9. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
Бақылаудың барлық түрінде де оқудағы жетістіктер балды-рейтингті жүйесі бойынша (ББРЖ) бағаланады:
Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)
|
Балдың сандық баламасы (Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)
|
Емтихан, диф.сынақ
|
сынақ
|
95 — 100
|
4,0
|
A
|
Өте жақсы
|
Есептелді
|
90 — 94
|
3,67
|
A-
|
85 — 89
|
3,33
|
B+
|
Жақсы
|
80 — 84
|
3,0
|
B
|
75 — 79
|
2,67
|
B-
|
70 — 74
|
2,33
|
C+
|
Қанағаттанарлық
|
65 — 69
|
2,0
|
C
|
60 — 64
|
1,67
|
C-
|
55 — 59
|
1,33
|
D+
|
50 — 54
|
1,0
|
D
|
0 — 49
|
0
|
F
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Есептелмеді
|
Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:
-
сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;
-
өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;
-
курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;
-
сабаққа қатысу және басқа.
Әр пән бойынша СӨЖ түрлерінің тізімі, тапсырмаларды орындау және тапсыру күнтізбелігі, оқытушының талаптары, бағаларды қою ережелері және критерийлер САБ-да сипатталған.
Сырттай оқу түрінің студенттері үшін ағымдағы үлгерімнің балы сабақтарда жинаған балдардан және СОӨЖ кестесі бойынша сессия аралық кезеңінде өздік жұмыстарын орындау мен қорғау (сонымен бірге курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін орындау) барысында жиналған балдардан құрылады.
Сырттай оқу түрі студенттерінің оқу-емтихандық сессияға келуі міндетті және деканатпен есепке алуға және бақылауға жатады. Сырттай оқу түрінің студенттері оқу-емтихандық сессияға шыққан кезінде оқу үрдісін ұйымдастыру және тіркеу бөлімінде сессияға шығу журналында тіркелуі қажет.
Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.
АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:
Р1(2) = АҮ1(2)*0,5 + МБ1(2)*0,5.
Егер оқу жоспарында пән бойынша сынақ және емтихан болса, онда сынақ екінші межелік бақылау ретінде анықталады.
Егер студент межелік бақылаудан өтпесе немесе межелік бақылаудан 50 балдан төмен алса, рейтинг есептелмейді.
Егер оқу жоспарында пән бойынша курстық жұмыс (жоба) және емтихан болса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жіберу рейтингі анықталғанда есептеледі.
Р2 = АҮ2+КЖ+МБ 2/3
Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:
ЖР= (Р1+Р2)/2
Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):
Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб
Курстық жұмыс (жоба) комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.
2013-2014 оқу жылында жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.
Жалпы білім беру пәндер, МАБ пәндері, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандар оқу үрдісінің сапа мониторингі бөлімімен орталықтандырылып, студентпен тікелей байланыссыз негізде компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі. Емтиханда арнайы компьютерлік тестілеу бағдарламасы қолданылады, бұл бағдарлама әр пәннен әрбір студентке жеке нұсқа ұсынуға мүмкіндік береді.
Емтихан компьютерлік тестілеу әдісімен өткен жағдайда компьютерлік сыныпта студенттермен қатар тек қана тестілеудің кезекшісіне (ОҮҰжБД маманы) болуына рұқсат етіледі. Студент емтиханның бітуімен техникалық қателіктерге (екі бірдей сұрақ, екі бірдей жауап, тест кезінде компьютер істемеуде және т.б.) аппеляцияға өтініш бланкісін толтыра алады.
Пән бойынша жіберу рейтингі де, емтихан бағасы да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.
Жоғарлату мақсатында қорытынды бақылау (соның ішінде мемлекеттік емтихан) бойынша бағаны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Академиялық берешегі болған жағдайда студенттер сәйкесінше пәндерді ақылы түрде қайта оқиды.
Қорытынды баға қойылғанда, балл сандық баламаға, әріптік жүйедегі және дәстүрлі бағаға көшіріледі.
Студенттер ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау балдарын білім беру порталының жеке кабинеттерінде тексерулері қажет және тізімдемеде балдарымен танысқандығы жөнінде қол қоюлары керек. 2 жұма асқаннан кейін балдар бойынша шағымдар қарастырылмайды.
Қорытынды бақылауда қанағаттанарлықсыз баға немесе себепсіз оған келмегенде, пән бойынша қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.
Қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспесеңіз, Сіз аппеляцияға беруге құқығыңыз бар. Аппеляцияға өтініш емтиханнан кейінгі жұмыс күні сағат 13.00-ге дейін деканатта қабылданады.
Кәсіби практика (оқу, оқу-танымдық, педагогикалық, өндірістік және т.б.) бойынша баға келесі түрде қойылады.
Егер практика жетекшісі жалғыз адам болса (әдетте оқу, оқу-танымдық, даладағы және т.б.), баға студент қорғауға ұсынатын есеп және көрсеткен білімі мен есепті ресімдеу қорытындысы бойынша қойылады.
Практика жетекшісі екеу болған жағдайда (әдетте, педагогикалық, өндірістік және т.б.), қорытынды баға практика өту орнындағы жетекшісінің 40 пайыздық үлеске ие болатын бағасының және есепті қорғау бағасы, мұның салмақтық үлесі 60 пайыз құрайды, ескеріліп қойылады.
Практика бағасы сынақты тапсырудың белгіленген семестрдің қорытындысын шығаруда ескеріледі. Егер практика жазғы уақытта өткізілсе, онда бұл баға күздік-қысқы семестр қорытындысын шығаруда ескеріледі.
Аралық атестаттау қорытындысы бойынша «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағалар алған мемлекеттік білім беру грант бойынша оқитын студенттерге стипендия төленеді.
10. Қолданылған әдебиеттер
Негізгі
-
1. Grenander U. Lectures in Pattern Theory, Springer-Werlag, New York, Heidenberg, Berlin, vol 1 (1976) Pattern Synthesis, vol 2 (1978) Pattern Analysis, vol 3 (1981) Regular Structures.
-
2. Grenander U. General Pattern Theory, Oxford University Press, 1993, 904 pp.
-
3. Шуткин Л. В. Паттерновое моделирование гипертекстов // М. НТИ, Сер. 2, 1995, № 9, с. 20–26.
-
4. Шуткин Л. В. Результаты и перспективы применения теории модулей к компьютерам // М. НТИ, Сер. 2, 1996, № 12, с. 13–21.
-
5. Шуткин Л. В. Новое мышление компьютерного мира // М. НТИ, Сер. 2, 2000, № 12.
-
6. Kodd E. F. A relational model of data for large shared data banks, Commun. ACM — 13.6 (1970-07).
-
7. Chen P. The Entity-Relationship Model — Toward a Unified View of Data, ACM Transactions on Datadase Systems, vol 1, № 1 (1976-03).
-
HTML. HyperText Markup Language
-
IDEF0. IDEF0 Function Modeling Method
-
UML. Unified Modeling Language
-
XML. eXtensible Markup Language
XQuery. XML Query language
Достарыңызбен бөлісу: |