Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері


Тұтас орта механикасының элементтері



бет4/24
Дата18.03.2023
өлшемі222.5 Kb.
#470942
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
физика каз. яз. 2

Тұтас орта механикасының элементтері
Тұтас ортаның ұғымы. Тұтас ортаның деформациясы. Біртекті және біртекті емес деформациялар. Серпімді және қалдық(пластикалық)деформациялар. Бір осьті созу және сығу. Қарапайым ығысу. Иілу және бұралу деформациясы. Деформацияның сандық сипатталуы. Гук заңы. Юнг модулі. Пуассон коэффициенті. Деформацияның кернеуге байланысы, серпімділік шегі. Беріктік Морттық. Қалдық деформациялар. Серпімді деформация энергиясы.
Сұйықтар мен газдардың гидростатика заңдары
Сұйықтар мен газдарды өрістер (жылдамдықтың, қысымның, температураның т.с.с.) арқылы сипаттау. Идеал сұйықтың қозғалысы үшін Эйлер теңдеулері. Сұйықтың стационар ағысы. Ағын түтігі, үзіліссіздік теңдеуі. Ағыстың толық энергиясы. Бернулли теңдеуі. Динамикалық қысым сұйықтың сығылғыштығын еске алмауын болжаудың критерийі. Сұйықтың түтік бойымен қозғалысы. Сұйықтың тұтқырлығы. Ламинарлық және турбуленттік қозғалыстар. Рейнольдс саны. Пуазейль формуласы. Сұйық пен газдың денелерді орағыта ағуы. Шекаралық қабат. Ағыстың дене бетінен ажырауы және құйынды қозғалыс. Маңдайлық кедергі және көтеру күші. Жуковский жұмыстары. Магнус эффекті. Сығылу импульсінің газда таралуы. Соққы толқындар. Дыбыстан жылдам қозғалатын денелердің орағыта ағылуы. Лаваль соплосы, әсердің кері айналу заңы.
Тербелітер және толқындар
Гармоникалық тербелістер және оларды комплекстік шамалармен өрнектеу. Гармоникалық тербелістерді қосу. Соғу. меншікті тербелістер. Тербеліс энергиясы. Өшетін тербелістер. Өшудің логарифмдік декременті. Үлкен кедергі әсері. Мәжбүр тербелістер. Аралық режим. Амплитудалық-фазалық характеристика. Сапалық. Фазалық-жиіліктік характеристика. Жүйеге периодты, бірақ гармоникалық емес және периодсыз күштердің әсерлері туралы түсініктер. Автотербелістер және параметрлік тербелістер. Релаксациялық тербелістер. Көп еркіндік дәрежесі бар жүйенің тербелістері. Байланысқан жүйенің тербелісі. Қалыпты тербелістер. Бейсызықты тербелістер туралы ұғым. Бойлық және көлденең толқындар. Толқынның амплитудасы, фазасы, таралу жылдамдығы. Толқын теңдеуі. Қума толқындағы ортаның ығысуы мен деформациясының таралуы. Энергияның ағысы. Энергияның тығыздығының ағыс векторы. Толқындардың интерференциясы және дифракциясы. Тұрғын толқындар. Дыбыстың табиғаты. Дыбыстың жоғарылығы. Дыбыс қысымы. Дыбыс толқындарының энергиясы. Дыбыс жылдамдығы және оны өлшеу. Дыбыс көздері. Үлкен амплитудалы толқындар және бейсызық акустика туралы түсініктер. Ультрадыбыс. Тұйық көлемдегі дыбыс толқындары. Резонаторлар. Доплер эффекті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет