БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Қазақстандағы минералды шикізаттар



бет3/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.65 Mb.
#1769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Қазақстандағы минералды шикізаттар

мен минералды тыңайтқыштар өндіру

3 сурет

2009 жылы «Казфосфат» ЖШС-нің бөлімшесі ЖЖФЗ-мен 15,7 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өндірістің құлдырауы жақын және алыс шетел нарығындағы химия өнімдеріне деген сұраныстың шектеулілігімен байланысты болды. 2009 жылдың ішінде компания кәсіпорындарының жұмысында ауытқулар болды, тамыз айынан бастап сары фосфор шығаратын рудотермикалық пеш іске қосылды, қыркүйекте екінші пеш іске қосылды.

«Казфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» бөлімшесі 5,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді, 42,8 мың тонна фосфор тыңайтқыштары (96,1%), 7,8 мың тонна – азот тыңайтқыштары (116,1%) өндірілді.

Облыс экономикасын тұрақтандыру жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде 2009-2010 жылдары облыстың жергілікті атқарушы органдары кәсіпорын жұмыстарын тұрақтандыру және өндірілетін өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау жөніндегі іс-шаралар қабылдауда. Осылайша, «Казфосфат» ЖШС үшін 2010 жылдың 1 қазанына дейін солтүстік электр көздерінен электр энергиясына деген тарифті 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 3,6 теңге деңгейіне дейін төмендету жөнінде келісім жасалды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін «Казфосфат» ЖШС өндіретін минералды тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде Үкімет қабылдаған шаралар азот тыңайтқыштары өндірісін 2008 жылмен салыстырғанда 1098 тоннаға арттыруға негіз болды.

2009 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Казфосфат» ЖШС, «КазАгро» Ұлттық холдингі және «Қазақстанның Агроодағы ассоцияциясы» ОЮЛ арасында жасалған меморандумға сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 5,1 млрд.теңге сомасында 64,5 мың тоннааға дейін минералды тыңайтқыштар жеткізуге келісім жасалды, мұнда тасымалдау бойынша барлық келісім міндеттері орындалды. Бұл шаралардың барлығы дағдарыс кезіндегі өңірдің химия саласының жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
2005-2009 жылдардағы химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

4 сурет


4 суреттен көргеніміздей, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда химия өнімдерінің тауарлары 41,9%-ға аз өндірілді, өндіріс көлемі 21,6 млрд. теңгені құрады. 2005 және 2008 жылдар аралығындағы кезеңде фосфор өндіру көп ауытқыған жоқ, өндірістің орташа көлемі жылына 74 мың тоннаны құрады.

Химия өнеркәсіптерінің қуаттары республиканың қажеттілігін өтеп қана қоймайды, сонымен қатар өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға да мүмкіндіктері бар. Алайда, 2009 жылы әлемдік дағдарыс салдарынан машина жасаудағы, құрылыстағы, ауыл шаруашылығындағы, Евроодақтағы сары фосфор өніміне деген сұраныстың күрт төмендеуінен сары фосфор мен минералды тыңайтқыштар бағасының (3-3,5 есеге) төмендеуінен, электр қуаты (50%), табиғи газ (23%), электр қуатын тасымалдау (17%), сондай-ақ теміржол тасымалы бағасының өсімінен химия өнімдерін өндіру төмендеді.

2005 жылдан 2007 жылға дейін екі еседен аса төмендеген тыңайтқыш өндірісінің көлемі қазіргі кезде жылына 40-45 тонна деңгейінде. 2007 жылы өндіріс құрылымында бірқатар өзгерістер болды, тиімділігі төмен болғандықтан, 2005 жылы шығарылым үлесі 28%-ды құраған суперфосфат өндіру тоқтатылды.

Қазіргі таңда химия өнеркәсіптері жаңа инновациялық және бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын ашу үстінде үздіксіз жұмыс атқаруда, өнімнің қосымша құнын арттыру әлеуетін пайдалана отырып инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

Бұл «Казфосфат» ЖШС-нің жобалары – қуаты жылына 2 млн. тонна суспензиялық байыту фабрикасы, онда 300 жаңа жұмыс орнын ашу және іске асырылуы 2010-2012 жылдарға жоспарланған, Елімізді индустриализацияландырудың республикалық картасына енген, қуаты жылына 650 тонналық (138 жұмыс орны) күкірттік-қышқылдық цех ашу көзделуде. Қаржылық мәселелерді шешу үшін 2010 жылдың шілдесінде 50 млн. АҚШ доллары сомасындағы банктік займға «АТФ Банк» АҚ мен «HSBC BANK KAZAKHSTAN» АҚ-мен келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ Қаратау қаласында «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС минералды тыңайтқыштар (азот, фосфорлық және кешендік) өндіруді ұйымдастыру жөніндегі құны 394, 5 млрд. теңгелік ірі инвестициялық жоба іске асырылуда, мұнда 3500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде, бұл жоба Елімізді индустриализацияландырудың республикалық картасына енген, іске асырылуы 2010-2012 жылдарға жоспарланған.

Қаратау қаласындағы көп уақыттан бері тоқтап тұрған «Сары-Тас» АҚ-да қуаты 1000 мың тонна – күкірт қышқылын, 450 мың тонналық - аммиак, 640 мың тонналық – азот қышқылын, 1000 мың тонналық – фосфор және кешендік қышқылдар, 1000 мың тонналық – азот қышқылын өндіру іске асырылатын болады. Фосфат шикізаты өздерінің байыту фабрикаларынан, жылына 550 мың тонналық кесек күкірт Қазақстанның батысындағы мұнай және газ кен орындарынан, жылына 1 млрд.текше м табиғи газ құбыры бойынша келіп түсетін болады.
Машина жасау

2009 жылы машина жасау өнімдерін шығару 7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2008 жылы – 91,5%-ды, ЖҚҚ көлемі – 3,5 млрд. теңгені құрайды. ЖӨӨ құрылымындағы машина жасау өнімдерін шығарудың үлесі 1,2%-ды құрады. Салада жуу техникалары басымдықпен шығарылады. Бұл саланың республика көлеміндегі үлесі аз ғана, бар болғаны 2 пайыз ғана және облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 8 пайыз ғана.

Машина жасаудағы өндірістің құлдырауы 2006 жылдан басталды, бұл өнімге деген сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты, өнім шығару көлемі 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 7,3%-ға, 2008 жылы 2007 жылға қарағанда – 31%-ға төмендеген (6 сурет).
2005-2009 жылдардағы машина жасау өндірісінің көлемі және нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

6 сурет

Машина жасаудың даму қарқыны баяу. «Таразкоммаш» атты жалғыз кәсіпорын өндірістік жуу машиналарын, киім кептіретін және кір сығатын машиналар ғана шығарады, онда бірқатар шешілмеген мәселелер бар:

- жабдықтардың ескіру деңгейі өте жоғары (43-80%);

- шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, түрлерінің аздығы және өнімді ішкі тұтыну үлесінің төмендігі;

- қолда бар өндіріс қуаттырын толық пайдаланбау;

- саланың инвестицияға тартымдылығының төмендігі және айналым қаржыларының үнемі жеткіліксіздігі;

- инфрақұрылымның біршама бөлігінің (конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименттік база, тексеру және техникалық бақылау орталығы) жоғалуы;

- өндірісті дамытуға қаржы тартудың пайыздық мөлшерлемелерінің жоғарылығы.
Металлургия

Облыста алтын кенін өндіру мен байыту, металл балқыту, сондай-ақ металдан бұйымдар жасау іске асырылуда. Ферросплав, алтын және құрамында алтыны бар концентраттар өндіру барынша маңызды салалар болып табылады.

ЖӨӨ құрылымындағы металлургия өнімдерін шығару үлесі - 1%. Облыстың экспорттық-импорттық операциялар құрылымындағы металлургия өнімдерін шығару үлесі 6% шамасында. Металлургия өнімдерін экспорттау 2009 жылы 2,1 млрд.теңгені, саладағы ЖҚҚ көлемі - 3,7 млрд. теңгені құрады.
2005-2009 жылдардағы металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі және нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
7 сурет

2009 жылы металлургия өнеркәсібі өнімдерін шығару 4,1 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 92,2%-ды құрады.

Жамбыл облысындағы дайын металл өнімдерінің өндірісі Тараз қаласында шоғырланған және «Құрылыс конструкциялары зауыты» ЖШС мен «Имсталькон ЖМКЗ» ЖШС тәрізді кәсіпоріндармен көрініс береді.

Металлургия өнімдерінің күрт өсуі «Тараз металлургия зауыты» ЖШС (ары қарай «ТМЗ» ЖШС) атты жаңа өндіріс орнының ұйымдастырылуы есебінен қамтамасыз етілді, онда ферросиликомарганец шығарылады.

«ТМЗ» ЖШС 2007 жылдан бері «Химпром-2030» ЖШС зауытын ферроқорытпа өнімін өндіретін, болат балқытуды ұйымдастыратын, электрокальциленген антрацит шығаратын өндіріс орны ретінде қайта қалыптастыру жөніндегі инвестициялық жобасын іске асыруда, бұл өңдеу өнеркәсібінің – қара металлургия саласының дамуына мүмкіндік берді. Бұл жоба Елімізді индустриализацияландырудың республикалық картасына енген.

2009 жылы кәсіпорын 1,8 млрд. теңгенің тауар өнімдерін шығарды және 9,7 мың тоннаа ферросиликомарганец, 6,6 мың тонна – электродты массалар, 659 тонна – жөндеу массаларын шығарды. 2007-2009 жылдардағы кәсіпорынды қайта жаңғыртуға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады. Алайда 2009 жылғы өндіріс көлемінің төмендеуіне пештің сәуір айында жөндеу үшін және тамыз айында жоспарлы түрдегі жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылуы, сондай-ақ ферросиликомарганец шығаратын шикізатпен қамтамасыз етілмеуі негізгі себеп болды.

Бүгінгі таңда «ТМЗ» ЖШС құны 29,0 млрд. теңгелік «Ферроқорытпа өндірісі мен оның шикізаттық базасын әртараптандыру және кеңейту» инвестициялық жобасының 2 кезеңін іске асыруда, мұнда қосымша 300 жұмыс орны ашылатын болады.

«Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС Қазақстан мен таяу шетел нарығында болат конструкцияларын дайындау мен монтаждау бойынша беделді орынды иеленеді.

Кәсіпорында көлемі 100-ден 20000 текше метрге дейінгі шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, су мен басқа да сұйықтықтар сақтайтын болаттан жасалған тік шеңбер тәріздес ыдыстар шығаратын екі қуатты қондырғылар бар. 2009 жылы металл конструкцияларына деген тапсырыстың қысқаруынан кәсіпорындағы өнім шығару 38,5%-ға төмендеді. Кәсіпорында IS0 9000 сапа менеджменті жүйесі енгізілді.

«Жаңатас» «Металлургия комбинаты» ЖШС өздерінің 450,0 млн. теңге қаржыларының есебінен болат балқытатын цех құрылысы инвестициялық жобасын аяқтады. 60 жаңа жұмыс орны ашылды. 2010 жылдың қыркүйегіндегі Елбасының Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде бұл жоба мерзімінен бұрын іске қосылды.

Тараз қаласында «Қосалқы бөлшектер» АҚ-да болаттың сапалы түрлерінен жылына 120 мың тонна прокатты өнім шығаратын «Электрометаллургия зауытының құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыруда, оның құны – 3,25 млрд. теңге, оның ішінде игерілгені 2,4 млрд. теңге. Жобаның 70%-дан астамын (2250 млн. теңге) «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржыландыруда. 843 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде, бүгінгі таңда 88 жұмыс орны ашылды. Кіші зауытты (болат балқытатын және болат құятын өндірістің І кезеңін) іске қосу 2010 жылдың аяғына жоспарлануда.

Бұл жобалар аймақтық индустриализацияландырудың облыстық картасына енген.

Алтын өндіру Мойынқұм ауданындағы Ақбақай кен орнында шоғырланған, оның үлесінде Қазақстанда барланған алтын қорының 9%-ы сәйкес келеді. Құрамында алтыны бар кенді өңдеумен Ақбақай ТМК айналысады және олар құрамында алтыны бар концентрат, алтын және күміс шығарады.

«Ақбақай» жер асты кен орнының жылдық өнімділігі 150,0 мың тоннаны, ал ашық тау жұмыстарын жүргізетін учаскелердегі жылдық өндіріс 230,0 мың тонна топтық сілтісіздендіру үшін құрамында пайдалы қазбасы аз кен өндіреді. Ескі өндіріс орны бүгінгі таңда физикалық та, моральдық та тұрғыдан ескірген, 2010 жылдың көктемінде шахтаның бірқатар бөліктері судың астында қалды. «Алтын Алмастың» жаңа басшыларының алдындағы алғашқы кезеңдегі міндеттердің бірі – өндірістік мәселелерді шешу. Бүгінгі таңда «Алтын Алмас» АК» АҚ құны 32,0 млрд. теңгелік алтын шығаратын фабриканы модернизациялау мен қайта жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобасын іске асыруда, бұл жоба жаңа өндіріс орнын ашумен қатар қосалқы инфрақұрылымдар ашуды да көздеуде. 900 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Бұл жоба аймақтық индустриализацияландырудың облыстық картасына енген.

Облыс қойнауындағы көптеген пайдалы қазбалардың ішінде мыс ерекше орын алады. Қазақстандағы мыс кенінің 3%-ға жуғы біздің облысымыздың үлесінде. Мыс кенінің базасы Қордай-Шатыркөл мысты ауданында шоғырланған және ол өнеркәсіптік игеруге дайындалған Шатыркөл және Жайсан (Шу ауданы) кен орындарымен көрініс береді.

Қордай ауданында титанды-магнилі кеннің кен орны барланды, оның базасында «TENIR-LOGISTIK» ЖШС компаниясы теміркен концентратын, титан концентратын, сондай-ақ құны 90,0 млрд. теңгелік жоғарыкөміртекті легирленген болат өндіруді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Инвестициялық жоба бойынша 1050 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Жобаның іске асырылу мерзімі 2010-2014 жылдар. Бұл жоба аймақтық индустриализацияландырудың облыстық картасына енген.


Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі

Облыста кендік емес пайдалы қазбаларға – құрылыс материалдарына шикізаттар, оның ішінде өңдеу тастары, әктастар, әрлеу, құрылыс тастарына және т.б. өте бай. Облыста құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар.

2009 жылы металл емес өзге минералды өнім шығару 3,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 80,3%-ды құрады. Саладағы ЖҚҚ көлемі 2,3 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымындағы құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 2009 жылы – 0,6%-ға жетті. Экспорт көлемі 2009 жылы - 4305 мың теңге болды. Құрылыс материалдарының өндірісі 2007 және 2008 жылдары өсті, алайда 2009 жылы өндіріс көлемі біршама қысқарды. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі металл емес өзге минералды өнімнің үлесі 4,4%-ды құрайды.

Әлемдік дағдарыс 2009 жылы құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысы мен құрылыс материалдары өндірісіне барынша қатты әсер етті. цемент, кірпіш, ұсақ тас, әктас және т.б. өндіретін кәсіпорындар («Монолит» АҚ, «Ақтас» ЖШС, «Керамик-Инвест» және т.б.) жартылай немесе толығымен тоқтап қалды.

2009 жылы кірпіш өндіру көлемі 48%-ға қысқарып, 60,8 мың текше метрді құрады, ұсақ тас өндіру 34%-ға қысқарып, 553,6 мың текше метрді құрады, әктас пен гипс өндірісінің көлемі 884,7 мың тоннаға қысқарды, бұл алдағы жылдың кезеңінен 47%-ға төмен.

Әктас пен ұсақ тасты экспортқа шығаратын «Ақтас» 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында тоқтап тұрды, себебі өнімге деген сұраныс болмады, олар өз жұмысын жылдың тек екінші жартысында ғана қайта бастады. Бұл кезең аралығында 352,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

Индустриалды-инновациялық бағдарлама шеңберінде 2009 жылдың тамызында «Құрылыс материалдарын шығаратын комбинат құрылысы» инвестициялық жобасы іске асырылды, Жаңатас-1 әктас кен орны мен Жаңатастық құрылыс тастарының кен орны оған шикізат базасы ретінде қызмет етеді. 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Цемент шығаратын тәжірибелік өндіріс қосылды. Алайда, эмиссияға рұқсаттың жоқтығынан, сондай-ақ шаңнан, газдан тазартатын жабдықтың жоқтығынан ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу және тазарту жабдығынсыз зауыттың іске қосылуын болдырмау туралы бұйрық берілді.

«АльБасар» ЖШС 2010 жылдың шілдесінде құны 570,0 млн. теңгелік гранит пен одан жасалатын бұйымдарды (жиектеме, қырлама және кеспелтек) өңдеу цехының құрылысын аяқтады. Инвестжоба бойынша 165 жаңа жұмыс орны ашылды.

Экономиканы дамыту және хал-ахуалды жақсарту үшін облысқа «Қазақстандық құбыр зауыты» ЖШС тәрізді ірі инвестор тартылды, соның нәтижесінде үстіміздегі жылдың тамыз айында Байзақ ауданында полиэтиленді құбыр шығаратын құны 3,5 млн. Евро құбыр зауыты салынды, 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қуаты сағатына 250 кг-ға жететін, диаметрі 20-160 мм құбыр шығаратын алғашқы желі іске қосылды, қазанда екінші желі (500 кг құбыр) іске қосылмақ. Үшінші желіні (1000 кг құбыр) іске қоса отыра зауыт 2011 жылдың сәуірінде жобалық қуатын арттырады.

Құрылыс кешенінің қазіргі кездегі талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары, құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өндірісіне, сонымен қатар жоғары деңгейдегі өңдеу өнімдеріне арналған шикізаттың негізгі түрлерінің қолданыстағы кен орындарының бар екендігін көрсететін бірегей минералдық-шикізаттық базасы бар біздің облысымызда 2009-2010 жылдары 2 цемент зауытының құрылысы жоспарлануда, оның бірі қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент шығаратын «Жамбылдық цемент өндірісі компаниясы» ЖШС, оның құны 34,9 млрд. теңге, оның 22,8 млрд. теңгесі игерілді.

Инвестжобаны іске асыру және оны ары қарай қаржыландыру үшін ЖШС-ке «Vicat Group» француз компаниясы (60%), қазақстандық Homebroker инвестициялық компаниясы (30%) және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) (10%) тұлғаларында инвесторлар тартылды. 350 жаңа жұмыс орны ашылды. 2010 жылдың қарашасында зауыт клинкердің алғашқы тонналарын бере бастайды, сосын үстіміздегі жылдың желтоқсанынан бастап зауыт толығымен іске қосылады және түрлі маркадағы цементтер шығара бастайды. Бұл жоба Елімізді индустриализацияландырудың республикалық картасына енген.

«ACIG» АҚ Хантау станциясында қуаты жылына 500 мың тонналық цемент зауыты құрылысы жобасын іске асыруда, оның құны – 8,3 млрд. теңге, игерілгені 5,4 млрд. теңге. Болашақта қуатын жылына 1 млн. тоннаға дейін арттыру көзделуде.

Жобаны «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржыландыруда (4500 млн. теңге). Жоба бойынша 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт құрылысының бірінші кезеңі – 500 мың тонна цемент шығаратын желі аяқталып та қалды. Жобаны іске асыру барысында төмендегідей мәселелер орын алды:

- шетелдік жұмыс күшін тарту құжаттарын дұрыс рәсімдемеу салдарынан салынып жатқан объект жұмыс күшімен қамтамасыз етілмеді;

- кепілдік қамсыздандырудың жеткіліксіздігі, зауыт құрылысын аяқтау үшін жобаға салынған өз қаржыларының жоқтығы және кеден органдарымен соттық істер жүргізу зауыттың іске қосылу мерзіміне кері әсерлерін тигізуі мүмкін.

«Самұрық-Қазына» ҰБҚ» АҚ заемдарды қайта құрылымдауды жүргізді, оның ішінде заемдарды өтеу мен сыйақыларды төлеу кестелері (қарыз алушы негізгі қарызы мен сыйақыларды төлеуден 2011 жылдың 11 мамырына дейін босатылды) оңтайландырылды, сонда да объектінің құрылысын аяқтауға қажетті қаржы жоқ және «ACIG» АҚ-ның басшылары бұл мәселені шеше алмай отыр.

Қазіргі таңда инвестициялық жобаның бастамашыларымен зауытты іске қосу мерзімін 2011 жылға жылжыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.



«МВТ» ЖШС Қордай ауданында қуаты жылына 30 мың тонналық ұсақ әктас және 100 мың тонна әктас өндіретін зауыт құрылысы инвестжобасын іске асыруды ойластыруда, оның құны 948,0 млн. теңге. 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның іске асырылу мерзімі 2007-2012 жылдар.

Әлемдік дағдарысқа байланысты «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ бұл жобаны қаржыландыруды уақытша тоқтатты, Осыдан кейін зауыт құрылысының жұмыстары тоқтады.

Бұл жобалар Елімізді индустриализацияландырудың республикалық картасына енген.
Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіптің облыс экономикасының құрылымындағы үлесі көп емес. 2009 жылы саладағы өнім өндірісінің көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі көлемнің 0,4%-ын ғана құрады. Өндіріс көлемі 2009 жылы 325,8 млн. теңгені (НКИ - 112,1%) құрады. Саладағы ЖҚҚ көлемі 263,2 млн. теңге. Инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңгені құрайды.

Саладағы жұмыс істейтіндер саны облыс экономикасында жұмыс істейтіндердің 0,5%-ын құрайды. ЖӨӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығару үлесі 0,06%. Экспорттың жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының үлесі бар болғаны 1,1% ғана. Саладағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 80%-дан астамы моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтармен жарақтандырылған шағын және орта бизнес субъектілерімен көрініс береді.

Облыс қалалары мен аудандарындағы жеңіл өнеркәсіптің

негізгі кәсіпорындары

5 кесте


Кәсіпорын

Негізгі өндірілетін өнімдер

Орналасқан жері

«Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС

жүн, топс

Тараз қ.

«Руно» ЖШС

жүн

Тараз қ.

«Тараз былғары аяқкиім» ЖШС

былғары тері тауарлары және аяқ киім

Тараз қ.

«Сапаров» ЖК

киім

Тараз қ.

«Айвенго» ЖШС

тігін өнімдері

Тараз қ.

«Дизайн Студио» ЖШС

киім

Тараз қ.

«Би Дуалет» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім, киіз үй

Тараз қ.

«Канагат Тараз» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім

Тараз қ.

«Ырыс Бахыт» ЖШС

киім

Қордай ауданы

Сала құрылымының үштен бірін былғары тері өнімдері алады және үштен екісін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдері құрайды, бұлар негізінен жүн өндірісімен көрініс береді.




2005-2009 жылдардағы жүн өндірісінің динамикасы, тонна

8 сурет

Облыстағы жүн өнеркәсібінің жалғыз ірі кәсіпорыны «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС болып табылады, ол жуылған жүн өңдеумен айналысады.

2005 және 2009 жылдар аралығында жүн өндіру заттай көрінісінде 45%-ға артты, өсімнің орташа жылдық қарқыны 8%-ды құрады. Қазақстан Республикасындағы жүн өндірісіндегі облысымыздың жоғары үлесі аймақтағы дамыған ешкі және қой шаруашылығының болуына байланысты.

Елбасының 2010 жылдың қыркүйегіндегі Жамбыл облысына іс-сапары кезінде «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-де қолданыстағы цехтың базасында топс өндіретін құны 1,1 млрд. теңгелік (игерілгені 492,5 млн.теңге) инвестициялық жоба мерзімінен бұрын іске қосылды. Жоба «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ның (949 млн.теңге) қаражаты есебінен қаржыландырылуда. 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірісті іске қосу актісі бар. Бүгінгі таңда фабрика жылына 2 мың тонна меринос жүнін және 800 тонна топс өндіре алады.

Былғары тері өнеркәсібі аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің үштен бірін құрайды, бұл, бірінші кезекте, облыста мүйізді ірі қараның көптігімен байланысты болса керек. 2005 жылдан 2008 жылға дейін саладағы өндіріс 13%-ға төмендеді және 2009 жылы ол 117,0 млн. теңгені құрады (9сурет).
Облыстағы былғары өндірісінің динамикасы, млн. теңге

9 сурет

Облыстағы аяқ киім өндірісі 2006-2009 жылдары 50%-ға төмендеді, бұл ретте Қазақстандағы жалпы аяқ киім өндірісі жылына 18%-ға өсіп отырған.

Көп жылғы тоқыраудан кейін 2005 жылы қайта іске қосылған «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС облыстағы аяқ киім өндіретін негізгі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын былғары тері бұйымдарын халықтан сатып алады, ал тиісті қосалқы материалдар мен химикаттарды шетелден алады. Фабриканың негізгі өнімі – республикамыздың қарулы күштері мен ведомстволарына арналған арнайы аяқ киім. Кәсіпорын болашақта балалар мен әйелдерге арналған аяқ киім тігу арқылы өз ассортиментін кеңейтуді жоспарлауда. Аяқ киіммен қатар, кәсіпорын теріден жасалған жартылай фабрикаттар, “Вет-блю” және ”Краст” маркалы былғарылар өндіреді, оның 30%-ы Италияға, Пакистан мен араб Эмираттарына экспортталады. Бүгінгі таңда «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС қуаттырының бар болғаны 10%-ы ғана іске қосылған, ал өндірістік қуаты жылына 700 мың пар аяқ киім.

2008 жылы фабрика желінің ассортиментін кеңейту үшін шетелдік жоғары өнімді жабдық сатып алу мақсатында 5 жылдық мерзімге $10 млн. заемдық қаржылар тартты. Ассортиментті кеңейтумен қатар, кәсіпорын жоспарына аяқ киім өнімдерінің өзіндік өткізу желісін ашу да енеді.

Былғары қол сандықтар, чемодандар, сөмкелер, портфельдер, белдіктер өндірісі Қазақстанда да, Жамбыл облысында да дамымаған: ел нарығындағы қазақстандық өнімнің үлесі тек 0,1% ғана.

Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындары Тараз қаласында шоғырланған.

Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіптің күшті жақтарына, бірінші кезекте, өңірде биязы жүнді қой шаруашылығы мен басқа да мал түрлерін өсіруге қолайлы жағдайдың барлығы жатады. Жамбыл облысындағы қойды көп өсіретін аудандар – Қордай (Жамбыл облысындағы қой басының 15%-ға жуығып), Талас (14% шамасында) және Т. Рысқұлов аудандары (13% шамасында). Жамбыл облысындағы жүн қырқу көлемі барлық аудандарда кеңінен тараған.

Солай бола тұрғанмен де, өңірдің жеңіл өнеркәсібінің бірқатар әлсіз жақтары бар. Оның ішінде мал саны бойынша жеке шаруа қожалықтарының үлесінің жоғарылығы (ҚР қой мен ешкі санының 70%-ы), соның салдарынан жүн өндірісінің құрылымында бұл мәселе жүн сапасына кері әсерін тигізуде. ЖШҚ-ның негізгі келеңсіз жағы асыл тұқымды отарлардың режимін және жеммен қамсыздандырылуын сақтау үшін олардың көлемінің жеткіліксіздігі болып табылады, әлемдік тәжірибе бойынша 3 мың бастан (немесе 1,5 мың бас аналық қойлардан) тұратын отар болу керек. Жүн өндіруде ЖШҚ-ның үлесінің жоғарылығы өнім сапасының төмендігіне алып келеді.

Жүн өнеркәсібінің тағы бір проблемасы биязы жүнді қойлардың аз ғана үлесіне қарсы қатты жүнді қойлардың үлесінің көптігімен байланысты.

Сондай-ақ елімізде жүн сапасын тексеретін аккредитациядан өткен зертханалар да жоқ, бұл қазақстандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуын қиындатады. Мәселен, жүнді сертификаттау жүннің килограмының құнын 1-1,5 АҚШ долларына қымбаттатады.
Мұнай-газ саласы

Облыста газ, бензин, дизельді отын және нығыздалған газдан және импортталған мұнайдан мазут өңдеу мен оны тасымалдау іске асырылады. Мұнай өңдеу өнеркәсібі Жамбыл облысында дамымаған: ЖӨӨ құрылымындағы оның үлесі 2009 жылы 0,2%-ды, ал облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 1%-ды құрайды. Өнім өндірісінің көлемі 2009 жылы 1,3 млрд. теңгені (НКИ -142,3%) құрады. Мұнай өңдеу өнімдері газ конденсатынан алынады. Облыста мұнай шикізаты өндірілмейді.

Жамбыл облысындағы газ өндіру 2003 жылдан бері Амангелдігаз кен орнында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Амангелдігаз кен орнының аумағында газды кешенді дайындау қондырғысы, газды кәсіпорынішілік жинау жүйесі, 25 ұңғыма жұмыс істейді.

Облыс аумағында екі өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді («Амангелді ГӨЗ» ЖШС және «Казхиминвест» НПФ ЖШС), олар бензин, дизельді отын жергілікті кен орындарындағы және облысқа Құмкөл кен орнынан (Қызылорда облысы) импортталатын газ конденсатынан мазут өндіреді. Өндірілген өнім көрші Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстан Республикасына жөнелтіледі.

Мұнай және газ өнімдерін өндіру 2009 жылы 2,1 млрд. теңгені құрады, бұл ретте өндірлген өнімнің 63%-ы бензин, 25%-ы – дизельді отын, 12%-ы – мазут.

ҮИИДБ аясында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Жамбыл ауданының Аса ауылында Амангелді кен орнының шикі мұнайын өңдеу зауытының құрылысы жобасын іске асыруда, мұнда бензин, дизельді отын мен мазут өндірілетін болады. Жобаның құны – 3,0 млрд. теңге. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орны ашылады.


Тау-кен өндірісі саласы және кеніштерді игеру.

Өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру саласы мен кеніштерді игеру 5,6%-ды құрайды. 2009 жыл салада 6,5 млрд. теңгенің (НКИ – 69,6%) өнімі өндірілді (8 сурет).


2005-2009 жылдардағы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі тауарлық өнім өндірісінің көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
10 сурет

2009 жылы дайын өнімге деген сұраныстың төмендеуінен фосфор шикізатын, барит және құрамында алтыны бар кен, әктас пен гипс, көмір, құм, ұсақ тас өндіру көлемдері қысқарды.

Тау-кен өндірісі саласында «Казтрансгаз» БК АҚ кәсіпорныдарымен 1,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, табиғи газ өндіру 4,7%-ға (354,2 млн. текше м.). артты. Сонымен қатар, газ конденсатын өндіру 1,5% -ға немесе 25,9 мың тоннааға төмендеді.

«Ақбақай ТМК» АҚ-да өнім шығару көлемі 2,5 млрд. теңгені құрады, құрамында алтыны бар кен өндіру 48,4%-ға немесе 151,6 мың тоннаға, құрамында алтыны бар концентрат – 46,9%-ға (11,0 мың тоннаға) кеміді.

«Шығыс кен басқармасы» ЖШС-де өнім шығару көлемі 379,6 млн. теңгені құрады, кен мен барит концентраттарын өндіру – 48,3%-ға немесе 135,1 мың тоннаға кеміді.

«Казфосфат» ЖШС бөлімшелері «Қаратау» және «Шолақтау» ТӨК-тері құрамында фосфоры бар өнімдерген деген сұраныстың азаюынан фосфор шикізатын өндіруді – 55%-ға төмендетті.

2005-2009 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру өнімдерінің негізгі түрлерін өзгерту динамикасынан көріп отырғанымыздай (6 кесте), 2009 жылы облыста көмір (9,6%-ға), табиғи газ (4,6%-ға) өндіру артқан .


2005-2009 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

6 кесте

Өнім атауы

өлшем бірлігі

жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

Көмір және лигнит өндіру

тас көмір

мың тн

20,0

20,0

66,0

324,0

355,0

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру

газ конденсаты

мың тн

28,4

24,7

26,3

26,3

26,0

табиғи газ

млн.текшем

300,0

279,8

319,9

338,4

354,0

Басқа салалар

ескерткіштерге арналған тас

мың текше м

18,6

9,2

37,4

8,9

23,5

әктас және гипс

млн. тн

1,5

2,2

2,0

1,7

0,9

табиғи құм

мың текше м

20,4

34,6

13,7

53,6

29,7

тас үгіндісі, қиыршық тас,

ұсақ тас

мың текше м

303,5

329,8

626,3

838,6

553,6

ұнтақталған фосфат шикізаты

мың тн

206,2

197,3

152,2

207,0

74,8

ұсақталған фосфат шикізаты

-/-

131,9

79,6

77,5

154,4

84,9

табиғи барий сульфаты

-/-

91,2

71,0

154,5

354,5

236,2

тұз және таза натрий хлориді

мың тн

1,5

1,7

1,7

3,1

3,0


Электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беру

Өнеркәсіптің жалпы көлемінің 17,2%-ын құрайтын электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беруде сұраныстың төмендеуінен 2009 жылы электр қуатын өндіру 65,3%-ға, жылу энергиясын беру – 7,3%-ға қысқарды.

Соңғы бес жылда электр қуатын өндіру 18,5%,-ға, ал жылу энергиясын беру 3,9%-ға қысқарған (7 кесте).


Электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беру

саласында өнімнің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

7 Кесте

Өнім атауы

Өлш.бір

жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

Электр қуаты

млн. кВт.сағ

1 285,7

1 597,9

3 144,7

4 388,7

1 523,6

Жылу энергиясы

мың Гкал

2 015,2

1 649,1

1 797,8

1 986,3

1 936,0

2009 жыл өндіріс көлемі 19,9 млрд. теңгені (НКИ – 55,6%) құрады (11 сурет).


2005-2009 жылдардағы электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін берудегі тауарлық өнім өндірісінің көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы

11 сурет

Облыста тұрақты және үзіліссіз электр қуатын беріп отыру ағымдағы кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-нің (өңірдегі ең қуатты энергия көзі) өнімінің шығыны жоғары, сондықтан да оның киловаттының бағасы көтерме нарықтағы бағаға қарағанда барынша қымбат. Электр қуатының жеткіліксіздігі өнеркәсіптің дамуына қатты әсер етуде.

2009 жылдың мамырынан бастап өндірілетін электр қуатының өз құнынан жоғарылығынан станция тоқтап тұрды және тек қазан-қарашада ғана №5 және №4 блоктардың жұмыстары қайта жанданды, осыған байланысты жыл қорытындысы бойынша «ЖГРЭС» АҚ-ғы электр қуатын өндіру 67,9%-ға төмендеді және 1348,7 млн. кВт/с құрады. 2009 жылы электр қуатының жетімсіздігінде 44%-ға, облыстың өзінің электр станциясы 20%-дан да аз жұмыс жасады.

Жамбыл облысы электр қуатын өндірудің төмен деңгейімен сипатталады, электр қуатын магистралды тасымалдаумен және диспетчерлеумен айналысатын «КЕГОК» АҚ өңірлік филиалы Шымкент қаласында орналасқан.

Облыста электр қуатын тасымалдау мен таратумен «ЖЭС» ЖШС айналысады, оның балансында 15076,99 км электр тарату желісі, 1961,15 мВА қуатты 6-10-35-110-220 кВ 0,4-110 кВ және 3213 бірлік трансформаторлық кіші станциялар бар.

Жамбыл облысына электр энергиясы «ЖГРЭС» АҚ, «ТЭЦ» АҚ, «Гидроэнергетикалық компания» ЖШС есебінен және Қазақстанның солтүстік энергия көздерінен жеткізіледі.

Жамбыл облысындағы электр қуатының жеткіліксіздігі, бір жағынан, облыс экономикасының электр сыйымдылығының жоғарылығына және халықтың тұрмыстық қажеттілікке электр энергиясын пайдалану үлесінің жоғарылығына, ал екінші жағынан, энергия көздерінің тиімсіз құрылымына, өзіндік элетр энергиясын өндірудің бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты.

Электр қуатының тарифтері қазақстандық орташа деңгейден 30%-ға артық, Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда облыс халқының табыс деңгейінің төмендігін ескерсек, бұл үй шаруашылығы бюджетіне үлкен күш салып отыр.

Өзіміздің электр станциясындағы электр қуатын өндіру құнының жоғарылығы Орталық Азия елдерінен импортталатын қымбат отынды пайдаланумен байланысты болып отыр. Электр станцияларының энергия көздері құрылымындағы мазуттың үлесі 70%, қалған 30%-ы газбен жұмыс істейді. Бұл ретте мазут пен газдан алынатын электр қуатының құны көмірден алынатын электр қуатының құнынан тиісінше 18 және 7 есеге артық.

Жамбыл облысындағы электр қуатын өндіру мен таратудағы қорлардың ескіру деңгейінің жоғарылығы, жаңару қарқынының баяулығы пайдалану шығындарының көп болуына алып келеді және де болашақта энергия жабдықтарының істен шығу санының артуы болжануда. Жамбыл облысындағы электр қуатын өндіру мен таратудағы орташа жылдық инвестициялар Қазақстандық орташа көрсеткіштен 25%-ға төмен, қорлардың жаңару жылдамдығы 70%-дан кем.

Облыстағы электр қуатын өндіру көлемі 2009 жылы 65,3%-ға төмендеді және 1,5 млрд. кВт/с құрады.

Энергетика саласындағы энергия тиімділігі мен энергия сақтау жөніндегі негізгі іс-шаралар төмендегідлер болуы керек:

• электр және жылу энергияларын бірлесе өндіруді қамтамасыз ететін жабдықтарды кең көлемді ендіруге негізделген өндіру қуаттарын техникалық қайта жарақтандыру, газ нығыздау жабдықтарын ендіру;

• Энергетикалық баланс құрылымын өзгерту және оны әртараптандыруды арттыру – көмір мен мазутты жағудың алдыңғы қатарлы және экологиялық таза технологияларын пайдалануға дайындау, отын мен энергия көздерінің қайта жаңғыртылған және дәстүрлі емес түрлерін қолдану мен дамытуға бағыттау;

• электр тарату желілері мен кіші станциялардың жаңаларын салу және қолда барларын қайта жаңғырту, электр энергиясын беру мен таратудағы шығынды төмендету мақсатында есепке алудың (АСКУЭ) қазіргі заманғы жүйесін енгізу.

Бүгінгі таңда төмендегі жобаларды іске асыру жоспарлануда:

- ЭМРМ мен ПРООН-ның «Қазақстан – жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» жобасының шеңберінде Қордай ауданында қуаты 35 мВт жел электростанциясының құрылысы жоспарлануда. Бүгінгі күнде құрылыс болатын орында метеорологиялық діңгек туралы ақпарат жинау аяқталды, инвестицияалды зерттеулер жүргізілді, оның қорытындысы бойынша қуаты 16,5 мВт-дан 41,25 мВт-ға дейін жететін ЖЭС салу мүмкін болмақ және ол ЖЭС жабдықтарының жабдықталуына байланысты болады;

- Шу ауданындағвы Тасөткел су қоймасында қуаты 10 мВт су электр станциясын салу болжануда. Қажетті инвестиция сомасы 1250,0 млн. теңгені құрайды.

Сондай-ақ Тараз қаласында да РК-4 алаңында қуаты 50 мВт электр қуатын, 40 Гкал жылу энергиясын өндіретін когенерациялық газ поршендік электр станциясын салу жоспарлануда. Өтемділік мерзімі 5-7 жыл.


ЭМРМ бекіткен Қазақстан Республикасындағы 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының 6 тармағына сәйкес Тараз қаласында ТЭЦ-4 алаңында электр қуаты 200 мВт, жылу қуаты 160 Гкал когенерациялық газ поршендік электр станциясын салу жоспарлануда. Өтемділік мерзімі 5-7 жыл.

Қаратау қаласында қуаты 50 мВт және 40 Гкал когенерациялық газ поршнедік электр станциясын салу мәселесі қарастырылуда.

Бұл жобаларды іске асыру электр және жылу энергияларын бірге өндіру есебінен отын ресурсын (90%-ға дейін) барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, тиісінше жылу мен электр энергиясын өндіруге арналған шығындарды төмендетуге алып келеді.

Қазақстанның 2014 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасының қабылданғандығын ескерсек, оның шеңберінде өңірде ірі, энергия сыйымдылығы жоғары өндіріс орындарын іске қосу болжануда, электр энергиясының жетімсіздігі жылдан-жылға арта түсуде, сондықтан электр энергиясы тарапынан қымбат бағаға сатып алу көлемі арта түсетін болады, бұл тарифтің қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Осыған байланысты салаға төмендегі мәселелер тән:

- электр қуатының жетімсіздігінің өсуі;

- электр қуатының тарифінің жоғарылығы;

- электр қуатының баламалы көздерін (күн, жел) пайдаланудың үлес салмағының төмендігі.


Сумен қамсыздандыру, канализация жүйесі, қалдықтарды жинау мен орналастыруды бақылауда 1,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылғы деңгейден 37,6%-ға кем.

Индустриалды-инновациялық даму

Индустриалдандыру картасы

Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы алдағы жылдары еліміздің экономикалық дамуына жетекшілік жасайтын негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың бағыты, мақсаты, методологиясы Облысты дамыту бағдарламасын әзірлеуге негіз болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.

Индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыста экономика салаларын әртараптандыру жөнінде жалғасты жұмыстар жүргізуде. Облыс кәсіпорындарында жаңа өнім түрлері игерілуде, жаңа технологиялық желілер ендірілуде, қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару артуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік желілердің компьютерлік процестері қолдануда және өндірісте жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда.

Облыста жалпы сомасы 664,5 млрд. теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске асырылуда, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ (8 кесте).

2010 жылы 55,9 млрд. теңгенің 8 инвестициялық жобасы іске асырылады, 3,0 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Бүгінгі таңда 4 инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде:

1. «Жасұлан және К» ЖШС гүл өндірісін өнеркәсіптік ұйымдастыру жобасын іске асырыды, құны – 1050,0 млн. теңге, 170 жаңа жұмыс орны ашылды.

2. «АльБасар» ЖШС гранит пен одан жасалатын бұйымдар өңдейтін цех құрылысын аяқтады, құны – 570,0 млн. теңге, 165 жаңа жұмыс орны ашылды.

3. «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС фабрикада жұмыс істеп тұрған цех базасында топс өндіру жобасын іске асырды, құны – 1125,0 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

4. «Жаңатас металлургиялық комбинаты» ЖШС болат балқыту цехының құрылысы жобасын іске асырды, құны – 450,0 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

2010 жылдың соңына дейін тағы 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:

1. «Мыңарал Тас Компани» ЖШС қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент шығаратын цемент зауытының құрылысын іске асырмақ, құны – 34 953,0 млн. теңге, 350 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

2. «Тараз металлургия зауыты» ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен жетілдіру жөніндегі жобаны іске асыруда, құны – 11 571,4 млн. теңге, 1600 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

3.«Қосалқы бөлшектер» АҚ электрометаллургиялық кіші-зауытының құрылысы жобасын іске асыруда, құны – 3 250,0 млн. теңге, оның 2 384,3 млн. теңгесі игерілген. Жоба бойынша 843 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

4. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС шикі мұнай өңдейтін зауыт құрылысын жүргізуде, құны – 3 000,0 млн. теңге. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Сонымен қатар, облыста 2011-2014 жылдары іске қосылатын басқа да жобалар жүргізілуде. Бұл төмендегі жобалар:

1. «ACIG» АҚ Хантау станциясында қуаты жылына 500 мың тонна цемент зауытының құрылысы жобасын іске асыруда, құны – 8 250,0 млн. теңге. Болашақта қуатын жылына 1 млн. тоннаға дейін артыру көзделуде. 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2011 жылдар.

2. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС шошқа шаруашылығы кешенінің жобасын іске асыруда, құны – 2,5 млрд. теңге, 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2008-2011 жылдар.

3. «Қазақ ет компаниясы АӨК» ЖШС мүйізді ірі қара малды бордақылау мен ет өнімін өндіретін механикаландырылған ірі көлемдегі кешеннің құрылысы жобасын іске асыруда, құны – 2238,0 млн. теңге, 161 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2007-2011 жылдар.

4. «Жамбыл Құс» ЖШС құс фабрикасының құрылысы жобасын іске асыруда,, құны – 6,0 млрд. теңге, 250 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2009-2011 жылдар.

5. Медеуов К.Ж. ЖК жылыжай кешенінің құрылысы жобасын іске асыруда, құны – 112,0 млн. теңге, 50 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2009-2010 жылдар.

6. «МВТ» ЖШС әктас өндіретін зауыт құрылысының жобасын іске асыруда, құны – 948,0 млн. теңге, 30 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2007-2012 жылдар.

7. «Xeloria» ЖШС кедірқурай кешендік зауытының құрылысы жобасын іске асыруды жоспарлауда, құны – 5,0 млрд. теңге, 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2012 жылдар.

8. «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС Қаратау қаласында минералды тыңайтқыштар (азот, фосфор және кешендік) өндірісі жобасын іске асыруды жоспарлауда, құны – 394, 5 млрд. теңге, 3,5 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2015 жылдар.

9. «Казфосфат» ЖШС қуаты жылына 2 млн. тонна суспензиялық байыту фабрикасының құрылысы жобасын іске асыруда, құны – 25,5 млрд. теңге, 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2012 жылдар.

10. «Казфосфат» ЖШС қуаты жылына 650 тонна күкірт қышқылы цехының құрылысы жобасын іске асыруда, құны – 12,0 млрд. теңге, 138 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2011 жылдар.

11. «TENIR-LOGISTIK» ЖШС Қордай ауданында «Титан-магнитті кен орны базасында тау-металлургия кешенінің құрылысы» жобасын іске асыруды жоспарлауда, құны – 90,0 млрд. теңге, 1050 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2014 жылдар.

Индустриаландыру картасын белсендендіру үшін инвестициялық жобалардың өңірлік тізбесіне қосымша тағы 3 жоба енгізілді:

1. «АК «Алтын Алмас» АҚ «Ақбақай кластері» жобасын (алтын өндіру фабрикасын жетілдіру және қайта жаңғырту) жоспарлауда, құны 32,0 млрд. теңге, 900 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2014 жылдар.

2. «Тараз металлургия зауыты» ЖШС ферроқорытпа өндірісі (2 кезең) мен оның шикізаттық базасын кеңейту мен әртараптандыру жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлауда, құны – 29,0 млрд. теңге, 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2013 жылдар.

3. «SUPER PHARM» ЖШС бейматалық материалдан (стерильденген және стерилденбеген) бір реттік пайдаланымға арналған медициналық киімдер өндіру жобасын іске асыруды жоспарлауда, құны – 520,0 млн. теңге, 50 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2011 жылдар.

Индустриаландыру картасының шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оңды әсерін тигізеді. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде жаңа өндірістерді енгізу 2015 жылға 18,3%-ды немесе 11,8 млрд. теңгені құрайды, бюджетке салық түсімдерін 24 млрд. теңгеге арттырады, бұл өз кезегінде облыстың жалпы ішкі өнімін арттыруға септігін тигізеді, оның құрылымында индустриаландыру картасының жаңа өндірістері 5,3%-ды құрайтын болады.

Сонымен қатар, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады, бұл жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге септігін тигізетін болады.


Тездетілген индустриалды-инновациялық даму шеңберінде облыста іске асырылатын инвестициялық жобалар тізбесі
8 кесте



Жобаның атауы

Кәсіпорын атауы

Жоба басшысының аты-жөні

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Ашыл. жұмыс орын-ң саны бір.

млн. АҚШ дол.

млн. теңге

2010 жылы іске асырылатын жобалар

1

Қуаты жылына 1200 мың тонна цемент зауытының құрылысы

«Мыңарал Тас Компани»ЖШСМойынқұм ауданы

Ген.директор

Сарғасқаев Айбар Саятұлы



2010 жылдың

1 желтоқ


саны

233,02

34953,0

350

2

Ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жетілдіру

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС,
г. Тараз

Ген.директор

Сартаева Күлзария Құсайынқызы



2010 жылдың

30 желтоқ

саны


77,1

11571,4

1600

3

Қуаты жылына 120,0 мың тонна прокатты өнім өндіретін электрометаллургиялық кіші зауытының құрылысы

«Қосалқы бөлшектер» АҚ,
Тараз қ.

Директор

Мыргыясов Ярмахамед Асмахунович



2010 жылдың

30 желтоқ

саны


21,6

3250,0

843

4

Шикі мұнай өндіретін зауыт құрылысы

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС,

Жамбыл ауданы



Атқарушы директор

Исакаев Оралбай Ибрайұлы



2010 жылдың

15 желтоқ

саны


20,0

3000,0

100

5

Топс өндірісін ұйымдастыру

«Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС

Момышев Болат Амангелдіұлы

2010 жылдың

27 қыркүйегі



7,5

1125,0

60

6

Өндірістік негізде гүл өсіру кешені

«Жасұлан және К» ЖШС,
Тараз қ.

Директор

Омарова Жұмагүл Сағымбекқызы



2010 жылдың

1 шілдесі



7

1050,0

170

7

«Қияқты» станциясында гранит пен одан жасалатын бұйымдар өңдейтін цех құрылысы

«АльБасар» ЖШС, Мойынқұм ауданы

Директор

Жұмаділ Бауыржан



2010 жылдың

1 шілдесі



3,8

570,0

165

8

Болат құю цехының құрылысы

«Жаңатас» металлургия комбинаты, Сарысу ауданы

Кокебаев Бейсен Керимбайұлы

2010 жылдың

28 қыркүйегі шілдесі



3

450,0

60

2010 жылғы жобалар бойынша барлығы







373,0

55969,4

3348

Іске асырылатын инвестициялық жобалар

9

Қуаты жылына 500 мың тонна цемент зауытының құрылысы

«ACIG» АҚ, Мойынқұм ауданы

Президент

Жүзбаев Жанат Құрманғалиұлы



2010-2011

60

8250,0

300

10

Т.Рысқұлов ауданында шошқа шаруашылығы кешенін салу

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС, Т.Рысқұлов ауданы

Директор

Базаралиев Халит Базарбайұлы



2008-2011

16,7

2500,0

150

11

Мүйізді ірі қара малды бордақылау және ет өндіру кешенінің құрылысы

«Қазақ ет компаниясы АӨК» ЖШС, Шу ауданы

Директор –

Махметов Мұхтар Айтуғанұлы



2007-2011

14,9

2238,0

161

12

Қордай ауданындағы әктас өндіретін зауыт құрылысы

«МВТ» ЖШС,

Қордай ауданы



Ген.директор

Прокопенко Вячеслав Васильевич



2007-2012

6,3

948,0

30

13

Құс фабрикасының құрылысы

"Жамбыл Құс" ЖШС, Байзақ ауданы

Директор

Тұрмаханбетова Макен Шолпанқұлқызы



2009-2011

40,5

6000

250

14

Жылыжай кешенінің құрылысы

К.Ж. Медеуов ЖК,

Жамбыл ауданы



Медеуов

Қайрат Жетпісбайұлы



2009-2010

0,7

112,0

50

Іске асырылатын жобалар бойынша барлығы







139,1

20048,0

941

Болашақ инвестициялық жобалар

15

Қаратау қаласындағы минералды тыңайтқыштар өндірісі

«ЕвроХим - Тыңайтқыш» ЖШС, Тараз қ.

Ген.директор

Мырзағалиев Еркебұлан Шәкіртұлы



2010-2015

2630

394500,0

3500

16

Титанды-магнийлі кен орнының базасындағы тау-металлургия кешенінің құрылысы

«TENIR-LOGISTIK» ЖШС, Қордай ауданы

Директор

Иванчук Александр Васильевич



2010-2014

600

90 000,0

1050

17

Суспензиялық байыту фабрикасының құрылысы

«Казфосфат» ЖШС

Ген.директор

Ескендіров

Мұқаш

Зұлқарнайұлы



2010-2012

170

25 500

300

18

Күкірт қышқылы цехының құрылысы

«Казфосфат» ЖШС

Ген.директор

Ескендіров

Мұқаш

Зұлқарнайұлы



2010-2011

80

12 000,0

138

19

Шу қаласындағы кендірқурай өңдеу кешені зауытының құрылысы

«XELORIA» ЖШС,
Шу ауданы

Директор

Құлманов Таир



2010-2012

33,3

5 000,0

300

Болашақ жобалар бойынша барлығы







3925,4

527000

5288

Қазақстанды индустриалдандыру картасын жеделдетуге арналған жобалар

20

Ақбақай кластері

«АК «Алтын Алмас» АҚ, Мойынқұм ауданы


Президент Қанашев

Диар Бахытбекұлы

2010-2020


216,2

32 000,0

900

21

Ферроқорытпа және оның шикізатының өндірісін әртараптандыру және кеңейту (2-кезең)


«Тараз металлургия зауыты» ЖШС,


Тараз қ.

Ген.директор

Сартаева Күлзария Құсайынқызы

2010-2013


195,9

29 000,0

300


22

Беймата материалдан (стерилденген және стерилденбеген) бір пайдаланымға арналған медициналық киім өндіру

«SUPER PHARM» ЖШС, Жамбыл ауданы

Директор Үсенова Айман Назарбекқызы

2010-2011

3,5

520,0

50

Болашақ жобалар бойынша барлығы







415,6

61520,0

1250

ҚОРЫТЫНДЫ







4853,12

664537,4

10827



Қазақстандық мазмұн

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесінарттыруға ықпал ету болып табылады.

2009 жылы облыс кәсіпорындары мен ұйымдары тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 42,3 млрд. теңге сомасында 62 меморандумға (ниет білдіру хаттамаларына) қол қойды. Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілермен облыс кәсіпорындары 24,4 млрд. теңгенің 14 меморандумына (ниет білдіру хаттамаларына), бюджеттік ұйымдар – жалпы сомасы 17,9 млрд. теңгелік 48 меморандумға (ниет білдіру хаттамаларына) қол қойды.

27,0 млрд. теңгеге 572 келісім-шартқа, жергілікті тауар өндірушілермен бюджеттік ұйымдар – жалпы сомасы 29,6 млрд. теңге 16234 келісім-шартқа қол қойды.

Облыстағы химия кәсіпорындарының жұмыстарын қолдау және тұрақтандыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «КазАгро» ұлттық холдингі, «Қазақстанның Агроодақ» ассоциациясы және «Казфосфат» ЖШС араларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 5,1 млрд. теңге сомасындағы 64,5 мың тоннаға дейінгі субсидиялық минералды тыңайтқыштармен қамсыздандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Минералды тыңайтқыштарды жөнелту жөніндегі барлық келісім-шарт міндеттері орындалды.

«НК «КТЖ» АҚ мен «Мақсат А» АҚ арасында орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналып жасалған Меморандум шеңберінде «Мақсат А» АҚ мен «Қамқор Менеджмент» ЖШС арасында 3,5 млрд. теңге сомасындағы 9 субмердігерлік келісім-шарт жасалды.

2009 жылы «Казфосфат» ЖШС түрлі жеткерушілермен жалпы сомасы 15,2 млрд. теңгенің 438 келісім-шартын жасады, сонымен қатар «Тараз металлургия зауыты» ЖШС жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгенің 97 келісім-шартын жасады.

«Тараз Тұлпары» ЖШС мен «Қамқор Менеджмент» ЖШС жалпы сомасы 5,5 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 11 келісім-шартын жасады.

«Қосалқы бөлшектер» АҚ жалпы сомасы 570,1 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 13 келісім-шарт жасады.

«Шығыс кен басқармасы» ЖШС жалпы сомасы 85,8 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 7 келісім-шартын жасады.

Бюджеттік ұйымдардың да қазақстандық тауар өндірушілердің ірі тұтынушысы екендігін атап өтуіміз қажет.

2009 жыл қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жалпы сомасы 35,7 млрд. теңгеге түрлі жолдармен 33022 тауарларды (жұмыс пен қызмет) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық мазмұнның үлесі 91,5% немесе 32,6 млрд. теңгені құрайды.

2010 жылы да қазақстандық мазмұнды арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табады. 2010 жылдың ақпанында Тараз қаласында өткен қазақстандық мазмұнды дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік Форумда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Казфосфат» ЖШС араларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 7,0 млрд. теңге сомасындағы 100 мың тонна көлеміндегі субсидиялық минералды тыңайтқыштармен қамсыздандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Мұндай келісім «ТМЗ» ЖШС мен «Казэлектромонтаж» АҚ (2,7 млрд. теңге); «Қазахстан Темір Жолы» ҰК мен «Қосалқы бөлшектер» АҚ (1,0 млрд. теңге), «Қазахстан Темір Жолы» ҰК мен «Транс-Полимер» ЖШС арасында да жасалды (160,0 млн. теңге).

2010 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша облыс кәсіпорындары мен ұйымдары арасында тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 53,9 млрд. теңгелік меморандумға (ниет білдіру хаттамаларына) қол қойылды.

«Казфосфат» ЖШС тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 14,139 млрд. теңгелік келісім-шарт жасады, онда қазақстандық мазмұнның үлесі 79,5 %-ды құрайды.

«ТМЗ» ЖШС тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 4,203 млрд. келісім-шарт жасады, онда қазақстандық мазмұнның үлесі 100%-ды құрайды.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жалпы сомасы 18,4 млрд. теңгеге түрлі жолдармен 19871 тауарларды (жұмыс пен қызмет) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық мазмұнның үлесі 81,1%.



Мәселелердің, қауіптердің, бәсекелестік басымдықтар мен мүмкіндіктердің кешендік сипаттамасы.

Өңірдегі өнеркәсіптің жүйеқалыптастырушы кәсіпорындарының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне мыналар әсер етеді:

шикізат сатып алуға мәжбүр республика экономикасының қосымша салалары дамуының жеткіліксіз деңгейі,

өңдеу саласын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, бұл бәрінен де бұрын кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігімен, жабдықтардың физикалық тұрғыдан ескіруімен және моральдық ескіруімен байланысты;

отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

айналым қаржыларының жеткіліксіздігі мен пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызмет деңгейінің әлсіздігі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмен болуына алып келеді.

Бұл мәселені шешу үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып облыстағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жетілдіруге және жаңа өндіріс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнім шығаруды қамтамасыз ететін халықаралық сапа стандарттарын ендіруге бағытталған Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде сертификаттары бар облыстағы тауар өндірушілердің реестрлері жасалған және таратылған; бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өнімді ары қарай дамыту мақсатында кәсіпорындармен және Республиканың өзге өңірлерімен меморандумдар жасалған.


Менеджмент және стандарттау жүйесі

ИСО сапа менеджменті жүйесі облыстағы 233 кәсіпорындар мен ұйымдарда енгізілді.

Оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 34 ұйым, телекоммуникациялық және байланыс қызметін көрсетуде – 2, стандарттау қызметтерінде – 3, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде – 123, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер – 3, білім беруде –3, металлургия өнеркәсібінде және дайын металл өнімдерін өндіруде – 4, химия өнеркәсібінде – 1, жеңіл өнеркәсіпте – 2, сусындар мен темекіні қоса алғанда тамақ өнімдері өндірісінде – 10, басқа салаларда – 48.

Облыста менеджмент жүйесін енгізу мәселелері бойынша халықаралық стандарттарға көшуге отандық өндірушілердің дайындығын анықтау жөнінде Жұмысшы топ құрылды. Техникалық регламенттер мен стандарттарды ендіру және оларға бейімделі мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер» мәжілістері өткізіледі, кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу мониторингі жүргізіледі.

«Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, Тараз желілік-өндірістік УМГ «ИнтергазОрталықАзия» кәсіпорындарында интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілген, оқыған білікті мамандары, аккредитацияланған тексеру орталықтары мен аттестациядан өткен зертханалары бар.

Нормативтік құжаттар (мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға сұраныс) бойынша кәсіпорындардың тапсырыстары қаралды: «Казфосфат» ЖШС, «ТМЗ» ЖШС, «Жамбылдық цемент компаниясы» ЖШС және «Құйма-механикалық зауыты» ЖШС («Қосалқы бөлшектер» АҚ).

Халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген мемлекеттік старндарттарға, оның ішінде құрылыс өнеркәсібінің, металлургияның, машина жасаудың, энергетиканың менеджмент жүйесі стандарттарына деген сұраныс 2009 жылмен салыстырғанда 30%-ға артты.

9000 14000 сериялы ИСО талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және ендіру облыстың 13 кәсіпорнында жүргізілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет