БАҒдарламасы қостанай, 2013 жыл мазмұны 1


Қайта өңдеу кәсіпорындары өнімдерінің көлемдері



бет7/21
Дата23.02.2016
өлшемі6.02 Mb.
#4517
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Қайта өңдеу кәсіпорындары өнімдерінің көлемдері

тонна


Атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2008 ж. қарағанда

2012 ж.

Ет және азықтық ішек-қарын өнімдері, тонна

3008

3549

5545

6879

7779

258

Шұжық өнімдері, тонна

2439

2515

2775

3135

3490

143

Сұйық өңделген сүт пен кілегей, тонна

31062

35623

46063

48412

56289

181

Сары май, тонна

2113

2115

2285

2630

2094

99

Сүт және қоюлатылған кілегей, тонна

732

911

1218

774

770

105

Сүзбе және ірімшік, тонна

1906

2037

2141

1949

2017

106

Ұн, тонна

859469

878982

927809

911732

970885

113

Макарон, тонна

10707

11255

14156

20961

21266

199

Жаңа піскен нан, тонна

31920

32196

35761

38140

38164

120

Облыс өнімнің негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтыған болып табылады: астық бойынша – 16,7 есе, нан өнімдері бойынша – 8,6 есе, еттің сойыс салмағы бойынша – 1,7 есе, сүт – 2,3 есе, жұмыртқа – 4,3 есе.

Тамақ өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражаттарын толтыру үшін екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша банктік сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама іске асырылуда.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қайта өңдеуші 50 кәсіпорында халықаралық ИҚО және ХАССП менеджмент сапасы жүйесі енгізілді. 2013 жылдың аяғына дейін тағы да 2 кәсіпорында сапа стандарттарын енгізу жоспарланып отыр. 2015 жылға дейін сапа стандартын енгінзген кәіспорындардың саны 58 бірлікке жетеді. Өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей Федерациясының, Батыс Қазақстанның, Украина мен Белоруссияның шекаралас аудандары болып табылады.

Тауарлық балық өнімдерін өндіру

Балық қорларын ұлғайту және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау тауарлық балық өсіруді дамытусыз мүмкін емес. Соңғы 3-5 жылда орта жылдық балық аулау көлемі (14 тонна тауарлық балық өндіруді қосқанда) 966 тоннаны құрады. Соңғы уақытта балық аулау көлемінің төмендеу үрдісі байқалып отыр. Табиғи су қоймаларында балық өсіру арқылы балық ресурстарын қалпына келтіру балық ресурстарының жағдайын қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік берсе де, балық өнімдерінің көлемін ұлғайту мәселелерін шеше алмай отыр. Балық саласының басым бағыттары тауарлық балық өсіру болып табылады. Бірақ бұған: тауарлық өндірісті дамытуға нақты жауапты уәкілетті органның болмауы; тауарлы балық өндірумен айналысқан кезде су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жүргізудің әділетсіздігі және мақсатқа лайықты болмауы, жергілікті бюджеттің қаржылық қаражаттарының тапшылығы сияқты мәселелер кедергі жасап отыр.



Агроқалашық

Облыста базалық салалардың бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Халықтың жартысы ауылдық жерде тұрады, сондықтан Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі үшін және өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту үшін күшті ауыл шаруашылығы құрылымдарының негізінде агроқалашықтар құру қажет.

Агроқалашық жаңа сапалы селолық кенттер ретінде айқындалады. Агроқалашық – мыңнан аспайтын халық саны бар, онда тұрып жатқан адамдар мен маңайындағы аумақтардың тұрғындарды әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылатын жабдықталған елді мекен:

- орталықтандырылған және жергілікті (суық және ыстық), оның ішінде өрт сөндіру үшін сумен жабдықтау;

- орталықтандырылған газбен жабдықтау (немесе ұжымдық пайдаланудағы сұйытылған газбен жабдықтау жүйесін дамыту);

- қатты жол жабындыларымен жабылған көшелер;

- қызмет көрсететін аймақтағы елді мекендерді байланыстыратын жол жүйесі;

облыстық және аудандық орталықтармен жолаушылардың көлік қатынасы;

- стационарлық және мобилдік байланыс жүйелері негізінде телефон байланысының обьектілері;

- тұтынушылар кооперацияларының сауда-сатылым обьектілері;

- тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін аудандық кәсіпорындардың филиалдары;

- халықтың жеке көмекші шаруашылығына қызмет көрсететін құрылымдары; мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер;

- спорт обьектілері мен құрылыстар, экологиялық туризмді ұйымдастыру, аңшылық шаруашылықтар;

- жалпы тәжірибелі дәрігердің амбулаториясы;

- өрт сөндіруші апаттан қорғайтын депо мен бекеттер;

- жол маңындағы сервистік қызмет көрсету обьектілері (қоғамдық тамақтану, ТҚС, АҚС, қонақ үйлер);

- мәдениет мекемелері (мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар және т.б.);

- нотариалдықтарын қоса алғанда халыққа заңдық қызмет көрсету.

Әрі қарай дамытуға бағытталған ауылдық елді мекендер үшін жоспарлау, салу және жайластыру жоспарларының жобаларын жетілдіру қажет, оларда ауыл тұрғындарының еңбек ету және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған өзара байланыста болатын іс-шаралар кешені айқындалған.

Берілген құрылымдар мыналарға:

ауылдық жерлерде тұру мәртебелігі және ауылдағы демографиялық жағдайды жақсарту үшін негізін қалап, ауыл тұрғындарының табыстарын арттыруға;

ауылдың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына жағдай жасауға;

ішкі және сыртқы нарықтар үшін жеткілікті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті тиімді өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

2007 жылдан 2012 жылға дейін ШОК-та белсенді жұмыс істейтіндердің саны 1,5 есе, 48893 адамға ұлғайды және 138770 адамды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің өнім (тауар мен қызмет көрсету) шығаруы 3 есе өсті және 349367 млрд. теңгені құрады.

2012 жылы облыста 39045 белсенді шағын және орта кәсіпкерлік қызмет етеді, бұл 2011 жылғы деңгейден 8,6 төмен (Қостанай облысы статистика департаменті Салық комитетінің бірыңғай базасына сәйкес өткізген жеке кәсіпкерлік бойынша түзетуіне байланысты), олардан 2896 шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 439 орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 30672 жеке кәсіпкерлер және 5038 шаруа қожалықтары қызмет етеді.

ШОК-та жұмыс істейтіндердің саны 138,7 мың адамды құрады, бұл 2011 жылғыдан 1,1 артық, оның ішінде: шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында – 30 мың адам, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында – 44 мың адам, жеке кәсіпкерлікте – 54,2 адам, шаруа қожалықтарында – 10,5 адам жұмыспен қамтылған.

2013 қаңтар-маусымында облыс бойынша шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 0,2%-ға өсіп, 137,5 мың адамды құрады (республика өңірлерінің арасында 7 орын). Республикалық көрсеткіште жұмыс істейтіндердің үлесі 5,3%, ал облыстың экономикалық белсенді халқында 25,6% құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субьектілері (тауар мен қызмет көрсету) 349,4 млрд. теңгеге өнім шығарды, нақты көлем индексі 90,4 (бидайдың төмен түсіміне байланысты шаруа (фермерлік) қожалықтарда, оның ішінде: шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 78542 млн. теңгеге, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 195170 млн. теңгеге, жеке кәсіпкерлер – 46503 млн. теңгеге, шаруа қожалықтары – 29152 млн. теңгеге өнім шығарды.

2013 жылдың 1 жартыжылдығында ШОК субъектілерінің өнімдер шығаруында республикалық көрсеткіште облыстың үлесі 3,9% құрайды және өңірлер арасында 11 орынға сәйкес келеді (162224 млн. теңге).

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санының үлесі 2012 жылы 15,8, ал экономикалық белсенді халық – 25,6 құрады. Белсенді ШОК субъектілерінің саны 1000 тұрғынға шақанда 44,4 бірлікті құрады.

2012 жылы екінші деңгейдегі банктер филиалдары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне 36729,3 млн. теңге сомасына кредит берді, бұл 2011 жылғыдан 9,9 артық.

Берілген кредиттік ресурстар бойынша орташа пайыздық кредиттік мөлшерлеме 13,4 құрады.

Ауылдық кредиттік серіктестіктер 2012 жылы 1543,5 млн. теңге сомасына 295 кредит берді.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысына жеке кәсіпкерлікті дамытуға 2012 жылы 556,8 млн. теңге сомасына нысаналы ағымдағы трансферт, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 882,9 млн. теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінді.

2012 жылы Бағдарлама шеңберінде жалпы 15 477,6 млн. теңге сомасына 126 жоба мақұлданды.

20-кесте

Облыста шағын кәсіпкерлік даму көрсеткіштерінің

серпіні

Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің саны, бірлік

41653

43345

45599

33850

42720

39045

Шағын кәсіпкерлікте жұмысқа тартылған адамдар саны, оның ішінде

89877

98427

99237

142292

137292

138770

Шағын кәсіпкерліктің барлық субьектілерінің өнімдер шығаруы, млн. теңге

114031

142849

157697

314447

370197

349367

ЖӨӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру үшін облыста «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) белсенді іске асырылуда. 2012 жылы оның шеңберінде жалпы 15 477,6 млн. теңге сомасына 126 жоба мақұлданды, оның ішінде «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» Бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 97 өтінім қаралып, мақұланды, екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін кепілдендіруге ӨҮК 7 өтінімді, Бағдарламаның «Кәсіпкерлердің валюталық қатерлерін төмендету» үшінші бағыты бойынша 22 жобаны мақұлдады.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлікті қолдауға республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер сомасы жыл сайын ұлғаюда.

Егер 2010 жылы осы мақсаттарға 73,1 млн. теңге, 2011 жылы – 176,6 млн. теңге бөлінсе, 2012 жылы – 556,8 млн. теңге, ағымдағы жылға 1,0 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге ақпарат беру, тегін кеңестік көмек көрсету үшін облыста 2012 жылдан бастап кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы қызмет етеді, Рудный, Лисаков, Арқалық және Жітіқара қалаларында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды, онда облыс кәсіпкерлері облыс орталығына бармай-ақ сол жерде консалтингтік қызметтер ала алады.

Ішкі сауда

Облыста соңғы жылдары ішкі сауда саласында тұрақты оң серпін байқалуда: халыққа сату көлемінің ұлғаюы, сауда желісі мен қызметтер инфрақұрылымының дамуы, оның ішінде осы заманғы технологияларды қолдана отырып, тауарларды сату үдерісін іске асыратын сауда обьектілері.

3 жылда (2007-2009 жылдары) бөлшек сауда тауар айналымы 1,4 есе ұлғайды және 76,4 млрд. теңгені құрады. 2012 жылы бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 159,7 млрд. теңгені құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 55,0-ға ұлғайды.

Көтерме тауар айналымы 2012 жылы 2010 жылға қарағанда 29,3-ға ұлғайды және 379,1 млрд. теңгені құрады.

Тиімді сауда саясатын жүргізу өңірлердің аумақтық дамуын, халықтың ауқаттылығын жоғарылатудың қамтушысы болып табылады.

Жаһандану және қатал бәсекелестік жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесі маңызды болып отыр. Кәсіпорындарға ішкі және әлемдік нарықтарда қолданыстағыларын бір қалыпта ұстап, жаңа «орындарды» өзіне бағындыруға тура келеді.

2013 жылдың 1 шілдесінде облыста 7366 сауда обьектісі, олардың ішінде елді мекендерде 3753-і, 962 қоғамдық тамақтану обьектілері, оның ішінде ауылдық жерлерде 508-і бар.

Облыста 47 сауда базары, 4,6 мың сауда орындары тіркелген, оның ішінде 2 базар коммуналдық нысанға ие. Қалалық жерлер бойынша 28 базар, ауылда – 19 тіркелген. Базарлардың түрлері бойынша 2-і – азық-түлік, 18-і – азық-түлік емес, 2-і – мамандандырылған және 25-і – әмбебап болып бөлінеді.

2013 жылдың 6 айында облыста көтерме сауда айналымы 207,9 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 79,2% құрады.

Ішкі сауда кәсіпорындары облыс халқына 68,2 млрд. теңге сомасына тауарлар мен өнімдер сатты. Республикалық көлемде облыс саудасының үлес салмағы 3,1% құрады. Облыстың бөлшек сауда тауар айналымы 12,3%-ға ұлғайды, Республика деңгейінде (12,3%).

2013 жылдың 1 жатртыжылдығында қоғамдық тамақтану кәсіпорындары халыққа 1,9 млрд. теңге көлемінде немесе 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 104,3% қызмет көрсетті.
Бәсекелестікті дамыту

Облыс экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып және нақты тауарлар нарығының әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, бірнеше маңызды салалар анықталды, оларда атқарушы органдардың бәсекені дамыту жөніндегі шараларды іске асыруы мақсатына лайық және барынша тиімді:

агроөнеркәсіп кешені;

бөлшек сауда;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен байланыс;

отын-энергетикалық кешен.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі бәсекені дамытуға саланың айрықша ерекшеліктері әсер етеді. Бәсекені шектейтін факторлардың бірқатары орын алуда: материалдық және қаржылық ресурстардың тапшылығы, өнімдер өндірісінде вертикалдық интеграцияның жеткіліксіз дамуы, кооперацияны дамыту деңгейінің төменділігі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің болмауы.

Бәсекенің жағдайына қоймалар, қамбалар, бастапқы өнімдерді қабылдау пунктерінің болмауы, ауыл шаруашылығы өнімдерін биржа арқылы сатудың дамымағандығы да әсер етеді.

Бәсекенің дамуына кедергі болатын негізгі бөгеттер:

тұрақты тауарлар өткізетін нарықтың болмауы, бұл шағын тауар өндірушілердің өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін облыстың ішкі нарығында және оның шегінен тыс нарықтарда өз бетімен сатуына (немесе делдалдардың аз саны арқылы) кедергі болуда;

ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді алу бойынша рәсімдердің ұзақтығына, нан қабылдайтын кәсіпорындардың қызмет көрсетуі жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беретін құжаттарды алуға байланысты әкімшілік кедергілер;

энергетикалық және өткізу инфрақұрылымының кемшіліктері.

Өңірлік саясатты жүргізу шегінде жергілікті атқарушы органдар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті өсіру және елдің интеграция жағдайында өңірдің аграрлық өндірісін бейімдеу мақсатында агроөнеркәсіп кешенінің салаларын қарқынды дамыту жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады және мынадай мүмкіндіктер қарастырылды:

ішкі нарықтың азықтық тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша (меморандумдар жасау арқылы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарту арқылы және т.б.);

ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге жаңа технологиялар енгізу бойынша (фермалар, жылы жайлар, құс фабрикаларын, сүт және ет өнімдерін өңдейтін және өндіретін цехтар салу, қайта жаңғырту және жаңарту);

аграрлық өнеркәсіп саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту бойынша.

Бөлшектеп сату саласының кемшіліктеріне дамыған көлік-логистикалық жүйесінің болмауын, қысқа мерзімді жинақтау жүйесінің дамымағандығын жатқызуға болады.

Облыстың бөлшектеп сату саласы бәсеке деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды талап етеді (кәсіпкерлік қызметпен айналысу, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін кедергілерді анықтау және жою).

Жергілікті атқарушы органдар ішкі сауданы дамыту саласындағы бәсекелестікті дамыту жөнінде мынандай шаралар қабылдайтын болады:

халықаралық, өңіраралық, шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы облыстың экспортқа бағытталған кәсіпорындарына жағдай жасау (Кеден одағы шегінде субъектілердің өзара қарым-қатынастарын жақсарту);


республикалық және жергілікті бюджеттен жобаларды қаржыландыру (инвестициялау) арқылы нарық объектілерінің санын ұлғайту үшін жағдай жасау;

сауда орындарының инфрақұрылымын жетілдіру (жабық павильондар салу және қолданбайтын коммуналдық меншіктегі объектілерді мемлекеттік көмек көрсету шегінде жалдауға беру («Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы).

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті дамыту агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) өңірлерде бәсекелестікті дамытуды бағалау индикаторларының жүйесі (бұдан әрі – Рейтинг) бекітілді. Рейтингке сәйкес бәсекелестікті дамыту дәрежесін тікелей көрсететін 5 көрсеткіш белгіленді.

2012 жылы бәсекелестікті дамытуды бағалау индикаторлары жүйесінің нәтижелері бойынша Қостанай облысы Рейтингте 8 орынды алады, оның ішінде индикаторлар бойынша:

1. өткен жылмен салыстырғанда экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан шағын және орта кәсіпкерліктегі өсу қарқыны – 1,84 (11 орын);

2. бәсекелік ортаға берілетін жалпы саннан бәсекелік ортаға берілген, акцияларының 50 астамы мемлекетке жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың үлесі – 100 (1 орын);

3. мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілер бойынша ЖАО қатысты шығарылған ден қою актілерінің саны – 0 (1 орын);

4. мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілер бойынша ЖАО қатысты шығарылғанның жалпы санынан ден қою актілерінің үлес салмағы – 0 (1 орын);

5. кәсіпкерлікті монополияландыру деңгейі – 1,77 (7 орын).

Менеджмент және стандарттау жүйелері

Облыста 9001, 14000, 22000, ОНSAS 18000, ХАССП SА 8000 сериялары ИҚО халықаралық стандарттарының негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізу мониторингі жүзеге асырылуда.

2013 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 158 кәсіпорында: «ССКӨБ» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «ДЕП» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ ЛФ, «Имсталькон» АҚ Филиалы, Рудный металл конструкциялары зауыты, «Космис» ЖШС филиалы, «RG Brands Kazakhstan», «Қостанай диірмен комбинаты» АҚ, «Баян-Сұлу» АҚ, «Асалия» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ КФ, «Милх» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Большевичка» ӨК, «Фирма «Арасан» ЖШС, «Мотор-Деталь» ЖШС, «Экспро» ЖШС, «Шаймерден» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ (ОНSAS 18001-2007), «Костанйполиграфия» ЖШС және т.б. өндірістік өнеркәсіптердің бірқатары 9001-2000 ИҚО сай сертификаттарға ие.

Шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда:

ИҚО 9000, 14000, ХАССП жүйелерінің негізінде ҚМК-ң сертификаттау мен енгізу мәселелері бойынша семинарлар және «дөңгелек үстелдер»;

ХАССП жүйесі 9000, 14000 ИҚО серияларының ХС енгізуіге байланысты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өнімдер мен қызметтердің сапасы туралы мәселелер бойынша газеттерде мақалалар басылып, сондай-ақ телеарналарда қазақ және орыс тілдерінде телесұхбат көрсетілді;

стандарттау мәселелері бойынша 500 кәсіпорынға тегін кеңестер берілді. Өнімдірді сертификаттау мәселелері жөнінде және өлшеу құралдарын тексеру жөнінде үнемі кеңестер жүргізіледі;

Облыс кәсіпорындарына сапа менеджментінің жүйесін енгізу мәселелері бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетілді. Өнімдер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыс үшін төлеу барысында шағын бизнес кәсіпорындарына 10-дан 40-ға дейінгі мөлшерде жеңілдіктер берілді;

ТРМЖ тауарлар мен қызметтердің әртүрлі салалары бойынша ҚР мемлекеттік стандарттарының 75 жобасы бойынша ұсыныстар қарастырылды және берілді;

«Фемида+» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымен тұрақты негізінде жұмыс жүргізілуде;

сатылатын тауарлардың бақылау мен қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Меморандум негізінде базарлардың басшыларымен кездесулер және кеңестер өткізіледі.

Өндірілетін өнімдердің сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату мақсатында басқару стандарттарының, 9000, 14000 ИҚО халықаралық стандарттарының, ХАССП жүйелерінің негізінде сапа менеджментінің осы заманға сай жүйелері енгізілді. 2013 жылдың 1 қазанына дейін 9001-2000, 14001-2004, OHSAS 18001-1999 ИҚО сәйкес сертификаттар 162 кәсіпорында бар.


Инновациялар мен инвестициялар

2012 жылдың қорытындылары бойынша облыстың 95 шаруашылық субъектісінде технологиялық инновация болды (2011 ж. – 31 кәсіпорын).

Облыс кәсіпорындары 94 қорғау құжатын, оның ішінде дайындауға 15 предпатент, дайындауға 12 патент, өнеркәсіптік үлгіге 4 патент, пайдалы үлгіге 3 патент, тауарлық белгіге 1 куәлік, селекциялық қолжеткізулерге 17 патент, 4 лицензия және 38 басқа қорғау құжаттарын алды.

Аяқталған инновациялары бар кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі түрлері зерттеулер мен әзірлемелер – 70,5 және ғылыми-техникалық қызметтер – 29,5 болып табылады. 21-кесте



Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің негізгі көрсеткіштері




2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі, млн. теңге

221,0

228,5

326,6

270,1

327,0

576,6

о.і. – зерттеулер мен әзірлемелер

163,6

180,3

261,3

216,4

230,6




- ғылыми-техникалық қызметтер

57,4

48,2

65,3

53,7

96,4




Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, %

2,5

2,0

1,5

2,6

4,8

7,1

Инновациялық өнім көлемі, млн. теңге

1344,8

4084,0

1848,3

1966,9

12453,0

29769,7

2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылы инновациялық өнімдер көлемі 1344,8 млн. теңгеден 29769,7 млн. теңгеге дейін 9,3 есе өсті, иноовациялық сипаттағы жұмыстар (қызметтер) көлемі 576,6 млн. теңгені құрады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының іске асырылған инновациялық өнімнің арасында инновациялық өнімде үлес салмақты жаңадан енгізілген немесе үлкен технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім алады. Технологиялық инновациялардың күрделі және ағымдағы шығындары 6722,9 млн. теңгені (2011 ж. – 709,1 млн. теңге) құрады. Бұл ретте технологиялық инновациялардың басқа шығындары 49,0, технологиялық инновациялармен байланысты машиналар мен жабдықтарға – 39,6, жаңа өнімдерді, өндірістік процесстерді зерттеуге және әзірлеуге – 10,2, жаңа технологияларды сатып алуға – 0,9 бағытталды.

Инновациялардың өңірлік офисін, сондай-ақ Инвесторлардың қызмет көрсету орталықтарын (бұдан әрі – Орталық) құру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс кәсіпорындарының, өнертапқыштар мен ЖОО ғылыми қызметкерлерінің инновациялық қызметін белсендіру мақсатында «Тобыл» ӘКК» АҚ құрылымында 2012 жылдың сәуірінде ақпараттық насихаттау шараларының кешенін жүзеге асыратын, кеңес қызметтерін, облыс аумағына жобаларды іске асыруға инвесторлар іздеу және тарту қызметтерін көрсететін Инвестицияларды тарту және инновацияларды қолдау орталығы құрылды. Қостанай облысы бойынша 2007-2012 жылдардағы негізгі капиталға инвестицияларды талдау көрсеткіште жыл сайынғы өсу қарқыны бар екенін көрсетіп отыр.

Осылайша, 2012 жылы инвестициялар 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есе ұлғайып, 163754 млн. теңгені, 2011 жылға қарағанда өсу қарқыны – 7,1, нақты көлем индексі – 102,7 құрады.

Облыс инвестицияларының үлесі республика көлемінде 2007 жылғы 2,6-дан 2012 жылы 3-ға өсті (РК негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 5455 млрд. теңге).

2012 жылы инвестициялар 2011 жылмен салыстырғанда 10692 млн. теңгеге өсті (150 730 млн. теңге).

Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі капиталға инвестициялар мынадай салалар бойынша ұлғайды:

ауыл шаруашылығында 600 млн. теңге (2011 ж. – 24915 млн. теңге, 2012 ж. – 25515 млн. тңнге);

тау-кен өнеркәсібінде 2160 млн. теңге (2011 ж. – 50428 млн. теңге, 2012 ж. – 52588 млн. тңнге);

өңдеу өнеркәсібінде 1164 млн. теңге (2011 ж. – 12147 млн. теңге, 2012 ж. – 13311 млн. теңге);

сумен жабдықтауда 7264 млн. теңге (2011 ж. – 4938 млн. теңге, 2012 ж. – 12202 млн. теңге).

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Осы қайнар көздің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2012 жылы 73% құрады. Бюджетік қаражаттар есебінен инвестициялардың үлесі 20% құрады.

2012 жылы негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі өнеркәсіпке – 83 млрд. теңге (негізгі капиталға ивестициялардың көлемінен 51%) бағытталды, оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне – 52,6 млрд. теңге (32,6%), өңдеу өнеркәсібіне – 13,3 млрд. теңге (8,2%), электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа реттеуге 4,8 млрд. теңге (3%), сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қоқыстарды жинақтау мен таратуды бақылауға – 12,2 млрд. теңге (7,6%). Ауыл, балық және орман шаруашылығына инвестициялар – 25,5 млрд. теңгені (15,8%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 16,8 млрд. теңгені (10,4%), көлік және жинақтауға – 17 млрд. теңгені (10,5%), көтерме және бөлшек сауда, автокөліктерді және мотоциклдерді жөңдеуге және т.б. – 3,4 млрд. теңгені (2,1%) құрады.

22-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет