Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



бет5/24
Дата18.03.2023
өлшемі222.5 Kb.
#470942
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
физика каз. яз. 2

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:

  1. Матвеев А.Н. Механика и теория относительности.- М.: Высшая школа, 1986.- 320 с.

  2. Иродов И.Е. Механика. Основные законы.- М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2002.- 312 с.

  3. Савельев И.В. Курс общей физики. Механика.- М.: ООО АСТ, 2003.- 336 с.

  4. Стрелков С.П. Механика.- СПб.: Лань, 2005.- 560 с.

  5. Сивухин Д.В. Общий курс физики. Том I. Механика.- М.: Наука, 1989.- 567 с.

  6. Иродов И.Е. Задачи по общей физике.- М.: Наука, 2004.- 416 с.

Қосымша:

  1. Киттель Ч., Найт У., Рудерман М. Механика.- М.: Наука, 1971.- 479 с.

  2. Джанколи Д. Физика. Т. 1.- М.: Мир, 1989. - 653 с.

  3. Фейнман Р., Лейтон Р., Сэндс М. Фейнмановские лекции по физике. - М.: Мир, 1976. - Т.1., Т.2.- 439 с.

  4. Савельев И.В. Æàëïû ôèçèêà êóðñû. т.1., Механика. Молекулалық физика, Алматы, 2004, 508 б.

  5. Хайкин С.Э. Физические основы механики.- М.: ФМ, 1962. - 772 с.



2. Молекулалық физика
Тепе-теңдік макропараметрлері. қысым мен температура

Термодинамикалық тепе-теңдік. Локалдық термодинамикалық тепе-теңдігі. Тепе-теңдіктік және локалды тепе-теңдіктік макропараметрлер. Тығыздық, Қоспада анықталатын компоненттің салыстырмалы мөлшерін сипаттайтын шама-концентрация. Қысым. Температура. Қысым мен температураның өлшеу тәсілдері, өлшемдері және өлшеу бірліктері. Менделеев-Клапейрон теңдеуі. Дальтон заңы. Паскаль заңы. Барометрлік формула. Идеал газдың ішкі энергиясы. Энергияның еркіндік дәрежелері бойынша тең үлестіру принципі. Мольдік және меншікті жылусиымдылық.
Статистикалық әдіс
Математикалық статистиканың негізгі түсініктері. Молекулалық жүйедегі кездейсоқ оқиғалар мен кездейсоқ шамалар. Броундық қозғалыс және оны молекулалық физикада байқалатын кездейсоқ шамалар мысалы ретінде қарастыру. Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Термодинамикалық жүйелердің статистикалық ансамблі туралы түсінік. Ансамбль бойынша орташа мен уақыт бойынша орташаны анықтау. Эргодикалық гипотеза. Флуктуация. Биномдық үлестірілуі. Пуассон үлестірілуі. Гаусс үлестірілуі. Микрокүй мен макрокүй. Термодинамикалық ықтималдықты статистикалық салмақ белгілі бір макрокүйге алып келетін микрокүйлер саны ретінде қарастыру.
Молекулалардың жылдамдық бойынша МаксвеллдіҢ үлестірілуі
Газдағы молекулалардың сипаттауыш орташа жылдамдықтары. Берілген жылдамдық интервалындағы молекула саны. Әр түрлі температураларда және газ қоспасындағы әртүрлі химиялық компоненттер үшін Максвелл үлестірілуі. Максвелл функциясының өлшемсіз түрі.
Газдың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Тепе-теңдік күйдегі газ молекулаларының жылулық бей-берекет қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші - температура. Больцман үлестірілуі. Перрен тәжірибесі. Максвелл-Больцман үлестірілуі. Молекулалық шоқтармен жасалған тәжірибелер Максвелл үлестірілуінің эксперименттік дәлелі.
Термодинамиканың бірінші бастамасы
Термодинамиканың зерттеу пәні. Термодинамиканың негізгі заңдары термодинамика бастамалары-энергия түрленуімен өтетін құбылыстарды тәжірибелік қорытындылау нәтижесі. Күй функциялары. Термодинамиканың нөлдік бастамасы. Температура. Термодинамиканың бірінші бастамасы және оның физикалық мәні. Термодинамиканың бірінші бастамасының бірінші текті мәңгілік қозғалтқыш жасауға тиым салуы. Ішкі энергия-күй функциясы. Термодинамикадағы жұмыс және жылу ішкі энергияның өзгеру түрлері. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Жылусиымдылық. Жылусиымдылық арасындағы қатынастар және оларды идаел газ молекулаларының еркіндік дәрежелері саны арқылы көрсету. Жылусиымдылықтың классикалық теориясының жетімсіздігі. Жылусиымдылықтың кванттық теориясы жөнінде түсінік. Термодинамиканың бірінші заңын және идеал газ күй теңдеуін изобаралық, изохоралық, изотермдік және адиабаттық процестерді сипаттау үшін қолдану. Әртүрлі процестердегі термодинамикалық жүйенің жылусиымдылығы. Әртүрлі координаттардағы процестер графиктері: жұмыстық диаграмма, жылулық диаграмма. Политроптық процесс. Политроптық процестің жылусиымдылығының политроп көрсеткішіне тәуелділігі.
Термодинамиканың екінші бастамасы
Циклдік процестер. Цикл жұмысы. Карно циклі. Карно цикліның пайдалы әсер коэффициенті ПӘК. Карно теоремалары. Клаузиус теңсіздігі. Энтропия. Термодинамиканың екінші бастамасы. Кельвин тұжырымдамасы. Клаузиус тұжырымдамасы. Термодинамиканың екінші заңының басқа тұжырымдамалары және олардың эквиваленттілігі. Термодинамиканың екінші бастамасының екінші текті мәңгілік қозғалтқыш жасауға тиым салуы. Циклдардың техникада қолданылуы. Идеал газдың энтропиясы. Жылулық ластаудың көзі мен оны азайту тәсілдеріне қоршаған ортаны жылулық машиналарының тоңазытқыш ретінде пайдалануы. Оқшауланған жүйеделерде энтропияның өсу заңы. Қайтымсыз процестертегі энтропияның өзгерісі. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаты. Негізгі термодинамикалық теңбе-теңдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет