10-тақырып. Әрекет-қылықты еріктік реттеу
Еріктік реттеудің негізгі қызметі қандайда бір әрекеттің эффектілігін арттыру, ал еріктік әрекет саналы болғандықтан адамның мақсатты әрекеттері еріктік күштің көмегімен ішкі және сыртқы бөгетерді жеңумен сипаталады. Ерік тұлғалық деңгейде бірнеше сапаларға ие. Бұл ерекшеліктер адам еркінің тұтастай да сипатын немесе ерік процесіндегі жеке бөліктердің мазмұнын құрауы мүмкін. Бұлар: ерік күші, мүдделі мақсат, ынталылық, дербестік, батылдық, табандылық, өзіндік бақылау мен өзіндік баға.
Ерік күші еріктік әрекеттің барша кезеңдерінде қажет, әсіресе оның айқын көрнісі кедергілерді жеңу мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді. Адамның өз құмарлығы мен көрсеқызарлығын бұғаулауы, ақылмен сараланбаған қылықтар жетегіне түспеуі – ерік күшіне байланысты.
Еріктік әрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта көрінеді. Мүдделі мақсат – тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі бір нәтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай адамның басқа да ерік сапаларының мазмұны мен даму деңгейін анықтай аламыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген стратегиялық немесе жақын арадағы әрекеттерді орындауға бағытталған нақты қызметтік, оперативтік болып бөлінеді.
Ынталылық – мол да жарқын идеяларға, ұшқыр қиялдарға негізделеді. Көпшілік үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет-тәсілін өзгерту. Олар өз бетінше ешбір іске кірсе алмай, тысқы ықпал мен нұсқауларды күтумен болады.
Дербестік – еріктік әрекеттер барысында адамның түрлі себептер жетегіне түспей, өз наным , сеніміне орай іс-әрекетке келу қасиеті.
Іс-әрекеттің сан алуан түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау, мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық, жауапкершілік, ержүректілік қасиеттері бой көрсетеді. Ерікті бұл сапалары жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау және оны жүзеге асыруда қажеттті қасиеттер. әриен бұлардың барлығы ішкі толғаныстың, кесіп-пішудің нәтижесінде жүзеге асырылады.
Табандылық – адамның сыртқы және ішкі бөгеттерге төтеп бере алушылық қасиеттері.
Қабылданған шешімнің орындалуы үшін өзіндік бақылау мен өзіндік баға үлкен маңызға ие. Егер адам өз іс-әрекетіне орынды бақылау жүргізе алса ғана, көзделген мақсат жүзеге асырылады. Мақсатқа жету процесінде өзіндік бақылау жоғары мүдделердің қарапайым ниеттерден, жалпы принциптнрдің мезеттік қалау мен құмарлықтардан үстемдігін қамтамасыз етеді.
11-тақырып. Адамда еріктің дамуы.
Ададда еріктік қасиеттердің дамуы бірнеше бағыттарда жүзеге асырылады. Бір жағынан – шартсыз психикалық процестердің шарттыға айналуымен түсіндірілсе, екінші жағынан – адамның өзінің әрекет-қылығын басқара алумен, үшінші жақтан – тұлғаның еріктік қасиеттерінің жасақталуымен түсіндіріледі. Бұл процестердің барлығы адамның жеке дамуында (онтогенезде. жүзеге асырылады. Еріктің бұл бағыттарда дамуы өзіндік ерекшеліктермен жүзеге асырылады: яғни еріктік реттелудің механизмдері мен процестері өзіндік өзгерістерге түсіп отырады.
Еріктік қасиеттердің дамуы тікелей мотивациялық және адамгершілік сфераның өрістеуіне тәуелді. Балаларда іс-әрекеттерді реттеуде неғұрлым жоғарымотивтер мен құндылықтардың іске қосылуы, іс-әрекетті басқарушы стимулдардың жоғары деңгейге көтерілуі, әрекет-қылықтардың адамгершілік жақтарын бағалай алу, тани білуге деген қабілетті қалыптастыру өте маңызды. Құрамына еріктік реттелу кіретін әрекет-қылық мотивациясы неғұрлым саналы бола бастайды, әрекет-қылықтың өзі шартты бола бастайды.
Балаларда әрекет-қылықтың еріктік реттелуі олардың интеллектуалдық дамуымен, мотивациялық және тұлғалық рефлексияның пайда болуымен тікелей байланысты. Сондықтан балада еріктік қасиетті қалыптастыру оның жалпы психологиялық дамуын ескерусіз жүзеге асыру мүмкін емес.
12-тақырып. Мотив және мотивация
Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш (түрткі..
Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” деген сұрақтарға жауап іздеуде анықталады.
Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге болады:
-
индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын қозғаушы күштердің жиынтығы;
-
әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.
Сондқтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогы ретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады. Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста.
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылу деңгейімен анықталады.
Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады.
Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеуші жақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы, жандандырушы нақты тілек-мақсат (қажеттілік. жатыр.
Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасыз етуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттан ажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді. Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқыға қорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған (материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады.
Қажеттілік – адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналы қажетсінуді – тілек дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктері олардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандыру тәсілдерімен анықталады. Адамның қажеттілігін анықтайтын диспозициялар (мотивтер. кезегі келесідей: органикалық – материалдық - әлеуметтік – рухани.
Адам өміріндегі кездесетін проблемалардың бірі – тілектің қанағаттанбауы немесе айналысатын іс-әрекетіне деген қызығушылықтың жоқтығы. Көп жағдайда тілектің орындалмауының басты себебі – тілектің шындыққа жанаспауы.
13-тақырып. Мотивацияның психологиялық теориялары
Мотивация теориялары ежелгі философтар еңбегінде көрніс тапқан. Ал мотивацияның қазіргі теориялары психологиялық білімдердің пайда болуымен қатар дами бастады. Белгілі маман, американ психологы Д.Аткинсонның схемасы бойынша мотивация теорияларының классификациясын түсіндіруге болады. Адам баласы рационалды, ерік тәуелсіздігі бар саналы тіршілік иесі ретінде және жануарлар биолгиялық заңдылықтарға тәуелді санасыз организм ретінде ежелгі бағыттардың негізінде ХІХ ғасырдың ортасында негізгі идеалистікбағыт, Ч.Дарвиннің эволюцианистік теорисы, материалистік бағыт қалыптасты. ХХ ғасырдың басында мотивациялардың жаңа теориялары дүниеге келді: гештальт теория, адам қажеттіліктер (биологиялық. теориясы, инстинктер теориясы, әрекет-қылықтық теория, жоғары жүйке жүйесі теориясы, жануарлардың органикалық қажетіліктері теориялары. ХХ ғасырдың ортасында когнитивті теория, гуманистік теория(А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс және т.б.., әлеуметтік қажеттіліктер теориясы, сонымен қатар адам және жануарлардың мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы қалыптасты. Бұл терияларды өздерінің еңбектерінде Д.Макклелланд, Д.Аткинсон, Г.Хекхаузен, Г.Келли, Ю.Роттер, А.Н.Леонтьев(адамның мотивациялық сферасының әрекеттік шығу тегі теориясы. жалғастырды.
Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен (пирамида. кджетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой кажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра алу (самоактуализация.. Бірақ А.Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған түлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.
Б.Ф.Ломов, басқа да орыс психологтарының пай-ымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің оның санасында бейнелеуіне негізделеді. Б.Ф.Ломов мотивтік қажетсіну аймағы мәнін (қүрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа түлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның қажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық қүры-лымдардың әсерімен де дамиды. Мүндай қүрылымдлардың ең қарапайым түрі – нақты түлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отыра-ды. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәтижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бар деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастыранан, түтастай қо-ғамға араласуынан болатын процесс екенін үмытпау керек.
14-тақырып. Мотивация және іс-әрекет.
Мотивацияның мазмұны адамның әрект-қылығы, атқаратын іс-әрекетінен көрінетіндіктен мотивация іс-әрекет және адамның басқа да танымдық, эмоционалдық бағыттарымен тікелей байланысты.
Адамның әрекет-қылығының себебін түсіндіруді психологияда – казуальды атрибуция деп түсіндіріледі, яғни, танымдық мотивтік процесс(мотивациялық-когнитивтік түсіндіру.. Адамның қандайда бір әрекет-қылығының себебін түсіну, оның әрекет-қылығының әрі қарайғы жалғасуының болжауға көмектеседі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста бұл өте маңызды, демек адам өзінің немесе басқаның әрекет-қылығының себебін түсіндіре алса, онда ол болашақтағы әрекет-қылықтық процесті түсіндіре алады. өйткені оның болжауының логикалық себебі бар. Сондықтан казуальды атрибуция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуші қызмет атқарады.
Казуальды атрибуция мәселесі алғаш Ф.Хайдердің “Психология межличностных отношении”еңбегінде қарастырылды (1958.. Адамның әрекет-қылығындағы казуальды атрибуция анық немесе бұл процестің неғұрлым дәл, анық өтуі үшін мотивтің саналы немесе бейсаналы болатындығын білуіміз керек.
Бейсаналы мотивтерге: елігу, гипноздық сендіру, бағыттау, фрустрациялық жағдайлар жатады.
Елігу – жеткілікті түрде саналы емес қажеттіліктер, адам қандайда бір мұқтаждықты анық түсіне бермейді. Мотивтің бұл түрі уақыт өте келе сөнуі немесе анықталуы мүмкін.
Гипноздық бағыттау – мотивтің жасанды формасы, әсер етудің нәтижесінде қалыптасады.
Ал бағыттау және фрустрациялық қалып – саналы емес бола тұра, табиғи жағдайда қалады және адамның түрлі ситуациядағы әрекет-қылығын анықтайды.
Адамның өткен тәжірибесі біртіндеп, байқалмай оның болашақ әрекетіне әсер етеді. Бағыттардың қалыптасу немесе сөну жылдамдығы адамдарда, олардың даралық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады.
Жалпы бағыт адамның өзінің өткен тәжірибесі арқылы немесе басқалардың әсері, ықпалының нәтижесінде болады. М-ы: адамның суретті, картинаны, портретті қабылдауы. Бағыт адамды тәрбиелеу немесе өзін-өзі тәрбиелеу кезінде өте айқын байқалады. (“жылама – сен еркексің, таза жүр – сен қыз баласың және т.б.”.. Бұл бағыттар қалыптасқан көзқарастарға, стереотиптерге айналуы мүмкін.
Адамда іс-әрекетінде жетістікке жетуге бағытталған өзара байланысты екі түрлі мотивтер бар. Олар – жетістікке жету мотиві және сәтсіздіктен қашу мотиві. Жетістікке мотивтелінген адамдар көбінесе іс-әрекетте жетістік ретінде бағытталатын неғұрлым жағымды мақсат қояды. Олар өздерінің әрекеттерін саналы түрде жоспарлап, мүмкін болатын түрлі ситуацияларды адекватты бағалауға бейім.
Адамның қандайда бір іс-әрекетті орындау нәтижесінде жетістікке жету мотивінен басқа алаңдаушылықтың маңызы үлкен (К.Спибергер, Г.О Нейл, Д. Хансеннің моделі қарастырылады.. Жетістікке жетуге бағытталған адамдардағы алаңдаушылықтың жоғары деңгейде болуы келесі ерекшеліктермен сипатталады:
-
эмоционалдық өткірлікпен;
-
мәселені шешуге берілген уақыттың тығыз болған жағдайында, стресстік ситуацияларда нашар жұмыс істейді;
-
сәтсіздіктен қорқу (бұл сезім жетістікке жету ұмтылысына басымдылық көрсетуі мүмкін.;
-
жетістік туралы хабар ерекше қозғаушы (стимуляциялайды.күш ретінде роль атқарады.
15-тақырып. Мотивация және жеке тұлға.
Адамның түрлі ситуациялардағы әрекет-қылығының себебін анықтайтын мотивациялық факторлары біртіндеп адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ене бастайды.
Адамның өзінің түрлі қажеттіліктерді сезінуі және оған өзінің жеке қатынасы (мінез ерекшеліктері, құндылық, бағыттылық, қабілеттер, темперамент, жүйке жүйесінің тума қасиеттері, әлеуметтік бейімделу. нәтижесінде қандайда бір мотивтер тұрақталып, оның өрістеуі, адамның тұрақты сапа ерекшеліктеріне айналады. Бұндай мотивтерге (жеке тұлға психологиясында кеңінен қарастырылатын. келесі мотивтерді енгізуге болады:
-
жетістікке жету мотиві;
-
сәтсіздіктен қашу мотві;
-
алаңдаушылық;
-
нақты бақылау локусы;
-
өзін-өзі бағалау;
-
аффиляция;
-
агрессивтілік;
-
альтуризм және т.б.
Көп жағдайда мотивтердің бұл түрлері жеке тұлға ерекшеліктерінде тоғысып, өзара байланысты (бірін-бірі толықтырып немесе бірін-бірі жоққа шығарып отырады..Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас деңгейін, іс-әрекет нәтижесін, эмоционалдық қанағаттануын, бір сөзбен оның тұлғалық ерекшеліктерін анықтайды.
2.2 ІІ МОДУЛЬ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
1- тақырып. Темперамент. Темперамент типтері.
Әрбір адамның жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі –темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.
Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де жақсы байқалып отырады.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.Бұл психикалық ерешеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрінері – Гиппократ (б.э.д. V ғ... Оның тұжырымы бойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын-шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус»-қан., ал шырын басым болса (грекше «флегма»-шырын. флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай-нехоле»-қара өт., организмде сары өт басым болса холерик (грекше «холе»-өт. темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролінтүсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (б.э.д. II. темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейінен темперамент организмнің түрлеші физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804. өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде қарастырды.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологтясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер.. Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
Пикник – мығым, сезімшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
Атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
Дисплатик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар.
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик – дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик – денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишара жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик – сезімшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған – Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі – адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы - эмбриологиялық белгілер.
Конституционалдық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі: тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі.
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден-ақ белгілі болған. Темперамент тұрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген.
И.П. Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозуларды мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлдігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер – қозу және тежелуге байланысты екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе-теңдігін және қозғалмалылығын атап көрсетті.
Қозу күші мен тежелу күші – бір біріне тәуелсіз жүйке жүйесінің дербес қасиеттері. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшендік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әоерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі процестерінің тепе-теңдігі қозу мен тежелу құбылыстарының өзара бірдейлік сипатын көрсетеді. Осы екі процесс күштерінің аралық қатынастарынан, бір процесс күші екіншісінен басым болуынан тұлғаның ұстамды, байсалдылығы не ұстамсыз, ауыспалылығы туындайды. Жүйке жүйесінің үшінші қасиеті – жүйке процесінің қозғалмалылығы – бір жүйке процесінің екінші түріне ауысу жылдамдығына көрінеді. Сонымен бірге, жүйке процестерінің қозғалмалылығы адам қылық-әрекетінің өмір жағдайларының өзгеруіне сай қалыпқа ене алу қабілетін де танытады. Жүйке жүйесінің мұндай қасиетінің өлшемін бір әрекеттен екіншісіне, енжарлықтан белсенділікке немесе кері өту шапшаңдығымен бағалаймыз. Жүйке қозғалмалылығына қарсы құбылыс – жүйке жүйесінің селқостығы. Бір процесс түрінен екіншісіне өту үшін қаншалықты көп уақыт пен кұш қажет болатын болса, жүйке жүйесінің селқостығы сонша үлкен болғаны.
Аталған жүйке процестерінің қасиеттері негізінде жүйке жүйесінің типі немесе жоғарғы жүйке қызметінің типі деп аталатын құрылым түзіледі.Бұл жұйе әр дара тұлғаның жүйке жүйесіне тән негізгі қасиеттер бірлігінен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы.Осы үш қасиетті негізге ала отырып, И.П. Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты;
-
күшті,қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;
-
күшті,қозу мен тежелуі теңдей,салғырт – флегматик;
-
күшті, қозуы басым – холерик;
-
әлсіз тип – меланхолик.
Сонымен, И.П. Павлов түсінігінде, жүйке жүйесінің типі тума беріледі, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгеріске келе бермейді. Осыдан жүйке жүйесінің қасиеттері – жүйке жүйесінің жалпы психикалық көрінісі болған темпераменттің физиологиялық негізін қалайды, яғни адам темпераменті – жоғары жүйке жүйесінің сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесі.
2-тақырып. Темперамент қасиеттері.
И.П. Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді. 50-жылдары жұргізілген осындай ізденістер нәтижесінде И.П. Павловтың шәкірттері В.М. Теплов, кейін В.Д. Небылицын темперамент типологиясын жаңа элементтермен толықтырды. Ересек адамның жұйке жүйесін эксперименталды талдауға ала отырып, жүйке процесіне байланысты екі қасиетті ашты: лабильдік және динамикалық. Жүйке жүйесінің лабильдігі – жүйке процесінің туындау және сөну шапшаңдығында көрінеді де, ал динамикалылығы – қоздырғыш, ұнамды және кері әсерлі, тежегіш шартты рефлекстердің оңай және жылдам түзілуінен байқалады.
Көп зерттеулердің нәтижесінде осы заман психологиясының теориялық тоқтамы: әрқандай адам белгілі типті жүйке жұйесіне ие. Нақты жұйкелік типке сай темперамент қасиеті дара психологиялық өзгешеліктердің мазмұның құрайды.
Психологияда жүйке жүйесінің белгілі типі адамның қылығынан, іс-әрекеті мен еңбегінен, оқу әрекеті мен ойнынан, сөйлеген сөзі мен спортпен шұғылдану әрекетінен белгі беріп, меншікті дара өзгешелігін көрсетуіне байланысты сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп төртке бөліп сипаттаймыз.
Сангвиниктің змоциялық қозуы шапшаң, күшті бірақ тұрақсыз. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі блып келеді. Ұзақ уақыт мұнайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі сергек. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді, бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады.Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Ойынға қызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады, өкпелепқалуы оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады, көзінің жасы кеппей-ақ, күле бастайды.
Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп, күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқетіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан, қызылу, жігерлі, пысық және іс-әрекет атқаруға бейімді келеді. Жұмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп тұрады.
Холерик бала белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Өзі де ұйымдстырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.
Меланхоликтің эиоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдырады, көңіл күйлері бірқалыпты ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе, уайымдап қажи түседі, қимыл-қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс-әрекетін толық аяқтап шығады.
Меланхолик бала сыпайы, момақан, жасқаншақ келді, біреу сұрақ қойса, қысылып, ұялып қалады, көңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап тұрады, кешігіп барып қатысады, іске де бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады.
Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануда, жабырқап қайғыру да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.
Флегматик бала байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жлтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.
Әрбір жеке адамның темпераментінде жалпы адамдарға ортақ, типтік бірсыпыра сипаттары болады. Сол сипаттарымен әр адам темпераменттің белгілі бір типіне қосылады. Жоғарыды атап айтылғандай, таза темперамент типтері өмірде сирек кездеседі. Көп адамдарда бір типтің сипаттары басқа типтердің сипаттарына қосылып, араласып жүреді.
Сонымен, темпераменттің адам психикасындағы мәнін жоғары бағалай отырып, оның адам бойындағы табиғи қасиет – жүйке жүйесінің типтерімен байланысты екеніне көз жеткіздік. Темперамент – адамның дара психологиясының өзіндік бір сипаты ғана.
Достарыңызбен бөлісу: |