Бағдарламасы Математикадан ана тілінде жарық көрген алғашқы оқу бағдарламасы "Есептану жобасы"



бет1/2
Дата04.01.2023
өлшемі70.47 Kb.
#468102
түріБағдарламасы
  1   2
моәт 15 билет


15-билет

  1. Математиканың қазақ мектебіне арналған алғашқы оқу бағдарламасы

Математикадан ана тілінде жарық көрген алғашқы оқу бағдарламасы “Есептану жобасы” деп аталады, оның авторы Кәрім Жәленұлы (1888–1938жж.). Математикалық білім беру мазмұнын анықтау мен математиканы оқытудың әдіс-тәсілдері жайында құнды ой-пікірлер айтқан, қазақ балаларына ана тілінде математикалық білім беру мәселелерімен жүйелі түрде айналысып, соған көп күш-жігер жұмсаған математик-әдіскер, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері К.Жәленұлы Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени-әлеуметтік өмірінде үлкен орын алады. Бұлай деуімізге оның келесі бағыттағы атқарған істері дәлел бола алады.
Біріншіден, ол Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің атқарған ісіне зор үлес қосты.
Екіншіден, қазақ арасындағы халық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен тынбай шұғылданып, педагогикалық оқу орындарында ұстаздық және басшылық қызметтер атқарды.
Үшіншіден, математикадан қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу бағдарламасы мен бөлшек сандар арифметикасына арналған алғашқы оқулықты жазды.
Төртіншіден, алғашқы мерзімді қазақ педагогикалық басылымдарында көптеген мақалалары жарық көрді.
К.Жәленұлының сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Мұрағат мәліметтері бойынша, оған "Талап" қауымы тарапынан геометрия оқулығын жазып, тапсыру жөнінде тапсырма берілген екен. Өкінішке орай, оның жазылған- жазылмағанын анықтау әлі де мүмкін болмай отыр.
К.Жәленұлының “Есептану жобасы” қазақ мектебі үшін математика пәні бойынша жасалған алғашқы төл оқу бағдарламасы болып табылады. Ол төртжылдық мектепке арналған “Мұғалімдерге” және “Есеп ғылымының жобасы” атты екі тараудан тұрады.
Автор “Мұғалімдерге” тарауында: “Осы сіздерге ұсынып отырған есеп ғылымының жобасы үлгілі мектептерге деп арнап жазылған еді. Бұл жаңа мектепке лайықты қылып жазылған болса да, қалың ел ішіндегі бастауыш мектептерге де осы шексіз лайықты деп айта алмаймыз, надандық, қараңғылық көтере алмас деген қауіп кіреді. Және де ел ішінде осы жаңа жобамен оқуды жүргізе алатын мұғалімдеріміз де жоқ, сондықтан үлгілі мектепке деп айтып өтуді тиіс көрдік” деп жазылған [42]. Шынында да, сол кезеңде Қазақстанда аса көп таралған мектеп түрі төртжылдық бірінші басқыш мектептер болатын, сонымен бірге үлгі-тәжірибе мектептері, мектеп-коммуналар деп аталатын мектептер де көптеп ашыла бастаған еді. Бұған қарағанда, автордың үлгілі мектептер деп отырғаны осылар ма деп ойлаймыз. Бұл мектептердің бір қалыпты жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндіктері болды және оларда оқу жұмысы дұрыс жолға қойылған болатын.
Енді бағдарламаның негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық.
А) Арифметикалық материал оқу бағдарламасының негізгі өзегі болып табылады және ол концентрлік жүйеде орналастырылған. Басқа материалдар арифметикалық материалмен тығыз байланыста сәйкесінше концентрлер бойынша қарастырылып, кеңейтіліп отырады. Бағдарламада натурал сандар арифметикасын оқытудың негізі ретінде мынадай концентрлер алынған: 1) "бірінші ондық"; 2) "бірінші жүздік”; 3) “бірінші мындық"; 4) "кез келген шамадағы сандар”.
Ә) Өлшем бірліктерімен таныстыру 1-оқу жылынан бастап-ақ қолға алынады (нәрселерді салыстыру, екі нәрсенің арасын өлшеу, әуелі қазақтың өлшем бірліктерімен, сонан соң метрмен, сантиметрмен, килограммен және т.б. таныстыру). 2-оқу жылына циркуль, бұрыштық, сызғыш, эккер, ватерпас сиякты елшеу құралдарын колдан жасау және олармен жұмыс істей білу енгізілген. 3-оқу жылы қолдан істелген транспортир және ол арқылы бұрышты өлшеу, ауданның және көлемнің өлшем бірліктері; 4-оқу жылы атаулы сандардың төрт амалы, мөлшерлес өлшемдік мәселелері қарастырылады.
Б)Геометриялық материал бағдарламалық материалдың елеулі бөлігін құрайды. 1-оқу жылы балаларды қарапайым геометриялық фигуралармен таныстыру және олардың кеңістік туралы түсініктерін одан әрі дамыта түсу мақсаты көзделген. Балаларға кейбір кеңістік фигураларын (текше, "Доп", дұрыс призма және т.с.с.) өздерінің қолдарынан келгенше үлкен- кіші демей, кейіннен мұғалімнің айтқан мөлшерімен жасап көру ұсынылады. Сонымен бірге шаршы, тік төртбұрыш сияқты фигуралар таныстыру тұрғысынан оқып-үйретіледі. 2-оку жылы түзу, қисық және сынық сызықтар, горизонталь және вертикаль, перпендикуляр және параллель түзулер, масштаб, бұрыштар (сүйір, доғал және тік) қарастырылады.
В) Бағдарламаның түсінік хатында оқушыларды 3-оқу жылынан бастап функциялық тәуелділікпен таныстыру керектігі және балаларды 1-оқу жылынан бастап дайындай беру мұғалімнің міндеті екендігі атап көрсетілген. Осыған орай, алгебра элементтері 1-жылдан бастап-ақ айқын емес түрде енгізіледі. 2-оқу жылы 24 + x = 45; 34 - x = 14, 3x = 9, x/4 = 24 түріндегі теңдеулерді шешу; қосынды мен айырманың өзгеруі тақырыптары; 3-оқу жылы көбейтінді мен бөліндінің өзгеруі, санның бөлігін және бөлігі арқылы белгісіз санды табу; 3/4х = 27 түріндегі теңдеулерді шешу, функциялық тәуелділік; 4-оқу жылы температура графигін сызу, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер оқытылады.
Г) Бағдарламада есептер шығаруға да тиісті дәрежеде көңіл бөлінген. Барлык концентрлерде де есептер шығару амалдарды үйренумен қатар жүргізіліп отырылады. Алдымен балаларға түсінікті жеңіл есептер шығару ұсынылады, кейін олар бірте-бірте күрделене түседі. Сонымен қатар, есептердің айналадағы өмірден, тұрмыстан және балалардың тұрмыс- тіршілігімен байланысты оқиғалардан алынуына мән беріледі. Автордың ойынша, осылай алғанда, есеп балаларды қызықтырады және олардың өздерінің тұрмысынан алынғандықтан, шығаруға да оңай болады.
К. Жәленұлы ауызша есептеулерге де көңіл бөлген. << ауызша есептің пайдасы жазба есептердегіден аз болмайды, сондықдан бұл екеуін қатар жүргізсе өте жақсы болады>>,- деген




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет