Күш дене қабілетін тәрбиелеу. Қазіргі уақыттағы волейбол ойыншының күш қабілеттеріне жоғары талаптар қояды, олар біршама мөлшерде секіру биіктігін, әртүрлі тәсілдерді орындау шапшаңдығын, ауысу жылдамдығын анықтайды және ептілік пен төзімділіктің байқалуына үлкен мән береді. Ойын іс-әрекеттерінде бұл дене қабілеті волейбол ойынының дұрыс техникасына үйлесетін, қимыл дағдыларының белгілі шегіндегі қозғалыс жылдамдығымен үйлесімді көрінеді.
Волейболдағы жетекші рөлді жылдамдық және күш қабілеттері атқарады. Ғылымның соңғы мәліметтері бойынша, волейболдағы 70-75 пайыздан көбі жылдамдық және қүш сипатында болады. Дегенмен, қозғалыс тірегіндегі ауысуларда, допты қабылдауда біршама тұрақты күштеулер қажет болады. Сондықтан, ойыншының күш дайындықтары жан-жақты болуы және бұлшық еттер күштерін әр түрлі тәртіптерде дамыту қажет.
«Абсолюттік» және «салыстырмалы» күш деген ұғам бар. Абсолюттік күш – бұл шегіне жеткен күш, адамның өзінің жеке салмағына қарамай-ақ қандай да бір қимылда көрсететін күші. Салыстырмалы – бұл ойыншы денесінің 1 кг салмағына тең келетін күш өлшемі болып табылады.
Волейболшының қимыл-қозғалыс әрекеттерінің әр түрлілігін қамтамасыз етуші бұлшық ет күштері қозғалыстың биомеханикалық сипатына және жұмыс істеуші бұлшық еттер дамытуы мүмкін қуаттың мөлшеріне байланысты болады.
Қуат мөлшері бұлшық еттердің кесе-көлденең енімен, қозғалтқыштың бірліктерінің белгілі сандарының жұмысқа қосылуымен, бұлшық еттерге жіберілетін жүйке күштерінің жиілігімен және жұмысқа қатысушы барлық қозғалтқыш бірліктері күшінің синхрондық дәрежесімен анықталады.
Волейболшылардың күш дене қабілеттерін тәрбиелеу төмендегі қағидаларға бағытталуы тиіс:
- бұлшық еттің абсолюттік күштерінің дамуы мен деңгейін сақтауға;
- ең қысқа уақытта барынша күш салуды көрсету;
- белгілі-бір қозғалыс бөлімінде жұмыс күшін шоғырландыруды қалыптастыра білу;
- бір қозғалыстан екіншісіне ауысуда барынша күш көрсету қабілеттілігін жақсарту.
Күшті дамытушы барлық жаттығуларды ағзаға әсер етуі бойынша глобалдыға – ойыншы денесінің ірі бұлшық еттер тобының көпшілігін дамытуға арналған және локалдыға – нақты қозғалысқа қатысушы бұлшық еттердің жұмысшы тобының дамуына байланысты.
Зілтемірмен және басқа да ауырлық түсірулермен орындалатын жаттығуларды мақсатты іріктеудің келесі ерекшеліктері ұсынылады:
- жылдамдық және күш қабілеттерін дамыту үшін – салмағы ең жоғарғы салмақтың 45 пайызы болатын зілтемірмен барынша жоғары қарқында жаттығулар орындау, қайталау саны – 8-12;
- жеке күш беретін қабілеттерді дамыту үшін – ең жоғары салмақтың 70-85 пайызына тең салмақпен баяу қарқында 4-6 рет жаттығуды қайталау, жаттығу қысқа мерзімді үзілістер босаңсуымен болады.
Күш төзімділігін дамыту үшін – «шегіне жеткенше» жаттығуын аз салмақпен орташа қарқында 25-50 рет қатарынан, демалыссыз қайталау.
Жаттығу тәжірибесінде шұғыл күштерді дамыту үшін құбылмалы жылдамдық тәртібіндегі келесі жаттығуларды көп қолданады: лақтыру, ауыр доптарды қолмен алысқа лақтыру, алаңның белгіленген жерінен серіктесті итеріп шығару, қарсыластар қолынан тартып алу, еркін және самбо күрестерінің элементтері.
Секіргіштіктің білінуінің ерекше мүмкіншіліктері мыналар:
- секірудің шапшаңдығы және дер кезінде істелінуі;
- секіруді бір орыннан немесе қысқа қашықтықтан жүгіріп келіп орындау, көбінесе, вертикалды бағытта;
- секіруді қолдарын жоғары көтеріп орындау;
- күш қолдану жағдайында секірудің бірнеше рет қайталануы (сериялы секіру);
- тіреусіз жағдайларда өз денесін меңгеру;
- жерге түсудің дәлдігі және тез келесі әрекеттерге дайындық.
Волейболшылардың секіргіштігін дамытудың негізгі амалдары әр түрлі жоғары секірулер мен ұзындыққа бір орыннан және қысқа жүгіріп келіп секірулер, сериялы секірулер, гимнастикалық құрал-жабдықтар арқылы секірулер, сонымен бірге, ауырлық түсірулер арқылы әртүрлі жаттығулар болып саналады.
Күш беретін жаттығуларды жеке жоспарлауда әртүрлі рөлдегі ойыншылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерінің сипаты – күш қабілеттерінің даму деңгейін анықтайтынын ескеру керек. Мысалы, қорғаушылардың қозғалысында табанның бүгілу бұлшық еттер күші ең жоғары мағынаға ие болады, ал шабуылшыларда – аяқтың жазылу бұлшық еттерінің салыстырмалы күштері, орталық ойыншыларда – шұғыл өзгеріс күштері. Бұл әртүрлі ойын жағдайындағы волейболшылардың күш қабілеттерін жетілдірудегі дифференциялдық жақындаудың негізі болып табылады. Жаттықтырушы волейболшылардың күшін жылдамдық пен ептілікке ерекше көңіл аудара отырып істелген күш жаттығуларының негізінде дамыту керек. Күш жаттығулары буындағы қозғалысты ұлғайтуға және босаңсытуға бағытталған жаттығулармен үйлесуі қажет. Күшті тәрбиелеу мен жетілдірудің негізгі әдістері: шектеусіз салмақты «шегіне жеткенше» көтеруді барынша күш салумен қайталау, жаттығудың айналма әдісі, ілеспелі әрекет ету әдісі, жарыстық, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |