеттерде қатысу тактикасы. Процессуалдық емес әрекеттерді, дәлелдемелерді жинау бойынша әрекеттерді және адвокаттық өзге де өкілеттіктері қолдануының тактикасы.



16-Тақырып. Шет елдердегі адвокатура.

АҚШ-ғы адвокатура. Колледж – құқық магистратура – докторантура. Білім бағдарламаларының құрылу және оқу траекториясын таңдау бостандығы. Қосымша аттестация және арнайы комиссияның шешімі – басқа штатта адвокаттық қызметпен айналасу құқықғының жағдайлары. Моральдық қасиет және емтиханды сәтті түрде тапсыру – адвокаттык кәсіпке рұқсат алудың негізі. Адвокаттық қызметке претендеттердің соральдық касиеттерін тексеру тәсілдері. Штаттық адвокаттар қауымдастығының емтиханды өткізу нысандары – адвокаттарды ұйымдастыру нысаны. Мүшелікке ерікті түрде кіру адвокаттардың жалпы ұлттық ұйымы – американдық заңгерлердің қауымдастығы. Адвокаттық фирма – адвокаттар қызметінің негізгі нысаны. Партнерлер мен ассоциаторлар. Адвокаттық конторалар, қоғамдық ұйымның заң қызметі (Азамттық бастандықты қорғау бойынша Американдық одақ, түсті халықтардың дамуына көмектесу бойынша Ұлттық қауымдыстық, азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау Орталығы). Қорғаушының тегін қызметті көрсету нысандары: тағайындалуы, контракт арқылы, «көпшілік қорғаушылардың» ведомства есебінен.



Студенттердің өзіңдік жұмыстарының мазмұңы

ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-Тақырып. Адвокатура курсының ұғымы,пәні және міндеттері.

Адвокатура туралы ғылымның кейбір бөлімдерінің өзін-өзі билеу проблемадараы (криминалистикалық адвокатология, тиімді адвокаттық қызметтың теориясы) «Адвокатура» курсының мақсаты, пәні және жүйксінде алатын орны. Адвокатура курсының негізгі түсініктері.


2-Тақырып. Адвокатураның пайда болу және даму тарихы.

1977ж. КСРО Конститутциясы және 1979ж. КСРО-ғы адвокатура туралы заң. 1980ж. Қазақ ССР-ң адвокатура туралы ережесі. Адвокатура-қоғамдық ұйым.

Жоғарғы заң көмегін қолдануға құқық туралы. 1993ж. ҚР-ның Конституциясы. Жеке адвокаттық конторалардың жеке альтернативті адвокаттар алқасының пайда болуы.

Жоғарғы заң кәмегін қолдану құқығы туралы 1995ж. ҚР-ның Конституциясы. 1997ж. «Адвокаттық қызмер туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Қазіргі таңдағы Қазақстандағы адвокатураның жағдайы.


3-Тақырып. Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі мәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары.

Адвокаттык қызмет білікті заң комегін көрсету бойынша жариялыөкоммерциялық емес қызмет ретінде. Адвокаттық қызметінің белгілері.

Адвокаттық қызметтің және ұйымдастыру нысанының, адвокатураның қоғамда және мемлекетте тағайындалуда белгілі бір мәнге ие болуы.
4-Тақырып. Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негізі.

Адвокатура және «Қоғамдық қызметті және нотариус қызметтерін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына және 25.03.2001ж. бастап өзгертулер мен толықтырулармен «Адвокаттық немесе нотариялдық қызметпен айналысу құқығына ұміткер тұлғалардың аттестациядан өту ережелерін бекіту туралы» сәйкес адвокаттық қызметті лицензиялауды құқықтық реттеу.

Корпоративтык нормалар адвокатура және адвокаттық қызметтің құқықтық негізі ретінде. Қазақстан Республикасының адвокаттар Одағының және адвокаттар алқаларының жарғысы адвокаттық қызметтің коропоративті нормаларының негізі қайнар көзі ретінде.

Адвокатураның және адвокаттық қызметтің басқа құқық салаларындағы құқықтық негіздері.


5-Тақырып. Адвокаттардың құқық жағдайы. Адвокаттык қызметі лицензиялау тәртібі.

Адвокат өкілеттілігінің куәлігі. Шетел адвокаттың өкілеттігі. Адвокат қызметінің территориялық шекарасы. Адвокаттық құқықтық мәртебесі. Адвокаттық құқығы. Адвокаттық міндеттері. Адвокат мінез-құлқының кәсіби нормалары және адвокаттың кәсіби борышы. Адвокат қызметінің кепілдіктері. Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудың тәртібі. Алқаға мүшелікке кіруді тоқтата тұру және жою. Адвокаттар алқасынан мүшелігінен щығуда туындайтын құқықтар мен міндеттер. Адвокаттар алқасы мүшелерінің еңбектеріне ақы толеу және реттеу. Адвокаттың заңдық міндеттері: Жауаптылыққа тартудың негіздері мен нысандары. Тәртіптік жауапкершілік – корпоративтік жауапкершіліктің түрі. Адвокаттарға тағайындалатын тіәртіптік жаза шаралары.


6-Тақырып. Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі, оның органдары.

Адвокаттар алқасынан шығару: негіздері және зардаптары. Адвокаттар алқасынан щығару салдырынан лицензияны кері қайтарып алу. Адвокаттар алқасынан шығаруда шағым беру мерзімдері және тәртібі.

Қазақстан Республикасының Адвокаттар Одағының қызмет негіздері және құқықтық мәртебесі. Адвокаттар Одағына мүшелік. Одақ Органдарының құрылу тәртібі және құзіреті. Адвокаттардың және длардың алқасының басқа да бірігу нысандары.
7-Тақырып. Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары.

Заңдық тұлғаның тіркелуінсіз адвокаттық жеке қызметі. Кәсіби қызметті дербес түрде жүзеге асыру туралы адвокаттар алқасының хабарлауы. Заң көмегін ұйымдастыру атрибутын заңды құрмай-ақ, дербес касіби қызметті жүзеге асыратын адвокаттың құқығы.


ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
8-Тақырып. Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі.

Құқықтық көмектің жеке түрлерін көрсетудің кезеңдері. Ауызша және жазбаша нысандары консультациялар мен анықтамадар. Заң көмегін көрсету туралы тапсырманы қабылдау. Іс материалдарын зерттеу. Құқықтық позиция мен дәлелдеу пәнін анықтау. Юрисдикциялық өндіріске іс материалдарының дайындығы.

Заңды тұлғаларға қүқықтық қызмет етүдің түрлері мен негізгі проблемалары. Келіссөздегі адвокаттың қатысуы. Заңды тұлғалардың өкілді құжаттарын, келіссөздерін, контрактілерін, шарттарын құрастыру. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда заңғы тұлғалардың мұдделерін білдіру.
9-Тақырып. Адвокаттың кәсіби этикасы.

Адвокаттардың процессуалдық және процессуалдық емес әрекеттерге қатысуының этикасы. Сот өндірісі қатысушылары арасындағы этика. Адвокат этикасы – соттық оратордың этикасы ретінде.

Адвокаттың қызметіндегі этикалық қайшылықтар. Адвокаттық қызметтегі этикалық қайшылықтарды шешудің амалдары.

Адвокаттық құпия: түсінігі, мәні және мазмұны. Адвокаттық құпияны жариялау шарты мен негіздері. Адвокаттық құпияны сақтаудың құқықтық және этикалық кепілдігі.


10-Тақырып. Адвокаттың ораторлық өнерінің негіздері. Адвокаттың соттық сөйлеуі.

Адвокаттың соттық сөйлеуінің естілу мәдениеті. Соттық сөйлеудың ауызша сипаты.

Алқа мәжілісінің катысуымен өткізілетін сот өндірісінің соттық сөйлеуінің спецификасы.

Адвокаттың жазбаша сөз мәдениеті. Адвокаттың қызметіндегі заңдық құжаттар. Заң техникасы: түсінігі, ережесі, әдіс-тәсілдері. Адвокаттың қызметіндегі заң техникасын қолданудың бағыттары.


11-Тақырып. Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокаттың қатысуы.

Дифференцияланған сот өндірісінде адвокаттың қатысуы. Жедел анықтамаға адвокаттың қатысуы: негізі, жағдай, тәртіп. Жеке айыптау ісі бойынша айыатауды қолдау және адвокатпен қорғану. Қысқартылған тәртіптегі сот талқылауындағы адвокаттың қатысуы. Процессуалдық әрекет қабілетсіз тұлғалар ісі бойынша өндіріске адвокаттың қатысуы. Әр түрлі мемлекеттердің қылмыстық процесті жүргізуші органдармен қарым-қатынас кезіндегі қылмыстық қудалаудан иммунитеті және артықшылықтары бар тұлғалар ісі бойынша өндіріске адвокаттың қатысуы. Алқа мәжілістерінің қатысуымен сот өндірісіндегі адвокат қызметінің ерекшеліктері.

Адвокаттың қылмыстық-процессуалдық қызметінің басқа да сұрақтары. Сұрау және щағым берген кездегі адвокаттың қатысуы. Қылмыстық іс жұргізушы органдардың шешімдеріне және әрекеттеріне шағым беру бойынша сот отырысына қатысу. Қылмыстық сот өндірісінде адвокатпен толтырылатын процессуалдық құжаттарды толтырудың, құрастырудың ережелері.
12-Тақырып. Адвокаттың азаматтық сот өндірісіне қатысуы.

Заң қүшіне енбеген сот шешімдердің қайта қараудағы адвокаттың қатысуы. Қадағалау тәртібіндегі заң күшіне енген шешімдердің және қаулыларын қайта қарауда адвокаттың қатысуы.

Экономикалық сотта қарастырылатын істерге адвокаттың қатысуы.

13-Тақырып. Басқа да юрисцикциялық өндірістерге адвокаттың қатысуы.

Мемлекеттік органдарда, соттарда және шетел мемлекеттерінің құқыққорғау органдарында халықаралық сот органдарында, шетел мемлекеттерінің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүддесіне өкілдік.


14-Тақырып. Адвокаттық қызметтің психологиясы.

Адвокат әрекетінің психотехникасы. Объектілерге және мән-жайларға кәсіби бвқылау психотехникасы; психологиялық портрет ыдвокат қызметінде оны құрастырудың техникасы; адвокаттық қызметтегі заңдық жағдайлары, фактілері және мән-жайларды психологиялық анализдеу; көрссетулерге сенімсіздік білдіру кезінде қатыстылықты және мән-жайларды жасыру; жалған айту диагностикасының психологиясы.

Келіссөздерде және медиацияда психологиялық білімді қолдану. Адвокаттық қызметтегі психологиялық әсер ету тәсілдері.
15-Тақырып. Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері.

Қылмыстық іс бойынша қорғау техникасының түсінігі. Қорғау тактикасының жалпы және спецификалық белгілері.

Адвокаттың қатысу әдісінің түсінігі және мәні, оның тактикамен қарым-қатынасы. Адвокаттың өкіл ретінде қатысуының тактикалық аспектілері.

Адвокаттық қызметтің басқа да тақтикалық аспектілері және әдістері.



16-Тақырып. Шет елдердегі адвокатура.

Франциядағы адвокатура. 1991ж. дейін адвокаттық кәсіптің әр түрлі нысандары болды. Касіби адвокаттық дайындау орталығы және жалпы адвокаттық корпорация. Сотта шығуға құқығы бар адвокаттардың катергориялары: солисторлар, барристерлер және кеңес алдындағы барристерлер. Адвокаттық кәсіпке рұқсат алу шарттары. Үлкен (Жалпы Ұлттық) адвокттар тізіміне енгізу талаптар. Адвокаттар орденінің қауымдастығығ қауымдастық санына шектеу. Қауымдастық органдары: төраға, кеңес. Франциядағы адвокаттар қауымдастығының кеңесі. Адвокаттық қызметтін ұйымдастыруы нысандары: жеке тәжірибе, біріккен адвокаттық конторалар. Коммерциялық ұйымдарда адвокаттардың жұмыс істеу құқығы. Гонорарлық саясат. Жеке категориялы азаматтарға заң көмегін тегін немесе жеңілдік арқылы көрсетудің тәртібі.



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 1998ж.

(Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» 7 қазан 1998 жылғы заңына сәйкес).

2 ҚР Заңы «Адвокаттық қызмет туралы» 05.12.1997ж.

3 Қазақстан Республикасының Заңы «Қылмыстық іс жүргізудегі қатысатын адамдарды

мемлекеттік қоғау туралы»,05.07.2000

4 Қорғану құқығын реттеітін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын тәжірибеде қолдану жөнінде» ҚР

ЖС Нормативтік қаулысы, 03.12.2002ж. № 26

5 2001ж. 30 қантардағы Қазақстан Респубоикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

кодексі.


6 1999ж. 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі.

7 2001ж. 25 қырқүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Адвокаттық не нотариаттық

қызметпен айналасу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы»

Қаулысы.


8 1999ж. 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық бюджет қаражаты

есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге

байланытсы шығыстарды өтеудің ережелері» (2001ж. 24 желтоқсандағы өзгерістер мен

толықтырулар) Қаулысы

9 Адвокаттар ролі туралы негізгі ереже (Нью-Йоркте 1990 жылғы тамызда қылмысты ескерту

жөніндегі БҰҰ сегізінші Конгресінде қабылданған).

10 Декларация об основных принципах правосудия для жертв преступлений и злоупотребления

властью. 1985г.

11 Адвокаттар Алқасынын Жарғысы.

12 Всеобщая Декларация прав человека 1948 г.

13 Кодекс поведения должностных лиц по поддержанию правопорядка, 1979ж.

14 1948ж.Адам құқықтары туралы жалпы декларация

15 1966ж. азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт

16 1985ж. кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сотты апаруға тиесілі БҰҰ Минималды

Стандарттары Ережелері (Пекиндік Ережелер)

17 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1997ж. (кейінгі толықтурылар мен

өзгертілермен)

18 Тыныбеков С. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет:

Оқулық. Алматы: Дәнекер,2003

19 Стецовский Ю.И. Советская адвокатура: Учебное пособие для ВУЗов. – М.: Высшая школа,

1989

20 Некрасова М.П. Правовые и нравственно-психологические аспекты судебной защиты. Учебное



пособие.-Калининград: Изд-во Калиниградск. ун- та, 1984

21 Юрченко В.Е. Адвокат в советском уголовном судопроизводстве. Учебное пособие. – Барнаул;

Изд-во АГУ, 1982

22 Адаменко В.Д. Особенности охраны обвиняемого. – Кемерово,204

23 Адаменко В.Д. Охрана свобод, прав и интересов обвиняемого. – Кемерово, 2004

24 Алексеев Н.С., Макарова З.В. Ораторское искусство в суде. – Л.: Изд-во Лен-го ун-та,1985

25 Алиев Т.Т., Громов Н.А., Зейналова Л.М., Лукичев Н.А. Состязательность и равноправие

сторон в уголовном судопроизводстве. – М., 2003



Қосымша әдебиеттер
26 Ароцкер Л.Е. Использование данных криминалистики в судебном разбирательстве дел. – М.:

Юрид. лит.,1964

27 Баймолдина З.Х. Доказательства и доказывание в гражданском судопроизводстве. – Алматы,

2001


28 Барщевский М. Адвокатская этика. 2-е изд., испр. – М.: «Профобразование»,2000

29 Елемисов Г.Б. Юридическая защита прав и законных интересов личности в уголовном

процессе. – Алма-Ата: Изд-во «Казахстан», 1979

30 Жалыбин С.М. Защита прав граждан в уголовном судопроизводстве. – Алматы,2002

31 Ивакина Н.Н. Основы судебного красноречия (риторика для юристов). Учебное пособие. – М.,

1999


32 Калмыкова Н.В. Защита по делам несовершеннолетних. – Минск,1981

33 Кони А.Ф. Избранные произведения. – М.: 1967

34 Ларин А.М., Стецовский Ю.И. Участие защитника в уголовном процессе. – М., 1993

35 Лубшев Ю. Адвокат в уголовном деле, - М.,1999

36 Мазур Н.В. Адвокат – представитель потерпевшего на досудебных стадиях уголовного

процесса. – Караганда, 2004

37 Международный Союз (Содружество) адвокатов. Правила адвокатской этики.– М., 1998

38 Мельник В.В. Искусство доказывания в состязательном уголовном процессе. – М., 2000

39 Мельник В.В. Искусство защиты в суде присяжных. – М., 2000

40 Перлов И.Д. Право и защита. – М,1969

41 Стецовский Ю.И., Мирзоев Г.Б. Профессиональный долг адвоката и его статус. – М., 2003

42 Столяренко А.М. Психологические приёмы в работе юриста. – М., 2001

43 Тыныбеков С. Принцип обеспечения права подозреваемого и обвиняемого на защиту в

уголовном процессе, Алматы, 1997

44 Тыныбеков С. Организационно-правовые формы и деятельность адвокатуры в Республике

Казахстан. – Алматы, 1997

45 Филимонов Б.В. Защитник в германском уголовном процессе. М., 1997

46 Торянников А.Г. Адвокат в уголовном процессе (деятельность адвоката по оказанию

юридической помощи обвиняемому в реализации прав на заявление ходатайств и принятие

жалоб). – М.: ВЮЗИ, 1987

47 Гаврилов С.Н. Адвокат в уголовном процессе: Учебно-методическое пособие / под ред. проф.

П.А. Лупинской.-М.: Юристъ, 1996

48 Мазур Н.В. Адвокатская деятельность в Республике Казахстан. – Караганда,2006

49 Сарсенбаев Т.Е. Лица, участвующие в уголовнмо процессе. Институт отвода: комментарий к

УПК РК. – Астана, 2001.

50 Бернам У., И.Решетников, В.Прошляков. Судебная адвокатура.СПб,1997

51 Мазур Н.В. Адвокат в уголовном процессе. Астана, 2005

52 Жалыбин С.М. Правовое положение адвоката в уголовном судопроизводстве. Алматы, 1998

53 Жамиева Р., Каиржанов Е. Тактика адвокатской защиты по уголовным делам. Алматы, 2000

54 Жамиева Р.М. Процессуальные и криминалистические проблемы защиты по уголовным делам.

– Караганда, 2004

55 Кучерена А.Г. Адвокатура. Учебник.- М., 2004

56 Газетдинов Н.И. Адвокатура и адвокатская деятельность в России. История и современность. –

Казань, 2003.



Студенттердің өзіңдік жұмыстарының мазмұңы




СӨЖ түрлері

Есеп беру нысаны

Бақылау түрлері

Сағат санының көлемі

1

Дәріс сабағына дайындалу




Сабаққа қатысу

7,5

2

Тәжірибелік сабақтарға қатысу және дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

3

3

Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі.

Дәріс жазу

Жеке қабылдау

41,5

4

Бақылау шараларын өткізу

Жазбаша бақылау жұмысы

РК1

РК2


4

5

Мәнжазба жазу және оны қорғау

Мәнжазба

Жеке қабылдау

4




Барлығы







60



Студенттердің өзіңдік жұмыстарының мазмұңы

(сырртай оқу үшін)




СӨЖ түрлері

Есеп беру нысаны

Бақылау түрлері

Сағат санының көлемі

1

Дәріс сабағына дайындалу




Сабаққа қатысу

6

2

Тәжірибелік сабақтарға қатысу және дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

0

3

Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі.

Дәріс жазу

Жеке қабылдау

64

4

Бақылау шараларын өткізу

Жазбаша бақылау жұмысы

РК1

РК2


4

5

Мәнжазба жазу және оны қорғау

Мәнжазба

Жеке қабылдау

4




Барлығы







78


Пәннің тақырыптық Форма

жоспары Ф СО ПГУ 7.18.1/07





ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырыптың атауы


Сағаттың саны

Күндізгі кәсіби орта білім беру (2006ж.)

Дәріс

Тәжірибе

СӨЖ

1

Адвокатура курсының ұғымы,пәні және міндеттері.

1

1

5

2

Адвокатураның пайда болу және даму тарихы.

1

1

3

3

Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі мәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары.

1

1

5

4

Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негізі.

1

1

2

5

Адвокаттардың құқық жағдайы. Адвокаттык қызметі лицензиялау тәртібі.

1

1

4

6

Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі, оның органдары.

1

1

4

7

Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары.

1

1

4

8

Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі.

1

1

3

9

Адвокаттың кәсіби этикасы.

1

1

3

10

Адвокаттың ораторлық өнерінің негіздері. Адвокаттың соттық сөйлеуі.

1

1

3

11

Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокаттың қатысуы.

2

2

5

12

Адвокаттың азаматтық сот өндірісіне қатысуы.

2

2

5

13

Басқа да юрисцикциялық өндірістерге адвокаттың қатысуы.







3

14

Адвокаттық қызметтің психологиясы.

1

1

3

15

Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері.







3

16

Шет елдердегі адвокатура.







5

Барлығы:

15

15

60


Пәннің тақырыптық Форма

жоспары Ф СО ПГУ 7.18.1/07




ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырыптың атауы


Сағаттың саны

Сырттай кәсіби орта білім беру (2006ж.)

Дәріс

Тәжірибе

СӨЖ

1

Адвокатура курсының ұғымы,пәні және міндеттері.

1




5

2

Адвокатураның пайда болу және даму тарихы.

1




5

3

Адвокатураның және адвокаттық қызметтің түсінігі мәні және мақсаттары. Адвокатура ұйымының және қызметінің қағидалары және нысандары.

1




5

4

Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негізі.

1




5

5

Адвокаттардың құқық жағдайы. Адвокаттык қызметі лицензиялау тәртібі.

1




5

6

Адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі, оның органдары.

1




5

7

Заң консультациясы, адвокаттық контора: адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандары.

1




5

8

Заңды және жеке тұлғаларға адвокаттардың құқықтық көмегі.

1




5

9

Адвокаттың кәсіби этикасы.

1




5

10

Адвокаттың ораторлық өнерінің негіздері. Адвокаттың соттық сөйлеуі.







3

11

Қылмыстық сот өндірісіндегі адвокаттың қатысуы.

1




5

12

Адвокаттың азаматтық сот өндірісіне қатысуы.

1




5

13

Басқа да юрисцикциялық өндірістерге адвокаттың қатысуы.

1




5

14

Адвокаттық қызметтің психологиясы.







5

15

Адвокаттық қызметтің тактикалық аспектілері.







5

16

Шет елдердегі адвокатура.







5

Балығы:

12




78


Мамандықтың оқу жұмыс Форма

жоспарынан көшірме Ф СО ПГУ 7.18.1/10



050301 «Құқықтану» мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме
«Адвокатура» пәні 1 семестр


Оқу нысаны

Бақылау нысаны

Білім алушылармен жұмыс жасау сағаты

Сағаттарды семстр(сағат) және курстар бойынша бөлінуі

емт.

сын.

КЖО

КЖ

ЕГЖ

БЖ

барлығы

дәр

тәж

СӨЖ

барл

ауд

СӨЖ

Күндізгі КОБ (2006ж.)

5
















90

30

60

5 семестр

15

15

60

Сырттай КОБ (2006ж.)

5
















90

12

78

5 семестр

12

0

78

050301 «Құқықтану» мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме
«Адвокатура» пәні 2 семестр


Оқу нысаны

Бақылау нысаны

Білім алушылармен жұмыс жасау сағаты

Сағаттарды семстр(сағат) және курстар бойынша бөлінуі

емт.

сын.

КЖО

КЖ

ЕГЖ

БЖ

барлығы

дәр

тәж

СӨЖ

барл

ауд

СӨЖ

Сырттай КОБ (2006ж.)
Сырттай КЖБ

(2006ж.)


6
















90

12

78

6 семестр

6

6

78


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет