Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет75/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

13. Доп тор жанында.
13.1. Доп, торды қиып өтуші
13.1.1. Қарсылас алаңына жөнелтілген доп тор үстінен өту жазықтығы төмендегідей шектелген тордың вертикаль жазықтығының бөлігі.
13.1.1.1. Төменнен тордың үстіңгі шетімен
13.1.1.2. Қапталдан антеннамен және олардың сондай жалғасымен
13.1.1.3. Үстінен төбемен.
13.1.2. Тор жазықтығын қарсыластың бас аймағына сыртқы кеңістік арқылы толық немесе ішінара қиып өткен доп, тигізу ережелерін бұзбай, мынадай жағдайларда қайтарылады:
- ойыншымен қарсылас алаңына тигізу болмаса;
- қайтарылған доп алаңның осы жағында сыртқы кеңістік арқылы тор жазықтығын, толық немесе ішінара қиып өтсе;
- қарсылас командасы мұндай әрекетке кедергі жасай алмайды.
13.2. Торға тиген доп. Тор арқылы өткенде оған тиюі мүмкін.
13.3. Доп торда
13.3.1. Торға түскен доп, егер команда 3 тигізу ережесін бұзбаса, ойында қалдырылады.
13.3.2. Егер доп тордың ұяшығын тессе немесе оның құлауын тудырса, онда ұтыс күшін жояды және қайта ойнайды.
14. Ойыншы тор жанында
14.1. Қолды тор арқылы салу.
14.1.1. Тосқауылдауға, тосқауылдаушы тордың арғы жағына, егер ол қарсылас ойынына кедергі келтірмеген жағдайда, соңғысының шабуыл соққысына дейін немесе соққы кезінде, допқа тигізе алады.
14.1.2. Егер соққы оның өзінің ойын кеңістігі шегінде орындалған жағдайда, шабуыл соққысынан кейін ойыншыға қолын тор арқылы өткізуге рұқсат етіледі.
14.2. Тор астына ену
14.2.1. Тор арасындағы қарсылас кеңістігіне бұл оның ойынына кедергі келтірмейтін жағдайда енуге рұқсат етіледі.
14.2.2. Қарсылас алаңына орта сызық арқылы өту.
- егер табан не білезіктің қандай болмасын бөлігі орта сызыққа тисе немесе дәл үстінде тұрса, қарсылас алаңына табаныны не білезігін тигізуге рұқсат етіледі.
- қарсылас алаңын дененің басқа кез-келген бөлігімен тигізуге тиым салынады.
- ойыншы доп ойыннан шыққан соң қарсылас алаңын басуға болады.
14.2.4. Ойыншылар қарсылас ойынына кедергі жасамаған жағдайда, оның бос аймағына кіре алады.
14.3. Тормен жанасу
14.3.1. Тормен немесе антеннамен жанасу ойыншы оларға доппен ойын қимылдары кезінде тигізетінін немесе мұның ойынға кедергі жасайтынын қоспағанда, қате болып табылмайды. Доппен кейбір ойын қимылдары ойыншы шын мәнінде допқа тимейтін қимылдарды қамтуы мүмкін.
14.3.2. Ойыншы допты ұрғаннан кейін бұл ойынға кедергі жасамайтын жағдайда, ол тіреуге, бауларға немесе тордың жалпы ұзындығы шегіндегі кез-келген басқа затқа тиюі мүмкін.
14.3.3. Доп торға түсіп, сол себептен қарсыласқа тисе, бұл қате болып табылмайды.
14.4. Тор жанындағы ойыншының қателері.
14.4.1. Ойыншы қарсыластың шабуыл соққысына дейін не соққы кезінде немесе қарсылас кеңістігінен топқа немесе қарсыласқа тигізсе.
14.4.2. Ойыншы қарсыластың ойынына кедергі жасап, тор астында оның кеңістігіне енсе.
14.4.3. Ойыншы доппен оның ойын қимыл кезінде торға не антеннаға тигізсе немесе ойынға кедергі жасаса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет