Бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»



жүктеу 43.7 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі43.7 Kb.


Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы

957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасын ұзақ мерзімді кезеңде су ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


  1. Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бір ай мерзімде әзірлеп, бекітсін;

  2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы
    № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен енгізсін.

  1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

  2. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., № 9, 171-құжат; № 47, 626-құжат; 2013 ж., № 11, 
    200-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

«10.

Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі

2013 жылғы 30 қазанға дейін

2014 – 2020 жылдар

2013 жылғы 31 желтоқсанға

дейін».


  1. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      
Қазақстан Республикасының

Президенті                                      Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 4 сәуір

№ 786

Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасына

ТҮСІНІКТЕМЕ
Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерінің бірі болып белгіленген болжамдалатын судың тым тапшылығы және сол үшін біздің мемлекеттің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет екені. Үкіметке дәйектілікпен, бірінші кезеңде 2020 жылға қарай – тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, 2040 жылға қарай суару проблемасын шешетін ұзақ мерзімді бағдарлама жасауды  тапсырылды.

2014 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің № 786 Жарлығымен Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық мақсаты су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаның:

су үнемдеу және қолда бар су ресурстарының көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы халықты, қоршаған ортаны және экономика салаларын су ресурстарымен кепілді қамтамасыз ету;

су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру;

судың экологиялық жүйелерінің сақталуын қамтамасыз ету басты міндеттері болып табылады.

Бағдарлама экожүйені сақтау үшін су ресурстары тапшылығын болдырмау, халықты, экономиканың жоспарланған өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселесін шешуге бағытталған.

Су шаруашылығы инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендердің сумен қамту және су бұру жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқару бойынша шаралар есебінен 2020 жылға қарай су ресурстарының күтілетін тапшылығын қысқарту жөніндегі шаралар көзделген.

Ұсынылған шаралар бірінші кезеңде 2020 жылға қарай су тұтынуды ЖІӨ бірлігіне алғанда нақты мәнде 2012 жылдың деңгейіне алғанда 33%-ға төмендетуге мүмкіндік береді және бұл Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басты индикаторы болып табылады.


Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет