БАҒдарламасы шымкент, 2011ж. Кешендік емтихан бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына және 050420



Дата07.07.2016
өлшемі116.64 Kb.
#182675
түріБағдарламасы
Ф.7.22-17

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

«Сәулет және дизайн» кафедрасы


Бекітемін

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры

___________Бахов ж.к

(қолы, аты-жөні)

« » ______________ 20___ ж.


6М042000 – «Сәулет»

мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның


БАҒДАРЛАМАСЫ

ШЫМКЕНТ, 2011ж.


Кешендік емтихан бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына және 050420 – «Сәулет» мамандығының пәнінің бағдарламаларына сай құрастырылған.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

« » 20__, № ___ хаттамасы

Кафедраның меңгерушісі _____________ сәулет өнері канд., доц., Юсупов А.Н.


Қабылдау емтиханның бағдарламасы факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған


«ҚМжК» факультеті « » 20____ж., № ___ хаттамасы

Төрағасы _______________________ Арынбаева Р.А

(аты-жөні, тегі)

Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен келісілген

ЖООКББО бастығы ________________________Ж.Изтаев

6М042000 – «Сәулет» - мамандығы магистратураға түсу емтиханның тапсырмасы

(орындау мерзімі 4 сағат)
Емтихан мақсаты – емтихан тапсырушының сәулет саласында ғылыми–практикалық шығармашылық қабілетін анықтау оның мамандық бойынша сәулет құрылымдық тұрғыдан,, заманның сәулет өнерінің даму барысын дөп тауып көркем бейнелі ойлау деңгейін бағалау.
Қойылатын талаптар:


  1. Емтихан тапсырушы практикалық жұмыс (клаузура) берілген өзекті тақырыпқа оындап шығаруы тиіс. Шығармашылық жұмыста жоғары оқу орны талаптарына сай, сәулет-дизайн өнерінің ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы басымдылықтары айқын бейнелеуі тиіс.

  2. Экзамен тапсырушы берілген тақырып бойынша жобаның эскизіән орындайды (қасбеттер, жоспар, кесінді, варианттары, аксонометриялық көрінісі және басқа эскиздеі. Бұлар сәулет конструктивтік шешімді 1:100; 1:50; сәулеттік графикада орындалады М 1:100; 1:50, (материалдары – тушь, гуашь, түсті қарындаштар, фломастерлер, т.б.) фарматты А 3 (3-4бет).

  3. Форэскиз комиссия алдында (10-15 минут) аралығында қорғалады.



Негізгі әдебиеттер

1. М.Г. Бархин. Методика архитектурного проектирования. –М., 1985.

  1. Шпара П.Е. Техническая эстетика и основы художественного конструирования. –Киев: Вища школа, 1978.

  2. Юсупов А.Н. композиция құру әдістері. Шымкент 2007ж. 100 стр.


«Сәулет» мамандығы бойынша тапсыратын

емтиханның тақырыбы


  1. Үлкен қаланың сауда жасау жолдарын қайта жобалау.

  2. Қаланың саябақтары, скверлері, ашық алаңшалары, жобалары.

  3. Этнографикалық үрдістегі кіші формалар.

  4. Этнографикалық үрдістегі балалар ойлау алаңшалары.

  5. Этнографиялық үлгідегі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішкі көріністер.

  6. Орталық көше (мөлтек аудан) алаңдарын, қасбеттерін қайта жобалау.

  7. Оңтүстік Қазақстан облысының туристік нысандарын жобалау.

  8. Үлкен қаланың ойын-сауық ғимараттары.

  9. Ғажайып ғимараттар (өнер синтезі).

  10. Кіші және орта бизнесті дамытуға арналған қоғамдық, өндірістік тұрғын ғимараттар

Мамандық бойынша тапсырылатын емтихан теориялық және практикалық білімді практикалық дағдыны жүйелеу толықтыру және бұл білімді нағыз ғылыми техникалық экономикалық және өндірістік мәселелерді әлеуметтік, сәулеттік шешімдерді табу үшін бағытталған.

-Өздігінен іздену, жұмысты орындау, шығармашылық жұмысы мәселелерін шешу үшін ғылыми ізденіс әдісін эксперимент жүргізу әдісін меңгеру. Саланың көкейкесті мәселелерді шешу үшін арнаулы әдебиетті қолдана білу.

-Мамандықтың мемлекеттік стандарттарына сай заманауи өндірістік, ғылыми техникалық сәулеттік мәселелерді шешуге дағдыланғанын анықтайды.

- Бакалаврдың шығармашылық жұмысқа дайындығын,өздігінен дискуссия- дебат жүргізе алатынын тапқан шешімдердің қорғау және негіздей білуін мамандық қойған әлеуметтік мәселелерді дұрыс табуды анықтайды.

- Үлкен мәселелерді кешенді түрде шешуге бейімдігін, гипотеза құрып қойылған сұрақтарды шешу және жүйелеу, жобаланатын нысандарды жетілдіру әдісін, олардың даму жолын болжай білу қабілетін айқындайды;

- Жобаның негізгі концепциясын қысқада нұсқа оның ерекшелігін баяндай білу,жобаны қорғай білу және оған мүшелері қойған нақты жауап беру қабілетін,

- Түлектің сәулетші қызметіне дайындығын, оны академиялық сәулетші бакалавр біліктілігіне сәйкес білімін анықтайды.

Сонымен бірге шығармашылық жұмысын орындау оның кәсіби білімін дамытуды берілген күрделі нысанды жобалау барысында,оның келешек жұмысына мейлінше сәйкестендіріп қарастырады.

Шығармашылық жұмысының талаптары:

Шығармашылық жұмысын орындағанда студент келесі мәселелерді шешуі тиіс:

- шығармашылық жұмысын жобалауға негіз болатын еліміздегі шетелдегі ұқсас ғимараттарды саралау жинау зерттеу;

- салынатын жердің қаласалу тұрғыдан және сәулеттік жағдайды зерттеп жаңадан салынатын ғимаратты қоршаған ортаға үйлесімі жобалау;

- көлемді жобалау, қызмет технологиялық конструктивті шешімін таңдау сәулеттік бейнесін ,келбетті келтіру.

- ғимаратты заманауи - жайлы, қажетті деңгейде инженерлік -техникалық жабдықталған дәрежеде жобалау;

- заманауи дербес компьютерлерді қолдана және көлемді модельдеу дағдысын меңгеру.

Аталмыш әдістемелік нұсқаның негізгі мақсаты талаптар мен міндеттерді қысқа түрде баяндау, бұлар диплом жұмысын құрайды.



Шығармашылық жұмысының мазмұны мен құрылымы
1. Клаузура

2. Клаузураны талқылау және бағалау

3. Жобаалды талдау

4. Қазақстанда, Орта Азияда және басқа шетелдерде құрылыс жүргізудің тарихи әдістемесі

5. Эскиз идеяның іздемесі

6. Эскиздік жобаны жасау

7. Эскиздік жобаны бағалау және тапсыру

8. Жобаның бөліктерін жасау

9. Үйдің жоспарларын жасау

10. Үйдің көлденең қимасын жасау

11. Үйдің қасбеттерін жасау

12. Үйдің көлемдік-жайғастыру шешімі

13. Үйдің сәулеттік- кеңістіктік шешімі

14. Үйдің конструктивтік шешімі

15. Құрылыс және әрлеу материалдары

16. Құрылыс конструкцияларын тот басудан сақтау

17. Сеисмикаға қарсы іс- шаралар

18. Шөгуге қарсы іс- шаралар



Эскиз идея ізденістері

Заманауи үйлер құрылымының көлемдік – жайғастыру құрылымын қалақұрылысы жағдайымен байланыстырып, олардың түрлерін, сыртқы пішімін (профилін), комплектілеу мүмкіншілігін таңдау қоғамдық үйлерге ҚН және Е бойынша қойылатын талаптарға сәйкес үйлер мен олардың жанына орналасқан территорияларды зоналарға бөлу. Студент өз бетінен үй жобасының тұжырымдамасын, олардың көлемдік – кеңістік моделі шешімін жасайды.



Жобаның эскизін жасау

Үйлердің конструктивтік жүйесін, бөлмелерді топтастыру, пайдалану мақсатына байланысты зоналарға бөлу, үйді жобалауға арналған ұсыныс - идеяны көрсету және бекіту,жобаланатын үйдің сәулетінің ерекшеліктерін анықтау мақсаты қойылады.



Жобаның эскизін тапсыру және бағалау

Жоба эскиздерінің барлық бөліктерін жасау. Жобаланатын үйдің мақсатына және жайғастыру шешіміне байланысты зоналарға бөлу, жасалған идеяларды талқылау. Жеке идеяларды түзету және бекіту.



Жоспарларды жасау

Жобаланатын үйдің жоспарларын детальді түрде дайындау. Жоспардың масштабтарын, өлшемдерін және қосымша схемаларды анықтау.



Үйдің қимасын жасау

Үйдің көлденең қимасын және конструктивтік түйіндерін жасау. Үйдің ерекше бөліктері бойынша көлденең қималарын жасау.


Ғимараттың қасбеттерін жасау

Үйдің қасбеттерін, аксонометриясын және перспективасын жасау. Макет дайындау. Сәулеттік көркемділікке, үйлесілімділікке, үйдің элементтерінің пропорцияналдығын сақтау, ерекше қайталанбайтын келбет беру.



Ғимараттың көлемдік - жайғастыру шешімі

Бакалавр бұл кезеңді орындау барысында үйдің негізі және оның бөліктерінің үйлесілімділігін анықтайды. Микроландшафтық композицияға және олардың орналасуына байланысты кеңістікті бөлу. Үйді жобалауға қатысты нормалар талабына сәйкес оларды басшылыққа ала отырып әр зонаның пайдалану мақсаты, өлшемдері, кеңістікте орналасуы анықталады. Сонымен бірге эстетикалық үйлесімділік, қондырғыларды орналастыру, қоршаған ортаны абаттандыру мәселелері қарастырылады.



Ғимараттың сәулеттік - кеңістіктік шешімі

Шығармашылық жұмысының бұл бөлігін орындау барысында үйдің сәулеттік – кеңістік шешімі жасалады. Осы шешімді жасау кезінде келесі мәселелерді шешуін қамтамасыз етіледі :

-үйдің функционалдық (технологиялық) процеске ыңғайлығы;

-ұзақ мерзімге пайдалану мүмкіншілігі, пайдалануға ыңғайлылығы.Үйдің сәулеттік – кеңістіктің шешіміне келесі талаптар қойылады.

-жобаланатын нысанның әлеуметтік, функционалдық, және конструктивтік мазмұнына қасбеттер, жоспарлар және интерьер сәйкес болуы керек;

-үйдің сәулеттік бейнесі қарапайым қорытынды көрініс жасайтын құрамдардың көмегімен әр түрлі тәсілдер қолдану арқылы шешіледі. Сәулеттік - кеңістік бөлім ҚНжЕ және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сай болуы керек.



Конструктивтік шешімі
Шығармашылық жұмыстың конструктивтік бөліміне кірісердің алдында көлемдік – жоспарлау бөлімі жасалады. Бұл жобалау кезеңі барысында үйдің үстіңгі бөлігінің, іргетасының негізгі көтергіш конструкциялары мен материалдары таңдап алынады. Шығармашылық орындаушы типтік және стандарт шешімдермен бірге басқа да ерекше конструкциялары да қарастыруы керек. Көтергіш конструкциялардың материалдарын таңдап алуға негіздеме жасалуы қажет және салыстырмалы варианттар жасау арқылы шешіледі.

Үйдің конструктивтік бөлімін жасау алдында оның конструктивтік схемасына түсініктеме беріледі, қаңқаның кеңістіктегі қатаңдығы және түйіндердің сенімді жұмыс істелуі және басқа сұрақтар шешіледі.

Осы тарауды жасау барысында бакалавр оқу кезінде алған теориялық білімін толық меңгергенін көрсете білуі қажет; яғни :

-үйдің көлемдік – жайғастыру шешіміне байланысты қаңқаның негізгі көтергіш конструкцияларының таңдап алынуына негіздеме жасай алатынын көрсете білуі керек.

Қаңқаның негізгі көтергіш элементтеріне дұрыс жобалай білетін көрсету (есепті схемалары, материалдар таңдау).

-БНЖ ережелерінің сақталуы және оларды меңгеру;


Бас жоспар
Бакалавр бас жоспарды жасау кезінде келесі мәселелерді шешеді;

  • үйді жергілікті жерге орналастыру.

  • нысанның функционалдық және технологиялық талаптарға сәйкестігі;

  • үйді жарыққа және желдің басым бағытына байланысты дұрыс орналастыру;

  • үйдің санитарлық – гигиеналық және өртке қарсы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;

  • сәулеттік – композициялық талаптарды сақтау;

  • жер учаскесін тиімді пайдалану;

Қабылданған шешімдерде құрылыс алаңының ерекшеліктері (бедері,топырақтың қату қабаты және т.б) ескерілуі қажет.
Эргономика
Эргономика ғылыми адамның қоршаған ортамен байланысын зерттейді. Бұл тарауды орындау барысында бакалаврлар келесі мәселелерді шешеді:

  • бөлмелер табиғи жарықтандыру (инсоляция)

  • бөлмелерді жасанды түрде жарықтандыру ;

  • шудан қорғау.



Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Степанов,В.К.Основы планировки населенных мест / В.К.Степанов,Л.

2. Б.Великовский, А.С.Тарутин.-М:Высшая школа,1985

3. Иконников,А.В.Функция,форма,образ в архитектуре/Иконников,А.

4. В.-М,1986.

5. Мержанов Б.М.Архитектурный облик жилой застройки / Мержанов Б

6. М.-М.1979.

7. Пантелеев Г.Н. Эстетика участка дошкольного учреждения/ Пантелеев

8. Г.Н.-М:Просвещение,1988.

9. Рубаненко Б.Р.Эстетика массового индустриального жилища/под

10. общий ред.Б.Р.Рубаненко – М,1984.

11. СНиП 2.07.01-89* Градостроительство: планировка и застройка

12. городских и сельских плселений.-М,1989.

13. ГОСТ 21.508-85 Генеральные планы предприятий,сооружений и

жилищно- гражданских объектов-М,1985.

14. Уильям Аренс.Современная реклама,-М.1998.

15. Евсеев Г.А.,Пацюк С.Н.,Симонович С.В. «Графика и компьютер».

16. Маров М. «Энциклопедия 3 D Studio MAX 7»,издательство «Питер», 2006г.

17. Тайц А, Эфективная работа с Potoshop, С-Пб 2001г.

18. Арнхейм Р.Искусство и визуальное восприятие – М.Прогресс,1972

19. Курушин В.И. Графический дизайн и реклама – М:Пресс ; 2001г.

20. Дейвид Д.Буш. Adobe Potoshop CS Руководство фотографа.

Издательство «Эксма» 2005г.

21. Коцюбинский А.О., Грошев С.В. Компьютер для художника, М., «Издательство Триумф», 1999г.

22. Кострова Л.А. Использованиие графических редакторов в курсовым и дипломном проектировании . Каз ГАСА 2003г.

23. Грашин А.А. Дизайн унифицированных и агрегатированнных изделий, теоретические и методические основы.- М.: ВНИИТЭ,2002.

24.Даниляк В.И., Мунипов В.М., Федоров М.В. Эргодизайн, качество, конкурентоспособность.-М.: Изд.Стандартов,1990.

25. Дизайнер интерьера:основы профессии:Учеб.пособие / Сост.Н.Н. Лазарева,-М.: Горизонт Консалтинг Лтд,2000.

26. Зинченко В.,Мунипов В.,Смолян Г.Эргономические основы организации труда – М.:Экономика, 1974.

27. Зубаревич Е.Н. Визуальные коммуникации для общественных зданий // Художественное конструирование за рубежом.-М.:ВНИИТЭ,1982.



28. Инженерная психология в применении к проектированию оборудования: Пер.с анг.-М.:Машиностроение,1971.

29. Корепина Т.Н.Эргономика архитектурной среды: Учеб.пособие- Екатеринбург: Урал.ГАХА,2002.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет