Қорытынды
Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару
жергілікті өкілді және жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол
мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін
біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек,
жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл
жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке
алмайды және жергілікті проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді. ҚР –
дағы жергілілікті мемлекеттік бақсару мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі
болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады.
Бірақ дербестік
жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдарда ұйымдық және
құзыреттілік тұрғысынан өзіндік ерекшелікпен көрінеді.
Жергілкті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру тарихи, этникалық,
географиялық және басқа жағдайларға байланысты
объективтілік және
субъективтілік фаткорлардың негізінде жүреді.Осы себепті мемлекеттерде
жергілікті басқаруды ұйымдастырудың және тиісінше осы құбылысты заңдық
реттеудің сан алуан түрлі практикасы бар.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Констиуциясы жергілкті
органдардың жаңа үлгісін бекітті. Ол оларды жергілікті мемлекеттік басқару
және жергілікті өзін-өзі басқаруға бөлді. Жергілікті мемлекеттік басқаруға:
жергілікті өкілді органдар, 2)жергілікті атқарушы органдар.
Жергілікті өзін-өзі басқару жергілкті мемлекеттік басқаарудан бөлінді.
Жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттегі
белгілі бір әкімшілік
аумақтық бөлік тұрғындарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес
қызметі. ҚР Конституциясы «Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті
өзі-өзі басқару» туралы бөлімінде 8 – бабында жергілікті өкілді органдардың
сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер
белгіленген. Осы бөлімнің 89 бабы бойынша «Қазақстан
Республикасында
жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін
қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі
басқаруды тұрғындардың тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ адамдар жинақы
тұратын
аумақты
қамтитын
ауылдық
және
қалалық
жергілікті
қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа
жергілікті өзі-өзі басқару
органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібі заңда көрсетліген шекте
азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының
дербестігіне олардың заңмен білгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.
Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық
деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді.Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару
органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай
органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет
тәртібі,
кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслиахттармен өзара
қатынас тәсілдері бойынша да әртүрлі болуы мүмкін.