2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен
Өңірдің инфрақұрылымдық кешені электрмен қамту, сумен қамту, жылумен қамту, су тарту салаларымен, жол саласымен, көлік, телекоммуникация, пошта байланысы және көркейту салаларымен ұсынылған.
Инфрақұрылымдық кешенді дамыту экономиканың қажетсінуін және халықты аталған қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
2.2.3.1. Телекоммуникация және байланыс
Аудандық телекоммуникация торабы арқылы 2009 жылы 513 телефон нүктелері орнатылып, есепті жыл аяғында негізгі телефон нүктелерінің саны 2008 жылмен салыстырғанда29,2 пайызға өсіп 12 417 телефонға жетті.
Жаңа технология бойынша ауданның барлық елді мекендерін байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 1022 сымсыз телефондар орнатылды. Жаңадан орнатылған телефондар тікелей Интернетке қосылуға мүмкіндік алды. Мегалайн жүйесіне қосылушылардың саны ұдайы көбейіп, есепті жылы аталған қызмет түрін қолданушылардың саны 396 абонентқа жетті.
2010 жылдың 1 жартыжылдығында елді мекендердің АТС қондырғылары сандық телефон каналдарына ауыстырылды.
Үржар ауылында төртінші базалық станция орнатылғаннан кейін барлық өтініштерді қанағаттандыру мүмкіндігі туады.
Қалыптасқан жағдай төмендегі SWOT талдауда көрсетілген:
Күшті жақтары:
1. Телекоммуникация қызметі жүйесін дамыту;
2. АТС жаңа сандық Next Generation Networks технологиялармен ауыстыру;
3. Интернет желісін барлық жерде тарату.
Әлсіз жақтары:
1. Ауылдық елді мекендерде байланыс пен телекоммуникацияны жаңартудың төмен қарқыны;
2. тіркелген байланыс абоненттерінің тығыздығының төмен деңгейі;
3. тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;
4. Интернет желісіне кең ауқымды қол жетімділіктің төмен дамуы;
5. ұялы байланысқа жоғары тарифтер.
Мүмкіндіктер:
1. Тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметімен қамту;
2. азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысу;
3. АЕМ халқының байланыстың универсальды байланыс қызметімен қамту.
Қауіптер:
1. телекоммуникациялық нарықта нақты бәсекелестіктің дамымауы;
2.2.3.2. Құрылыс
Құрылыстың өзіндік талаптарды қажет ететін, құрылыс өндірістерін басқару мен ұйымдастыруды талап ететін басқа салалардан ерекшелігі бар.
Бұл – құрылыс процесіне әр-түрлі қатысушылардың болуын, салыстырмалы түрде баяу капиталдың айналымдылығын және жоғары дәрежелі қауіпті білдіреді.
Құрылыс саласының әрі-қарай дамуы және құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, қазіргі заман қарқына сай негізгі экономикалық және саяси мақсат болып отыр. Құрылыс кешендері экономиканың дамуына және әлеуметтік жағдайдың көрсеткіштеріне бірден-бір себепші.
15 кесте
Мың тенге
Атауы
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
Өсу қарқыны 2010/2008
|
Ағымдағы жөндеу
|
19706,0
|
76898,0
|
28966,0
|
147,0
|
Күрделі жөндеу
|
128346,0
|
67075,1
|
63088,0
|
49,1
|
Статистика есептеріне сәйкес, 2010 жылы негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі 3764,5 млн. тенге, алдыңғы жылмен салыстырғанда 58,4%.
2008-2010 жылдар аралығында аудан бойынша 21578,2 шаршы метр пайдалануға қабылданды, соның ішінде:
-
2008 ж. – 8654,0 ш.м. (2007 ж. 5,0% артық);
-
2009 ж. – 9276,0 ш.м. (2008 ж. 7,2% артық);
-
2010 ж. – 3648,2 ш.м. (2009 ж. 39,3% кем);
Сонымен қатар, аталған жылдар аралығында аудандық бюджеттен жеке санатты азаматтарға тұрғын үй алуға 35770,0 мың тенге бөлінді.
SWOT – саланың даму жағдайының анализі:
Күшті жақтары:
-
Ағымдағы және күрделі жөндеудің көлемдерінің көбеюі;
-
Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерінің бар болуы;
-
Тұрғын үй құрылысы секторында құрылыс материалдарына сұраныстың тұрақты өсуі;
Кемшіліктері:
-
Құрылыс саласындағы мамандардың жетіспеушілігі;
-
Құрылысқа сұраныстың маусымдық болуына байланысты, қуаттылықтардың жүктемесінің қыс мезгілінде аз болуы;
-
Экономикалық тұрғыда белсенді халықтың, соның ішінде жас отбасылардың қол жетімді баспанамен қамтамасыз етілмеуі.
Мүмкіншіліктері:
-
Жеке тұрғын үй құрылысының дамуы;
-
Жеке инвестицияларды тұрғын үй құрылысына тарту;
-
Апатты жағдайдағы үйлерді бұзу мәселесін шешу;
-
Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі және Қазақстан ипотекалық компаниясы сияқты қаржы институттарының дамуы;
Қауіптер:
-
Тұрғын үй құрылысының, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы.
2.2.3.3. Жолдар мен көлік.
Жолдар.
Аудан аумағы бойынша 965 шақырым автокөлік жолдары бар, олардың 277 шақырымы республикалық маңызы бар асфальттанған жолдар, 204-і облыстық маңызы бар, 484 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар. Оның ішінде : облыстық және аудандық маңызы бар қара қиыршықтасты жолдар -263 шақырым, қиыршықтасты және шағылтасты жамылғысымен – 349 км, топырақты жамылғысымен – 76 шақырым.
2008-2010жылдардағы жөндеу жұмыстарының өзгеру динамикасы
(16 кесте)
Жылдар
|
Жөнделгені, км
|
Технико-пайдаланушылық жағдайы, км
|
Барлығы
|
Көше-жол желісі
|
Жергілікті қолданыстағы автомобиль жолдары
|
Жұмыс түрлері бойынша
|
Құрылыс, қайта жаңарту
|
Күрделі жөндеу
|
Орташа жөндеу
|
Жалпы ұзындығы
|
Жақсы
|
Қанағаттанарлық
|
Қанағаттанарлықсыз
|
2008
|
|
|
|
|
|
|
688,0
|
|
515,0
|
173,0
|
2009
|
|
|
|
|
|
|
688,0
|
|
501,0
|
187,0
|
2010
|
|
|
|
|
|
|
484,0
|
|
387,2
|
96,8
|
Өткізілген талдауға сәйкесінше, 2008 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықтағы аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық – пайдаланушылық мониторинг жағдайы және техникалық – пайдаланушылық көрсеткішінің қатынасы келесі жағдайда өзгерген:
-
қанағаттанарлық жағдайы 130 шақырым жолдың облысқа берілуіне байланысты 135 шақырымға азайды; автокөлік жолдарын қалыпты жағдайда ұстау негізінен ағымды жөндеу жұмыстары арқылы іске асырылады.
(17 кесте)
2008-2010 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы негізгі көрсеткіштер
Салалық бағытты қаржыландыру, мың. Тенге
|
2008
|
2009
|
2010
|
Барлығы
|
Қаржыландыру көзі бойынша
|
Барлығы
|
89,0
|
114,5
|
209,1
|
412,6
|
Республикалық бюджет
|
|
|
88,7
|
88,7
|
Аудандық бюджет
|
89,0
|
114,5
|
120,4
|
323,9
|
Облыстық бюджет
|
|
|
|
|
Жұмыс түрі бойынша
|
Құрылыс,жаңалау
|
|
|
|
|
Күрделі жөндеу
|
|
|
|
|
Орташа жөндеу
|
|
|
|
|
Ағымдағы жөндеу және маңызы
|
89
|
114,5
|
209,1
|
412,6
|
2008 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы бюджеттік инвестицияның соммасы 412,6 мың тенгені құрайды.
Барлық жөндеу жұмыстары түрлері аталған қаражат есебінен елді мекендер мен қала көшелері және автомобиль жолдары жөнделді.
Назар аударатыны, егер құрылысқа қаржы қоры көбірек жұмсалатын болса, күрделі жөндеу жұмыстары да және қайта жаңарту жұмыстары да бірнеше жылға шыдар еді, алайда қаржы қоры бұрынғысынша аз бөлінгендіктен, жолдарыдың мерзіміне жетпей бұзылуына әкеліп соғады. Жасанды құрылыстар және жол төсемесінің қызмет ету мерзімінің қысқаруы, автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне қаржының толық мөлшерде жұмсалмауымен байланысты. Көгалдандыру бойынша орман жолақтарын кесіп әкеліп отырғызу іс – шарасы жақсы дамыған, ал жаңадан отырғызып оны баптау жұмыстары мүлдем жүрмейді.
Нормаларының құрылысын өте қатты сақтаған кезде ғана уақыталды бұзылу науқанын тоқтатуға болады. Бұл бірінші кезекте қайта құру және қайта жаңартудан өткен телімдерге қатысты. Сонымен қатар қаржының жетіспеушілігінен орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында жүрмеуіне жол береді. Осының салдарынан кейін толығымен қайта салуды талап ететін жолдардың саны жылдан-жылға көбеюде.
Қаржы салымының шектелуі арнайыландырылған жол-құрылыс және жол пайдалану техникаларында да көрініп тұр. Ағымдағы жұмыстарды атқаратын негізгі машиналар және механизмдердің жетіспеушілігі автожол маңызына тәуелсіз.
Күшті жақтары:
1. Өткізу қабілеттілігінің резервтері;
2. Көліктердің аралас түрлері инфрақұрылымының дамуы
Әлсіз жақтары:
-
Негізгі құралдардың табиғи және сапалы тозуы (инфрақұрылым және өзгермелі құрам).
Мүмкіндіктері:
-
мемлекеттік-жеке серіктестік механизмнің дамуы;
2. Автомобиль жолдарының, көпірлер мен оларды қолдану ерекшеліктерінің транспорттық –қолдану көрсеткіштерін жақсарту;
3.автомобиль жолдары желілерін сақтау және дамыту;
4. Қайта және күрделі жөндеуден өткен автомобиль жолдарының участоктерінің өзара жөндеу мерзімін сақтау.
Қауіптер:
1.Бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуы;
2.Баға тәуекелділігі;
3.Заңнамалық тәуекелділік;
4. техногендік және экологиялық тәуекелділік;
5. Кадр тәуекелділігі.
2.2.3.5. Көлік.
Ауданның транспорттық кешені әуе және автокөлік қатынастарымен қамтамасыз етілген.
Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау 6 бағытта іске асырылады, оның ішінде : 3 ауыларалық және 3 аудан аралық қатынастар.
Әуе қатынасы «Өскемен-Семей-Үржар» және кері бағытта қамтамассыз етіледі.
2010 жылы автокөлік көлігімен 10,6 мың адам тасымалданды, ал жолаушы ағыны 850,1 мың жолаушы шақырымын құрады, бұл 18 және 2007 жылғы деңгейден сәйкесінше 33 % артық. 2010 жылы әуе желілерінде «Өскемен-Семей-Үржар» бағыттарында 2 711 жолаушы тасымалданды, 2008 жылы – 874, немесе жолаушы тасымалдау 3,1 есеге артты.
Аудан көлемінде 55 елді мекендер бар, оның 49 елді мекендері ауыларалық жолаушылар тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. Қалған 6 елді мекендер қамтамассыз етілмеген, немесе ауыларалық жолаушылар тасымалдау қызметімен елді мекендердің 89,0 % қамтылған (11% необеспеченных қамтылмаған). Аудан көлемінде негізінен, ауданның барлық 55 елді мекендерінде жолаушы тасымалдау қызметі жеке тұлғалардың жеңіл автокөліктері арқылы қамтамасыз етіледі.
Толық қамтылмаудың негізгі себебі, ауданішілік тасымалдаудың пайдасыздығы, жергілікті бюджеттен дотацияның бөлінбеуі.
Ауданда 2 типтік автобус бекеттері аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді Мақаншы және Үржар ауылдарында.
2008-2010 жылдары
барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдау көлемін өзгерту
динамикасы
(18 кесте)
Жылдар
|
Барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалданды (жолаушы көлігі есебінсіз)
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Автомобиль көлігімен жүк тасымалданды, млн. адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Жүкайналымы , мың. тонна
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Жолаушы ағыны мың жолаушы, км
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Әуе көлігімен жолаушыларды тасымалданды, мың адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
2008
|
13,6
|
23,2
|
3,62
|
33,5
|
874,2
|
38,3
|
2588,0
|
100,2
|
0,8
|
-
|
2009
|
10,6
|
77,9
|
0,3
|
8,2
|
8,0
|
0,9
|
850,1
|
32,8
|
2,7
|
3,3 есе
|
2010
|
10,6
|
77,9
|
0,3
|
8,2
|
8,0
|
0,9
|
850,1
|
32,8
|
2,7
|
3,3 есе
|
Аудан көлемінде 25 жанар-жағармай құю бекеттері, 27 көлік жөндеу бекеттері, 34 қоғамдық тамақтану нысаны, 6 қонақ үйлер қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, 46 автобус аялдамалары, оның ішінде : Үржар ауылында 36, Мақаншыда 10 аялдамалар бар. 2010 жылы аудан аялдамаларын бояу және шатырларын ауыстыру сияқты жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аялдамаларды талапқа сай жөндеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыру жоспарлануда.
Бүгінде Үржар ауылында орналасқан «Д» санатты әуежай жұмыс атқаруда. Әуе қатынасы «Өскемен-Семей-Үржар» облысішлік бағытта қамтамассыз етіледі.
Ағымдағы жылдың қазан айында ҚР көлік және коммуникация Министрлігінің азаматтық авиация бойынша Басқармасы комитетінің бұйрығымен бекітілген комиссия және ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдерінің қатысуымен әуежайға сертификаттық тексеру жүргізіліп қортындысында әуежайдың сертификаттық жарамдылық мерзімі 2010 жылдың соңына дейін ұзартылды.
Бүгінгі күнге арнайы комиссияның ұсыныстары бойынша аэропорт ғимаратына жалпы құны 12,0 млн. теңгелік «Rapiscan» тексеру құралын сатып алып, орнату керек.
Қалыптасқан жағдай төмендегі SWOT талдауда көрсетілген:
Күшті жақтары:
1. Жолаушы қатынасының альтернативті түрінің - әуе көлігінің болуы;
2. әуе транспортымен тасымалданатын жолаушылар санын артуы;
3. Елді мекендердің автомобильдік жолаушы тасымалымен кеңінен қамтылуы (89%);
Әлсіз жақтары
-
Ауданның елді мекендерінің 11 пайызы автокөлік қызметтерімен қамтамассыз етілмеуі;
-
Үржар ауылындағы аэропортында «Rapiscan» тексеру құралының жоқтығы;
Мүмкіндіктері:
-
Ауданда әуе қатынасын дамыту барысында, әуе транспортымен тасымалданатын жолаушылар санын арттыру;
-
Аэропорт ғимаратына тексеру құралын сатып алу арқылы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету;
Қауіптер:
-
Макроэкономикалық қатерлер сыртқы және ішкі конъюкНақтының нашарлау мүмкіндігі.
2. Бағалық қатер. Көлік саласын дамытуда факторы –энерготасымалдаушылардың бағасының өсуі.
2.2.3.4. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық. Электрмен қамтамасыз ету
Үржар ауданын электр энергиясымен қамтамасыз ету Үржар электр желілері жүйесі және «Шығыэнерготрейд» ұйымдарының күштерімен жүзеге асырылады. 2010 жылы аудандық электр желілері мекемесінің күшімен ПС 35/10 кВ «Южный» және ПС 35/10 кВ «Ириновка» - күрделі және ағымды жөндеку жұмыстары жүргізіліп, екеуі де ішінара орындалды.
Ұзақтығы 130,9км құрайтын 3ВЛ-10 Кв ағымды жөндеу жұмыстарының ұзақтығы 42,42км 1 ВЛ-10кВ орындалды. Ұзақтығы 48,71 км болатын 45 ВЛ-0,4кВ ағымды жөндеу жұмыстарының 8,6км 10ВЛ-0,4кВ орындалды
26 ТП-КТП-10/0,4 кВ бесеуі ағымды жөндеу жұмыстарынан өтті.Үржар АЭЖ –нің 21 қосалқы станциясы ағымды жөндеуден өтті.22 қосалқы станцияға ай сайын техникалық қызмет көрсетілді.
Ұзақтығы 912,12 км құрайтын 72 ВЛ-10кВ-ның 432,5 км 28ВЛ-10кВ-тына техникалық қызмет көрсету аяқталды.
Ұзақтығы 981,88 км құрайтын 459 ВЛ-0,4кВ-ның 455,68 км 241 ВЛ-0,4-не техникалық қызмет көрсету аяқталды.
474 ТП-КТП-10/0,4 кВ-ң 416 данасына техникалық қызмет көрсетілді.
Қалыптасқан жағдай төмендегі SWOT талдауда көрсетілген:
Күшті жақтары:
1. кернеулігі 110 кВ және төмен электр берудің жүйе қалыптастырушы желілерінің дамыған сұлбасы;
Әлсіз жақтары:
1. электрлік өңірлік желілердің тозуының жоғары деңгейі (65-70%);
Мүмкіндіктер:
1. Электр желілері мен құралдарын (трансформатор, электр жүйесінің желілері т.б) жаңғырту арқылы ауданның энергетикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;
2. электр энергетика объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын қабылдау.
Қауіп-қатерлер:
1. едәуір тозудың кесірінен аудан тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.
2.2.3.3. Жылумен қамту.
Ауданда «Жаланашкөл» көмір кеніші бар. Қазып алынатын қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі.
Үржар ауданына 42 жылу қазандықтары бар, оның ішінде : 3 -і элект қуатымен, 1 сұйық отынмен және 38 қатты отынмен. Жылу қазандықтарының негізгі бөлігі қатты отынмен жұмыс істейді, олардың 70 пайыздан астамы тозған, ескі қазандықтар. Қатты отын көмірдің көлік шығындарының қымбаттауына байланысты оның тұтыну бағалары біршама қымбаттап отыр. Бұл жағдай болашақта ауданның жылыту жүйелерін жаңа технологиямен ауыстыруды қажет етеді. Жылу қазандықтарын электр куатына ауыстыру тиімді болып есептеледі.
Сала жай-күйін бағалау үшін жүргізілген SWOT талдау өңірдің жылу саласының дамуына төменде көрсетілген негізгі проблемалара әсер ететінін байқатты:
Әлеуметтік сала мекемелеріндегі казандық жабдықтарының әбден тозуы.
Жоғарыда аталғандай, бұл жағдайға қазандықтардың тозуына, энергетикалық жылу құралдарын жаңарту мен жаңығыртуға салынатын инвестиция көлемінің төмендегі әсер етіп отыр.
Бұдан әрі қарай Бағдарламада жылумен қамту бойынша мәселерді қарау жоспарланбаған.
Күшті жақтары:
2. Аудан аумағындажылу қазандықтарына арзан отын көздері болып табылатын көмір кен орынының бар болуы;
Әлсіз жақтары:
1. жылумен қамтамасыз ететін желілердің 70 %-ы ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
1. Жылумен қамтудың электрлық емес көздерін дамыту болашағы
Қауіп-қатерлер:
-
Тозуының жоғары деңгейде болуына байланысты қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы.
Су бұру.
Үржар ауылында жалпы ұзындығы 1,7 км канализациялық желісі бар. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 65,0 млн. теңгеге Үржар ауылындағы канализация желістері ағымды жөндеуден өткізілді. Мақаншы,Қабанбай,Көкөзек,Благодарное,Ақшоқы, Қаратұма және Бақты су желісінің құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарына техникалық негіздеме және жобалық- сметалық құжаттарын дайындату мәселесі шешімін таппай отыр. Сонымен қатар, Үржар ауылындағы шағын ауданда орналасқан көп пәтерлі үйлерге канализациялық желіс құрылыстарын салу үшін экономикалық техникалық негіздеме және жобалық- сметалық құжаттарын дайындау қажет,
Бүгінгі күні көппәтерлі үйлердің барлығында тек септиктер мен су шұңқырлары ғана бар, ассенизациялық көліктердің тапшылығынан тұрғын үйлердің кәріз жүйесі тез толады.
(21-кесте)
2008-2010 жылдары облыс тұрғындарының су тарту қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі
Атауы
|
|
2008
|
2009
|
2010
|
Тұрғындардың су тарту қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі:
|
%
|
10,1
|
10,1
|
0
|
Канализация желілерін жөндеу
|
Км
|
0
|
0
|
0
|
Тазарту ғимараттарын күрделі жөндеу
|
Дана
|
0
|
0
|
0
|
Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Қолданыстағы қызметтің болуы;
Әлсіз жақтары:
1. 70 % канализациялық желі қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр және ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
1. Су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңартудың инвестициялық жобаларын іске асыру тұрғындарды су тарту қызметтерімен қамту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қауіптер:
Су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңарту жобаларының мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы объектілерді пайдалануға беру мерзімін бұзуы және аудан халқының санитарлық-экологиялық аман-есендігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Абаттандыру
Аудан аумағында 668 км көшелер мен жолдар, 14,5 га саябақтар, 23 скверлер, алаңдар, аулалар және 28 қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалануға арналған арнаулы орындар бар.
Ауданның елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаланатын орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Абаттандыру жұмыстарын қаржыландыру көлемінің деңгейі,
млн. тенге
(22-кесте)
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
Үржар ауданы
|
2,9
|
8,5
|
10,7
|
Жыл сайын облыс бойынша 53,0 мың ағаш көшеті, 17,9 мың погон метр бұталар және 5,5 мың шаршы метр гүлзар отырғызылады.
Елді мекендерді көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 2008 жылдан 2010 жылға дейін 22,1 млн. теңге бөлініп, 100 % игерілді (22 кесте).
Сонымен қатар, Үржар ауылында саябақ және «Батырлар Аллеясы» салынып, Мақаншы ауылында Жеңіс мейрамының қарсаңында саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 22 шақырым автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Үржар, Жаңа-Тілек, Алтыншоқы ауылдарына 120 бағдаршамдар орнатылды.
Таскесен ауылының орталық көшелеріне кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен 25 бағдаршамдар орнатылды.
Өткізілген SWOT-талдаудың негізінде өңірдің жылумен қамту саласындағы дамуды баяулататын мынадай негізгі проблемалар анықталды.
- Көп пәтерлі тұрғын үй қорының аула аумақтарының 60%-ы кіру жолының жөнделуін, балалар мен спорттық алаңдар салуды, ескі ағаштарды кесіп, шығаруға, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізуді қажет етеді;
-Көгалмен жабылған алаңдардың азаюына байланысты елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет;
- Аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру конкурстарын өткізу үшін жергілікті бюджеттен жыл сайын қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет;
- Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі ол қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған орынды ұстау болып табылады. Қоқыстар экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының статусы жоқ ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге төгіледі. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинап, шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар жетіспейді.
Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Әлсіз жақтары:
1. Аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.
Мүмкіндіктер:
Аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы.
Қауіптер:
1. Аудан елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келісімсіз келбеті.
Аумақтық құрылыс
Облыста 55 елді мекендер, 27 ауылдық округтер бар. Барлық 55 елді мекендердің ішінен тек ғана 1 елді мекенде және Алакөл көлі демалыс аймағында бас жоспарлар бар.
Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрі (әрі қарай – МҚК) сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің электронды кезекші жоспары болып табылады. Жер телімін бөлуден, жобаны әзірлеуден, жұмысты жүргізуге рұқсат беруден, құрыс мониторингісінен, құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға беруден бастап МҚК жүйесінде елді мекеннің аумағында қала құрылысы қызметі жөніндегі ақпарат жиналады.
Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін- өзі басқару туралы» және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарының негізінде, құрылыс және қала құрылысы басқармасы ШҚО елді мекендерінің аумақтық құрлыс ережелерін әзірледі (әрі арай – Құрылыс ережелері), ШҚО мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №3/42-IV ІІІ сессия шешімімен бекітілген.
Осы құрылыс ережелері – сәулет субъектіерін пайдалану, жер телімдерінің құрылысы мен қала құрылысы қызметін, табиғи аймақтар мен елді мекендердің жобалары мен құрылыстарын, жылжымайтын мүлік нысандарын орналастыруға жаңа құрылыс немесе өзгерістерге (қайта жабдықтау, қайта жобалау, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу) рұқсат алу рәсімдерінің шарттары мен талаптарын анықтайды. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Заңнамаларының талаптарының күшейуіне байланысты, қала құрылысының жобаларысыз елді мекендер мен мекенаралық аймақтардың қала құрылыстық игеруіне тиым салынады.
Сонымен қатар, мәселелердің шешілмеген қатары қалуда:
1) ауданың 27 ауылдық округтерінде бас жоспарларының болмауы;
2) базалық деңгейдегі Мемлекеттік қала құрылысы кадстрі қызметтерінің болмауы;
3) ШҚО елді мекендер аумақтарын абаттандыру және т.б. бойынша бағдарламалар және іс-шаралардың болмауы;
4) аудандық дербес сәулет бөлімдерін жою;
5) бөлім қызметкерлерінің штаттық санын қысқарту.
2005-2006 жылдары Аудан орталығы Үржар ауылынның және Алакөл көлі аймағының бас жоспарлары дайындалып, бекітілді.
Ауданның 55 елді мекендерінде базалық деңгейдегі әзірленген мемлекеттік қалақұрылысы кадастры жоқ.
Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары
1. Тұрғындардың тіршілігіне қолайлы орта құру үшін кешенді аумақтар құрылысы. Бұл ретте елді мекеннің , соның ішінде әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, табиғи-климаттық, демографиялық және әлеуметтік жағдайлар қосқандағы дамуы
Әлсіз жақтары
1. Бас жоспарлары жоқ аумақтарды жаппай салу кейіннен меншік иелерінің құқықтарын шектеуге, жердің оңтайлы игерілмеуіне, әлеуметтік объектілердің құрылысының қымбаттауына әкеледі.
Мүмкіндіктері:
Елді мекендерді эстетикаландыру және құрылыстарын абаттандыру мақсатында бас жоспар бойынша құжаттама әзірлеу.
Қауіптер:
1. бас жоспарлар, құрылыс жобалары мен детальды жоспарлау жобалары болмаған кезде жер телімдерін беру эстетикалық тұрғыдан елді мекендердің көріксіздендіреді.
Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету.
Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін ауыл тұрғындары өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай болып білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автомобиль жолдары, электрлендіру, байланыс, теледидар, Интернет жүйесі сияқты қызметтерімен қамтамасыз етілуі тиіс, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу нормативтеріне жету қажет.
Халықты денсаулық сақтаумен қамтамасыз ету мақсатында ауданда 2 аудандық орталық аурухана, 2 - ауылдық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 18 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, 5 алғашқы дәрігерлік көмек көрсету орталықтары және 30 дәрігерлік пунктер бар. Аталған денсаулық мекемелерінде 136 дәрігер және 390 орта буынды медбикелер қызмет етеді.
Жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі бойынша аудан көлемінде 54мектеп және 4 балабақшалар, толық күн болатын16 шағын орталық бар. Оонда 14530 оқушы білім алуда. Ауылдық мектептерде 2000-нан астам мұғалімдер жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру 100%-ды қамтиды.
Аудан көлемінде 5 кітапхана, 7 клуб және 2 мәдениет үйлері аудан тұрғындарына қызмет көсетеді.
2011-2015жж. ауылды жерлердің әлеуметтік салаларында жұмыс істейтін мамандарға тұрғын үй алуды несиелендіруге жалпы 192919,0 мың теңге және ауылды жерде жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала мамандарын көтермелеуге 12 583 мың теңге қаржы қарастырылған.
Ауданның 55 ауылдық елді мекенінің 18 немесе жалпы халық санынан 13,5 %-ы орталықтардырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген. Халықтың қалған бөлігі өз ауулаларында орналасқан шахталық құдықты қолданады.
Автомобиль жолдары – көліктік коммуникация кешенінің ең маңызды элементі болып табылады, оның тиімді қызмет көрсетуі және орнықты дамуы бүгінгі заманға сай аймақ экономикасының көтерілуіне, тұрғындардың өмір сүру шарттарының деңгейінің өсуіне және жақсартылуына маңызды факторлар болып табылады.
Жалпы Үржар аймағындағы жергілікті маңызы бар ауылдық жолдар 484 км, республикалық маңызы бар жолдар 277 км, облыстық маңызы бар жолдар 204км. құрайды. Аудан көлемінде орналасқан барлық елді мекендер толықтай телефон байланысымен қамтамассыз етілген.
Басты мақсатты индикаторы экономиканың динамикалық өсуі және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, даму әлуеті жоғары ауылдық елді мекендерінің санын ұлғайту болып табылады..
Мемлекеттік қолдау шаралары тіршілікті камтамыз ету инфрақұрылымының дамуына бағытталған, біріншіден ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық даму әлуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендердің дамуына.
Ауылдық жерде орташа айлық еңбекақының өсу тенденциясы байқалады. Ауылдық жерде орташа зейнетақы мөлшері 15000 теңгеден жоғары. Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халыққа мемлекеттік атаулы көмек көрсетіледі. Жыл сайын отбасылар және алушылар саны азайуда.
Еңбекақының, зейнетақының, жәрдемақының жыл сайынғы көбеюі халықтың қаржылық кірісіне оң әсерін тигізіп отыр.
Сонымен бірге, ауылда үй маңындағы шаруашылықтан ақшалай емес формадағы кіріс кең тарады. Үй шаруашылығының әрбір мүшесіне ауылдық жерде жеке шаруашылығына өндірілген өнімнен айына 3500-4000 теңгеден келеді.
Күшті жақтары
1. Ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады.
Әлсіз жақтары
1. әлеуметтік инфрақұрылым объектілері желілерін жеткіліксіз деңгейі,
2. Жан басына шаққанда кірістердің аумақтық бірдей бөлінбеуі
3.Ауыл тұрғындарының білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне бірдеу қол жетімділігінің болмауы ауылдық жерлерде адами әлеуеттің деңгейін азайтады.
Мүмкіндіктер
1.Жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу
2. Ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту
Қауіптер
1. Ауыл халқының көшуіне байланысты халық санының азаюы
Шекаралық өңірлер
Шекаралас аудандар бұл мемлекеттік шекараға жақын мемлекет аумақтары, ерекше шекара функцияларын атқарады және осыған байланысты ерекшеліктері бар. Басты ерекшелік факторы географиялық орналасуы;
Шекаралас елді мекендердің сыртқы экономикалық байланысты дамытуға, экономикалық белсенділік пен сыртқы нарыққа шығуға алғышарт жасайды. Басым бағыттардың бірі шетел инвесторларымен өзара тиімді ынтымақтастық құру, қосымша инвестиция мен жаңа технология тарту, бірлескен өндіріс құру.
Үржар ауданы оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Үржар ауданының аумағы 2 млн. 340 мың шаршы. шақырым. Аудан халқы – 84,0 мың адам, соның ішінде шекаралас ауылдық округтарда – 10,7 мың адам. Ауданның 8 елді мекендері шекаралас аймақта орналасқан : Ақшоқы, Подгорное, Бақты, Көктал, Бұғыбай, Қарабұлақ, Барлық-Арасан және Қабанбай елді мекендері.
Соңғы жылдары шекаралас елді мекендерде халық санының азайғаны байқалады, 2006-2010 жылдары халық саны 584 адамға азайған, бұл дегеніміз шекаралас аймақтардың дамуына кері әсерін тигізеді.
Негізен шекарала елді мекендердегі тұрғындардың азаюына елді мекендердегі орталықтандырылған су құбырларының, әлеуметтік сала және сауда жүйелерінің нашар дамуы т.б. жағдайлар шекаралас аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізуде.
Сонымен қатар шекаралас ынтымақтастық инфрақұрылымын дамыту (шекара өткелдері, бақылау-өткізу және кеден бекеттері) мақсатында Бақты ауылынан 2011 жылы республикалық бюджеттің есебінен 257,3 млн. теңгеге кеден қызметкерлері үшін 50 пәтер құрылыстарын салу жоспарлануда.
Барлық аталған аспектілер аудандар және жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының құрамдас бөлігі ретінде шекаралас аумақтардың экономикасын көтеру мақсатында шекаралас ынтымақтастыққа көзқарасты өзгерту қажеттігін анықтайды.
Осылайша шекаралас елді мекендерде тұрғындар санын көбейту үшін жағдай жасау қажет.
Тірек ауылдарының қатарына Мақаншы, Таскескен, Қабанбай жатқызылды. Мақаншы, Таскескен ауылдары бұрынғы аудан орталықтары болуына сәйкес, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдары даму қабілеттіліктері зор елді мекендер қатарына жатады. «Алакөл» көлі Қабанбай ауылдық округінің аймағында орналасқандықтан өңірде туризм саласының дамуына жағымды әсері бар.
Аталған тірек ауылдарының даму жоспары елді мекен тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға, автокөлік жолдарын, әлеуметтік саланы жақсартуға, туризмді дамутуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасу.
Әлсіз жақтары:
1. Әлсіз дамыған инфрақұрылымдық және әлеуметтік сала.
Мүмкіндіктер:
1. Туристік сала мен шекаралас сауданы дамыту, жаңа келген тұрғындарға жер телімдерін беру.
Қауіп.
1. Халық санының азаюы, ауылдық елді мекендердің құлдырауы.
2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру үшін басқару жүйесін жетілдіру, өкілетті және атқарушы органдары жұмысының тиімділігін және нәтижелігін артыру қажет.
Мемлекеттік басқару
Облыстың мемлекеттік органдарының құрылымына : аудани әкімдігі аппараты, 27 ауылдық округтар және 12 дербес бөлімдерден тұрады.
2010 жылдың 1 қаңтарында аудан бойынша 239 мемлекеттік қызметкер, олардың 28 саяси және 211 әкімшілік қызметкерлер.
Үржар ауданы әкімі аппаратының қызметі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсартуға, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, теориялық және тәжірибелік білімдерді жаңартуға, техникалық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған.
Аудан әкімі аппаратының бірінші кезектегі міндетті жергілікті атқарушы органдары қызметінің үйлесімділігін жақсату және тиімділігін арттыру болып табылады.
Жаңа мемлекеттік басқару жүйесін енгізу қазіргі уақытта ашықтық және есептілік деңгейін көтерудде бюджеттік жоспарлауды талап етеді. Осы мақсатпен аудан әкімі мен басқа да мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауы жұмыс істеп, аудандық сайтта тұрғындармен тұрақты түрде сауалнама, интернет-конференциялар жүргізіледі.
Аудан әкімі аппаратының жетістігі кәсіби білікті даярланған мамандарға да байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 11 қазан 2004 жылғы №1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру ммен қайта даярлау ережесін бекіту Нақтылы» Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Академиясы басқармасында 1 мемлекеттік қызметші, Шығыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында: қайта даярлаудан -21, біліктілігін арттырудан – 34 мемлекеттік қызметші өтті.
Сапаны көтерудің және «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді алудың аса ыңғайлы құралы Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) болып келеді.
Үржар ауданында барлығы 3 халыққа қызмет көрсету орталықтары халыққа қызмет көрсетуде, Үржар, Мақаншы және Таскесен ауылдарында.
Үржар ауданының халыққа қызмет көрсету орталықтары аудан тұрғындарына 41 баламалы және баламасыз негізінде мемлекеттік қызмет түрлері көрсетеді.
Үржар ауданында ХҚКО жұмыс істегеннен бері 167630 қызмет көрсетілген болатын (2007 жылы – 5932, 2008 жылы – 49348, 2009ж. 58012, 2010ж - 55414) құжат қабылданып, құжаттар берілген.
Осылайша, аудан әкімі аппаратының корпоративтік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту саласындағы негізгі қажеттіліктері мен проблемалары мыналар болып табылады:
- аудандық деңгейде БЭҚАЖ мен бірыңғай көлік ортасының жеткіліксіз дамуы;
- кешенді стратегиялық құжаттарды дайындау кезінде жергілікті мемлекеттік органдардың ведомствоаралық және салааралық функционалдық өзара қатынас жүйесі деңгейінің тиісті дәрежеде еместігі;
- аудан әкімі аппаратының норма түзу қызметі сапасы деңгейін, осының ішінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың тұрақты жаңаланатын электрондық заңнама дерекқорына қол жетімділігін қамтамасыз ету арқасында қолдау қажеттігі;
- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және сапа бағалау жүйесінің жеткілікті пысықталмағандығы;
- Үкімет веб-ресурстары және облыс әкімдігі порталы арқылы әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсету процестеріне қол жетімділікті және олардың тимділігін арттыру қажеттігі.
- ХҚКО қызметкерлерінің кәсібилік жоспарда, және де келушілермен бетпе-бет қарым-қатынастағы дайындықтың жетіспеушілігі;
- ауданның ірі елді мекендерінде ХҚКО филиалдары торабын кеңейту қажеттілігі.
Аудан әкімі аппаратында негізгі техникалық құрылғылар жұмыс істейді. Олар: Pentium, Celeron жеке компьютерлер, сонымен қатар файл-сервер, деретерді мұрағаттау сервер құралы ретінде пайдаланылады. Аудан әкімі аппатының ғимаратында 100Мбит/секунды жылдамдығында ақпаратты өндей алмасуды ұйымдастыра алатын локальды жүйе жұмыс істейді.
Интернет желісіне «Megaline Small Business» жылдамдығыы 256 кбит/сек тарифтік жоспары арқылы электрондық пошта жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік мекемелерінде жеке электрондық пошталары бар. 2011 жылдан аудан әкімі аппаратына өз сервері негізінде пошталық сервер құру жоспарда бар.
Бүгінгі күні Үржар ауданы әкімдігінде келесі ақпараттық жүйелер жұмыс істеуде:
-
«Жеке тұлғаларды тіркеу» АЖ;
-
«Міндетларды есепке алу» АЖ;
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің базалық категорияларын автоматтандыру аясында келесі іс-шаралар іске асырылды.
Үржар ауданы әкімінің urzhar.vko.gov.kz. веб-порталы арқылы ҚР Үкіметінің ұсынылатын ақпараттық қызметтерді тұрақты өзектендіру қамтамасыз етіледі. Сайтта 34 мақсатты бет ұсынылған, олар 50 ішкі айдарда толық ашылады. Сайт құрылғаннан бері интернет беті 44 (2007ж) тен 84 (2010ж) –ке дейін көбейді. Сайттың ақпараттық – интерактивті компаненттері (іскерлік таныстыру, оперативті-анықтамалық және интерақтивтік) қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар аудан әкімі сайттының (http://wap.urzhar.vko.gov.kz), блог (http://blog.urzhar.vko.gov.kz) wap-нұсқасы енгізілді.
Ауданның сайлаушылар тізімін жасақтау мақсатында жеке тұлғалардың деректер қоры (УФЛ) жасалған. Базаның дерекқорының дұрыстығы 82,74 % құрайды. Ауданның мемелкеттік органдарының электрондық қызметтерін кең түрде пайдалану мақсатында 5 қоғамдық қатынау пунктері орнатылған. Дегенмен мемлекеттік электрондық қызметтерге азаматтардың қол жетімділігін арттыру проблемасы қалып отыр.
Ааудан әкімінің аппаратында «Заң/Закон» электрондық заң базасы жұмыс істейді. Осы күні локальды жүйе арқылы 3 қызметші аталған базамен жұмыс атқарады. Бірақ заңдылықтын сапасын арттыру үшін электрондық «Заң/Закон» деректер қорына Аудан әкімінің барлық қызметішлеріне жетімді болу керек.
«Е-үкіметтің» базалық компоненттерімен ықпалдастығы
Үржар ауданының жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыс жүргізілетін е-үкіметтің компоненттері:
-
ҚР Электрондық құжатайналымы жүйесі (бұдан әрі - БЭҚАЖ).
-
«Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі.
Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелер арасында, атап айтсақ, барлық мемлекеттік мекемелерде, аумақтық бөлімшелерде, құқық қорғау органдарында және аудандық әкімдіктерде бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – БЭҚАЖ) енгізілді, оларда IBM «Lotus Notes» компаниясының бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылған. Локальды жүйеге 10 жұмыс орны қосылған. Облыстық, аудандық міндетларды, әлеуметтік маңызды жобалардын орындалуына бақылау жасау жүйелері үнемі жетіліп тұрғанымен, аудан әкімі аппаратында ақпараттық – коммуникациялық технологиялар аясында жаңа өңімдерді енгізуде кенжелеу қалып отыр.
«Е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсізідігін қамтамасыз ету
2008 жылы облыс әкімінің аппараты USВ интерфейсі бар бүгінгі заманғы кіліт тасымалдаушылар негізінде куәландіруші орталық құрды. Куәландіруші орталық Шығыс Қазақстан облысы ақпарат жүйесі ресурстарына қол жетімділікті басқаруды қарапайымдандырады және орталықтандырады. Жүйеде пайдаланушылардың құқығы мен өкілеттігін мақсаттау, қайта бөлу және тыйым салу рәсімі жеңілдейді.
Бүгінгі күні «Мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйелерінде, ауданның мемлекеттік мекемелерінің виртуалды қабылдауларында, электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу үшін Үржар ауданының мемлекеттік мекемелеріне сандық сертификат берілді.
Осылайша ауданның ақпарат ресурстары мен мемлекеттік мекемелері жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бүгінгі таңда мынадай қажеттіліктер бар:
- мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау;
- мемлекеттік органдарды сервер бөлмелерімен қамтамасыз ету;
- аудан әкімдігінің ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу үшін мемлекеттік қызметшілерді сандық сертификатпен және электрондық сандық қолтаңбамен қамтамасыз ету.
- жұмысшылар және пайдаланушыларды оқыту үшін нұсқаулықтар әзірлеу;
Ағымдағы жағдайды сараптаманың SWOT –талдау нәтижелері.
Күшті жақтары:
1. ауданда 5 қоғамдық қатына пункті жұмыс істейді;
2. локальды жүйенің жеткілікті қамтылуы;
3. аудан әкімінің жеке сайты, блогы, мобильды (wap) нұсқасының болуы;
4. сервер бөлмесінің болуы;
Әлсіз жақтары:
1. Электроды мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты мемлекеттік органмен байланыс жасау үшін қажеттік заңнамалық құжаттардың болмауы;
2. электронды мемлекеттік қызмет пайдаланушылармен қарым қатынас орнатуға, ведомствоаралық, ақпараттық қауіпсыздықты қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық базаның жоқтығы;
3. ресурстармен басқару негізгі бизнес-процестері автоматтандырылмауы;
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету әрекетін оңтайландыруға бағытталған АЖ/ИС болмауы;
5. жергілікті бизнесс проссестерге бағытталған автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызметінің АЖ/ИС болмауы;
6. «е-үкімет» базалық компонентерімен әртараптандырылмауының болмауы;
7. ауданның елді мекендерінде ҚҚП жетіспеушілігі;
8. ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс орындары компьютерлік техникаларымен толық қамтамасыз етілмеуі.
Мүмкіндіктер:
-
ИКТ – саласын дамытуын мемлекеттік қолдау көрсету;
-
Аумақ тұрғындарының электрондық түрде қызмет алуына қызығушылығын арттыру;
-
«е-үкіметті» құру бойынша халықаралық тәжірибелерді пайдалану.
Қауіптер:
-
е-үкіметтің базалық компоненттерімен әртараптандырудың болмауынан интерактивті электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге ЖАО дайын болмауы.
-
Аудан тұрғындарының жеткіліксіз хабарланбауы әсерінен электрондық мемлекеттік қызметтің қажетсіздігі;
-
Тұрғындардың электрондық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбауы.
Достарыңызбен бөлісу: |