БАҒдарламасы шымкент, 2011 ж. Қабылдау емтиханның бағдарламасы 5В060700-Биология мамандығының



Дата13.06.2016
өлшемі181.47 Kb.
#131607
түріБағдарламасы
Ф.7.22-17
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ОРТАЛЫҒЫ


«БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» кафедрасы

« Бекітемін »

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

____________ Бахов Ж.К. «___»_____________2011 ж.


6М060700 – биология

мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның


БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2011 ж.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы 5В060700-Биология мамандығының пәндердің (Экология және тұрақты даму, Омыртқасыздар зоологиясы, Омыртқалылар зоологиясы, Структуралық ботаника, Өсімдіктер систематикасы, Цитология және гистология, Адам анатомиясы, Өсімдіктер физиологиясы, Генетика, Микробиология және вирусология, Адам және жануарлар физиологиясы, Қазақстан биоресурстары, Молекулалық биология, Жеке даму биологиясы, Экологиялық биология) типтік бағдарламалары негізінде құрылған

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

«24» 05. 2011, №10 хаттамасы
Кафедраның меңгерушісі б.ғ.к., доцент Е.Б. Исаев

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің әдістемелік комиссиясында мақулданған «25» 05. 2011 ж., №10 хаттамасы

Төрайымы Г.Т. Бозшатаева
Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген
ЖООКББО бастығы Ж.Д. Изтаев

Кіріспе
Магистратурада 6М060700-Биология мамандығы бойынша мамандар
даярлау ғылыми және педагогикалық бағытта жүргізіледі.

Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және


магистрлік диссертация қорғаған тулғаға 6М060700-Биология мамандығы бойынша жаратылым ғылымы магистрі академиялық дәрежелері тағайындалады.

Кәсіби қызметінің объектілері

Магистратура бітірушілерінің кәсіби қызмет объектілері болып саналады:

ЖОО-дары, колледждер, гимназиялар, ғылыми-зерттеу институттар; қорықтар, хайуанаттар паркі, өсімдіктерді қорғау станциялары, санитарлық-эпидемиялогиялық және обаға қарсы станциялар, селекциялық және сорттарды сынақтан өткізетін станциялар, ботаникалық бақтар, дендрариялар, табиғат мұражайлары; ғылыми-өндірістік, жобалау және геоботаникалық мекемелер; жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі экологиялық басқармалар мен бөлімдер; республикалық ведомстволарының салалык лабораториялары, бөлімшелері, секциялары, секторлары, департаменттері; ғылыми-зерттеу, өндірістік, медициналық, фармацевтік, ауылшаруашылық, әкімшілік, сараптаушылық, табиғатты қорғау мекемелері және т.б.

Кәсіби қызметінің түрлері

6М060700-Биология мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:



  • ғылыми-зерттеу;

  • педагогикалық;

  • ұйымдастыру-технологиялык;

  • табиғатты қорғау;

  • сараптаушылық;

  • жобалаушылық;

  • әдістемелік.

Оқу мерзімі

Магистратураның білім беру бағдарламасьга игерудің нормативтік ұзактығы 2 жылды құрайды.



Магистратурада білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі өлшемдері (критерийлері) магистранттың 47 кредиттен кем емес кредитті меңгеруі болып табылады.


1. Пәндердін атауы және олардың негізі бөлімдері
1.1 Өсімдіктер систематикасы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы пәні және әдістері. Номенклатурасы, классификациясы, систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің құрылысының алуантүрлілігі, қоректену ерекшеліктері мен тіршілік жағдайы. Прокариоттар мен эукариоттар. Өсімдіктердің құрылыстық деңгейлері: клеткаға дейінгі, клеткалық, ұлпалық. Өсімдіктер әлемінің классификациясы. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі систематикалық топтары талломдарының құрылысы, онтогенезі, экологиясы: прокариоттар -дробянкалар, көк-жасыл балдырлар; эукариоттар - жасыл, сары-жасыл жылтырауық, қоңыр, пирофитті, эвгленалы, қызыл балдырлар; кілегейлілер, саңырауқүлақтар, қыналар. Негізгі таксономиялық топтардың филогениясы. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің эволюциясының басты этаптары. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі топтарының теориялық және практикалық маңызды.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы пәні және оның әдістері. Өсімдіктер әлемінің тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің классификациясы. Негізгі таксономиялық топтардың жалпы сипаттамасы: даму циклінде гаметофиті басым өсімдіктер - мүк тәрізділер бөлімі; даму циклінде спорофиті басым өсімдіктер: риниофиттер, плаун тәрізділер, псилот тәрізділер, қырықбуын тәрізділер, папоротник тәрізділер; ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар. Негізгі таксономиялық топтардың филогениясы. Практикалық және теориялық маңызы. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің даму эволюциясының басты кезеңцері.


    1. Өсімдіктер физиологиясы


Өсімдіктер физиологиясы - өсімдік организмінің қызметі туралы ілім. Өсімдіктер клеткасының физиологиясы. Органоидтардың биологиялық қызметіне байланысты құрылымдық ерекшелігі. Фотосинтез - организм сіңірген жарық энергиясын органикалық заттардың химиялық энергиясына трансформациялау процесі. Пластидтердің пигменттері. Фотосинтездің жарықтық және қараңғылық фазасы. Фотосинтездің экологиясы. Тыныс алу және оның маңызы. Тыныс алудың субстраты және олардың тотығу жолдары.

Тыныс алудың онтогенздік және экологиялық аспектілері. Өсімдік тіршілігіндегі судың маңызы. Өсімдік клеткасындағы су алмасу. Өсімдіктегі су ағысының төменгі және жоғарғы соңғы двигателі. Өсімдіктің минералды элементтерге мұқтаждығы. Макро- және микроэлементтердің физиологиялық мәні. Минералды заттарды сіңіруі. Өсімдіктің минералды қорегіне ішкі және сыртқы факторлардың әсері. Заттардың ксилемалық және флоэмалық тасымалы. Өсімдіктердің заттарды бөліп шығаруы. Өсімдіктің өсуі. Өсімдік клеткасының онтогенезі (жекелей дамуы). Фитогормондар. Өсімдіктің даму кезеңдері. Өсу мен дамуға сыртқы факторлардың өсері. Өсімдіктің бейімделуі, оның сыртқы қолайсыз факторларға тұрақтылығы. Өсімдіктің суыққа аязға, тұзға және құрғақшылыққа төзімділігі. Ауру қоздырғыштарға төзімділігі (тұрақтылығы). Өсімдік өзін-өзі реттеуші жүйе.

1.3 Генетика
Генетиканың биологиялық ғылымдар арасындағы орны. Генетиканың мақсаты мен міндеті, әдістері. Жынысты және жыныссыз көбеюдің цитологиялық негізі. Тұқым қуалау процесіндегі ядроның алатын орны. Хромосом құрылысы және қызметі. Митоз, мейоз және бұлардың жалпы биологиялық маңызы. Полигибридті және моногибридті будандасу. Гендердің өзара қатынасының аллелсіз сипаты. Гендердің комплементарлық әрекеті. Эпистаз. Полимерия. Жыныстық хромосомалық анықталуы және жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы. Тіркесіп тұқым қуалау және кроссинговер. Прокароттардың генетикалық анализі. Ядродан тыс тұқым қуалау. Өзгергіштік. Модификациялық өзгергіштік. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Геномды, гендік және хромосомды мутация. Өздігінен және қолдан жасалатын мутациялық процесс. Қоршаған орта мутагендері және оларды тестілеу әдістері. Геннің құрылысы. Генетикалық процесстердің молекулярлық механизмдері. Гендер әсерінің принциптері мен реттелу механизмдері. Даму генетикасы. Эволюциялық және популяциялық генетика. Адам генетикасы. Медициналық генетика. Генетикалық инженерия. Селекцияның генетикалық негіздері. Таза бағыт теориясы. Гетерозис көрінісі.

1.4 Микробиология және вирусология
Микробиологияның пайда болуы мен даму тарихы. Микробиология пәні және әдістері. Әлемнің алуантүрлілігі, прокариотты және эукариотты микроорганизмдердің құрылысы мен қызметтері. Дақылдау және өсіру.
Физикалық және химиялық факторлардың өсуге әсері. Метаболизм.
Энергетикалық, биосинтетикалық процестер, метаболизмді реттеу.
Микроорганизмдердің өзгергіштігі және тұқым қуалауы. Микроорганизмдерді
классификациялау.
Микроорганизмдерді ұқсастыру әдістері.

Микроорганизмдердің табиғат зат айналымындағы маңызы және таралуы. Микроорганизмдердің адаммен, жануарлармен және өсімдіктермен өзара қатынасы. Микроорганизмдер әрекетінің қолданбалы аспектілері. Вирустарды ашудың тарихы. Жануарлар мен өсімдіктер вирустарының құрылысы. Бактериофагтар. Вирустарды классификациялау. Вирустардың репродукциясы. Вирустар. Ауру қоздырғыш агенттер және молекулярлық биологияда зерттеуге үлгі объект.



    1. Адам және жануарлар физиологиясы


Физиология пәні және оның зерттеу әдістері. Физиологиялық жүйе мен функция туралы үғым. Функцияларды реттеу жүйесі. Клетка физиологиясы. Жүйке жүйесінің физиологиясы: реттеудің жалпы принциптері; онтогенез және филогенездік даму; соматикалық (шеткі және орталық) және вегетативтік (автономдық) жүйке жүйесі. Сенсорлық жүйелер физиологиясы; рецепцияның жалпы принциптері және сенсорлық ақпараттарды өңдеу. Бұлшық ет жүйесінің физиологиясы. Қан, клеткааралық сүйық, лимфа. Қан айналу физиологиясы. Тыныс алу, функциялар. Зат және энергия алмасуының гормондық реттелуі.


2. «6М060700-Биология» мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі
1 Өсімдіктер систематикасы
1. Балдырлар. Эукриотты балдырларға жалпы сипаттама, өкілдері

2. Пирофитті балдырлар бөлімі, жалпы сипаттама, өкілдері

3. Эвгленалы балдырлар бөліміне сипаттама, өкілдері

4. Алтын түсті балдырлар бөлімі. Өкілдері.

5. Жасыл балдырлар бөліміне сипаттама, өкілдері, маңызы

6. Әртүрлі талшықты сары-жасыл балдырлар бөлімі. Маңызы

7. Диатомды балдырлар бөлімі. Өкілдері, маңызы.

8. Қоңыр балдырлардың морфологиялық құрылымы мен даму циклы.

9. Қызыл балдырлар бөлімі, өкілдері, маңызы.

10. Саңырауқұлақтар бөлімі, классификациясы, маңызы мен ерекшеліктері.

11. Жоғары сатыдағы өсімдіктер, өкілдері және ерекшеліктері.

12. Мүк тәрізділер бөлімі. мүктер қатары.

13. Плаун тәрізділер бөліміне сипаттама, түрлері.

14. Қырықбуындылар бөлімі, түрлері,ерекшеліктері

15. Папоротник тәрізділер бөліміне сипаттама, өкілдері, ерекшеліктері.

16. Псилофиттер бөлімі, өкілдері, даму циклы.

17. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі. Морфологиясы, ерекшеліктері.

18. Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер бөліміне сипаттама.

Биологиялық маңызы.

19. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің пайда болу ерекшеліктері.

20. Дара жарнақтылар мен қос жарнақтылардың жүйесіне сипаттама.

21. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жалпы сипаттама, ерекшеліктері.

22. Өсімдіктер систематикасының категориялары мен номенклатурасы.

23. Зигомициттер класы, өкілдері, даму эволюциясы.

24. Көк — жасыл балдырларға сипаттама. өкілдері

25. Жасыл балдырларға сипаттама, өкілдері



Өсімдіктер физиологиясы
1. Өсімдік және жануар жасушасының құрылыс ерекшеліктері.

2. Плазмолиз құбылысы.

3. Өсімдік жаушасы осмостық жүйе. Судың өсімдіктер үшін маңызы және

өсімдіктердің суды қабылдау дәрежесі

4. Қараңғылықта жүретін процестердің механизміне сипаттама.

5. Транспирация механизміне сипаттама, түрлері,

6. Өсімдік клеткасының қабықшасы мен мембрананың заттарды

өткізгіштігінің айырмашылығы.



7. Өсімдік пигменттеріне жалпы сипаттама беру.

8. Жарықта жүретін процестердің механизміне сипаттама.

9. Кальвин циклының реакцияларына сипаттама.

10. Фотосинтез «С-4» жолының химизмі

11. Өсімдіктердің тыныс алуды жүзеге асыратын тотығу –

тотықсыздану жүйелерінің қасиеттері.

12. Гликолиздің реакцияларына сипаттама және ерекшелігі

13 Кребс циклының механизмін көрсет.

14. Өсімдіктердің өсу мен даму кезеңдерінің ерекшеліктері

15. Өсімдіктердің тыңайтқыштарға деген қажеттілігін сипатта

16 Қысқа күн және ұзақ күн өсімдіктеріне сипаттама.

17. Өсімдіктердегі тропизмдер мен настилерге сипаттама

18. Хэтч – Слэк циклының механизмі

19. Өсімдіктердің бейімделуі мен төзімділігі

20. Тамыр қысымы, «Жылау» мен «гуттация» құбылыстары

21. Тыныс алудың анаэробты кезеңі.

22. Өсімдіктердегі органикалық заттардың синтезі, өзгерістері, тасымалдануы

23. Қараңғыда фотосинтез жүре ме ? Қараңғылық кезеңінде қандай процестер

жүреді?

24. Тамыр қысымын қандай құбылыстар дәлелдейді.



25. Өсімдік фитогормондары.

Генетика


  1. Клетканың морфологиялық және хиимялық құрылысы.

  2. Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негізі. Клетканың бөлінуі. Митоз

  3. Нуклеидтердің құрылысы. ДНК, РНК. Генетикалық коды.

  4. Хромосоманың құрылымы мен химиялық құрамы

  5. Белгілердің тұқымқуалаушылық негізгі заңдары

  6. Гибридологиялық бұдандастыру түрлері. . Моногибридті будандастыру.

  7. Дигибридті будандастыру. Оның цитологиялық негіздері

  8. Домининанты және тәуелсіз бұдандастыру

  9. Полигибридті будандастыру кезіндегі тұқымқуалау. Ажырау формуласы.

  10. Гендердің өзара әрекеттесуі. Тіркес тұқымқуалау

  11. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы

  12. Цитоплазматикалық тұқым қуалау. Кроссинговер.

  13. Өзгергіштік оның түрлері

  14. Мутациялық өзгергіштік, жіктеліу.

  15. Мутациялық өзгергіштік оның түрлері.

  16. Модификациялық өзгергіштік.

  17. Тұқымқуалаушылықтың молекулалық негізі.

  18. Гендік инженерия. ДНК, РНК түрлері. Белок биосинтезі

  19. Онтогенез. Онтогенетикалық өзгергіштік

  20. Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері.

  21. Иммуногенетика. Генетикалық карта.

  22. Тумыстан және тұқым қуалау аурылары. Генетикалық токсикология.

  23. Топ қанның тұқым қуалауы

  24. Эволюция – модификация нәтижесі ме?

  25. Мендельдың гибридологиялық әдісі. Моногибридті будандастыру.


Микробиология және вирусология


  1. Микробиология және вирусология пәні, оның зерттеу әдістері мен міндеттері.

  2. Тірі организмдер жүйесіндегі бактериялар орны. Алуантүрлілігі.

  3. Прокариоттардың дамуы мен көбеюі. Тіршілік циклы

  4. Микроорганизмдердің систематикасы.

  5. Эукариотты микроағзалардың алуан түрлілігі, морфологиясы.

классификациясы

  1. Микроағзаларды өсірудің физиологиясы.

  2. Микроағзалардың тыныс алуы. Аэробты және анаэробты тыныс алу

8. Микроорганизмдер генетикасы

9. Микроағзалар және қоршаған орта.

10. Топырақ микрофлорасы. Әр-түрлі топырақ типтеріндегі микро-

организмдердің таралуы.

11. Микрооргангизмдердің геохимиялық әрекеттері

12. Нитрификация және денитрификация про-цестері. Азотты фиксация-лау

механизмі.

13. Вирусология негіздеріне жалпы сипаттама.

14. Микроорганизмдердің негізгі биогендік элменттерді тасымалдаудағы ролі.

15. Микроорганизмдер экологиясы.

16. Ашытқылардың морфологиялық белгілерін анықтау

17. Бактериялардың техногенді ластанған аймақтарда таралу ы

18. Микроорганизмдер популяциясының өсуі, оларды бөліп алу және

культивирлеу.

20. Ашу процесі. Сүтқышқылдық ашу.Спирттік ашу. Майқышқылдық ашу.

21. Қазақстандағы микробиологияның даму перспективалары мен жетістіктері

22. Тамақ өнеркәсібінде микроорганизмдерді пайдалану

23. Микроррганизмдер мутанттарын ғылыми зерттеулер мен практикалық

мақсатта қолдану.

24. Вирустардың облигатты клетка ішілік паразитизмі. Тыныш күйдегі

вирустар (вирион) мен клетка ішілік вирустарға ( вирус-клетка

комплексі) жалпы сипаттама.

25. Вирустарды дақылдау. Лизогения. Қалыпты бактериофагтардың

клеткамен әрекеттесуінің жалпы сипаттамасы.


Адам және жануарлар физиологиясы
1. Клетка физиологиясы.

2. Қозғыш ткандердің физиологиясы.

3. Жүйке клеткасы, құрылысы, ерекшеліктері.

4. Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы.

5. Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы.

6. Ішкі сөлініс (эндокриндік) бездерінің физиологиясы.

7. Қан жүйесінің физиологиясы (қанның физикалық, химиялық қасиеттері,

эритроциттердің қызметі)

8. Қанайналу жүйесінің физиологиясы (жүрек құрылысы)

9. Тыныс жүйесінің физиологиясы.

10. Организмде заттар мен энергияның алмасуы физиологиясы

11. Ас қорыту жүйесі (ауыз қуысындағы астың қорытылуы, ферменттердің

ерекшелігі)

12. Сыртқа шығару физиологиясы

13. Қан плазмасының физикалық-химиялық қасиеті

14. Талдығыштар физиологиясы (дәм, иіс, ауырсынуды сезіну

рецепторлары)

15. Талдағыштар физиологиясы (көру, есту)

16. Ас қорыту жүйесінің физиологиясы (қарындағы астың қорытылуы,

ферменттердің ерекшеліктері)

17. Жылу реттелу физиологиясы (физикалық, химиялық, конвенциялық)

18. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы (бірінші және екінші сигналдық

жүйелер)

19. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы (фармакологиялық заттардың

әсері)

20. И.П. Павловтың шартты және шарттсыз рефлекс туралы ілімі,



қасиеттері.

21. Қан жүйесінің физиологиясы (лейкоциттер, қасиеті, қызметі).

22. Қан құю және ұю физиологиясы.

23. Лимфа жүесінің физиологиясы

24. Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиясы (жүректің автоматиялық

қасиеті).



25. Жоғары жүйке іс-әрекеті (ұйқы және гипноз).

Ұсынылған әдебиеттердің тізімі



Негізгі әдебиеттер

  1. Ағалеуов Т. Ботаника. А. «Ана тілі», 1999 ж.

  2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы: Дәуір, 2005. - 512 с.

  3. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы - 2005.-416 б.

  4. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы: Мектеп, 1970. - 286 с.

  5. Әметов Ә.Ә. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы: Қазақ ун-ті. - 2000 ж.

  6. Бедебаев М.Б. Өсімдіктер систематикасы. Шымкент, 1997. - 73 с.

  7. Гарибьян Р.Б. Адам анатомиясы мен физиологиясы. Алматы: Мектеп, 1973. -218 с.

  8. Жандар К.Е. Тәнтану. Адам анатомиясы. Алматы: Білім, 2004. - 464 с.

  9. Несіпбаев,Т. Адам және жануарлар физиологиясы. Алматы: "Ғылым", 2005. - 304 с.

  10. Рымжанов Қ.С. Адам мен жануарлар физиологиясы. Алматы: Ы. Алтынсарин атын. қазақтың білім акад. Респ. баспа каб. - 2000. - 419 с.

  11. Әбилаев С.А. Медициналық биология және генетика. Шымкент, 2004. -324 с.

  12. Мухамбетжанов К. Генетика мен селекция негіздері. Алматы: Санат, 1996. - 208 с.

  13. Қалекенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 2004. - 456 с.

  14. Жатқанбаев Ж. Өсімдік физиологиясы. Алматы: Мектеп, 1988. - 180 с.

  15. Правдин Ф.Н. Дарвинизм: Педагогтық институттарга арналған оқулық. Алматы : Мектеп, 1973. - 415 с.

  16. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту эдістемесі. Қарағанды: ЖШС "САНАТ- Полиграфия" баспасы, 2006. - 344 с.

  17. Ажаев С.А. Гистология,- Кентау: "Еркін и К-ХХІ" баспасы. 2005 - 201 с.

  18. Нұрышев М. Гистология және эмбриология негіздері. Алматы: "Қарасай" баспасы, 2006. - 272 с.

  19. Шоқанов Н. Микробиология. Алматы : Санат, 1997. - 320 с.

  20. Стамбеков С.Ж. Молекулалық биология. Новосибирск: Семей МУ, 2003, 216 б.

  21. Сейтов И., Саудабаев Т., Абдірашев Ш. Агрономия негіздері. Алматы, 1991 ж.

  22. Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экоолгиясы. Алматы, Қазақ университеті, 1991 ж.

  23. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғылым, 2003. - 192 с.

  24. Каймулдинова К. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. Алматы: Ғылым, 2001. - 92 с.

  25. Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы. Алматы, 1997 ж.


Қосымша әдебиеттер

  1. Мұхитдинов Н.М. және т.б. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. А., Изд. РБК, 1993,340 б.

  2. Мұхитдинов Н.М. және т.б. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. А., 1994, 48 б.

  3. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы. - 2004 ж.

  4. Ковшарь А.Ф. Қазақстандағы жануарлар әлемі. Алматы: Алматы кітап ААҚ, 2004. - 128 с.

  5. Дәріқүлов Н.Т. Ботаника: Өсімдіктер жүйесінің практикалық курсы: Оқу құралы. Алматы : Ғылым, 2003. - 320 с.

  6. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы. Шымкент, 1999. -

87 с.

  1. Нұрышев М. Адам анатомиясы. Алматы: "Қарасай" баспасы, 2006.-348 с.

  2. Рақышев А. Адам анатомиясы. Алматы. - 2004 - 420 с.

  3. Несіпбаев Т.Жануарлар физиологиясы. - Алматы: Қайнар-1995-352 с.

  4. Сәтбаева Х.Қ. Адам физиологиясы. Алматы: Дәуір, 2005.-663 с.

  5. Стамбеков С.Ж. Генетика. Новосибирск, 2002. - 463 с.

  6. Мұхамбетжанов К. Генетика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1993. -

88 с.

  1. Генкель П.А. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы : Мектеп, 1972. - 192 с.

  2. Кенжеев Қ. Өсімдіктер физиологиясының практикумы. Алматы: Мектеп, 1989. - 103 с.

  3. Нұрышев М. Цитология. Алматы : РБК, 1999. - 181 с.

  4. Нұрышев М.Х. Клетка құрылысы мен қызметі. Алматы: Ғылым, 2001. - 118 с.

  5. Нұрышева А. Цитология. Алматы : "Қарасай" баспасы, 2006. - 184 с.

  6. Нұғматжанов К. Гистология мен эмбриология негіздері. Алматы: Кайнар, 1969.-203 с.

  7. Мырзабекова Ш. Жалпы вирусология. Алматы: Қазақстан, 1994. - 176 с.

  8. Бозшатаева Г.Т. Молекулалык биология. Шымкент, 2001. - 65 с.

  9. Биғалиев А. Қазақстан топырағы және экологиясы. Алматы, 1995 ж.

  10. Қыдырбаев А., Сұлтанбаев Н. Топырақтану. Шымкент, 2006 ж.

  11. Әділов Ж. Қала және қоршаған орта. Алматы: Ана тілі, 1991. - 80 с.

  12. Бейсенова Ә.С. Экология. Алматы: Гылым, 2001. - 238 с.

  13. Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері. Алматы., 2005 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет