Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет41/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Тосқауыл қою. Шабуыл соққысынан кейін доптың ұшуына кедергі келтіру үшін тордың жоғарғы шетіне қолдарды шығаруды тосқауыл қою деп атайды. Ол шабуыл соққыларына қарсы әрекет ету үшін қолданылады. Бір немесе екі (сирек болса да кейде үш) ойыншы орнында тұрып және орын ауыстырғаннан кейін секіріп орындайды.
Тосқауыл қоюшы жоғарғы тұрыста тордың қасында, қолды иық деңгейінде ұстап, аяқтарды қатар қойып, сәл алға бүгіліп тұрады. Жоғары секіріп ойыншы қолдарын шынтақ буынынан жазып тордың үстіне көтереді. Қолдың басын бос, саусақтарды ашып ұстайды. Допты қатты соғу үшін, қолдың басын босаң ұстау кезінде қол басы білезік буындарынан бүгіледі. Қолдар шабуыл соққысынан кейін доп қолдардың арасынан өтіп кетпейтін қашықтықта ұсталады.


Ойын техникасын жетілдіру үшін жаттығулар

Егер дене қасиеттерін дамыту волейбол ойының дағдыларын меңгеру үшін қолайлы жағдайларды жасайтын болса, техниканы, ойынның негізгі тәсілдерін меңгеру шешуші болып табылады: тәсілдерді меңгермесеңіз немесе оны нашар игерсеңіз, өзіңізге-өзіңіз қанағаттанбай және өзгелерді ренжітіп нашар ойнайтын боласыз.


Сіз дербес өзіңіз немесе серіктеріңізбен орындай алатын жаттығуларды төменде келтіріп отырмыз.
Екі қолмен жоғарыдан берулер.
- доптың тию биіктігі мен қабырғадан қашықтығын өзгертіп, орнында тұрып допты қабырғаға соғу;
- қабырғаға беру, допты төбеде беру, 1800-қа бұрылып беру, арқасын қабырғаға қаратып тұрып, қабырғаға допты соғу және т.б;
- түрегеліп тұрып, жартылай отырып, әрбір қалыптан кезекпенен және оларды алмастырып беру;
- амортизаторда бекітілген допты көп қайтара соғу;
- оңға, солға тіркеме адыммен ауыса отырып допты қабырғаға соғу;
- орнында және қозғалыста допты жоғарыдан беру; бұл да осындай тек бергеннен кейін назарыңды доптан басқа нүктеге (объектіге) аудару;
- жұпта, допты жоғарыдан және серігіне беру, жоғарыдан беріп, 1800-қа бұрылып серігіне беру;
- жұпта, допты беретін ойыншы допты әртүрлі бағытқа береді, ал серігі орын ауыстырып допты берген ойыншыға қайтарады, шама келгенше мұны дәл беруге тырысу керек (сосын орындарын алмастырып орындайды).
Допты қабылдау.
- допты қабырғаға соққаннан кейін төменнен қабылдау-орнында тұрып, қабырғаны жағалай көп қайтара;
- допты қабырғаға лақтырып, шоршығаннан кейін, оны төменнен қабылдау, қабырғадан қашықтық және қабырғаға доптың тию нүктесі белгілі бір қиындықтар туғыза отырып, өзгертіліп отырылады;
- допты тіке жоғары лақтырып, төменнен қабылдау - көп қайтара;
- екеулеп, бірі екіншісіне допты береді; екіншісі оны төменнен қабылдап, кері қайтарады;
- екеулеп, бірі допты бір қолмен соғып жібереді, серігі оны төменнен қабылдайды («қорғану»);
- екеулеп, бірі секіріп, тор арқылы допты лақтырады, серігі тордан 2-3 м шамасында оны төменнен қабылдайды;
- екеулеп, бірі бір заттың үстіне шығып тор арқылы допты соғып жібереді, серігі оны төменнен қабылдайды, тордан қашықтық 3-6 метрдей;
- екеулеп, біреуі тор арқылы допты 3-6 м шамасынан лақтырады, екіншісі допты тордан 2-3 м қашық жерге қайтаруға тырысып, оны тордан 3-8 м қашықтықтан қабылдайды;
Бұл да сондай, бірақ допты ойынға ұрып қосу арқылы (даярлықтарына қарай төменнен не жоғарыдан допты ойынға қосу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет