БАҒдарламасы өскемен қаласы 2005 ж. Аңдатпа



бет1/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#175208
түріБағдарламасы
  1   2   3   4



Шығыс Қазақстан облысының

«электрондық әкімдігін»
қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған


БАҒДАРЛАМАСЫ

Өскемен қаласы

2005 ж.

Аңдатпа

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандыру жөніндегі осы үлгі бағдарлама Қазақстан Республикасында «Электрондық үкімет» қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде әзірленді.


Мазмұны:

1. Бағдарламаның паспорты…………………………………………………...4


2. Кіріспе ....……………………………………………………………………….6

3. Шығыс Қазақстан облысындағы ақпараттандырудың жай-күйін талдау …..………………………………………………………………………....8

1. Ұйымдастыру құрылымы ............………………………………………8

2. Өңірдегі ақпараттық жүйелер мен ресурстар …......…………………..8

3. Бағдарламалық-техникалық жарақтау……............…………………...10
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері………………………………...11
5. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі бағыттары, Бағдарламаны іске асырудың тетіктері мен ұйымдастырушылық қолдау…...................................................………………………………………..12

4. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанында ақпараттық-талдау

орталығын құру ………………………………………..........................................13

5. Шығыс Қазақстан облысындағы ақпараттандыру үдерісін

нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру…………………................14

6. «Е-әкімдіктің» ақпараттық инфрақұрылымды

қалыптастыру ........……..........................................................................................14

«Электрондық үкіметтің» базалық және үлгілік құрамдас бөліктерін пайдалану……………………………………………………..............14

Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық

ресурстары мен жүйелерін пайдалану……..........................................................16

Әкімдіктің ақпараттық ресурстарын, жүйелер мен е-қызметер

қалыптастыру…...…………………………………………………........................16

7. Әкімдіктердің электрондық қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті

қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою жөнінде жұмыстар ұйымдастыру .....................................……………………......................………………………..18

8. Өңірдегі мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын

қорғауды қамтамасыз ету……………………..................……………...........…..19



9. Бағдарламаны іске асырудың тетіктері мен ұйымдастырушылық қолдау ...............................………………………………………………...............19
6. Бағдарламаны қаржыландыру...………………………………………..…21
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер ………………….…21
8. Шығыс Қазақстан облысының «электрондық әкімдігін»
қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
…..............…………………………...23

1. Бағдарламаның паспорты


Бағдарламаның

атауы

Шығыс Қазақстан облысының «электрондық әкімдігін»
қалыптастырудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Әзірлеуші

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты


Мақсаты

Е-әкімдіктің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану негізінде жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне тұрғындардың және бизнес-құрылымдардың қолжетімділігін ұйымдастыру


Міндеттері

  • Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын реттейтін, тиімді нормативтік құқықтық және әдіснамалық базасын құру;

  • жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде мемлекеттік органдардың аумақтық аумақтық бөлімшелерімен, шаруашылық субъектілерімен және облыс тұрғындарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру;

  • жергілікті атқарушы органдардың базалық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру;

  • жергілікті атқарушы органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту және оған тұрғындар мен бизнес құрылымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін көтеру жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

  • е-үкіметтің базалық инфрақұрылым құрамдас бөліктерін енгізу үшін жағдайлар жасау;

  • е-үкіметтің үлгілік жобалық шешімдерін енгізу базасында жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;

  • жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін қорғауды қамтамасыз ету;

мемлекеттік органдардың, аумақтық құрылымдарын және облыстық әкімдіктің, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмысы мен өзара іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында бірыңғай телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету, көрсететін ақпараттық телекоммуникациялық қызметтердің әр түрлілігін, сапасын және көлемін арттыру


Іске асыру

мерзімі

2006-2008 жылдар

Қажетті ресурстар,

қаржыландыру көздері




Күтілетін

нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

- тұрғындарға және бизнес-құрылымдарға электрондық қызмет көрсетуді дамытуды қамтамасыз ету үшін базалық ақпараттық инфрақұрылым құрылады;

- облыстық ақпараттық ресурстар мен жүйелердің өзара іс-қимыл базасында облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің әкімшілік рәсімдерін оңтайландыру үшін жағдайлар жасалатын болады;

- облыста ақпараттандыру үдерістерін нормативтік құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз ету әзірленеді;

- облыстың жергілікті атқарушы органдарында бірыңғай құжат айналымының жүйесі енгізіледі;

- облыс әкімінің ақпараттық порталы әзірленеді және енгізіледі;

- облыстың жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандыруға шығыстарды оңтайландыру үшін шаралар қабылданады;

- мемлекеттік қызметтерді көрсетудің уақыты азаяды;

- жергілікті атқарушы органдарының ұсынатын бірінші кезектегі базалық электрондық қызметтері іске асады, 2007 жылдың аяғында 5 интербелсенді және транзакциондық қызметтерден астам қызметтер ұсынылады;

- мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың е-қызмет көрсетулерін пайдаланатын азаматтар мен ұйымдардың саны артады;

- 2007 жылдың аяғында қоғамдық қолжетімділіктің 30 кемемес пункттері құрылады;

- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарын тиімді қорғау жүзеге асырылады;

- тұрғындар мен әкімдіктердің арасында сенімділік деңгейін көтеруге, ақпараттық ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге мүмкіндіктер қалыптасады.



2. Кіріспе

Шығыс Қазақстан облысын ақпараттандыру жөніндегі Бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 8 қаулысымен бекітілген Іс-шаралар жоспарын орындау үшін әзірленді.

Бағдарлама Шығыс Қазақстан облысын ақпараттандыру жергілікті деңгейде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін дамыту, жергілікті ақпараттандыру ресурстарына қолжетімділікке азаматтар құқығын іске асыру бойынша қажетті шаралар құру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде облыстың қалалары мен аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету үдерісі түсіндіреді.

Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаның негізгі ережелерін ескеріп, мемлекеттік басқаруда және экономикада ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мен жаппай тарату саласында облыстағы жергілікті басқару органдарының іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған.


Бағдарламада мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:


Әкімдік (жергілікті атқарушы орган)

- әкім басшылық ететін және өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын, алқалық атқарушы орган;


е-қызмет көрсетулер

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жүзеге асырылатын қызмет көрсетулер;


е-үкімет

- мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетулерді ұсынуға барынша бағдарланған жұмыс істеу тетігі;

е-әкімдік,

электронды әкімдік

- жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетулерді ұсынуға барынша бағдарланған жұмыс істеу тетігі;


мемлекеттік

қызмет көрсетулер

- мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға ведомстволық құзыретіне сәйкес көрсететін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік рәсімдерді атқаруға бағытталған қызмет көрсетулер;

АКТ

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;


ақпараттандыру

- жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс;


ақпараттық ресурстар

- ақпараттық жүйелерде қамтылған, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген және ақпаратты пайдаланушылар үшін мүддені ұсынатын, электронды жүйелендірілген ақпарат (ақпараттық дерекқорлар);


ақпараттық

жүйе

- ақпараттық технологиялар, ақпараттық жүйелер және ақпараттық үдерістерді іске асыруға бағытталған, оларды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы;


ақпараттық

теңсіздік

- білім мен ақпаратқа қолжетімділіктің әртүрлі деңгейіне байланысты халықтың түрлі әлеуметтік топтарының АКТ-ны пайдалану мүмкіндіктерінің теңсіздігі;


е- қызмет

көрсетулерді

жеткізушілер

- АКТ құралдарымен қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар және өзге де шаруашылық субъектілері;


е-қызмет көрсетулерді тұтынушылар

- азаматтар, мемлекеттік органдар, ұйымдар және өзге де шаруашылық субъектілері;



е-қызмет көрсетулер регламенті

- түпкі нәтижесі е-қызмет көрсетулерді жеткізушілердің функциялық мақсаттарына қолжеткізу болып табылатын әкімшілік және өзге де үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған жүйелі іс-әрекеттер жиынтығы.


3. Шығыс Қазақстан облысындағы

ақпараттандырудың жай-күйін талдау


  1. Ұйымдастыру құрылымы

Шығыс Қазақстан облысы 19 аудандармен/қалалармен ұсынылды, оның 4 қалалық (Өскемен қаласы, Семей қаласы, Риддер қаласы, Зырян қаласы) және 5 аудандық әкімдіктер. Халқының жалпы саны 1530 мың тұрғынды құрайды, оның қалалық халқы – 899,5 мың тұрғын, соның ішінде Өскемен – 310 мың адам, Семей қаласы – 275 мың адам, ауылдық халқы – 630 мың адам.

Облыстық әкімдік құрылымына 20 департамент (басқармалар) пен 19 аудандық/қалалық әкімдіктер кіреді. Бұдан басқа, облыс әкімі өңірде орналасқан, орталық атқарушы органдардың 30 аумақтық бөлімшелерінің қызметіне жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.

Облыс әкімдігінің функциялары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27-бабымен регламенттеледі.


2. Өңірдегі ақпараттық жүйелер мен ресурстар.
Облыс әкімдігінде өңір бойынша толығымен жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруға бағытталған, сондай-ақ негізделген шешімдер қабылдау үшін әкімдік қызметінің бизнес-үдерістерін модельдеу мен талдауға бағытталған жеке ақпараттық жүйелер жоқ.

Жоспарлау мен басқару бойынша өз қызметін жүзеге асыру үшін әкімдік орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен ақпаратқа сұрау салады. Ақпарат автоматтандырылған режимде берілмейді. Жергілікті және орталық атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты (бекітілген) регламенті, сондай-ақ ақпаратты беру мен алмасу тәртібі туралы нормативтік-құқықтық база жоқ.

Жоспарлау мен басқару кезінде ШҚО әкімдігі пайдаланатын, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің негізгі ақпараттық ресурстары мына кестеде келтірілген:




р/с

Департамент атауы

Ақпараттық жүйе атауы

1.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің ШҚО бойынша департаменті

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері» дерекқоры

2.

ШҚ облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы

«Табиғат қорғау іс-шаралары» дерекқоры

3.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі ШҚ облыстық комитет

«Мемлекеттік жер кадастры» ААЖ

4.

Статистика басқармасы

Статистикалық тіркелімнің дерекқорының жүйесі

5.

ШҚ облыстық төтенше жағдайлар басқармасы

Төтенше жағдайлар бойынша Республикалық автоматтанды-

рылған ақпараттық-басқару жүйесі – ТЖ ААБЖ



6.

ШҚО көші-қон және демография басқармасы

«Оралман» дерекқоры

7.

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ШҚ облыстық басқармасы

ҚР АШМ жүйесінің ақпараттық-маркетингтік дерекқоры

8.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО басқармасы

«Мемлекеттік қызмет» дерекқоры

9.

ШҚ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті

«Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, жарғылық капита-лында мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар тізілімі» АЖ

10.

ҚР ҚМ дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі ШҚО комитеті

«Төлем қабілетсіздігі және банкроттық» ақпараттық жүйесі (Банкрот АЖ)

11.

ҚР Еңбек министрлігінің ШҚО бойынша департаменті

Халықты жұмысқа орналастыру-дың автоматтандырылған ақпарат-тық жүйесі, «Халықты жұмысқа орналастыруды дербес есепке алу, бақылау және талдау» автоматтан-дырылған ақпараттық жүйесі, «Зейнетақы мен жәрдемақылар төлеу» дерекқоры

12.

ҚР ҚМ қаржылық бақылау комитеті ШҚО бойынша басқармасы

«Мемлекеттік сатып алу бойынша мониторинг» АЖ

13.

Мемлекеттік стандарттың мемлекеттік қадағалау комитетінің ШҚО бойынша басқармасы

«Мемлекеттік стандарттар» ААЖ

14.

ШҚ облыстық автомобиль жолдары басқармасы

«Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы «тар жерлер» дерекқоры


15.

ШҚО көліктік бақылау басқармасы

Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол қозғалыстарының қауіпсіздігі жүйесінің кешенді бағдарламасы

16.

«ҚР Әділет минмистрлігінің тіркеу қызметі комитетінің ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК

Жылжымайтын мүлікті түгендеу, бағалау және оған құқықты тіркеу жөніндегі автоматтандырылған жүйе

17.

Геология және жер қойнауын пайдаланудың ШҚО ММ «Востокказнедра» ЖШС

Жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы мемлекеттік дерекқордың АЖ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет