Бағдарламасы Жоспары : І. Кіріспе сөз Қыз өссе елдің көркі. ІІ. Негізгі бөлім а/ қонақтардың ой толғанысы



жүктеу 57.04 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі57.04 Kb.
Есенкабылова Сауле Аманкелдіқызы

9 – сынып жетекшісі

Әсемдік пен әдеміліктен кеңес алу ,

сұлулық бағдарламасы

Жоспары :


І. Кіріспе сөз
Қыз өссе - елдің көркі .
ІІ. Негізгі бөлім
а/ қонақтардың ой - толғанысы

ә/ қонақтарға қойылатын сұрақтар

б/ көрермендердің пікірі
ІІІ. Қорытынды
а/ бағдарламаның көпшілікке әсері

ә/ бағдарламаның түйіні



Халқымыздың ежелгі үрдісі бар ,

Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі ,

Зерделі ұл , зейінді қызды сынар - демекші , қыз баланың тәрбиесі ата - анаға , халқына да үлкен сын . Үй жинау , кір жуу , тамақ пісіру , дөрекі сөйлемеу , ізетті болу ата – анасын , туыстарын , ұстазын сыйлап , қадірлей білу әрбір қыз баланың міндеті . Қазақта « Қызды қырық үйден тыю , қалса күңнен тыю », « Қыз өссе - елдің көркі , гүл өссе - жердің көркі » дегендей ұлағатты сөздің қалуы әрбір қыз әке – шешесінің аясындағы жайқалған гүлі екендігі аян , қыз баланың өзін нәзіктіктің символына , керемет сұлу құс- аққуға , жайқалып өсіп тұрған гүлге , жарқырап жанып тұрған жұлдызға теңейді . Бірақ қазіргі жағдайда елімізде бұрын – соңды болмаған келеңсіз оқиғалар бой көрсетіп жатыр . Қазір өзімен қатар қазақ қыздары ауыл қыздарын менсінбей , орысша сөйлеп , жарассын , жараспасын денесін жартылай жалаңаштап батыстың қыздарына еліктегені сонша , өздерінің инабаттылығынан жұрдай . Кейде мен осындай жеңілтек қыздар бүкіл қыз атаулыға кір келтірмек деп қорқамын . Тағы да бір айтып кететін жайт , кейбір қыздардың пікірлері бойынша қыз бойындағы басты шарт сұлулық деп түсінеді . Неғұрлым сұлу да , көркем көрінсең соғұрлым махаббатта жолым болады деп ойлағаны өкінішті - ақ . Сондықтанда ондай әпкелеріміз бетіне опа жағып , қасын түзеп , кірпігін ұзартып , шашын бояумен әлек болады . Ойлап қарайықшы , ерте заманның қазақ қыздары беттеріне опа жақпай-ақ өте көркем де , сұлу болған . Қазақта қазақтың инабатты , кішіпейіл , мейірбан , ақылына көркі сай сұлуды ару деп атаған .

Әсемдігі тал бойына жарасқан .

Па , шіркін , арулары қазақтың ,

Сұлулығы әркімнен - ақ санасқан , - деп ақын жырлағандай жыр дастандарында ару бейнесіндегі Құртқа , Қарашаш , Меңдісұлу , Назым , Қыз Жібек , Баян сұлу , Меңтай секілді арулар аз болмағандығын еске алайық . Қазіргі кезде сұлулар көп , ал арулар аз . Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың « Махаббат қызық мол жылдар » атты кітабын оқып көрдіңіздер ме ? кітап бәріңе де ұнайды . Бұл кітапта Меңтай деген қызға анасы кереметтей өсиет қалдырады . Осы ана жүрегінен шыққан өсиеттен үзінді келтіріп көрейін :



  1. Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек , себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді . Ал халықта « Есті қыз етегін қымтап ұстайды » деген мақал бар .

  2. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ , жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр

  3. Ауыз шешендік әркімде болады . Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал . Өйткені қыздың күлкісі , жымиюы , бас изеуі , көз қарасы , жүріс – тұрысы , бәрі де сайрап тұрған сөз . Сондықтанда оның аз сөйлеп , айналасына ақылмен танылғаны дұрыс .

  4. Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді . Осы айтылған өсиет тек Меңтайға емес , барша қазақ қыздарына айтылған өсиет емес пе ?


Қонақтардың ой - толғанысы :

Атам қазақ қыз бойынан ешқандай мін табылмағанын қалаған . Келбетіне , арайлы жүзіне сай жан дүниесінің сұлу болғанын қалаған . Көкірегі ояу , келбетті , сұлу , қос бұрымды , үстіне киген киімі жарасымды , кең етекті , иман жүзді , парасатты , кең пейіл , кішіге қамқор , үлкенге құрметі бар жан болуына көп мән берген .

Қыз еркем , өзіне тән сәнімен , келбетімен , жан дүниесінің сұлулығымен көркем , - деп бекер айтылмаса керек . Қыздың бойжеткен кезінде бойын тік ұстап , ай жүзіне жұрт таң қаларлықтай сұлулық , қыз балаға тән тәкәппарлық , он саусағынан өнері тамған өнерпаздық , ақылына тапқырлық , жөн сөз айта білетін тапқырлық болуына қыз анасы тікелей жауапты болуы керек деп ойлаймын . Қыз балаға шеше жақын болады . Қыз бала тәрбиесі әкеге қарағанда , шешеге көбірек байланысты . Атам қазақ қыз баланы еркелете отырып , оған қатал да қарап отырған . « Қызға қырық үйден тыю » , « Қызы бар үйдің иті жатпас » , « қыз өссе - елдің көркі , гүл өссе - жердің көркі » ,

« Қыз - болашақ келін , болашақ ана » деп түсінген . Қыз баланың сұлулығы тек келбетінде ғана емес , жан дүниесінде де болуы шарт . Сұлулық ол – кең ұғым . Сұлу ұғымына - жан сұлулығы , тән сұлулығы , имандылық , кішіпейілділік , парасаттылық , жарасымдылық , сөз мәнері , жүріс – тұрысы , мәдениеттілік , сыпайылық , сезімталдық , өзіне тән тәкаппарлық та кіреді . Қыз бойынан осы аталған қасиеттердің бәрі табылып жатса , одан артық қазға тән сұлулық болмас .


Қадыр Мырзалиев ағамыздың өлеңі :
Қыздар - қызыл гүл ғой өсіп тұрған бақтағы ,

Қыздар – жігіттердің асыл арман ақ таңы

Қыздар - әсем ән ғой , әлі айтылып болмаған ,

Қыздар – бақыт құсы , қолға оңай қонбаған .

Қыздар - өсіп бойжеткенде елдің көркі саналар ,

Қыздар – шуақ төккен күн нұрымен бара – бар

Қарақат көз қарындастар аққу сынды сүйікті ,

Жігіттердің қолы жетпес көріңдер ең биіктен .


Қонақтарға қойылатын сұрақтар :

  1. Сұлулық деген сөздің астарында не жатыр ?

  2. Жан сұлулығы мен тән сұлулығы дегенді қалай түсінесіздер

  3. Қазақ қыздары тән қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыздар ?


Көрермен пікірі :

Білектей арқасында өрген бұрым ,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

Кәмшат бөрік , ақ тамақ , қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін , - деп Абай атамыз жырлағандай ару қыздарымыздың шашы ұзын болса , егер ұзын болмаса да өзіне жарасымды етіп қидырса , оны түрлі - түсті емес бет келбетін ашатын өзінің табиғи шашының түсі сақталса , шаштың әдемілігі ару қыздарымыздың сұлулығын аша түсері анық деген пікірдемін .
Көрермен пікірі :

Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын ,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын .

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес ,

Халқымның сақтай білген игі салтын , - дегендей ару қыздарымыздың сұлулығына сай ата - бабамыздан келе жатқан салт – дәстүрімізді білетін болуы керек . Өйткені салт – дәстүрінен айрылған ел , ел болудан да қалады . Балаға дәстүрімізді ана сүтімен дарыту келешек ана - осы ару қыздарымыздың қолында .
Көрермен пікірі :

Дауысың қандай сырлы еді ,

Табиғатты тыңдатқан

Көркің қандай нұрлы еді ,

Таң шолпанмен астасқан , - дегендей ару қыздарымыздың сұлулығына сай сөз мәнері , үлкенге құрметі , кішіге ізеті болуы керек . Ізеттілік , кішіпейілділік , инабаттылық , адалдық , көркемдік , парасаттылық , қамқорлық , атына заты сай көркемдік , қыз балаға тән тәкәппарлық әрбір қазақ қыз бойынан табылып жатса , бұдан асқан бақыт жоқ шығар .
Көрермен пікірі :

Кедеймін деп қысылма ,

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы ,

Жарқырап жатыр жолында , - дегендей қыз балаға сұлулыққа сай он саусағынан өнері тамған өнерлі болуы да керек деп ойлаймын . Өнерлі өрге жүзер , өнерлінің қолы алтын деген сөздер тегін айтылмаған болса керек . Қыз баланы өнерлі болуға тәрбиелеу анасына байланысты . Жастайынан бар нәрсеге үйрету , қыз бойындағы талантын , өнерін асқақтату , аналар , міне біздердің мойнымызда .
Көрермен пікірі :

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер . Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен , жат пиғыл , орынсыз қылық , теріс мінездерден сақтандырып отырған . Сондықтанда ару қыздарымыз сұлулығына сай жаман әдеттерден сақ болуы , орынсыз нәрселерді жасамауы қазақ қыздарына тән нәрсе .



Бағдарламаның көпшілікке әсері :

Бағдарлама арқылы оған қатынасқан көпшілік әсері мол екенін , айтылған сөздерді , пікірлерді естіп отырған қыз бала өз бойынан осы қасиеттерді іздеп көргісі келетініне көз жеткіздік .



Бағдарламаның түйіні :

Сәуледей нұрлы қалпында

Сұлудың жүзін бір көрген .

Батырдың қолы қалтырап

Ақынның тілі күрмелген .

Келе де келе сезгенім

Көңілде достар айтып көр

Сұлу бар жерде басқаның

Кетеді бәрі ғайып боп !

Сұлулар өте бергенде ,

Сүзіле келіп қарайсың

Әдемі қызды көргенде



Ақылды қызды аяйсың , - дегендей аруларымыз тек сырты сұлу ғана емес , тәні де , жүрегі де , келбеті де , жанары да , назары да , табиғатына тән парасаты да сұлу болуы керек .


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет