БАҒдарламасы курчатов қаласы, 2015 жыл Мазмұны: Паспорт 3-6 2



бет3/10
Дата04.07.2016
өлшемі4.05 Mb.
#175920
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
    Бұл бет үшін навигация:
  • Білім



Негізгі мәселелері;

  1. экономикалық белсенді тұрғындар санынан үлесін қысқарту

үрдісі (көші-қон төмендеуі , теріс табиғи өсім, жас тқрғындардың кетуіне);

  1. қаланың экономикасы қалақұрушы кәсіпорындарға тәуелділігі;

  2. жоғары ресурс - және энергиясын өндіру , өндірілген өнімнің

төмен бәсекеге қабілеттілігі;

  1. қолайсыз экология және әлеуметтік маңызы бар аурулармен

сырқаттанудың жоғары деңгейі ;

  1. ТКШ инфрақұрылымдарының тозуы;

  2. тұрғын үй қорын елеулі бөлігі санитарлық-қорғау аймақтарда

орналасуы .
1.1.2 Әлеуметтік сала

Білім


Қаланың білім беру саласындағы жұмыс білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, келешекте білім беру жүйелерін дамытуға бағытталған, Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі, соның шеңберінде білім берудің жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.  

Қалада 443 бала контингенімен екі балабақша, шағын орталықтарда 85 бала қатысатын жарты күнді үш топ және 52 бала қатысатын толық күнді екі топ жұмыс істейді. Топтардың орташа толығуы 25 баланы құрайды.


10 кесте-Мектепке дейінгі мекемелер желісінің даму динамикасы


Көрсеткіштер

2012 жыл


2013 жыл

2014 жыл

2014ж\2012ж (+,-)

Балабақшалар саны, бірл

1

2

2

1

Балабақшалардағы балалар саны, адам

282

407

446

164

Шағын-орталықтар саны, бірл

2

2

2

0

Шағын-орталықтардағы балалар саны, адам

180

123

145

35

3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы қамтылуы, %

99,5

100

100

0,5

Мектепке дейінгі мекемелер жүйесін сақтау және кеңейту, 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлық жетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.

5 тен 6 жас аралығындағы балаларды (228 бала) мектепалды тәрбиемен және оқытумен қамту 100% құрады.

2013 жылдан бастап балалар мектепке дейінгі ұйымдарына кезекке тұруға өтініштерді тіркеу көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес толықтай автоматтандырылған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамту 100 % құрады. 591 бала қамтылған, дегенмен балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге кезек сақталуда, 2015 жылдың 1 қазан жағдайына 436 бала кезекте тұр.
Жалпы орта білім

12-жылдық жалпы орта білімге көшуге дайындық, қол жетімді білім және сапалы біліммен қамтамасыз ету бойыша жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылдың 1 қаңтарына үш мектеп жұмыс істейді. (11-кесте)

11 кесте-2011-2013 жылдарда мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер желісінің өзгеру динамикасы







2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014\2015 жыл (+,-)

Мектептер саны

3

3

3

0

контингент

1397

1369

1401

+4

Үш мектептерде мектепалды даярлық сыныптарда жалпы 228 бала бар 10 сынып жиынтық бар.

Қалада оқушылар контингентінің ұлғаю беталысы сақталуда.

2014 жылмен салыстырғанда оқушылар контингенті 1401-ден 1448 балаға дейін 47 оқушыға ұлғайды.

№ 1 жалпы білім беретін орта мектептің үш ауысымдылығы негізгі мәселе болып табылады, осы орайда 600 орынға арналған жаңа мектеп құрылысы басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2016 жылғы 30 тамыз.

Қаладағы барлық мектептер компьютерленген. 2013 жылы жалпы білім беретін мектептердің компьютерлермен қамтамасыз етілуі бір компьютерге 7,8 оқушыны құрады, 2014 жылы – 8 оқушы, 2015 жылы – 10 оқушы.

Қаланың барлық мектептері кең жолақты Интернет желісіне қосылған (12 кесте).

12 кесте – Мектептердің пән кабинеттерімен жабдықталуы




Көрсеткіштер

Саны

Қамтамасыз етілуі, %

Мультимедиялық кабинет

3

100

Физика кабинеті

3

100

Химия кабинеті

3

100

Биология кабинеті

3

100

2013 жылы 100 орынға арналған «Күншуақ» балабақшасы салынған.

Қала мектептерінде 137 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде жоғары біліммен 118, арнайы орта 29 адам. Гендерлік құрам бойынша – 20 ер, 117 әйелдер немесе 85,4%.

Жоғары санаттағы педагогикалық қызметкер – 29 (20,8%), бірінші санатты – 33 (23,7%), екінші санатты – 38 және санаттары жоқтар – 37 адам (26,6%).

2012 жылы біліктілікті арттыру курстарынан 9 мұғалім (7%) өтті, 2013 жылы 24 мұғалім (17%), 2014 жылы – 30 (21%). Сонымен қатар 2012 жылдан бастап мұғалімдер Кембридж біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. 2015 жылдың 1 қаңтарына біліктілікті арттыру курстарынан өткен барлық мұғалімдер 34, олардың ішінде бірінші деңгей – 7 мұғалім (5%), екінші деңгей 6 (4%) және үшінші деңгей 21 (15 %).

Қала бойынша ҰБТ нәтижесінің мониторингі 2014 жылы орташа бал 60,7 көрсетіп отыр, ол былтырғы жылдан 17 % төмен. 2013-2014 оқу жылында қала бойынша орташа баллы 77,2 балды құрады.

Оқу сапасын арттыру мәселелерінде ерекше орынды мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттілігі, дарындылығын дамыту алады.

Өткен жылы қала оқушылары арасында келесі іс-шаралар өткізілді: олимпиядалар, конкурстар, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар және т.б., оған қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Сонымен бірге, облыстық олимпияда, конкурстар және ғылыми конференциялардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері саны 69 оқушыны құрады немесе 5,5 %.

Барлық үш мектептерде аз қамтылған отбасылардың оқушыларына тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. Мектеп оқушыларының тегін ыстық тамағының құрамына бал және сүт (қышқылтым – сүт өнімдері) қосылған. Бал және сүтпен (қышқылтым – сүт өнімдері) қалалық бюджет қаражаты есебінен 1-4 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасылары балалары қамтамасыз етіледі.

Оқушыларға арналған қосымша білім беру жүйелері 904 оқушылар контингентімен 5 бірлікті құрайды (балалар музыка мектебі- 120, Шығармашылық үй - 175, «Жартас» балалар-жасөспірімдер клубы 80 және «Көкжиек» балалар-жасөспірімдер клубы – 80, БЖСМ - 380). Музыка мектебінде оқушылар әр түрлі музыкалық аспаптарда оқытылады (домбыра, қобыз, фортепиано, баян және т.б.).

Балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту 58,8% құрайды, бұл 2042 жылдың деңгейінен 46 балаларға жуық немесе 4 % артық.

Оқушыларды жазғы демалыспен қамту 98% құрайды, 1300 бала қамтылған. Жазғы демалысты ұйымдастыру үшін үш мектеп жанындағы лагерьлер, бір қала сыртындағы лагерь, үйірме және спорт секциялары жұмыс істейді.
Көптілділікті дамыту

Көптілді білім беруге көшу ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған. Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігіне кіруі, экономика және мәдениет салаларында ынтымақтастықты кеңейту қоғам алдында бірнеше тілді меңгерген, сауатты тұлғаны қалыптастыру мәселесін қояды. Сондықтан біздің елімізде ағылшын тілін қазақ және орыс тілдерін меңгеру сияқты маңызды болып табылады.

Мектептер оқушыларға көптілді білімді жүзеге асыруға қабілетті білікті кадрлармен толық қамтамасыз етілгенін айта кету қажет.

Қаланың жалпы білім беретін орта мектептерінде 19 – қазақ тілі мұғалімдері, 11 – ағылшын тілі және 10 – орыс тілі мұғалімдері жұмыс істейді.


Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау

2015 жылы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 30, барлық балалар қамқоршылық пен қорғаншылықта және патронаттық отбасыларда.

2012 жылдан бастап қалада «Мейірім» және «Территория без сиротства» облыстық акциялары іске асырылуды.

Жыл сайын «Қорғаншылар күні», тоқсан сайын – «Қуан сәби!» акциясы өткізіледі, «Бала асырап алушы ата-аналар мектебә» және «Отбасын қолдау қызметі» белсенді жұмыс жасайды.

Қала бойынша 0 ден 18 жасқа дейін мүмкіндіктері шектеулі 45 балалар бар. Барлық білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жағдай жасалған. Үйде 6 оқушы білім алуда, оларға ғылым негіздері бойынша білім алуда қашықтық көмегі үшін жабдырға сатып алынған.

Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың және қылмыскерліктің алдын алу мақсатында Курчатов қаласы мектептерінде тәрбиелік және адамгершілік мазмұндағы іс-шараларды, оларды қосымша білім беру бірлестіктеріне тарту, қауіп-қатер тобының және сабақтарды босатуға бейім оқушыларға бақылауды күшейту арқылы оқушыларда заң талаптарын орындайтын тәртіпті қалыптастыруға, құқықтық ой-өрісті кеңейтуге бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Мектептерде салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Спорттық секцияларда шұғылданатын балалар саны артуда.

Тақырыптық лездемелер өткізіліп тұрады.

Мектеп кітапханаларында жаман әдеттер мен нашақорлықтың алдын алу бойынша тақырыптық бұрыш рәсімделген.

Қалалық аурухана есебінде нарколог дәрігер есебінде тұрған балалар тіркелмеген.


SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

  1. Қазақ тілінде оқытатын мектеп

оқушылары санының ұлғаюы;

  1. шағын-орталықтардың жұмыс істеуі;

  2. балаларды мектепке дейінгі тәрбие

және оқытумен қамтудың өсуі;

  1. Аз қамтылған отбасыларының

балаларын және 1-4 сынып оқушыларын тегін сытық тамақпен 100% қамтамасыз ету.


Әлсіз жақтары (W):

  1. Үш ауысымды білім

  2. Мектепке дейінгі мекемелерге

балалардың кезекте тұруы

  1. Қосымша білім беру ұйымдарына

арналған жеке ғимараттың жоқтығы

  1. Қала бюджеті есебінен білім беру

ұйымдарын жеткіліксіз материалдық-техникалық жабдықталуы

  1. Қосымша білім беруді дамыту үшін

қажетті жағдайлар жасау, соның ішінде балалар-музыкалық мектебінің материалдық базасын дамыту.

Мүмкіндіктері (О):

  1. Электрондық оқытуды енгізу;

оқушылар орыны тапшылығын жою;

  1. Жаңа БММ ашу жолдарымен

мектепке дейінгі мекемелердегі кезектілікті жою;

  1. Қосымша білім беруді дамыту;

  2. Жетім балалар мен ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын-үймен қамтамасыз ету.

Қауіп – қатер (Т):

  1. Мұғалімдердің біліктілік деңгейінің

төмендеуі.

Негізгі мәселелер:



  1. мектепке дейінгі ұйымдарға балалар кезегі

  2. мектеп-гимназия мен №3 орта мектептің акт және спортзалдарына

күрделі жөңдеу жұмыстары қажет

  1. балалар-жасөспрімдер спорт мектебіне күрделі жөңдеу жұмысы қажет

  2. білім беру ұйымдарын компьютерлік техникамен жабдықтау.

Денсаулық сақтау

ШҚО ДСБ «Курчатов қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК - Курчатов қаласында халыққа білікті медициналық көмек көрсететін жалғыз емдеу мекемесі. Аурухана төрт қабатты типтік ғимаратта орналасқан, 1983 жылы пайдалануға берілген. Орталықтандырылған жылу беру және суық су беру жүйелеріне қосылған.

Қызмет көрсететін халық саны 10130 (Курчатов қаласына бекітілген тұрғындар). Қалалық ауруханаға ауысымда 145 адамды қабылдайтын кеңестік-диагностикалық емхана, 38 төсектік стационар, 50 төсектік күндізгі стационар, тәуліктік посты бар жедел және шұғыл көмек бөлімі жатады. Қалалық ауруханада 32 дәрігер, олардың 29-ның санаты бар және 88 орта медицина қызметкерлері, олардың ішінде 52-сінің санаты бар.

2012 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде демографиялық жағдайдың оң динамикасы байқалады: 1000 тұрғынға шаққандағы халықтың туу деңгейінің өсуі 14,91-дан (2012 жыл) 17,39- ға дейін (2014 жыл); соңғы 3 жылдарда 1000 тұрғынға шаққандағы өлім көрсеткіші 7,37 - 7,07-ге төмендеді, халықтың табиғи өсуі 1000 тұрғынға шаққанда 2012 жылы «+ 8,0, (2014 жылы +11,2»).


Сурет 7 – 2012, 2014 жылдардағы туу мен өлімнің негізгі көрсеткіштері
Демографиялық жағдай позитивті сипатта: 2014 жылдың қорытындысы бойынша туу 17,4 облыстық көрсеткіштен жоғары (16,67), өлім 7,1 облыстық көрсеткіштен 11,62 төмен.

50 және одан жоғары жастағы халық саны 25,0%- құрайды. Бұл жағдай ерлер мен әйелдердің күтілетін өмір ұзақтығы дәрежесінде байқалады: 2012 жылғы 67,7%–ға қарағанда 2014 жылы 64,3%-ды құрайды.

Қала бойынша фертильді жастағы әйелдер 24,8 % шамасын құрайды, әйелдер мен балалар денсаулығы мен өнімді денсаулық мәселесінің төмен деңгейін көрсетеді. Соңғы 3 жылда ана өлімі тіркелмеді.

Сәби өлімі көрсеткіші оң динамиканы көрсетеді, өткен жылмен салыстырғанда өлім көрсеткіші 2008 жылы тірі және өлі туғандардың халықаралық критерийлерін енгізуге байланысты 2014 жылы 1000 жаңа туғандарға шаққанда 6,0-дан (2012 жыл) 5,1-ге дейін төмендеді және облыстық көрсеткіштен (2012ж.- 15,8) төмен.

Ана өлімі соңғы жылдары тіркелмеді.

Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар сәби өлімінің негізгі себептері болып табылады. Сәби өлімі құрылымында туа біткен ауытқушылықтар екінші орын алады, бұл ерте жүргізілетін диагностиканың жеткіліксіз деңгейін (туа біткен ауытқушылықты анықтауға жүкті әйелдердің скринингі), жалпы облыста және қалада жайсыз экологиялық жағдайды көрсетеді.

Балалар өлімі көрсеткішінің төмендегені байқалады, 2012 жылы 5 жасқа дейін 1,0-ден 0-ге, бұл 2012 жылғы облыстық көрсеткіштен төмен.

Қалада 2012 жылмен салыстырғанда халықтың науқастануы 2014 жылы 66672.5-тен 62008.6-ға арту (алғаш рет тіркелген аурулар).

Өткен жылдарда халықтың әлеуметтік- маңызды аурулардан өлім және олардың таратылу көрсеткіші төмендегені байқалады.

Туберкулезбен ауру көрсеткішінің 100 мың тұрғынға шаққанда 2012 ж. – 105.2, 2013ж. -94.9 және 2014 жылы 60.4-ға төмендегені байқалады.

Сурет 8 – 2012, 2014 ж.ж. туберкулезбен ауру және өлім


Жұмыссыздар арасында, аурудың дәрілік тұрақтылығына үлестік салмағының артуы байқалады.

2014 жылы балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез тіркелмеген.

Ауруды уақытында анықтау үшін мекемелер жоғары қабілетті бинокулярлық микроскоппен қамтамасыз етілген.

Туберкулез жөніндегі бағдарламаны жүргізу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру үшін енізілген шараларға қарамастан науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері өзекті болып қалып отыр (тұрғын үй бөлу, жол жүруін өтеу, туберкулезбен ауырғандарға, оның ішінде балаларды тамақтандыруға қаражат бөлу).

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда қалада қатерлі ісік ауруының төмендеуін ескеруге болады:

1) қатерлі ісік ауруының жаңадан пайда болу көрсеткіші 8,0 %:

2) жаңадан пайда болған қатерлі ісік ауруынан өлім 42 %:

Сурет 9 – ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік ауруының жаңадан пайда болуы және өлім (100 мың тұрғынға шаққанда)

Амбулаторлық деңгейде диагностиканың жаңа тәсілдерін енгізумен ауруларды ерте сатыда анықтауға бағытталған халықты алдын ала тексерулер жүргізіледі.

Халықтың ауруларының арасында әлеуметтік маңызы бар аурулармен қатар қан айналым жүйесі аурулары барынша маңызды болып отыр. Жалпы өлім құрылымының 24,4%-ын қан айналым жүйесі аурулары (ҚАЖА) құрайды.

Қалада қан айналым жүйесі аурулары өлімін төмендету мақсатында кардиокабинет, дәрігер кардиолог жұмыс істейді. Кардиологиялық науқастарға кеңестік-диагностикалық көмек жақсарды. Осының арқасында науқастар жүрек ишемиясы ауруын - ұштастыру мен стенттеу- коронароангиография мен хирургиялық емдеуге, облыстық кардиохирургиялық бөлімшелер мен республикалық кардиохирургиялық орталықтарға жіберіледі.

Жіті коронарлық синдроммен ауыратындарға тромболиткалық терапия енгізілген.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда саланың профилактикалық бағытталуы күшейтілген, халықтың жеке категорияларын алдын ала тексерулермен қамту артуда, азаматтардың және бірінші кезекте балалардың дене шынықтыру белсенділігін жоғарлату жөніндегі шаралар жүргізіледі.

Қала халқын төсек-орынмен қамтамасыз ету 2012 жылы 48,6-ны құрады. 2014 жылы төсек-орынмен қамтамасыз ету 33,1-ге дейін төмендеді.


Сурет 10 – Қала бойынша төсек-орынмен қамтамасыз ету
Стационарда стационар ауыстыратын көмекте төсек саны 2013 жылы 10- артты және 30 төсекті құрады.

Халықтың медициналық көмек қызметін сұрауы 2014 жылы 8800 жағдайға дейін төмендеді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлем шығындары 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 15,4 пайызға артты.

Қаланың денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету күрделі мәселе болып қалып отыр. 2014 жылы дәрігер саны - 32, орта медицина қызметкерлерінің саны- 89 адам. Халықты дәрігер мамандармен қамтамасыз ету деңгейі 10 000 тұрғынға шаққанда 26,5-ды құрайды. Медицина ұйымын дәрігерлермен жинақтау 2014 жылы - 100% құрады. Дәрігерлердің санаттылығы 2012 жылы 32,1% -ды, 2014 жылы 61,2%-ға артты. ОМҚ санаттылығы 2012 жылы 60,0%-дан 2014 жылы 53,9%-ға артты.

Қала бойынша дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету.

ВИЧ жұқпалы ауруын тарату 2014 жылы 1 жағдай, 2015 жылы- 1 жағдай, көрсеткіші 0,09-ды құрады. ВИЧ жұқпалы ауруының жайылуына қарсы алдын ала тексерулер мен семинарлық дәрістер қойылады.


SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары(S):

  1. Демографиялық жағдай

көрсеткіштері, туудың өсуі, өлімнің төмендеуі, табиғи өсімнің артуы;

  1. Халыққа кепілдік көлемдегі

медициналық көмек аясында медициналық көмекктің сапсын жақсарту және қолжетімділігі;

Әлсіз жақтары (W):

  1. Ұсынылатын медициналық қызметтер

санының жеткіліксіздігі.

  1. Медициналық мекеменің

Медициналық құралдармен жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі;

Мүмкіншіліктері (O):

1) Әлеуметтік маңызды ауруларды қоса алғанда тұрғындардың ауруларының төмендеуі.



Қауіп - қатер (T):

  1. Қалада халықтың денсаулық

жағдайына әсер ететін экологиялық жағдаят.

  1. Саланы жеткіліксіз қаржыландыру

медициналық құралдардың тозуымен қатар медициналық мекеме ғимаратының тозуына да әкеліп соғады, бұның өзі ауруларды уақытында диагностикалауды төмендетумен бірге халыққа медициналық көмек көрсету сапасының төмендеуіне әсер етеді.

Негізгі мәселелер:



  1. жоба - сметалық құжаттама жасалғанына қарамастан қалалық аурухана

ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге ақшалай қаражат бөлу туралы мәселе ашық қалып отыр.

  1. Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы;

  2. Халықтың өз денсаулығына жауаптылығына жеткіліксіздігі;

  3. Емдеу - алдын алу ұйымының материалдық-техникалық базасының

жеткіліксіздігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Экономикалық белсенді халықтың саны (ЭБХ) 2014 жылы 7310 адамды құрады (Курчатов қаласы – 12070 адам, халықтың ортақ санынан 60,6 %).

Экономикалық белсенді халықтың саны (ЭБХ) 2014 жылы 7310 адамды құрады, 2010 жылмен салыстырғанда 82 адамға көбейді.

2012-2014 жылдары кезеңінде өзін-өзі қамтығандардың саны 542 адамнан 606 адамға дейін немесе 11% -ға көбейген.

2012-2014 жылдары кезеңінде жұмыссыздар саны 2012 жылы 330 адамнан 2014 жылы 325 адамға немесе 1,5% -ға азайды.

Жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 4,4% құрап, 2012 жылымен салыстырғанда 0,1% төмендеді.

Облыста әлеуметтік-экономикалық жағдай ақырғы жылдары жетерліктей тұрақты болып келеді: шағын бизнес аясында кәсіпорындар саны артуда; жұмыс орындары мен бос орындар саны көбеюде; біліктендірілген еңбекке ұсыныстар мен сұранымдар көбеюде.

Мемлекеттің нәтижелі саясатымен ойластырылуына байланысты облыста жұмыспен қамту жүйесінде жағымды өзгерістер байқалады. Бірақ та, шешілмеген мәселелер сақталады. Біріншіден, еңбек нарығында жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранымының арасындағы үйлесімсіздік, әсіресе жастар, мүгедекетер, сондай-ақ ұзақ уақыт жұмыс істемегендер мен зейнеткерлік жасқа келіп қалғандардың санатында байқалады. Осы санаттағы халықты жұмыспен қамту мақсатында, облыста Халықтың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету кешенді жоспары жасалған, ол халықтың әлсіз тобымен мақсатты жұмыстарды қарастырады.

2014 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгініп келгендер саны 403 адамды құрады, бұл 2012 жылымен салыстырғанда 106 адамға немесе 25,3% аз (2012 ж.-509). Оның 329 адамы жұмысқа орналастырылды (81,6%), 2012 жылы – 80,0 %.

2014 жылында экономиканың әр түрлі саласында 408 орын құрылған, 2012 жылымен салыстырғанда көрсеткіштер 9,6 % көбейді (2012 ж. – 372 орын).

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» іске асыру аясында ақырғы үш жылда жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздар, өзін-өзі қамтығандар мен аз қамсыздандырылғандар қатарынан 307 адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның іске асқан уақытынан бастап талап етіліп отырған мамандықтар бойынша 115 адамнан астам оқытумен қамтылды. Оқуын аяқтағандардың қатарынан тұрақты жұмыс орындарына 87 адам немесе 75,6 % жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы 2012 жылымен салыстырғанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен табысы бар, халық бөлігі 3,4%-дан 2,5%-ға дейін көтерілді (ҚР - 2,8%). Ауылдық жергілікте кедейлік деңгейі (3,8%) облыс бойынша орташадан (2,5%) қарағанда жоғары.

2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) кедейлік шегінен төмен табысы бар, 31 адамға тағайындалды. Бұл 2012 жылымен салыстырғанда 31% аз. АӘК алушылардың құрамында көбірек салыстырмалы салмақты балалар құрайды – 58,1% (22 бала).

18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекетік жәрдемақы алушылар саны (143бала) 2012 жылымен 32% қысқартылды.

Курчатов қаласының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін, жұмыспен қамту бөлімінде 27 қарт және мүгедек адамдарға қызмет көрсететін, 3 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді.

Арнаулы әлемуеттік қызмет көрсетілумен қамтылған тұлғалардың салыстырмалы салмағы (алуға мұқтаж адамдардың ортақ санында), 2012 жылы 57%-дан 2014 жылы 67% -ға көтерілді.



SWOT- саланың даму жағдайының сараптамасы:


Күшті жақтары (S):

  1. Жұмыссыздық деңгейі 4,5% дейін

төмендеуі (ҚР - 5,0%);

  1. Облыс халқын жұмыспен қамтылуына

көмектесуінде оқытуға, жастар іс-тәжірибесіне жолданған, әлемуеттік жұмыс орындары құрылуы, қоғамдық жұмыстардың кеңеюі Кешенді жоспар жасалды;

  1. 2015-2017 жылдарына облыстың еңбек

ресурстары талап етілуі мен бастау көзінінің болжау мақсатында облыстың жұмыспен қамту Картасы жасалды;

  1. Аулаларға барып шығудың

электрондық деректер базасы жасалды;

  1. Республиканың еңбекке жарамды

адамдары мол облыстардан біліктендірілген мамандардың көшіп келу электрондық картасы жасалды;

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмегіне (МАӘК) жүгінгендер саны 2 жыл ішінде 31.0%-ға төмендеді;

  1. Атаулы әлемуеттік көмек алушылар

құрамында халықтың еңбекке жарамды салыстырмалы салмағы 42.4%-дан 29,0%-ға дейін төмендеп кетті;

  1. «Өрлеу» пилоттық жобасының жүзеге

асуы;

  1. Қоғамда мүгедектерді біріктіру

бойынша шарлардың іске асырылуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Еңбек нарығында жұмыс күшіне

сұраныс пен ұсыныстарда үйлесімсіздік;

  1. Кадрларда экономика талаптарын

анықтау механизімінің болмауы;

  1. Біліктендірілген мамандардың

жетіспеуі;

  1. Тұрақты жұмыс орындарының аздығы,

әсіресе ауылдарда;

  1. Арнаулы әлеуметтік қызметтеріне

мұқтаждардың жартылай стационарлық қызметке ауысуға қажеттілік;

  1. МАӘК алуға үміткер болып отырған,

тұлғаның (отбасының) табыстық жиынтығын есептеу методикасы жетілдірілмеген.

Мүмкіндіктері (O):

  1. Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін

қолдану, сонымен қатар кедейлік «шегінен» халықты шығару бойынша аудандық бағдарламаларды жасау;

  1. Жұмыс берушілердің талаптарына

сәйкес, жұмыссыз халықты кәсіптік дайындау мен қайта дайындау бағдарламасының жетілуі;

  1. Мамандықтар бойынша шетелдік

жұмыс күшін тарту, бірақ дайындық ауданда іске асырылып жатқан жоқ;

  1. Халықтың жұмыспен қамтылуына

көмектесу мемлекеттік белсенді бағдарламалар спектрлерінің кеңеюі;

  1. ауылдық жергілікті тұрғындары үшін

басымдылығымен, жұмысссыз азаматтардың кәсіпкерлік ынтасын дамытуға көмек көрсетілуі;

  1. Республиканың еңбекке жарамды

адамдарынан тұратын облыстарынан көшіру арқасында біліктілендірілген мамандармен қамтамасыз етілуі.

Қауіп-қатер (T):

  1. Өндіріс және жұмыс орындарын

қысқарту көлемі түсіп кету салдарынан жұмыссыздық өсіп кетуі;

  1. Жұмысқа жарамды жаста халықтың

көшіп кетулері көбейгендіктен азайып қалуы;

  1. Ең төменгң күнкөріс деңгейінен

кедейлік шегі 60 % дейін деңгейлік көлемі өскендіктен,АӘК алушылар санының өсіп кетуіне әкеледі;

  1. Коммуналдық қызметтер үшін

тарифтердің өсіп кетуі тұрғын үй көмегін алушылардың көбеюіне әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет