БАҒдарламасы семей 2013 Алғы сөз Әзірленген құрастырушы: Мешетова Ж. С., аға оқытушы, физика кафедрасы талқыланды 1



Дата13.06.2016
өлшемі239.41 Kb.
#132037


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.19/02-2013


ПОӘК

Студентке арналған пәннің бағдарламасы

«Физика-1»

№1 басылым

11.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В070200 - «Автоматты басқару жүйесі» мамандығы үшін
«Физика1»

ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013
Алғы сөз

1. ӘЗІРЛЕНГЕН


Құрастырушы:_____ Мешетова Ж.С., аға оқытушы, физика кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасы отырысында


« 11 » 09 2013ж., №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев
2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


« 12 » 09 2013ж., № 1 хаттама
Төрайымы Қ.А.Батырова
3. БЕКІТІЛДІ

Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған



« » 2013ж., хаттама
ОӘК төрағасы Г.К.Искакова
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

Мазмұны

1.


Жалпы ережелер

2.


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3.


Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4.


Курс форматы

5.


Курс саясаты

6.


Баға қоюдың саясаты

7.


Әдебиет тізімі


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат

Мешетова Жанагул Скендировна

Кафедра «Физика»

Байланыс туралы ақпарат – тел. 77-33-58, №3 оқу ғимараты, № 307 каб.

Сабақты жүргізу орыны – 3ші қабат аудиториялары

Пән бойынша кредит саны – 3
1.2 Физика 1 пәні мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

Механика.Кинематика.Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы.Сақталу заңдары.Салыстырмалылықтың арнайы теориясының элементтері.Тұтас орталар механикасының элементтері.

Тербелістер мен толқындар.

Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика.Статистикалық таралу.Термодинамика негіздері.

Тасымалдау құбылыстары.Нақты газдар.

Электр және магнетизм. Электростатика. Тұрақты электр тоғы.

Магнит өрісі.Заттағы магнит өрісі. Электромагниттік индукция құбылысы.Максвелл теңдеулері.Электромагниттік тербелістер.
1.3 Осы курстың мақсаты студенттердің физика туралы мағлұматтар алуы;
1.4 Осы пәннің негізгі мақсаты қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді,

олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың

математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін, тәжірибелік әдістердің

негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар беру.


1.5 Курсты оқығаннан соң студент

игеруі қажет:

негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;

ұға білуі қажет:

негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын;

меңгеруі қажет:

физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;

Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет:

- құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде термодинамикалық параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі,

- статистикалық әдісті қолдана білуі;

- құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен

жұмыс істей білуі;

- молекулалық жүйелермен істелінетін физикалық эксперименттердің

техникасын меңгеруі, термодинамилық параметрлерді, тұрақтыларды

- процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,

компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі.


1.6 Курс пререквизиттері:

1.6.1 Математика 1


1.7 Курс постреквизиттері:

1.7.1 Физика 2

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІНЕ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

«Физика 1» 1 –кесте



р/с


Тақырып аттары

Сағаттар саны

Әдебиет

тер







Дәріс

Зерт.сабақ


Машық. саб.

ОБСӨЖ

СӨЖ




1

2

3

4

5

6

7

8




Дәріс№1.Механика.Кинематика негіздері.Механикалық қозғалыс-материя қозғалысының қарапайым түрі. Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. Материалдық нүкте түсінігі. Материалдық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық және үдеу-радиус вектордың уақыт бойынша туындысы. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.

Машықтану сабағы №1 Материалық нүкте кинематикасы

Зертханалық сабақ № 1 «Қателіктер теориясына кіріспе»


1

1

1

1










Дәріс № 2.Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы.

Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциалды санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы.

Машықтану сабағы № 2 Материалық нүкте динамикасы

Зертханалық сабақ №2



« Трибометрдің көмегімен үйкеліс коэффициентін анықтау»

1

1

1

1










Дәріс № 3.Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялы екендігінің салдарлары. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар центрі. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. Импульстің сақталу заңы. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интерграл арқылы берілетін өрнегі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы.Консервативті және консервативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы.

Өздік жұмыс № 1



Реактивті қозғалыс. Консервативті және консервативті емес күштер.

Машықтану сабағы № 3 Қатты дене динамикасы

Зертханалық сабақ № 3 «Айналмалы қозғалыс заңдарын зерттеу».


1

2

1

1

10







Дәріс № 4.Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері.

Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Түрлендірілудің инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы. Релятивтік динамика.

Машықтану сабағы № 4 Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері.


1




1

3










Дәріс № 5.Сұйықтар мен газдар механикасы.

Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиет-тері. Идеаль және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны. Стокс өрнегі. Пуазейл теңдеуі. Серпімді кер-еулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы.

Өздік жұмыс № 2

Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энер-гиясы.

Машықтану сабағы № 5 Тұтас орталар механикасының элементтері.

Зертханалық сабақ № 4 «Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау»



1

1

1

1

10







Дәріс № 6.Тербелістер мен толқындар.

Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Еркін өшетін тербелістер Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістердің амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық қозғалыстардың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допплер эффектісі. Дыбыс. Ультрадыбыс.

Өздік жұмыс № 3

Резонанс. Автотербелістер. Ультра дыбыс.

Машықтану сабағы № 6 Тербелістер мен толқындар

Зертханалық сабақ № 5 «Тербелмелі қозғалыс заңдарын зерттеу»



1

1

1

1










Дәріс № 7.Статистикалық физика және термодинамика.

Молекула -кинетикалық теорияның элементтері. Молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан газдың қысымы. Температураның молекула -кинетикалық теория тұрғысынан мағынасы. Идеал газ молекула ларының орташа кинетикалық энергиясы. Тер- модинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда көрсету. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциялық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

Өздік жұмыс № 4 Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

Машықтану сабағы № 7. Газ заңдары




1




1

3

10







Дәріс № 8.Термодинамика негіздері.

Термодинамиканың 1-ші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның п.ә.к. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термо динамикалық потенциалдар. Термодинамиканың екін ші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы. Энтропияның күй ықтималдығымен байланысы. Сызықты емес жүйелерінің энтропиясы. Өзін-өзі ұйымдастыратын жүйелер.

Машықтану сабағы №8 Термодинамика негіздеріМашықтану сабағы № 8 «Термодинамиканың І заңын

қолдану»

Зертханалық сабақ № 6«Газдың жылу сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»



1

2

1

1










Дәріс № 9 Термодинамика Тасымалдау құбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Термодинамиканың тепе-тең емес күйлердегі тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия, тасымалдау құбылыстарының молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау коэффициенттері.

Нақты газдар. Молекулааралық өзара әсер күштері. Молекула лардың эффективті диаметрі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күйлер. Үштік нүкте.

Өздік жұмыс № 4 Метастабильді күйлер.

Машықтану сабағы № 9 «Тасымалдау құбылысы. Нақты газдар»

Зертханалық сабақ № 7«Құмның жылу өткізгіштік коэффициентін анықтау»



1

1

1

1

10







Дәріс № 10 Электростатика.

Электр зарядтарының өзара әсерлері. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өріс терінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электроста-тикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потен-циалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байла нысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Өткізгіш - вакуум шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр сиымдылық. Конденсаторлар. Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденсаторлардың сиымдылығы.

Машықтану сабағы № 10 «Зарядтардың өзара әсерлесуі.

Кулон заңы.Электр өрісінің кернеулігі.Электростатика өрісте зарядтарды тасымалдау жұмысы»

Зертханалық жұмыс № 8«Электростатикалық өрісті зерттеу»



1

2


1

1










Дәріс № 11 Электростатикалық өрістегі диэлектриктер.

Поляризацияланған зарядтар. Диэлектик ердің түрлері. Заттардың диэлектрлік өтімділігі және оның температураға тәуелділігі. Электрлік ығысу. Екі диэлекриктін шекарасындағы шарттар. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсаторлардың және өткізгштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электрлік өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.

Өздік жұмыс № 5 Электростатикалық өрістегі диэлектриктер.

Машықтану сабағы № 11 Машықтану сабағы № 11

« Остроградский – Гаусс теоремасын қолдану»

Зертханалық жұмыс № 9«Металдардың кедергілерінің температураға тәуелділігін анықтау»



1

2

1

1

10







Дәріс № 12.Тұрақты электр тоғы. Электр тогының болу шарттары және оның жалпы сипаттамасы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдары ның дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Гальваникалық элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Кирхгоф ережелері. Газдар мен плазмадағы электр өрісі.

Машықтану сабағы № 12 «Тұрақты ток заңдары».

Зертханалық жұмыс № 10«Уитстон көпірінің көмегімен өткізгіштердің кедергілерін анықтау»


1

1

1

1










Дәріс № 13.Магнит өрісі.Заттағы магнит өрісі.

Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тоғы бар орам. Тоғы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде ауыстырғанда істелетін жұмыс.

Магнетиктер. Диа- және парамагнетиктерФерромагнетиктер

Магниттік гистерезис. Кюри нүктесі.Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.

Өздік жұмыс № 6 Холл эффектісі.

Машықтану сабағы № 13«Био-Саваар –Лаплас заңын қолдану» Зертханалық жұмыс № 11Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау.



1

1

1

1

10







Дәріс № 14.Электромагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері.

Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбы лысы. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Өзара индукиця коэффициенті. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы.Электромагниттік индукция құбылысын Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы.

Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электрлік және магниттік өрістерінің салыстырмалылығы. Векторлық және скалярляқ потенциалдар. Толқындық теңдеу. Электромагниттік қозудың таралу жылдамдығы.

Машықтану сабағы № 14 «Электромагниттік индукция заңы. Магнит және электр өрістерінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы»



1




1

3










Дәріс № 15 Электромагниттік тербелістер.

Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтардың резонансы. Динамикалық хаос.

Өздік жұмыс № 7 Динамикалық хаос.

Машықтану сабағы № 15 «Электромагниттік тербелістер. Айнымалы электр тоғы»




1




1

2,5

7,5







Барлығы

15

15

15

22,5

67,5



3 СТУДЕНТТЕРГЕ ПӘНДІ ОҚЫТУДА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар, оқу бағдарламасы (syllabus), өзбетімен жұмысқа әдістемелік құралдар, дәріс конспектілері бар.

Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ –қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.

Студент мерзімінде оқытушыға ӨБЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына және семинарларға дайын болуы керек.

Студент сабақты босататын болса, оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет.

Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады.

ОКӨБЖ –қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша студент баяндама жасауына болады.

4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ

Студентке қойылатын талаптар:

Сабаққа қатысу: Дәріс, машықтану сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тест тапсыру керек.

Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша «қанағаттанғысыз» деген баға қойылады.

Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде оларды дәл уақытында орындап тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмендетіледі бағаланады.

Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады.

5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ

Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша “қанағаттанғысыз” деген баға қойылады.

Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.

Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары баллдың 50% алған студенттер жіберіледі. Емтихан кезінде студент ұсынылған 2 сұрақ материалы бойынша жауап беруі және курс бойынша берілген есепті шығаруы керек.

6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ.

Студенттің пәнді меңгергенін оқытушы бағалайды. Студенттің жұмысын бағалаудың төрт мүмкін деңгейі қарастырылады:



репродуктивтікөмектесуарқылы (тану, қайталау);

репродуктивтікөмексіз (ескесақтаужәнетиптікесептердішығаруға

қолдану);



эвристикалық (типтікемес, қиынесептедлішығару);

творчестволық (оқу-зерттеунемесеғылыми-зерттеужұмыстары

барысындапроблемалықесептердішығару.

Осы білімдеңгейлерлерінесәйкесбағақойылады.

Біріншідеңгей – 3 (қанағаттанарлық), екіншідеңгей – 4 (жақсы), үшіншідеңгей – 5 (өтежақсы) –кебағаланады.

ФИЗИКА -1» пәні бойынша баллдарды бөлу

2 – кесте




Апталар



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

баллдар

Дәрістер














































Машықтану







15




20




15




10




10




10




10

Зертханалық







20




20




15




10




10




10




10

СОӨЖ







10




10




10




10




10




10




10

СӨЖ







25




25




25




25




25




25







Межелікбақылау



















60






















75

Барлығы







70




75




125




55




55




55




105


7 Әдебиеттер

7. 1. Негізгі

7.1.1Физика курсының лекциялары: жоғары орын. студенттеріне арн. оқу құралы / Ж. Абдула, Т. Аязбаев; ҚР жоғары оқу орын. қауымдастығы.- Алматы, 2012

7.1.2 Механика. Молекулалық физика.Электр және магнетизм.- Семей, 2009

7.1.3 Курс общей физики: в 4-х т.  Т.1. Механика. Молекулярная физика и термодинамика.- М., 2009.

7.1.4 Механика. Молекулалық физика және термодинамика/ Мажитова Л.Х.-А.,2002

7.1.5 Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.

7.1.6 Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)

7.1.7 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г.

7.1.8 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.

7.1.9 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..

7.1.10 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1995 ж.
7.2 Қосымша

7.2.1. Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г.

7.2.2. Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 – 1978.

7.2.3. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988 г.



7.2.4 Мелешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г.

      1. Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука,1968 г.

7.2.6. Беликов Б.С. Решение задач по физики, М, Высшая школа, 1981




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет