Бағдарламасы пән аты: «Құрылыс машиналары мен шағын механизация құралдары» Мамандық атауы :«07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу мен пайдалану»



бет4/6
Дата11.09.2023
өлшемі118.5 Kb.
#477079
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
курылыс машинасы

Тәжирібелік сабақ
Таспалы темірбетон іргетастарды күшейтуді есептеу және құрылымдау.


4 Бөлім. Ағаш және пластмасса құрылымдар
4.1-тақырып. Ағаш және пластмасса құрылымдар мен материалдар туралы жалпы мәліметтер
Ағаш құрылымдардың түрлері, олардың ерекшеліктері мен кемшіліктері. Ағаш құрылымдарды шекті күйлері бойынша есептеу ерекшеліктері. Құрылыста қолданатын ағаш түрлері. Ағаштың есептік кедергілері. Құрылымда қолданатын ағаш материалдарының түржиыны. Ағаш құрылымдарды жетілдірудің жолдары.


4.2-тақырып. Ағаш құрылымдарының элементтерін есептеу және құрылымдау.
Иілетін элементтерді (тұтас арқалықтарды) беріктігі мен пішінінің өзгеруіне есептеу және құрылымдау. Иілетін элементтердің шекті деформациясы. Отарлықтан керілген және сығылған элементтерді беріктігі мен орнықтылығана есептеу және құрылымдау. Сығылған элементтердің шекті иілімділігі. Бос сүйеніп тұрған итарқалардың элементтерін (торламаларды, жүгіртпелерді, итарка аяғын) есептеу. Бос сүйеніп тұрған итарка мен арқалықтарды күшейту.
Тәжирібелік сабақ
Шекті күйі бойынша ара жабының ағаш арқалықтарын есептеу. Бос сүйеніп тұрған итаркаларды есептеу дәне құрылымдау.
4.3-тақырып. Ағаш құрылымдардың элементтерінің қосылыстары
Ағаш құрылымдары элементтерінің қосылыстары. Шабындылардың түрлері. 1 тісті шабынды, есептеу және құрылымдау. Металл қосылыстарды есептеу және құрылымдау. Желімді қосылыстар. Қосылыстардың әр түрінің қолданылу саласы.


4.4-тақырып. Пластмассалар қолданылған құрылымдар
Жалпы ұғымдар. Құрылымдық пластмасса материалдарды қосу тәсілдері. Пластмасса қолданылған құрылымдар. Пневматикалық құрылымдар.


5 Бөлім. Металл құрылымдар
5.1-тақырып. Металл құрылымдар мен материалдар туралы жалпы мәліметтер. Аллюминий қорытпалардан жасалған құрылымдар.
Есептеудің негізгі ережелері
Металл құрылымдардың түрлері. Болаттың маркасы. Қаңылтыр және пішінді болаттың түржиыны. Алюминий және олардың қорытпалары. Жүктемемен жұмыс істеу ерекшеліктері. Дәнекерлеу ерекшеліктері. Алюминий қорытпалардан жасалған құрылымдардың қолданылу саласы. Болат құрылымдарды шекті күйі бойынша есептеу ерекшеліктері. Иілетін, орталықтан керілетін және сағылатын элементтерді беріктігіне, орнықтылығына және пішінінің өзгеруіне есептеу. Шекті иілімділік және элементтердің пішіндерінің өзгеруі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет