Достық. Коллективтік топтық өмірдің маңызы артуымен қатар, балаң жас өспірімдік жеке интимдік достықты қажетсіну күрт өседі. Қамқорлықпен тәрбиеленген жас адамда пайда болатын алғашқы сезім махаббат емес, достық деп Руссоның өзі жазған болатын. Л.Н.Толстой өмірбаяндық трилогияның кейіпкерінің Дмитрий Нехлюдовпен достығын балаң жас өспірімдік жігіттіктен бөліп тұрған символдық меже деп есептейді.
Достықты барынша іздеу жеткіншектік шақта-ақ басталады. Алайда жас өспірімдердің достық жеткіншектердің достығына қарағанда анағұрлым тұрақты және ең бастысы неғұрлым терең. Кіші жастағы жеткіншекті досымен көбінесе басқалар үшін жабық ортақ мүдделер мен бірлескен іс-әрекет байланыстырады. Жас өспірімдердің достығы бірінші қатарға интимдікті, эмоциялық жылылықты, шыншылдықты қояды. өзіндік сананың дамуы мен оған тән қайшылықтар қалайда «сыр ашысу», өзінің күйініш-сүйінішінен ортаға салу қажеттігін туғызады. Осыдан келіп ол досын өз olter ego-сы (екінші бір «мен») деп түсінеді. Мұндай қажеттік тұңғыш рет нақ осы жас өспірімдік кезде шығады.
әрине, достық туралы жас өспірімдік ұғым мен оның интимділігінің нақты дәрежесі әр түрлі адамдардабірдей емес. Қыз балаларда олардың неғұрлым ерте толысатындығына байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басьалады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятыны көрінеді.
Өзі дербес таңдап алған жеке өзінің ұнатуы болғандықтан жас өспірімдік достық басқадай қатнастарға, соның ішінде махаббатқа қайсыбір дәрежеде алғы шарт болады; достықтың өте эмоциялы болатыны осыдан. «Алғашқы махаббат туралы естеліктердің жас достық туралы естеліктерін біршама артық бағаланатыны неліктен екенін мен білмеймін,- деп жазды Герцен. Алғашқы махаббаттың хош иісті болатын себебінің өзі ол жыныс айырмасын ұмытады, ол нағыз құштар достық. Өз тарапынан жас өспірімдер арасындағы достықта махаббаттың барлық қызуы, барлық сипаты болады; өз сезімдерін сөзбен қозғауға ұялатын жасқаншақтық, өзіне сенбеушілік, сөзсіз берілгендік, бір-бірінен көрмесе тұра алмайтын сағыну, ерекше болсам деген тілек бәрі сол махаббатқа ұқсас».
Осы себептен де толғаныстарын, арман-мұраттарын салыстырғанда, өзі туралы айтуға мүмкіндік беретін интимдік достықтың маңызды мәні бар. Қазіргі жас өспірімдер биік сөздер мен мейірімділік көріністерінен қашқақтайды. Олардың достық қарым-қатнастары көбіне әдейі бүркемеленіп, дөрекілендірілген, бірақ мұны шынында осылай екен деп жаңылысуға болмайды. Адамдардың қарым-қатынасында коммуникацияның объективті мағыналық мазмұны мен оның эмоциялық маңыздылығы арасында тікелей байланыс бола бермейді.
Ересек адамдармен қоса жеткіншектік жастағы ұрпақтар үшін де достық – бұл өздерінің ойларын, сезімдерін, біреуге деген өкпесін, қамқорлығын және қауіпін жеткізе алатын сонымен қатар өздеріне қатысты құпияларын сақтауға сене алатын адамды айтамыз. Достықты сенімді интимділік қарым-қатнас деп те бөлуімізге болады. Достық қатнаста жауып тастайтын шекара болмайды. Достар арасында текқана қуаныш емес сонымен қатар қайғы сезімі де болады. Достық деп өзім – бұл екінші бір адамның өз досының бақытына ортақтаса қуаныш бөлісу деп ойлаймын. Себебі, досының қайғысына өтірік дос қуана ортақтаса алады ал, қуанышын көре алмайды. Достар арасында әр кезде тек қана ортақ қызығушылық пен тақырыптар болады.
Махаббат сезімі. Жеткіншек шақта бір-бірінен ұялып, қысылып жүретін ер балалар мен қыз балалардың арасандағы қарым-қатнас балаң жас өспірімдік шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-қатнастар аясы ұлғаяды: бір жынысты компаниялар мен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе, қыздарда аралас достыққа қажеттілік күшейеді. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатнасы басты тәрбиелік проблемалардың біріне айналады. Бұл қарым-қатнастар көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе біріне-бірі көңіл қою бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатнас ауқымында өрістей ме, бұл көбіне бұған дейінгі тәрбиеге және коллективтегі моральдық жағдайға байланысты болады.
Еркектер мен әйелдердің тең праволылығы принципіне негізделген
совет қоғамының рухани ахуалы, бірлесіп оқыту, еңбек пен қоғамдық жұмыс – осының бәрі әлеуметтік-адамгершілік бағдарлардың қалыптасуын жеңілдетеді. Алайда осындай қолайлы жағдайлардың өзінде жастардың балаң жас өспірімдік қарым-қатнасында біршама психологиялық қиыншылықтар болмай қоймайды. Алдымен жыныстық рольдердің балалық шақтан келе жатқан саралануы әсер етеді. Қай жастағы болсын ұлдар ман қыздар әр түрлі ойындарды жақсы көреді және серіктерін өз жынысынан іріктеп алады. Құрдас қыздары өзімен ойнамай қыз бала психолгиялық тұрғыдан алғанда ер балалардың арасында сыйлы бола алады. Ер балалар үшін бұл мүмкін емес: өз жынысының құрдастары ғана оның «ерлігін» тануы мүмкін.
Терең қарым-қатынас пен өзара түсіністік мүмкіндіктерін ұлдар мен қыздардың жалпы толысуының қарқыны мен психологиялық айырмашылықтар да қиындатады. Жеткіншектік кластарда қыздар ер балалардан дене жағынан ғана емес, ақыл-ой дамуы жағынан да біршама озық болады. Егер ұлдарда заттық және техникалық мүдделер басым болса, қыздар көбіне ішкі жан дүние мен адамдардың қарым-қатнасы проблемаларына ден қояды.
Ересектер психологиясы
Жоспары:
-
Ересектік кезеңге сипаттама (30 – 60 – 70 жас)
-
Ересектік жастың классификациясына акмеологиялық көз – қарас.
-
Ересектік кезендегі танымдық эмоционалдық және мотивациялық сипаттамалар.(40 жас дағдарысы)
-
Интеллектуалды даму және әлеуметтенуің психологиялық мәселелері
-
Ересектік бұл адам өмірінің ең ұзақ кезеңі . Оның басталу және соңғы шегін көптеген авторлар әртүрлі сипатттайды: 25 жастан 65 -70 жасқа дейін. Әдетте бұл жасты зейнеткерлікке шығу мен байланыстырады және тұрақты жас шамалары жоқ.
Э.Эриксон бойынша ересектік кезең 25 жастан 65 жас аралығын қамтиды, яғни бұл кезең ұзақтығы 40 жылға созылады.
Ал біз бүгін ересектік кезеңді шамамен 30 жастан бастап, сонау зейнеткерлікке шығуға дейін қарастырамыз. Бұл шамамен 60-70 жасқа дейін. Бірақ ересектік кезеңнің соңғы шегі жеке тұлғаның жекелей және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.
Кейбір адамдарда 40 жастан кейін дамуында бәсеңдеу процессі жүрсе, керісінше, екіншілерде 40 жастан кейін белсенді іс-әрекетпен айналысу басталады. Тіпті кейбір адамдарда шығармашылық дамуы өмірінің соңына дейін жүруі мүмкін.
Осы кезеңде бір- бірімен байланысты, бірақ бір-біріне сай келмейтін үш жас түрін ажыратуға болады:
-
Хроникалық жас (төлқұжатта көрсетілген жасы);
-
Биологиялық жасы;
-
Психологиялық жас.
Адамның биологиялық жасы төл құжатта көрсетілген жасына сай келмеуі мүмкін. Мысалы: адам 40 жаста организімінің жағдайына байланысты жас көрінуіе болады немесе , керісіншіе, осы жаста қартаюдың белгілеріі айқын көрінуі мүмкін.
Психологиялық жас дегеніміз- адам өзін қалай сезінетіндігі және қалай қабылдайтындығын сипаттайды.
-
«Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары пайда болды және ол «Үлкендерді танып- білуге бола ма ?»деген сұраққа жауап іздеумен байланысты болды. Оған жауап беру үшін адамның өмірлік кезеңдеріндегі психофизиологиялық, интелллдектуалдық және жекелей дамуның «нормаларын» талдау керек болды. Ең бірінші ересектер психологиясына назар аударғанН.А. Рыбников болды. Ол 1928 жылы ересектер психологиясын акмнология деп атауды ұсынды (акмэ грекше- өркендеу, шың дегенді білдіреді). Дәл осы кезеңде ересектікке қол жеткізеді (ақыл-ойы, азаматтығы, еңбек етуі жағынан), кәсіби іс-әрекетте өзін табады және шығармашылық қабілеттерінің өркендеу шыңында болады.
Ересектер психологиясының пәні- ересек адамның онтогенездегі конституциясының, нейродинамикасының, психофизиологиясының, интеллектуалдығының, жекелігінің, жастық-жыныстық ерекшелігінің эволюциясы.
Қазіргі кездегі зерттеулерде жастық кезеңдегі ересектіктің жоғарғы және төменгі сатылары біркелкі анықталмаған. Жастық шақтың шегін анықтайтын қалыптасқан пікір жоқ.
Жастық шектеулерді анықтаудағы әртүрлі пікірлер жас кезеңдері классификациясын құру принципімен түсіндіріледі:физиологиялық, антропологиялық, демографиялық және психологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып.
Б.Г. Ананьев ересектердің психофизиологиялық және интеллектуалдық дамуын микрожастық интервалдың негізінде құруды ұсынды.
18-46 жас аралығында естің, ойлаудың, зейіннің дамуы 3 макро кезеңнен тұрады.
1 макро кезең-18-25 жас аралығы;
2. 26-35 жас аралығы;
3. 36-46 жас аралығы.
Бұл жастық кезеңдер әртүрлі даму темпімен сипатталады.
Таблица 1
Кезеңдер
|
Жасы, жылы
|
Ерте ересектік
|
Орта ересектік 1 -ші кезең
|
Орта ересектік 2 -ші кезең
|
Макро кезең
|
18-25 жас
|
26-35 жас
|
36-46 жас
|
Микро кезең
|
18-21; 22-25.
|
26-29; 30-33; 34-35.
|
36-40; 41-46.
|
Бұл таблица бойынша естің, ойлаудың және зейіннің жақсы дамуы тек екі микро кезеңде- 22-25; 30-33 жастарда көрінеді, дамудың айрмашылығы тек бір микро кезеңде көрінеді, ол-34-35 жаста.
-
40-50 жасында адам бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда, басқа психологиялық жағдайда болады. Осы уақытқа дейін үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибе жинақталады, балалары өседі, олармен қарым-қатынас жаңа сипатқа ие, ата-аналары қартаяды және оларға көмек керек. Бұл кезеңде адам организімінде заңды физиологиялық өзгерістер болады, оларға бейімделу керек: көру нашарлайды, реакциялар бәсеңдейді, ер адамдарда сексуалды потенция әлсірейді, әйел адамдар климакс кезеңін уайымдайды. Осы аталғандарды ересектер физикалық және психикалық ауыр қабылдайды. Көбінде денсаулығына байланысты мәселелер туындайды.
Психофизикалық функциялар төмендегенімен,олар адамның когнитивтік сферасына еш әсерін тигізбейді- жұмысқа қабілетін төмендетпейді, еңбектік және шығармашылық белсенділігін сақтайды.
Бұл кезең адам үшін жанұялық, карьералық, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сипатталады. Бірақ, өлім мәселесі туралы, уақыттың өтіп жатқандағы жайлы жиі ойланады.
Еңбек- ересек адамның сезімдерінің көзіне айналады. Адамның эмоционалдық жағдайы, көңіл-күйі көбінесе еңбек іс-әрекетінің жемісті не жемісті еместігіне байланысты.
Осы кезеңде адам стресстік жағдайға жиі ұшырап, депрессия мен жалғыздық сезімін бастан кешіреді.
38-40 жаста орта жас кризисі болады. Осы кезеңде адамды мынандай сұрақтар мазалайды: ары қарай қалай өмір сүру қажет, не үшін өмір сүру керек, кіммен өмір сүру керек?
40 жасқа қарай ересектер армандары мен өмірлік жоспарларының қаншалықты іске асқандығына есеп береді. Отбасылық жағдайында өзгерістер болады: балалары ержетіп, өзбетінше өмір сүреді; жақын туысқандары мен ата-аналарының дүниеден өтуі мүмкін. Жақын адамдарынан айырылу, балаларының өміріне араласу, оларға қамқорлық көрсету ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының мағынасын аша түседі. Егер оларды балалардан басқа ештеңе байланыстырмаса, ондаерлі-зайыптылар айырылысуы мүмкін.
40 жас кризисін басынан өткізген адам өмірін қайта құрып, мамандығын ауыстырып, тіпті жаңа отбасын да құруы мүмкін.
Кризистен шығудың жолдары әр түрлі: конфликтілі жағдайлар туғызу, жұмыс орынын ауыстыру, басқа қалаға көшу, барлығын қайта жасауға ұмтылу.
Ал кризистен шығудың деструктивті жолы- суицид және жеке тұлғаның ыдырауы.
4. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен іс-әрекет құрылымы өмірлік жағдайларға байланысты. Мінез ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері осы кезеңде де дами түседі. Ересек адамның индивидуалды қасиеттері балаларға қарағанда жекелік сипатқа ие.
Әлеуметтік ересектік- бұл адамның белсенді еңбек іс-әрекеті. Онда адам іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасады және өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін іске асырады. Әлеуметтік ержетуде (оны азаматтық деп те атауға болады) негізгі роль адамның өндірістік, қоғамдық және мәдени өмірге араласуында.
Оқыту әртүрлі жас кезеңдерінде түрліше болады. Мысалы: ересектік жаста адамдардың көбі еске сақтаудың төмендеп кеткеніне, жұмысқа қабілетінің нашарлағанына, тез шаршайтындығына шағым жасайды. Бірақ, Б.А. Греков деген ғалым 30-70-90 жастағы адамдардың есіне салыстыру жүргізіп, тек 90 жастағылардың ғана еске сақтау қабілеті төмендейтінін айтты. Ересектік кезеңдегі барлық басқа өзгерістерді жекелей ерекшеліктерімен түсіндіреді.
Ересектік кезеңде мазмұндық еске қарағанда, механикалық және бейнелі ес тез төмендейді. Ал мазмұндық ес 70 жастан асқанша тұрақты болып келеді.
Осы кезеңдегі адамдардың кәсіби дамуын қарастыратын болсақ, көптеген мамандықтағы адамдар өздерінің кәсіби шыңдалуы әртүрлі кезеңде болатындығын көрсетті. Мысалы: ұшқыштардың, кәсіби спортшылардың, балет артисттерінің және т.б. кәсіби шыңдалуы ересектіктің алғашқы сатысында басталады, одан кейін оларда тұрақтану кезеңі болады. Ал басқа мамандықтарда, мысалы, дәрігер-хирург, авиадиспетчер, т.б. мамандарда кәсіби шыңдалуы ересектіктің орташа немесе тіпті соңғы кезеңіне келуі мүмкін.
Барлық осындый жағдайларда кәсіби өнімділік шеберлікке, білімге, тәжірибеге және функционалды дайындыққа байланысты.
3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
1. Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері.
Ж.ер.п.зерттеудегі қолданылатын әдістердің комплекстік сипаты, олардың басқа психологиялық ғылым салаларынан шығуы. Балаларды зерттеуде бақылау, сауалнама әдістерін қолдану. Ж.ер.п.-дағы эксперимент әдісі.
2. Балалар психиксының дамуының негізгі принциптері.
Балалар психиксының дамуының негізгі бес принциптерін талдау.
3. Бір жастағы баланың даму ерекшелікері.
Бір жастағы баланың психикалық жаңа құрылымдары.
4. Сәбилік кездегі психологиялық жаңа құрылымдар.
Сәбилік кезеңдегі таным процестері сферасындағы жаңа құрылымдар. Мен – концепциясының қалыптасуы.
5. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті.
Ойын – м.ж.д. баланың негізгі іс-әрекеті. Оның негізінде қалыптасатын когнитивті сфераның дамуы.
6. Мектепке дайындық мәселелері.
Мектепте оқытуға баланы психологиялық тұрғыдан дайындау. Мектепке түсуде қойылатын негізгі талаптар. Мектепте оқуға дайын баланың жеке тұлғалық қасиеттері және баоаның даярлығының психодиагностикасы.
7. Бастауыш мектеп оқушысының оқу іс-әрекетінің қалыптасуы.
Оқытудың алғашқы этапының психологиялық ерекшеліктері. Баланың психологиялық дамуының резервтері және оны дұрыс пайдалану.
8. Бастауыш мектеп кезеңіндегі баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы.
Жетістікке жету мотивациясының дамуы. Қарым-қатынас нормалары мен ережелерінің меңгеруі.
9. Жеткіншектің қарым-қатынасының даму ерекшеліктері.
Жеткіншектің тұлғалық дамуындағы әлеуметтік-психологиялық жағдаяттар. Қарым-қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы.Жеткіншек пен ересектің талас-тартысының себептері.
10. Жеткіншектік кезеңдегі психологиялық жаңа құрылымдар.
Жеткіншектік кезеңдегі психологиялық жаңа құрылымдарды талдау.
11. Ерте жастық кезеңдегі өзіндік сананың дамуы.
Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау. Мен – концепциясы.
12. Ерте ересектік кезеңдегі тұрақтылықтың қалыптасуы.
Аффективті және мотивтік сферадағы тұрақтылықтың қалыптасуы.
13. Ер адам мен әйел адамдардың психологиялық даму ерекшеліктерін салыстыру.
Физикалық, когнитивтік, аффективтік, мотивтік сфералардағы айырмашылықтарды салыстыру.
14. Ересектік кезеңдегі дағдарыстар.
Эриксон бойынша ересектік кезеңнің себептері.
15. Өмірлік циклдың аяқталуы.
Өмірлік циклдың аяқталуын мойындаудың сатылары.
4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
-
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
-
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
-
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
-
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
-
Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
-
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
-
Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
-
Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
Жас ерекшелік пстхологиясын зерттеу тарихы.
Даму жөніндегі теориялар мен тұжырымдамалар.
Бір жас ағымындағы баланың қозғалыс белсенділігінің дамуы.
Ерте сәбилік шақтағы сөйлеуді жетілдіру құралдары.
Балалардың мектепке психологиялық дайындығыныңжеке өзгешеліктері.
Бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды дамуына іс-әрекеттің негізгі түрлерінің әсері.
Жеткіншек және ерте жастық шаққа тән негізгі таным процестерінің өзгеруі.
Жеткіншек және ерте жастық кезең жалпы және арнаулы қабілеттердің дамуының сенсетивті кезеңі ретінде.
Алғашқы махаббат- ол қалай келеді?
Ерте ересектік кезеңдегі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы.
Ересектік кезеңдегі мотивтің өзгеруі.
Ер және әйел адам өміріндегі дағдарыстардың себептері.
Гератология мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |