Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері


Конденсацияланған күйдің физикасы



бет22/24
Дата18.03.2023
өлшемі222.5 Kb.
#470942
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
физика каз. яз. 2

11. Конденсацияланған күйдің физикасы
Конденсацияланған күй физикасының зерттеу объектілері
Конденсацияланған күйдің анықтамасы. Конденсацияланған қатты орталар. Конденсацияланған қатты денелердің классификациясы және олардың негізгі қасиеттері. Конденсацияланған қатты денелерді зерттеу әдістері және оларды колдану салалары.
Конденсацияланған қатты денелердің құрылымы және оны анықтау тәсілдері
Конденсацияланған кристалдардың нүктелік симметриясы. Кристалдың кеңістік торы. Кристалдың трансляциялық симметриясы. Кристаллографиялық координаттар жүйесі. Түйінді жазықтықтар мен түзулердің кристаллографиялық белгілері. Трансляциялық симметрия топтары. Кері тор. Қатты денелердің атомдық құрылымын анықтау әдістері. Лауэ және Вульф-Брэгг формулалары. Атомдық және құрылымдық шашырату факторлары. Кристалдың симметриясы мен физикалық қасиеттері.
Атомаралық өзара әрекеттесу. Конденсацияланған қатты денелердегі байланыстардың негізігі түрлері
Ван-дер-Ваальс күштері. Байланыс энергиясы. Молекулалық кристалдар. Иондық кристалдар. Маделунг энергиясы. Маделунг тұрақтысын есептеу. Коваленттік кристалдар. Металдар. Сутекті және аралас байланысты кристалдар.
Конденсацияланған қатты денелердің механикалық қасиеттері
Қатты дененің күш салынған және деформацияланған күйлері. Гук заңы. Кристалл қатты денелердің серпімді және пластикалық қасиеттері.
Кристалл торындағы атомдардың тербелістері
Біртекті шектің бірөлшемді тербелістері. Монокристалдағы серпімді толқындар. Біратомды сызықты тізбектің тербелістері. Базисы бар бірөлшемді тордың тербелістері. Үшөлшемді тор атомдарының тербелістері. Борн-Карман шекаралық шарты және күйлер тығыздығы. Кристалл торының тербелістерін кванттау. Фонондар.
Қатты денелердің аумақтық теориясының негіздері
Қатты денелер үшін Шредингер теңдеуі. Бірэлектронды жуықтау. Блох функциясы. Кристалдағы электроның толқындық векторының қасиеттері. Бриллюэн аумақтары. Ферми беті. Кристалдағы электрондардың энергиялық спектрі. Крониг-Пенни моделі. Аумақтардың электрондармен толуы. Металдар, диэлектриктер, шалаөткізгіштер. Электроның эффектив массасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет