БАҒдарламасы семей қаласы, 2010 жыл мазмұны паспорт



бет12/32
Дата16.06.2016
өлшемі7.05 Mb.
#138394
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32

Қатерлер:

  1. Белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарсыз, нақтылы жоспарлау жобаларынсыз, елді мекендерде құрылыс жүргізу жобаларынсыз құрылыс объектілері мен жер телімдерін беруге Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынады.

2010 жылдың 1 қаңтары жағдайына қарай аймақ тұрғындарының саны 316,9 мың адамды құрады, соңғы жылдары халықтың өсімі байқалады. 2009 жылы қала халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 1,1 % өсті, ауыл тұрғындарының саны 0,9 % өсті, халықтың табиғи өсімі 3,3 мың адамды құрады (2008 жылы халықтың табиғи өсімі 2,56 мың адам).

Соңғы жыл ішінде талданатын кезең ішінде көші-қон процесіне 14,9 мың адам немесе аймақ тұрғындарының жалпы санының 4,7 % қатысты. Көші-қон процесінің нәтижесінде 349 адамдық оң сальдо қалыптасты, келгендер - 7886 адам, кеткендер - 7537 адам. Алайда облысаралық көші-қон теріс сальдоға ие екендігін атап өтуіміз керек, сонымен қатар аймаққа келіп жатқан тұрғындардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 4,6 % өсті, ал кетіп жатқандар саны 7,2 %.

2010 жылдың қаңтар - тамыз айларында көші-қон процесіне 9561 адам қатысты, олардан 5141 адам кетті (2009 жылмен салыстырғанда 4,2 есеге көп), келгендер 4420 адам (9,1 % аз). Табиғи өсім 1890 адамды құрады (2009 жылдың осы кезеңінде 2460 адам).

Семей аймағы бойынша халықтың тығыздығы 1 шаршы метрге 11,3 адамнан келеді, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 2,3 есе көп.

Семей қаласы бойынша өндірістік нәтижелілік бір адамға шаққанда 263,3 мың теңгені құрайды немесе орташа облыстық көрсеткіштің 77,5 мөлшері.

Ауыл шаруашылығының өнімділік нәтижелілігі 1 ауыл тұрғынына 444,7 мың теңгені құрайды, бұл облыс бойынша орташа көрсеткіштен 2 есе көп.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нәтижелілігі 1 ш.м. 13,1 млн теңгені құрайды немесе орташа облыстық көрсеткіштің 83 %.

Аймақ тұрғындарының орталықтанған сумен қамтамасыз етілуі 77,9 %. 37 ауылдық елді мекеннің 25 орталықтанған сумен қамтамасыз етілмеген, Жазық ауылының тұрғындары тасымалдап әкелінетін ауыз суын пайдаланады.

Электр энергиясымен қамтамасыз етілу 100 % құрайды және қажеттіліктің 97,3%. Жаңа жеке меншік үй құрылысы аудандары электр беру линияларының жоқ болуына байланысты толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілмеген.

Семей аймағындағы жол желісінің тығыздығы салыстырмалы төмен көрсеткіштермен сипатталады - 0,01км/кв.км, бұл көрсеткіш шалғайдағы ауыл округтерінің болуына байланысты қалыптасып отыр.


2.2.4.1 Ауыл өмірін қамтамасыз ету

2010 жылдың 1 қаңтары жағдайына қарай аймақта 37 ауылдық елді мекен бар, оның 1-і әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары мүмкіндіктері бар санатына жатқызылады (2,7 %), 36- дамудың орташа мүмкіндіктері бар санатында (97,3 %).

Ауылдың өмірін қалыпты қамтамасыз ету үшін ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерімен нормативтік деңгейде қамтамасыз етілуіне қол жеткізу қажет, мұнда ауыл тұрғындары өмір сүру сапасының ұлттық стандарттарына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, жолдар, электрмен қамтамасыз ету, байланыспен қамтамасыз ету, теледидар, Интернет желісімен қамтамасыз етілуі қажет.

Ауыл тұрғындарын денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету үшін Семей қаласында 1 ауылдық емхана, 12 - ЖДА, 16- ФАП, 34 медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Ауылдық мектептерде оқытушылар жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балаларды оқуға қамту 100% құрайды.

Мәдениет саласында 4 кітапхана, 5 клуб, 3 мәдениет үйлері қызмет көрсетеді.

37 ауылдық елді мекеннің 12 орталықтанған сумен қамтамасыз етілген, 25 орталықтанған сумен қамтамасыз етуді қажет етеді.

«Таза су» бағдарламасын жүзеге асыру 4436 адамнан тұратын тұрғындарды су құбыры суына қол жеткізуіне мүмкіндік берді (Достық, Шақаман, Бөкенші, Знаменка ауылдарында).

Автокөлік жолдары - көлік қарым-қатынастық кешеннің маңызды бөлігі болып табылады, олардың нәтижелі қызмет етуі мен тұрақты дамуы қазіргі жағдайда аймақ экономикасын дамыту, тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен өмір сүру жағдайларын арттырудың маңызды факторы болып отыр.

Жергілікті маңызы бар ауыл жолдарының жалпы ұзындығы 202,4 км, оның ішінде қатты төсеніші бары - 24,9 км, гравии- құм жабыны - 177,5 км.

Аймақтың барлық ауылдық елді мекендері телефон байланысымен, электр жарығымен қамтамасыз етілген.

Басты мақсаттық индикатор экономиканың үздіксіз өсуі, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, дамудың жоғары мүмкіндіктері бар ауылдық елді мекендер санының артуы болып табылады.

Өткен кезеңде мемлекеттік қолдау көрсету шаралары өмір сүруді қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға, ең алдымен ауылдық елді мекендердің дамудың жоғары деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталды.

Ауылды жерлерде орташа жалақының өсу бағыты байқалады.Ауылды жерлерде зейнетақының орташа мөлшері 15000 теңгеден жоғары болып келеді. Кедейшілік деңгейінен төмен жағдайдағы адамдарға мемлекеттік адрестік көмек көрсетіледі.

Еңбекақының, зейнетақының, өтемақының өсуі тұрғындардың ақша кірісінің өсуіне оң ықпал етеді.

Сонымен қатар ауылда үй маңы шаруашылығынан кіріс беретін ақшалай емес кіріс түрлері кең таралған.Үй шаруашылығының әрбір мүшесіне айына 3500-4000 теңгенің өз шаруашылығынан өндірілген өнімдерін пайдаланады.



Күшті жақтары:

  1. Ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдайлар, мұның өзі ауыл тұрғындары табысының басты көзі болып табылады.

Әлсіз жақтары:

  1. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілері желісінің дамуының жеткіліксіз деңгейі, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілері жоқ немесе әлсіз дамыған;

  2. тұрғындардың санына шаққандағы кірістің аймақтық жағынан біркелкі бөлінбеуі;

  3. ауыл тұрғындарының білім алу, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне біркелкі қол жеткізе алмауы ауылды жерлердегі адам мүмкіндіктері деңгейін төмендетеді.

Мүмкіндіктер:

  1. Медициналық мамандар мен білім беру саласы мамандарын жұмыс орынына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту, оның ішінде ауылдық елді мекендерге тарту үшін жүйелі іс шараларды құрастыру;

  2. ауылдық елді мекендердің мүмкіндіктерін дамыту.

Қатерлер:

  1. Ауыл тұрғындарының көшіп кетуі салдарынан халық санының төмендеуі.


2.2.4.2 Азаматтық қорғаныс жүйесінің дамуы

Семей қаласы территориясының табиғат жағдайларының әр түрлі болып келуі оның табиғи апаттарға бой алдыру мүмкіндіктерінің жоғары екендігін көрсетеді - су тасқындары, дауыл, орман және дала өрттері, температураның күрт төмендеуі, қар борандары, эпидемиялармен эпизоотиялар. Құрал жабдықтардың, негізгі қорлардың ескіруі мен істен шығуы, көліктегі жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның ескіруі, табиғи қорларды өндірудің жеделдетілуі, оларды тасымалдау мен өңдеу көлемінің ұлғаюы техногендік қатерлердің өсуінің алғышарттарын жасайды.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін қысқы кезеңнің төтенше жағдайлары болып табылады. Мысалы 2010 жылдың қаңтар айының ортасында күшті қар жаууы мен ұзақ мерзімге созылған боран салдарынан автожолдардың төзімділік қорлары толық дерлік тауысылды және 7 елді мекенмен көлік қатынасы бірнеше күнге тоқтап қалды. 3 мыңға жуық адамның өмір сүру қызметі бұзылды.

Қалаға жыл сайын сумен байланысты төтенше жағдайлар, мұз көшкіні, су ағыны, еріген сулар, арық сулары, су тасқыны үлкен зиян келтіреді. Қалада су тасқыны мен еріген судың астында қалу қауіпі бар 43 ерекше қауіпті аймақ бар, оларда тұратын адамдарының жалпы саны 25 мың адамнан асатын 5 елді мекен орналасқан. 2010 жылдағы су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою тәжірибесі қала әкімі мен ауыл әкімдерінің қорларындағы зиян шеккен және көшірілуге тиіс тұрғындардың өмір сүру қызметін қамтамасыз етуге жиналатын материалдық-техникалық қорлардың жеткіліксіз екендігін, аса қауіпті аймақтарда инженерлік және жағаны бекіту жұмыстары деңгейінің төмендігін, жергілікті АҚ және ТЖ территориялық құрылымдарының қажетті құрал-жабдықтармен жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін көрсетті.

Аймақтың орманды жерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жағдай күрделі болып қалып отыр, мұнда жыл сайын орманның бірнеше мың гектары өртпен жойылып келеді. Тұрғын үй аймағында да өрт деңгейі жоғары деңгейде болып қалып отыр, мұнда жыл сайын барлық өрттердің 75 пайызы болады және адамдардың өрт шалып өлуінің 90 пайызы болады. Барлық өрттердің 60 пайыздан астамы ауылды жерлерде болып отыр. Елді мекендерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету және ормандар мен даладағы өрттерді сөндіру бойынша жұмыстар жүргізуді қамтамасыз ету үшін құрылатын өрт сөндіруші тірек пункттері 2000 және одан көп тұрғыны бар елді мекендерде жоқ (Знаменка, Қайнар, Озерки ауылдары). Аймақтың су құбырлары желісінде 600 көше өрт гидранттары құрылған, олардың 120 жұмыс істемей тұр.

Қалада 80 астам қолданыстағы 10-12 қабатты биік үйлер орналасқан, сондай-ақ бірнеше биік үйлердің құрылысы салынуда. Биік үйлерде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті авто сатылар мен 50 және одан жоғары метр биіктікке көтеретін көтергіштер қалада жоқ. Ал құрылған биікте жұмыс істеушілер тобы 50- 60 метрлік құтқарушы жіптермен қамтамасыз етілмеген.

Қаланың басшылық құрамы мен тұрғындарды орталықтанған негізде хабардар етудің қолданыстағы жүйесі бұдан 30 жыл бұрын құрылған және қазіргі заманғы сандық және волокондық-оптикалық байланыс желілерімен бірлесе жұмыс істей алмайды. Соңғы 15 жыл ішінде құрал-жабдықтарды жаңарту, жүйелерді бағдарламалармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген жоқ. П-160 және П-164 аппараттары электро дабылдық хабардар ету жүйесінде қолданылады және ескірген, оргтехника және өзге құралдардан келетін кедергілерге төзімділігі төмен, ГТС толықтай көшірілген байланыстың сандық желілерінде жұмыс істеуге бейімделмеген. Тұрғындарды теле және радиохабарлар арқылы хабардар ету бойынша ұйымдық-техникалық шешімдер тұрақтылығының төмендігімен және нәтижелілігінің аздығымен ерекшеленеді және осы мақсаттарға радио мен теледидардың барлық бағдарламаларын, кабелдік теледидарды, оның ішінде түрлі меншік нысанындағы телеканалдармен радиоканалдарды қамтуға мүмкіндік бермейді. Соңғы жылдары өткізгішті таратудың жабылуына байланысты радио таратушы тораптар жабылып қалды, хабардар етудің автоматтандырылған жүйесімен 39 ауылдық елді мекендер қамтылмаған, оларда 23,5 мың адам тұрады. Тұрғындарды хабардар етуге қажетті 60 электро дабыл берушіден қалада тек 26 орнатылған. Қолданыстағы 90 қорғаушы құрылыстар соғыс жағдайында және төтенше жағдайлар кезінде тығылатын адамдарды қабылдауға дайын емес және күрделі жөндеуді талап етеді (қорғаныс жүйелерін қалпына келтіру, инженерлік-техникалық жабдықтарын жөндеу).

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, алдын ала дайындалу табиғат апаттары, авариялар мен катастрофалар кезінде тұрғындарды, облыс экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды олардан пәрменді түрде қорғаудың міндетті шарты болып табылады.



Салада қалыптасқан жағдайды бағалау SWOT- талдауда көрсетілген:

Күшті жақтары:

  1. Көктемгі су тасқыны кезеңінде қар қорларының еруі мен табиғи өрттердің пайда болу ошақтарын ерте анықтау бойынша космостық мониторинг орнатылған;

  2. дала өрттерін сөндіру мен шалғайдағы елді мекендерді қорғау үшін дала өрттерінің алдын алу мен оларды сөндіру бойынша іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылған;

  3. қатерлі табиғат құбылыстарының мониторингі жүргізіледі;

  4. АҚ пен ТЖ жөніндегі басқару органдарымен, облыстық қызметтермен, объектілік және территориялық құрылымдармен командалық-штабтық жаттығулар өткізіледі;

  5. төтенше жағдайлар қаупі төнген кезде және пайда болған кезде бірлесе әрекет етудің жоспары құрастырылып, жүзеге асырылуда.

Әлсіз жақтары:

  1. Тұрғындарды хабардар етудің қолданыстағы жүйесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде төтенше ақпаратты толық көлемде тұрғындарға жеткізуге қабілетсіз;

  2. АҚ пен ТЖ территориялық құрылымдары авариялар мен табиғат апаттары кезінде, оның ішінде биік қабатты үйлерде болған апаттар кезінде төтенше құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтармен, құтқарушы жабдықтармен өте төмен деңгейде жабдықталған;

  3. қорғаныс ғимараттарының күрделі жөндеуді қажет етуіне байланысты ерекше жағдайларда тұрғындарды паналатудың мүмкін болмауы;

  4. су тасқандары мен мұз жүру қауіпі бар жерлерде жағаны нығайту жұмыстары мен кезек күттірмейтін қорғаныс жұмыстарын қажет ететін елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп төндіретін жерлердің болуы.

Мүмкіндіктер:

  1. Мақсаттарға жетудің нәтижелілігі көп жағдайда басқару органдарының, АҚ пен ТЖ күштері мен құралдарының төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе пайда болған кезде жедел жұмысқа кірісу дайындығының деңгейіне тәуелді болады;

  2. ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың арасында АҚ пен ТЖ саласындағы білімдерді кең көлемде насихаттау жұмыстары, түрліше төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету қажеттігін көрсететін көрнекі құралдарды тарату ТЖ келетін зиянды едәуір төмендетуге ықпал етеді;

  3. өрт сөндірудің тірек пунктерінің санын арттыру мен дамыту табиғи өрттен залалды елеуді қысқартуға, сондай-ақ, қаладан алынып тасталған тірек пункттарын сақтап қалуға мүмкіндік береді;

  4. қала әкімінің материалдық-техникалық қорларын нығайту төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындарды кепілденген өмір сүру қабілеттігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қатерлер:

  1. Плотиналардың жағдайының зерттелмеуі мен оларды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілмеуі қаржыландырудың жетіспеуі салдарынан гидроқұрылыстардың кепілденген төзімділігін қамтамасыз ету бойынша кешенді көзқарастың жоқтығы;

  2. территорияның химиялық улануы жағдайында тұрғындар үшін қазіргі заманғы жеке қорғаныс құралдарын сатып алу бойынша қаржыландырудың жоқтығы адамдардың өмірімен денсаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді;

  3. қаланың қосалқы қорғаныс басқару пунктін қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықтау үшін қаражаттың жоқтығы ерекше жағдайлар кезінде АҚ пен ТЖ күштері мен жабдықтарының сенімді бірлесе әрекет етуін қамтамасыз ете алмайды;

  4. техникалық диагностикалау мен газ бөлуші құралдарды (ГБҚ) техникалық тексеруден өткізуге қаражаттың бөлінбеуі салдарынан өз бетімен орнатылған газ баллондарының атылуы мен көп пәтерлі үйлерде электр плиталарын пайдалану салдарынан өрт шығуымен байланысты техногендік ТЖ пайда болуы қаупі;


2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқарумен өзін-өзі басқару жүйесі

Қаланың мемлекеттік органдары құрылымы мыналардан құрылады: қала әкімі мен қала мәслихатының аппараттары, 16 ауылдық және поселкелік округтер әкімшіліктері, 13 атқарушы органдар барлығы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

1 қаңтар 2010 жылға қарай әкім аппаратында 55 мемлекеттік қызметкер жұмыс істеген, олардың ішінде 1 саяси, 54 әкімшілік қызметкерлер. Әкім аппараты қызметкерлерінің орташа жасы 45,8 жас. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 16 жыл.1 жылдан 5 жылға дейінгі еңбек өтілі барлар мемлекеттік қызметкерлердің 6% құрайды, бұл жұмысқа жас мамандарды қабылдаумен байланысты болып отыр.Ұлттық белгісі бойынша ең көп үлес салмағы қазақ ұлты өкілдеріне келеді (83,6 %).

Жағдайдың дамуы өкілетті билік органдарының алдына мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамдық-саяси процесстерді басқару салаларында маңызды шешімдерді орындау мониторингі мен дайындау, қабылдау, жүргізу кезінде қатысуды күшейту бойынша кешенді міндеттерді қояды.

Жыл сайын Семей қаласы мәслихатының сессияларында атқарушы органдар мен депутаттардың ұсыныстарына сәйкес мәслихаттың бір жылға арналған жұмыс жоспары бекітіледі.

Қалалық мәслихаттың жұмысы қаланың одан әрі дамуын қамтамасыз етуге, оның әрбір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталады.

Мәслихат тікелей немесе тұрақты комиссиялары арқылы қала территориясында әкімнің, лауазымды тұлғалардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мәслихаттың өз құзыреті шеңберінде қабылдаған шешімдерін орындауын бақылайды.

Жергілікті мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқарудың сапасын арттыру үшін басқару жүйесін жетілдіру, мәслихат пен оның органдарының ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етілуінің сапасын арттыру қажет, депутатқа оның өкілеттіктерін орындауына көмек көрсету қажет.



Қала әкімі аппаратының қызметі қала әкімінің, оның орынбасарларының, әкімшілік қызметін ақпараттық, талдаушылық, ұйымдық т.б. қамтамасыз етуді ғана қарастырмайды. Бірінші орынға жергілікті атқарушы органдардың қызметінің нәтижелілігін арттыру мен жұмысын үйлестіруді жақсарту мәселелері қойылады.

Қала мәслихатының 16 ақпан 2006 жылғы № 24-11 «Семей қаласының 2006-2008 жылдарға арналған электронды әкімшілігін құру бағдарламасы туралы» шешімімен бекітілген Семей қаласының «Электронды әкімшілігін» құру бағдарламасына сәйкес қаланың электронды әкімшілігін құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда бірыңғай көлік ортасы құрылған (бұдан әрі БКО) ол қала территориясында орналасқан мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым болып табылады. БКО құрамына жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер кіреді.

Қала әкімі аппаратының, қалалық мәслихаттың, дербес бөлімдердің қызметкерлерінің электронды адрестері ашылып, кабелдік желі құрылымына қосылды. Ауылдық және поселкелік әкімшілік аппараттарын Интернет желісіне қосу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

2008 жылдың шілде айынан бастап қала әкімі аппаратының мәліметтер базасы бар бақыланатын Интернет портал ашылды және қала әкімі аппараты қызметкерлері құжаттарын сақтау үшін «Іс-архив» ашылды.

Құжат айналымының бірыңғай электронды желісі арқылы облыс әкімі аппаратымен құжат айналымы жүзеге асырылуда. (бұдан әрі ҚАБЭЖ). 2010 жылдың шілде айынан бастап әкім аппараты мен дербес бөлімдерде электронды сандық қол қоюды қолдану арқылы бірыңғай электронды құжат айналымы енгізілді, «Lotus» бағдарламасы қала әкіміне, аппарат жетекшісіне, қала әкімі аппаратының бөлім бастықтарына, қоғамдық қабылдау бөлмесіне, бақылау комиссиясына, канцелярияға және 13 дербес бөлімдерге орнатылды.Жиыны жүйеге 26 жұмыс орыны қосылды. 2011 жылы осы жүйеге қала әкімі аппаратының 40 жұмыс орынын қосу жоспарлануда.

Электронды құжат айналымы жүйесі жұмыс істеуде, қағаз түріндегі құжат айналымының үлес салмағы төмендеу үстінде. Электронды мұрағат құрылып, қала әкімшілігі қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерді жүргізудің анықтамалық жүйесі құрылатын болады. Ол үшін 2007- 2010 жылдар ішіндегі қағаз құжаттар электронды түрге көшіріледі және осы базаны одан әрі құжаттармен толықтыру құжаттар қабылдана салысымен қамтамасыз етіліп отырады.

Электронды әкімшілікті қалыптастырудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында қала азаматтары мен мекемелері әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметті ҚР Үкіметінің веб-қорларынан, облыс және қала әкімдерінің порталдарынан көре алады. Семей қаласы әкімінің www.akimsemey.gov.kz веб порталы арқылы берілетін ақпараттық қызметті үнемі жаңартып отыру қамтамасыз етіледі, мұнда қала тарихы, көркем орындары, билік құрылымы, экономикасы, өнеркәсібі, шағын және орта бизнесі, шаруа қожалықтары, медициналық мекемелері, жоғары және арнайы орта оқу орындары, мектептері, мектепке дейінгі мекемелері, авиа, теміржол, автобус қатынастары, жұмыс орындары, зейнетақыны, төлемақыны және өтемақыны рәсімдеу үшін қайда бару, қандай құжаттар керек екендігі, қаланың мемлекеттік мекемелері өткізетін мемлекеттік сатып алулар, өзге де қызықтыратын мәселелер, жаңалықтармен танысу туралы толық ақпаратты алуға болады. 2008 жылдың 21 сәуірінен бастап «Семей қаласының электронды қызмет орталығы» semey.e-vko.gov.kz үздіксіз жұмыс істеп келе жатыр, онда «мемлекеттік сатып алулар», «Сайлаушы» модульдерінен кез келген қала тұрғыны сайлаушылар тізіміндегі өз аты-жөнін тексере алады, «Өтінішке берілген жауаптың мерзімін білу» - ол арқылы өтініш беруші өзінің өтінішіне берілген жауаптың мерзімін біле алады, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй бөліп беру» - өз фамилияңызды теріп өзіңіздің тұрғын үй кезегінде қай жерде тұрғаныңызды көре аласыз, бұл қызмет Қазақстан мен ТМД-ның өзге бір де бір аймағында жоқ, «компьютерлік сауаттылық» - бұл қызмет арқылы кез келген қала тұрғыны компьютерлік сауаттылыққа қашықтықтан оқи алады.

Пәрменді мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың ең басты нәтижелі құралдарының бірі норма шығармашылық қызмет, атап айтқанда: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды құрастыру, бекіттіру, мемлекеттік тіркеуден өткізу. Норма шығармашылығы саласында басты міндет құрастырылатын жобалардың сапалылығы болып отыр. Ол тек қана мәселенің құқықтық жағынан толық қарастырылуында ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық, қаржы салаларының, статистикалық мәліметтермен танысудан, құқықты қолдану тәжірибесін талдаудан, өзге аймақтардың оң тәжірибесін пайдаланудан тұрады.

Қазіргі таңда әкім аппаратының норма шығарушы қызметінің жұмыс сапасының басты көрсеткіші прокурорлық қадағалау арқылы қайта қаралған актілердің болмауы болып табылады.

Мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттендірудің нәтижеге бағытталған жаңа жүйесін енгізу қазіргі таңда қала әкімі аппаратынан қызметтің тазалығы мен есептілігін талап етеді. Осы мақсатта әкімнің және өзге де мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, сайттарда үнемі тұрғындар арасында сауалнама жүргізіледі.

Әкім аппараты қызметінің нәтижелілігі мамандардың кәсіптік дайындығымен де байланысты болып келеді, сол себепті қала әкімі аппаратының, ауылдық және поселкелік округтер аппаратының, мәслихаттардың, дербес бөлімдердің барлық қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлер мен техникалық қызметкерлер) компьютерлік сауаттылықтың толық курсынан өтті және мемлекеттік белгідегі сертификаттар алды.

«е- әкімшіліктің » ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мәліметтердің амандығын қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін құрылған ақпараттық жүйелерде 2007 жылы қала әкімі аппаратының қосалқы серверлік бөлмесі ашылған, ол алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде жарақтанған және осы саладағы әлемдік тәжірибеге сүйенеді.

Осы қызмет бойынша барлық бөлімдер мен ақпараттық қызмет көрсету түрлерінің қайталанып отыруы, ақпараттық серверлерді, коммутаторларды, әкім аппаратының ғимаратының ақпараттық желілер шамын, электр көздерін, серверлік бөлмелердің өздерін нақтылы қайталап көшіріп отыру барлық қызметтердің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қала әкімі аппаратындағы және дербес бөлімдердегі жұмыс қала әкімі аппаратының басшысы бекіткен ақпараттық қауіпсіздік саясаты мен нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіліп отырады.

Бүгінгі таңда қаланың барлық мемлекеттік мекемелері «Мемлекеттік сатып алулар», «Lotus» ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеуде сандық сертификаттарды пайдаланады.

Күн сайын әкімнің жергілікті желісі сканерлеу арқылы тексеріліп отырады және анықталған ашық ақпараттық қорлар жабылып отырады.

Күшті және әлсіз жақтарды анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

  1. Қала әкімі аппаратының жеткілікті мөлшерде техникалық жарақтануы;

  2. серверлік бөлменің болуы, соның ішінде қорлық;

  3. 1С – Мұрағаттың болуы;

  4. электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің болуы;

  5. қалада 17 қоғамдық қызмет көрсету пункті жұмыс істейді;

  6. қала әкімшілігінің Интернет порталының болуы;

  7. қала әкімінің веб сайтының болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. Қорларды басқарудың негізгі бизнес процестері автоматтандырылмаған;

  2. «е- үкіметтің» базалық бөліктерімен кіріктірілмеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет