БАҒдарламасы қостанай, 2014 жыл мазмұны 1



бет1/21
Дата06.03.2016
өлшемі4.16 Mb.
#45470
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Мәслихаттың

2014 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 355 шешіміне

қосымша
Мәслихаттың

2011 жылғы 12 қаңтардағы

№ 368 шешіміне

1-қосымша

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қостанай, 2014 жыл
МАЗМҰНЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ.......................................................3

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ......................................................7

2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы.......................................................................................................7

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау........................8

2.2.1. Экономикалық дамуын талдау.........................................................8

2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау....................................................56

2.2.3. Инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау.............................100

2.2.4. Әкімшілік-аумақтық бірлік аясында өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау..........................................................................................................112

2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау.............................................................................................................. ..........125

2.3. Аумақтың орта мерзімді келешектегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы ...........................................................................................132

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау............................................................................134



3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ..........................................135

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ............................................................138

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР......................................................................168

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ...........................................................169

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Пррезиденті кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы


Өңірдің негізгі сипаттамалары

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының 3 облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі.

Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы іргесі қаланған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс құрамына 4 қала (1 қала – аудандық маңызы бар), 16 аудан, 161 ауылдық аймақтар, 8 кенттер (5 ауылдық және 3 қалалық), 75 дербестік селолар және ауылдар кіреді.

Облыс аумағында жүзден астам ұлт және ұлыстар тұрады. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс халқы 881,0 мың адамды, олардың ішінде: қазақтар – 38,8%, орыстар – 42,1%, украиндер – 8,9%, немістер – 3,2%, басқа ұлттар – 7% құрайды. Халықтың тығыздығы - бір шаршы километрге 4,5 адам. Ең тығыз мекендегендер – Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары, ең аз – облыстың оңтүстік аудандары, оларда халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 0,5-0,8 адамды құрайды.



Бағыттар

Экономика

Әлеуметтік сала

Инфрақұрылым

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары

Мемлекеттік қызметтер


Бағдарламаның мақсаттары

1. Өңірлік деңгейде экономикалық саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

2. Бәсекеге қабілетті өндірістердің өсуін қамтамасыз ететін, индустриалды кешеннің дамуы.

3. Өндірістердің энергиялық тиімділігін жоғарылату.

4. Ішкі нарықтың қажеттілігін жабу және экспорттық қорларды қалыптастыру үшін жеткілікті көлемдерде агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі.

5. Бизнес-ортаны жақсарту.

6. Инвестициялық климатты жақсарту, саланың инновациялық дамуы.

7. Білім сапасын, қол жетімділігін жақсарту.

8. Әдеттегі жастағы жастарды техникалық және кәсіби біліммен қамтамасыз ету.

9. Халық тіршілігі ұзақтығының өсуі үшін жағдайлар жасау.

10. Уақтылы және сапалы медициналық қызметтер көрсету.

11. Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.

12. Еңбекке қабілетті тұрмысы нашар тұрғындарды тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу.

13. Отандық мәдениетті сақтау, дәріптеу және насихаттау.

14. Дене тәрбиесiмен және спортпен жаппай айналысу үшiн жағдай жасау.

15. Бәсекеге қабілетті туристтік индустрия құру.

16. Ұлттың бiрлiгiн қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді күшейту.

17. Көшелерде және басқа қоғамдық орындарда құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою.

18. Құрылыс индустриясын дамыту.

19. Экономикалық кеңістіктің байланыстылығын жақсарту.

20-мақсат: Көлік қызметтерін жетілдіру және дамыту.

21. Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің тиімділігін жоғарылату.

22. Өңірдік экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдайлар жасау. Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

23. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату.


Міндеттер

1.Жыл сайынғы ЖӨӨ нақты өсуін қамтамасыз ету.

2.Халықтың әл-ауқат деңгейін арттыру.

3.Инфляцияның деңгейін жылына 6-8% деңгейде ұстау.

4.Өңдеу өнеркәсібіндегі басым, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту.

5.Өңдеу өнеркәсібіндегі басым секторларындағы еңбек өнімділігін арттыру.

6. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту.

7. АӨК өнім өндірісі тұрақты өсуінің негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

8. Бизнес экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы орта құру.

9. Ивестициялық қызметін дамыту.

10. Инновацияларды жоғарылатуға және дамытуға көмектесу.

11. Мектепте білім беру қызметінің сапасын арттыру.

12. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау.

13. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім берумен толық қамтумен қамтамасыз ету.

14. Халықты жұмыспен тиімді қамтамасыз етуге қол жеткізу.

15. Халықтың денсаулығын нығайту.

16. Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту.

17. Әлеуметтік маңызды аурулардың ауыртпалығын төмендету.

18. Халықты тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу.

19. Халықтың әл-ауқат деңгейін арттыру, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді жетілдіруге көмек көрсету.

20. Мәдениет саласындағы отандық өнімнің талапқа сайлығын өсуін ынтылындыру.

21.Облыс еңбек ұжымдарында тұрғындардың дене шынықтырумен жаппай айналысуы үшiн қолайлы жағдайларды ұйымдастыру.

22. Халықтың жаппай спортпен айналысу үшін дене шынықтыру-спорттық нысандарына қол жеткізушілікті қамтамасыз ету.

23. Туристік қызмет көрсетуді дамытуды қамтамасыз ету.

24.Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесуін жетілдіру арқылы мемлекетті кушейту.

25. Ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді нығайту және сақтау.

26. Мемлекеттiк жастар саясатын тиiмді iске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғамы қалыптастыру үшiн шарттарды қамтамасыз ету.

27. Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың қажетті өмір қауіпсіздігі, денсаулығы, құқығы мен бостандықтары деңгейлерін қолдау. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

28. Төтенше жағдайларға қарсы іс-әрекеттерге жағдайлар жасау.

29.Тұрғын үй құрылысын дамыту.

30. Тұрғын үйге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету.

31. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту.

32. Халықтың көлік қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету.

33.Тұрғын үй қатынастарының тиімді моделін құру.

34. Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту.

35. Атмосфералық ауаны қорғау. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі проблемаларды шешу.

36.Орман ресурстарын сақтауды, ұтымды пайдалану мен қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

37. Халыққа қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру.


Нысаналы индикаторлар

1. Жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексі.

2. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі.

3. Өңірдің өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі үлесін жеткізу.

4. Энергия сыйымдылығын төмендету.

5. Ауыл шаруашылық өнімін өндірісінің нақты көлем индексі.

6. Жалпы өңірлік өнім құрамындағы шағын және орта бизнес үлесін ұлғайту.

7. Ауыл шаруашылығына инвестициялардың нақты көлем индексі.

8. Өнеркәсіпке инвестициялардың нақты көлем индексі.

9. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жетік (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылар үлесі.

10. Әдеттегі жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі.

11. Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы.

12. Жалпы қайтыс болуды төмендету.

13. Жұмыссыздық деңгейі.

14. Кірістері ең төмен күн көріс деңгейінен төмен шамадағы халықтың үлесі.

15. Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі.

16. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықтың қамтылуын ұлғайту.

17. Дене шынықтыру және жаппай спортпен айналысу үшін қол жетімді объектілер саны.

18. Туристтік қызмет саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың жиынтық кірістерін ұлғайту.

19. Мемлекет және мемлекеттік саясаттың даму Стратегиясын қолдау деңгейі.

20. Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі.

21. Халықтың ішкі істер органдарына деген сенімінің болжамдық деңгейі.

22. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі.

23. Жақсы және және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі.

24. Жолаушылар айналымының көлемі.

25. Күрделі жөндеуді қажет ететін, кондоминиум нысандар үлесінің азаюы.

26. Жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайту.

27. Орталықтандырылған суға қол жеткізуге мүмкіндігі бар халықтың үлесін ұлғайту.

28. Халықты су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайту.

29. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемінен ауылшаруашылығы айналымына енгізілген жерлердің үлесін ұлғайту.

30. Халықтың мемлекеттік қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі.



Қаржыландыру көздері және көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, заем қаражаттары

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жылы – 50603,29 млн. теңге

2012 жылы – 47363,43 млн. теңге

2013 жылы – 51955,80 млн. теңге

2014 жылы – 49966,208 млн. теңге



2015 жылы – 35375,32 млн. теңге

* жергілікті бюджеттің шығыстары тиісті жылдарғы арналған бюджетті бекіту кезінде өзгеру мүмкін

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
Географиялық орналасуы

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі. Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы қаланған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.



Жер бедері. Облыс аумағы негізінен жазық бедерімен сипатталады. Солтүстік бөлігін Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік-шығыс түкпірі, оның оңтүстігінде Торғай үстірті, батысын Орал үстірті, ал оңтүстік-батысын Сарыарқа тау ұшығы алып жатыр.

Климаты шұғыл континенттік және өте қуаң. Қысы ұзақ, аяз, өте желді және қатты боран, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 250-300 мм және оңтүстігінде 240-280 мм шамасында. Вегетациялық кезеңі солтүстігінде 150-175 тәулік, оңтүстігінде 180 тәулік.

Су ресурстары. Өзен желісі сирек. Облыс шегінде 310 жуық ұсақ өзендер бар. Неғұрлым ірі өзендер – Тобыл және Торғай. Тобыл өзенінде Жоғары Тобыл, Қаратомар, Аманкелді су бөгеттері орналасқан. Облыста 5 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде ең ірілері Торғай жылғасында орналасқан Құсмұрын, Теңіз, Қойбағар, Ақкөл, Сарыкөл, Алакөл және т.б.

Топырағы. Облыс топырағының құрамы күрделі механикалық, құндылығы жоғары және тұздылығымен ерекшеленетін қара және қоңыр болып келеді. Тың жерлерге байланысты алқабтың көбісі жыртылған. Облыстың жалпы жер аумағы 19600 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 18123,4 мың гектарды егістік, оның ішінде 5659,3 мың гектарды құрайды немесе 31,2 %, 12068,0 мың гектарды (67%) жайылымдар алып жатыр.

Өсімдігі. Облыстың солтүстік бөлігінде көбінесе қызыл селеу және әр түрлі шөпті қара топырақ, ақ қайыңды-көктеректі бұталар және қарағайлы ормандар болса (Арақарағай, Аманқарағай); орталық бөлігінде – қызыл селеу және әр түрлі шөпті қоңыр топырақ, Науырызым қарағай көктеректі орманы, оның аумағында аттас қорық орналасқан, оңтүстік бөлігінде топырағы ашық қоңыр, бетегелі-селеу және жусан шөпті болып келеді.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы. Облыс құрамына 4 қала (1 қала – аудандық маңызы бар), 16 аудан, 8 кент (5 ауылдық және 3 қалалық), 161 селолық округ, 75 тәуелсіз село және ауыл кіреді.

Облыс аумағында жүзден астам ұлт өкілдері және ұлыстар тұрады. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының саны 881,0 мың адамды құрады, олардың ішінде: 38,8%-ы – қазақтар, 42,1%-ы – орыстар, 8,9%-ы – украиндер, 3,2%-ы – немістер, 7%-ы – басқа ұлт өкілдері. Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,5 адамнан келеді. Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларында халық тығыз орналасқан, ал халық тығыздығының төмен деңгейі – облыстың оңтүстік аумақтары, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,5 адамнан 0,8 адамға дейін келеді.



Қазақстанның дамуында Қостанай облысының алатын орны

Облыстың стратегиялық даму мақсаты қолайлы тұрғылықты орта құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу болып табылады.


2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
2.2.1. Экономикалық дамуын талдау

Өңірлік макроэкономика

Халықтың өмір сүру деңгейінің интегралды көрсеткіші – жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 2007-2013 жылдары 624,5 мың теңгеден 1487,7 мың теңгеге немесе 2,4 есе ұлғайды.

1-кесте

2007-2013 жылдардағы жалпы өңірлік өнім

Атауы

Өлш. бір.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

ЖӨӨ

млрд. теңге

560,4

704,3

723,9

860,5

1135,6

1156,2

1309,7

Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны

%

144,7

125,7

102,7

102

115,7

101,8

106,6

Жыл басына шаққанда ЖӨӨ

мың теңге

624,5

789,7

815,3

975,4

1289,6

1314,3

1487,7

Елдің жалпы өңірлік өніміндегі облыстың үлес салмағы 2007-2013 жылдары тиісінше 4,4-3,8% құрады. ЖӨӨ көлемі бойынша облыс 2013 жылы Қазақстан өңірлерінің ішінде 13, ал жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша 10 орынды алып отыр.

2-кесте


Ел экономикасындағы Қостанай облысының орны

Жылдар

ҚР ЖӨӨ, млрд. теңге

Қостанай облысының ЖӨӨ, млрд. теңге

Облыстың республикадағы үлес салмағы, %

2007

12849,8

560,4

4,36

2008

16052,9

704,3

4,39

2009

17007,6

723,9

4,26

2010

21647,7

860,5

4,0

2011

27571,9

1135,6

4,1

2012

30346,9

1156,2

3,8

2013

34140,04

1309,9

3,8

Облыстың ЖӨӨ НКИ серпінін талдау 2007-2011 жылдары максималды көрсеткіш-115,7% 2011 жылы байқалды, ауыл шаруашылығы көлемдері есебінен (2007 жыл – 132,8 млрд. теңге, 2011 жыл – 241,2 млрд. теңге немесе 1,8 есе), өнеркәсіп (2007 жыл – 105,4 млрд. теңге, 2011 жыл – 286,6 млрд. теңге немесе 2,7 есе), құрылыс (2007 жыл – 22,2 млрд. теңге, 2011 жыл – 51,2 млрд. теңге немесе 2,3 есе), сауда (1,7 есе), көлік және байланыс (1,5 есе), басқа салаларда (2 есе) көлемдерінің ұлғаюы есебінен өсім қамтамасыз етілгенін көрсетіп отыр. 2012 жылы ауыл шаруашылығының көлемі 2011 жылмен салыстырғанда түсімнің болмауына және жаздың өте құрғақ болуына байланысты 52,6%-ға, әлемдік нарықта темір кені өнімі бағасының түсуіне байланысты өнеркәсіп – 7,4%-ға төмендеді.

2013 жылы ауыл шаруашылығының көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 161,5 млрд. теңгеге немесе 33%-ға, өнеркәсіп 277,8 млрд. теңгеге немесе 4,2%-ға жоғарылады, қалған салаларда да өсім байқалады.

3-кесте

Қостанай облысының ЖӨӨ құрылымын талдау

млрд. теңге



Жыл-дар

Бар-лығы

Ауыл шаруашылығы

Өнеркәсіп

Құрылыс

Сауда

Көлік және байланыс

Басқа-лары

2007

560,4

132,8

105,4

22,2

72,8

70

157

Үл. сал.,%

100

23,7

18,8

4

13

12,5

28

2008

704,3

160,3

157,1

31,9

82,8

84,3

187,8

Үл. сал.,%

100

22,8

22,3

4,5

11,8

12

26,6

2009

723,8

165,5

159,8

28,9

74,4

95,9

199,3

Үл. сал.,%

100

22,9

22,1

4

10,3

13,2

27,5

2010

856,7

141,2

251

41,1

92,2

103,2

228,0

Үл. сал.,%

100

16,5

29,3

4,8

10,8

12,0

26,6

2011

1135,6

241,2

286,6

51,2

123,4

105,1

328,1

Үл. сал.,%

100

21,2

25,2

4,5

10,9

9,3

28,8

2012

1156,2

121,5

266,5

61,3

118,8

215,7

372,4

Үл. сал.,%

100

10,3

23,0

5,3

10,3

18,6

32,3

2013

1309,7

161,5

277,8

67,9

170,3

216,8

415,4

Үл. сал.,%

100

12,3

21,2

5,2

13

16,6

31,7

Облыстың ЖӨӨ құрылымын талдау 2007 жылдан 2009 жылға дейін айтарлықтай көп үлес салмақты ауыл шаруашылығы алғанын көрсетіп отыр. 2010 жылдан 2013 жылға дейін өнеркәсіп үлесі басым болды-29,3%-дан 21,2%-ға дейін, қолайсыз ауа райы жағдайлары салдарынан ауыл шаруашылық үлес салмағы 16,5%-дан 12,3%-ға дейін төмендеді, құрылыстың, сауданың, көлік және байланыс саласы мен басқа салалардың үлес салмағы ұлғайды.

Облыс ЖӨӨ-нің өзгеруіне үлесіне ЖӨӨ көлемінің 33,5% келетін ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларының дамуы әсер етеді.
4-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет