Бағдарламасы мал басының тауарлық табынын арттыруға, еттің экспорттық әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған



жүктеу 15.68 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі15.68 Kb.
2012 жылдың 10 айындағы Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы
Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы мал басының тауарлық табынын арттыруға, еттің экспорттық әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Бордақылау алаңдарын құру. Жоба аясында 2010-2015 жылдар аралығында бір мезгілде бордақылауға арналған 150 мың орындық бордақылау алаңдары желісін құру жоспарлануда. 2012 жылы бір мезгілде бордақылауға арналған 20 мың орындық бордақылау желісін құру қарастырылған. 


Бүгінгі таңда «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның несие ресурстары есебінен 12,5 мың басқа арналған жобалар қаралуда. Оның ішінде Павлодар облысында 1,5 мың басқа арналған бордақылау алаңын қаржыландыру мақұлданған. 
Сондай-ақ бастамашылардың өз қаражаттары есебінен бір мезгілде 4,8 мың бас малды бордақылауға арналған желі құру жоспарлануда. 
Репродукторлар құру. Бағдарлама аясында 2012 жылы Қазақстанға шетелдік селекцияның асыл тұқымды 12 мың бас ірі қара малын әкелу жоспарланған. 
Қазіргі күні ауыл шаруашылық құрылымдары 9 323 бас ірі қара мал жеткізді, оның ішінде 2 694 бас мал - шаруашылықтардың өз қаржыларына, 6 629 бас - «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражаты есебінен әкелінді.
Бүгінгі таңда шетелден 18,6 мың бас ірі қара мал әкелу туралы өтініштер мақұлданып отыр. Әкелінген мал тұқымдарын жіктейтін болсақ, 4 356 бас ангус тұқымды, 2 855 бас герефорд, 1 885 бас симменталь, 89 бас лимузин, 72 бас обрак, 2 бас швиц тұқымды ірі қараны құрайды. 
Жеткізуші- елдер бойынша: 31,7 пайызы АҚШ-тан, 14 пайызы Канададан, 12,5 пайызы Австралиядан, 11,6 пайызы Австриядан, 9,7 пайызы - Ирландиядан, 9 пайызы Чехиядан, 7,3 пайызы Ресейден, 2,5 пайызы Даниядан, 0,9 пайызы Украинадан, 0,8 пайызы Франциядан жеткізілген. 
Фермерлік шаруашылықтарды дамыту. 2012 жылы 42 мыңдай ірі қара мал басын ұстайтын фермерлік шаруашылық желілерін құру жоспарланған. Қосымша 4,6 мың аналық мал басын сатып алуға берілген тапсырыс қарауда жатыр.

 

«Сыбаға» бағдарламасының 1 790 қатысушының 1 589 қатысушы шаруа қожалықтары Ақпараттық- талдау жүйесінде (АТЖ) тіркелген, бұл жоспардың 89% құрайды. 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет