БАҒдарламасы өскемен қ., 2013 жыл 1 Паспорт



бет2/18
Дата23.02.2016
өлшемі8.12 Mb.
#9616
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2. Ағымдағы жағдайды талдау

Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауын орындау үшін әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында бекітілген негізгі бағыттарға сәйкес келеді.

Даму бағдарламасы тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған, және облыстың барлық өңірлерінің тең дәрежеде дамуы, өсім нүктесін қалыптастыру үшін жүргізіліп отырған саясаттын логикалық жалғасы болып табылады. Құжат облыстың барлық өңірлерінің тұрақты және қалыпты дамуы есебінен әртараптандыру және бәсекелестікті жоғарылату арқылы экономиканың өсімін қалыптастыруға бағытталған. Жобада 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясы және Бәсекелестікті жоғарылату стратегиясының, экономика салаларын дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттардың негізгі пайымдаулары жинақталған.

Даму бағдарламасы шеңберінде облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалған, күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталған.

Шығыс Қазақстан облысы ұлттық жүйеде жетекші өңірлердің бірі болу үшін нақты бәсекелестік артықшылықтары бар. Облыстың негізгі бәсекелестік артықшылықтарына: ұтымды географиялық орналасу, тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі үшін минералды шикізаттың айтарлықтай қоры, түсті металлургия мен металл өндеуде айтарлықтай технологиялық әлеует, орман және энергетика ресурстары, жоғары білікті мамандар, жұмыссыздықтың салыстырмалы түрде төмен деңгейі, туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірегей рекреациялық жағдайлар бар.

Бәсекелестік артықшылықтар, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптер есебімен Даму бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық даму кезінде халықтың өмір сүру сапасын және деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты әртараптандыру және барлық салаларда бәсекелестікті жоғарылату, инженерлік инфрақұрылымның тиімділігі арқылы экономиканы дамытуды қамтамасыз ету, сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану есебінен облысты әлеуметтік саласы мен әлеуметтік демографиялық дамыту, табиғи кешеннің қалпына келу әлеуетін сақтау және облыс тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің қолайлы жағдайларын жасау үшін қоршаған ортаны сауықтыру болып табылады.

2.1. Табиғи-экономикалық әлеует

Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылған. 1997 жылы облыс аумағына Семей облысы қосылды. Облыс аумағы - 283,3 мың шаршы шақырым (Қазақстан аумағының 10,2%).

Ресей Федерациясының екі өңірімен, Қазақстанның үш облысымен және Қытаймен шекаралас:

солтүстігінде – Алтай аймағы және Алтай Республикасымен,

шығыста – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданымен,

оңтүстікте – Қазақстанның Алматы облысымен,

батыста – Қазақстанның Қарағанды облысымен,

солтүстік-шығыста – Қазақстанның Павлодар облысымен шектеседі.

Әкімшілік орталығы - Өскемен қаласы.

Облыста: 19 әкiмшiлiк-аумақтық бірлік, соның iшiнде 15 аудан, 10 қала, 760-ден аса кенттер мен ауылдар, 246 ауылдық және кенттік округтер бар.

2013 жылғы 1 қаңтарда халық саны 1393,6 мың адамды құрады (Қазақстан халқының 8,2%), бұл 2010 жылғы 1 қаңтардағы салыстырғанда 3,1 мың адамға аз.

Табиғи - климаттық тұрғысынан алғанда Шығыс Қазақстан теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау тайгасы ландшафттары қатар орналасқан.

Облыс аумағы су ресурстарына бай, жерінен 800 өзен ағып өтеді, олардың жалпы ұзындығы 10 мың км-ден артық. Басты күретамыры өзінің көп сулы салалары – Үлбі, Үбі, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма және басқа да таулы өзендері бар Ертіс өзені болып табылады. Облыста Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл сияқты ірі көлдер бар. Мұнан бөлек көп ұсақ көлдер, су қоймалары бар, олардың ең ірісі Бұқтырма су қоймасы болып табылады.

Облыс климаты шұғыл континентальды, ауа температурасының тәулік, маусым және орташа жылдық ауытқуларының үлкен амплитудасы бар.

Өңір аумағының шамамен 30% ормандар алып жатыр, онда Қазақстанның іскер ағаш қорының 70% шоғырланған.

Облыста минералды-шикізат ресурстарының айтарлықтай қорлары бар және оның ең басты байлығы – құрамында мырыш, қорғасын, мыс, сирек және асыл металдары бар полиметалл кендері, тас көмір кен орындары бар, сондай-ақ, алтынның, сирек және сирек кездесетін металдардың, цемент өндіру үшін шикізат, шыны қождары қорлары, тақта тас пен цеолиттің айтарлықтай шоғырлары бар.

Пайдалы қазбалардың бай кен орындарының болуы облыс экономикасының өсіміне жағдай жасайды. Экономиканың негiзгi саласы түстi металлургия болып табылады, ол облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің шамамен 60% үлесін құрайды.

Облыста мыс рудасын, аффинаждалған алтын, күміс, тазартылған мыс өткен жылмен салыстырғанда 16,7% өсті.

Жалпы республикалық көлемде облыста шығарылатын қорғасынның үлес салмағы 98,4%, мырыш – 96,6%, аффинаждалған алтын – 56,1%, аффинаждалған күміс – 15,7%, титан, магний, тантал, бериллий және атом электрстанцияларына арналған отын - 100%.

Өңірде сондай-ақ, машина жасау және металл өңдеу, энергетика, орман және ағаш өңдеу, жеңiл, тамақ өнеркәсiптері де дамыған.

Энергетикалық кешен үш гидроэнергетикалық (Өскемен, Шүлбі ГЭС-і және Риддер қаласындағы ГЭС каскады) және төрт жылу станцияларымен (Өскемен, Семей, Лениногор, Согра ЖЭО) ұсынылған.

Облыстың көлік кешені байланыстың барлық түрлерін қамтиды: автомобиль, темір жол, су, әуе жолдары.

Өңірде республикада ең ұзын жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары жүйесі бар – 11 841,8 шақырым.

Ішкі автомобиль жолдарының қатты жамылғысы бар жолдарының барлық жол ұзындығынан үлесі 90,9%.

Өңір аумағы бойынша екі магистральды автокөлік дәлізі өтеді: Омск -Майқапшағай және Алматы – Риддер - Ресей Федерациясы шекарасы.

Өңірде біршама тармақталған темір жол бар: Защита ст. - Алматы, Алматы - Аягөз - Шар - Семей - Локоть (Ресей Федерациясы), Шар - Өскемен - Шемонаиха - Локоть (Ресей Федерациясы), Өскемен - Риддер, Өскемен - Зырян, Семей - Курчатов - Ақсу - Павлодар.

Өзен кеме жолдарымен жолаушылар және жүк тасымалын өзен көлiгiнiң үш кәсiпорны жүзеге асырады. Екі жүк кемежайы жұмыс істейді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы нақты сектор, сондай-ақ әлеуметтік сала және инфрақұрылым кешенінің оң даму динамикасымен сипатталады.

Соңғы 5 жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 2,1 есе ұлғайды және 1819,5 млрд. теңге құрады (Республикада 5 орын), сыртқы сауда айналымы – 1,6 есе ұлғайып, 4868,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Машина жасау, энергетика, жеңіл, тамақ өнеркәсібі, химия және ағаш өңдеу өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру қарқынды дамуда.

Өңір туристік мүмкіндіктері бойынша тартымды және перспективалы болып табылады. Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақ бар: Бұқтырма жағалауы, Сибина көлі, Алакөл көлі, Катонқарағай, Глубокое ауданы, Риддер, Өскемен қаласының маңы.

Облыс аумағында қазіргі уақытта 125 туристік ұйым, 16 туризм инструкторы, 249 орналасу орны, 84 демалыс аймағы, 34 шипажай-сауықтыру объектісі, 24 ерекше қорғалатын табиғи аумақ тіркелген.Өңірде инновациялық инфрақұрылым құрылған және: технопарк және индустриялды аймақтар жұмыс істейді.

Облыста 2010 жылмен салыстырғанда халықтың табиғи өсімі беталысы байқалады 13,9%, жұмыссыздық деңгейі осы кезеңде 0,6% төмендеп, 18,5 мың жұмыс орнын ашу және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру есебінен 5,1% құрады (республикалық деңгейден 0,3% жоғары).

Өңір экономикасының дамуындағы позитивті беталыстар әліде шикізатқа бағдарланған құрылымына айтарлықтай жылжу әкелген жоқ. Түсті металлургияда жоғары қосымша құнмен сипатталатын төртінші және бесінші ауысу жоқ. Өндірілген өнімнің энергия сыйымдылығы жоғары және бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде төмен. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар салыстырмалы түрде әртараптандырылудың төмен деңгейінде, ол әлемдік қаржы дағдарысында айқын көрініс тапты.

Өңірдің экологиялық проблемалары тізбесінде бір ғаламдық, алты ұлттық және екі локальды проблемалар айқындалған.

Өсіп келе жатқан энергия тапшылығында табиғи монополиялардың базалық субъектілері бойынша жоғары нормативтен тыс және нормативті техникалық шығындар байқалады.

Жекелеген елді мекендерде инфрақұрылымдық әлеуеттің салыстырмалы жоғары деңгейдегі айырмашылық деңгейі байқалады.
2.2 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет