БАҒдарламасы (Syllabus) «Ұнтақты металлургия» пәні бойынша 050709 «Металлургия»



Дата07.07.2016
өлшемі269.68 Kb.
#183237
түріБағдарламасы

Пән бойынша оқыту бағдарламасының беттік парағы

(Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Металлургия кафедрасы


ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

«Ұнтақты металлургия» пәні бойынша

050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

МПУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН


ММЖжКФ деканы

___________Т.Т. Тоқтағанов

(қолы)

20__ж. «___»________


Құрастырушы: магистр, аға оқытушы _______________ Абсолямова Д.Р.

(қолы)

Металлургия кафедрасы



Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
«Ұнтақты металлургия» пәнi бойынша
050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған
Бағдарлама 20___ж. «____» ________ бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
Кафедра отырысында ұсынылған 20___ ж. «___» _____, хаттама №___
Кафедра меңгерушісі _________ М.М. Сүйіндіков

(қолы)
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдiстемелiк кеңесi қолдады 20___ж. «___»________, хаттама №____


ОӘК төрағасы __________ Ж.Е. Ахметов

(қолы)



Оқытушы тұралы мағлұмат
Абсолямова Динара Ризахметқызы, магистр, аға оқытушы

Шошай Жансерік Шошайұлы, магистр, оқытушы

Металлургия кафедрасы Б-1 корпустың (Павлодар қ., Ак.Чокин к. 139 үй) 234 аудиториясында орналасқан, жұмыс телефон 67-36-23 қосымша 217.
2 Пән туралы мағлұмат
3 курс (6 семестр – емтихан).
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттер саны

Дәріс сабақтарының түрлері бойынша тікелей қатынас сағаттары

Студенттің өздік жұмысының сағаттар саны

Бақылау

формасы


барлығы

дәріс

тәж.

зерт.

барлығы

ОӨЖ

6

2

45

30

15

-

90

45

емтихан


4 Пәнің мақсаты
050709 «Металлургия» мамандығы бойынша студенттерге болашақ мамандарға металл ұнтақтарды алу тәсілдері бойынша теориялық білімдерді беру, ұнтақты материал мен бұйымдарды күйежентектеу және баспалау технологиясын; қалыптар мен баспаққалыптарды жобалау ерекщеліктерін; ұнтақты металлургия участоктарының құрлымын және жабдықтарды орналастыруын оқып үйрету.
Пәнің міндеті

Металл ұнтақтарын алу әдістерін, олардың қасиеттерін және бақылау әдістерін, металл ұнтақтарынан бұйымдарды пішіндеу технологиясының ерекшілектерін, баспалау және күйежентектеу үрдісінің нұсқаларын, қалыптар мен баспаққалыптарды құру принциптерін оқу; ұнтақты металлургия участоктарындағы құрал-сайман әбзелдерімен және технологиялық жабдықтарымен танысу.


5 Біліміне, қабілетіне және машықтарына қойылатын талаптар
білуі керек:

  • ұнтақты металлургияның бастапқы материалдарың;

  • металл ұнтақтың негізгі қасиеттерін және алу әдістерін;

  • құрал-сайман әбзелдерінің конструкциясын.


істей білуі:

  • ұнтақты металлургия әдістерімен бұйымдарды алу технологиясын өндеу;

  • технологиялық әбзелдерді жобалау және жабдықтарды тандау.


тәжірибелік машықтарды меңгеру:

  • бұйымды баспалау және күйежентектеу үшін қажетті жабдықтардың құрылымы және әрекет принципін;

  • ұнтақты металлургия участоктарын жобалау бойынша ұсыныстарды негіздеу және еңгізу.

6 Пререквизиттер
Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу кезінде алған білімдері және машықтары болуы керек: физика, металлургиялық пештер және жылу тасымалдау, химия, м

атериалтану пәндерінде негізделеді.


7 Постреквизиттер

Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: құбыр цехтарының жабдықтары, илемдеу өндңрңсң, металлургиялық өнімдерінің сапасын бақылау.


8 Пәннің тақырыптық жоспары


т/б

Тақырыптар аталуы

Сағаттар саны


дәріс

тәж.

зерт.

ТӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Ұнтақты металлургия және ұнтақты металдар туралы жалпы мағлұмат.

2







6

2

Ұнтақты металлургияның бастапқы материалдары

4

2




12

3

Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы.

4

2




12

4

Ұнтақты материалдар мен бұйымдардың күйежентектелуі.

4

2




12

5

Ұнтақты бұйымдарды жобалау және өндіру.

4

2




12

6

Ұнтақты металлургияның құрал-сайман әбзелдері. Баспаққалыптарды құру.

4

3




12

7

Технологиялық жабдықтар және ұнтақты металлургия участоқтарын ұйымдастыру.

4

2




12

8

Ұнтақты бұйымдардың сапасы және оны жоғарлату жолдары.

4

2




12

Барлығы 135

30

15

-

90



9 Пәннің қысқаша сипатталуы

«Ұнтақты металлургия» пәні – болашақ мамандарымен металдар мен қорытпаларды қысыммен өңдеуге арналған машиналарының, сонымен қатар илемдеу цехтарындағы басқа да жабдықтарының тағайындалуы мен құрылғысы бойынша теориялық білімдерді алу, жабдықтардың негізгі техника–экономикалық көрсеткіштерінің тиімді үйлесімін анықтау.


10 Курс компоненттері
Пән тақырыптарының мазмұны

Дәріс сабақтың бас мақсаты – болашақ мамандарға металл ұнтақтарды алу тәсілдері бойынша теориялық білімдерді беру, ұнтақты материал мен бұйымдарды күйежентектеу және баспалау технологиясын; қалыптар мен баспаққалыптарды жобалау ерекщеліктерін; ұнтақты металлургия участоктарының құрлымын және жабдықтарды орналастыруын оқып үйрету.



1 Тақырып. Кіріспе. Ұнтақты металлургия және ұнтақты металдар туралы жалпы мағлұмат.

Ұнтақты металлургия әдістерінің даму тарихы. Ұнтақты металлургияның халық – шаруашылық маңызы. Ұнтақты металлургияның негізгі өндірістік үрдістері. Металлургиялық өндірістің даму тенденциялары. Ұнтақты металлургия технологиясы және жабдықтары туралы жалпы мағлұмат. Ұнтақты бұйымдарды жасаудың техника экономикалық негіздемесі. Металл ұнтақтардан бұйымдардың ерекше қасиеттері.



2 Тақырып. Ұнтақты металлургияның бастапқы материалдары.

Металл ұнтақтарды өндіру. Ұнтақтарды алу әдістерінің топтастырмасы. Ұнтақтарды алу физика химиялық әдістері. Тотықтар мен тұздарды қалпына келтіру. Электролиз. Карбонил диссоциациясы. Ұнтақтарды алу механикалық әдістері. Қатты металдарды ұсақтату. Сұйық металдарды диспергирлау (бүрку). Ұнтақтар қасиеттері және оларды бақылау әдістері. Физикалық, химикалық және технологиялық қасиеттері. Ұнтақты материалдардың сынамаларды дайындау және тандау.



3 Тақырып. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы.

Баспалауға (пішіндеуге) ұнтақты дайндау: күйдіру, топтастыру, қоспаларды дайындау. Баспаққалыпқа ұнтақты толтыру және мөлшерлеу. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалаудың негізгі заңдылықтары. Жабық баспаққалыптарға баспалау технологиясы. Тығыздығы жоғары бұйымдарды жасап алу технологиясы. Ірігабаритті бұйымдарды және ұзындығы үлкен дайындамаларды баспалау ерекшеліктері. Баспалау үрдісінің нұсқаулары: изостатикалық баспалау, ұнтақты илемдеу, м‰штікті пішіндеу, шликерлік құю. Динамикалық (импульстік) баспалау.



4 Тақырып. Ұнтақты материалдар мен бұйымдардың күйежентектелуі.

Күйежентектеу үрдісінің негізгі заңдылықтары. Кеуектер, олардың күйежентектеу үрдісініндегі ролі. Күйежентектеу үрдісіне және ұнтақты денелер қасиеттеріне технологиялық факторлардың әсері. Қаттыфазалық және сұйықфазалық күйежентектеу. Біркомпоненттік жүйе негізінде бұйымның күйежентелуі. Баспаланған темірграфиттік дайындамалар күйежентелуі. Легерлейтін элементердің күйежентелуіне әсері. Көпкомпонентті жүйелердің күйежентектелу ерекшеліктері. Күйежентектеу үрдісінің белсендіру әдістері. Күйежентектеу тәжірибесі. Күйежентектеу атмосферасы және сеппе қорғаныстар. Күйежентектеуге арналған пештер. Күйежентектеушінің міндеттері. Ұнтақты бұйымдарды ыстықтай баспалау.



5 Тақырып. Ұнтақты бұйымдарды жобалау және өндіру.

Бөлшектерді тандау принципі. Ұнтақты металлургия әдістерімен алынатын бөлшектердің технологиялығы. Ұнтақты бұйымдардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру. Ұнтақты дайындамаларға және бөлшектерге қойылатын талаптар. Ыстықтай баспаланған бөлшектердің сипаттамалары. Ұнтақты дайындамалардың және бөлшектердің топтастырмасы. Қиындықтығы әртүрлі топтардың бұйымдарын баспалау (пішіндеу) ерекшеліктері. Биметалл бұйымдарын ұнтақты металлургия әдістерімен өндіру. Күйежентектелген материалдар қасиеттеріне дайындау технологиясының әсері. Бұйымның физикалық және механикалық қасиеттерін жақсарту бойынша қосымша технологиялық операциялар.



6 Тақырып. Ұнтақты металлургияның құрал-сайман әбзелдері. Баспаққалыптарды құру.

Ұнтақты металлургия үшін баспаққалыптарды құрудың жалпы принциптері. Суықтай баспалау үшін баспаққалыптар. Қалыптарды есептеу ерекшеліктері және топтастырмасы. Ұнтақты бұйымдарды ыстықтай баспалау үшін қажетті қалыптар. Динамикалық ыстықтай баспалау қалыптардың көмекші құрылғылар. Құрал-сайман әбзелдерін майлау және температуралық режімдері. Тозу түрлері және ұнтақты металлургия участоктарындағы қалыптаушы құрал-саймандардың тұрақтылығы. Қалып әбзелдерді сақтау және есептеу әдістерін ұйымдастыру.



7 Тақырып. Технологиялық жабдықтар және ұнтақты металлургия участоқтарын ұйымдастыру.

Суықтай қалыптау және ыстықтай қайта баспалау үшін қажетті баспақтар. Механикалық, пневматикалық және гидравликалық бапақтардың пайдалану және конструкция ерекшеліктері. Жабдықтарды тандау. Ұнтақты металлургия участоктарының пештері мен қыздыру құрылғылары. Ыстықтай баспалаудың жолдары және автоматтандырылған құрылғылары. Ұнтақты металлургияның өндірістік участоктары. Жабдықтарды ыңғайлату және орналастыру ерекшеліктері. Ұнтақты металлургиядағы техника қауіпсіздігі.



8 Тақырып. Ұнтақты бұйымдардың сапасы және оны жоғарлату жолдары.

Өлшемдер, пішін дәлдігі және бөлшектер бетінің сапасы. Баспалау және күйежентектеу кезіндегі ақаулар, ақауларды ескерту тәсілдері. Ұнтақты бұйымдардың кеуекті құрылымы және микроқұрылымы. Ұнтақты материалдардың механикалық, физикалық және химикалық қасиеттері. Ұнтақты бұйымдардың термиялық және химика-термиялық өндеуі. Бұйымның механикалық өндеуі. Өндеу операциялары. Ұнтақты металлургия участогында бұйым сапасын бақылауын ұйымдастыру.


Тәжірибелік сабақтарының мазмұны
2 Тақырып. Ұнтақты металлургияның бастапқы материалдары

1 Тәжірибелік жұмыс. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы. Ұнтақты қоспалардың жүктемесін салмақты және көлемді тәсілімен шешу. Баспалау күшеюін анықтауына есептерді шешу.

Жұмыс мақсаты: ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы және баспалау күшеюін анықтауына есептерді шешу.



3 Тақырып. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы.

2 Тәжірибелік жұмыс. Ұнтақты материалдар мен бұйымдардың күйежентелуі. Ұнтақтың механикалық қоспалары негізінде ұнтақты қорытпаларды күйежентектеу теориясының негізгі орналасуы. Күйежентектеу температурасын және жылдамдығын есептеу.

Жұмыс мақсаты: күйежентектеу температурасын және жылдамдығын есептеу.



4 Тақырып. Ұнтақты материалдар мен бұйымдардың күйежентектелуі.

3 Тәжірибелік жұмыс. Ұнтақты бұйымдарды жобалау. Ұнтақты металлургия әдістерімен бұйымдарды жасау технологиялығын бағалау. Ұнтақты дайындамалар мен бөлшектердің конструктивтік ерекшеліктері. Негізгі технологиялық параметрлердің қиындық тобын және баспалау (пішіндеу) сұлбасын анықтау.

Жұмыс мақсаты: ұнтақты дайындамалар мен бөлшектердің конструктивтік ерекшеліктері. Негізгі технологиялық параметрлердің қиындық тобын және баспалау (пішіндеу) сұлбасын анықтау.



5 Тақырып. Ұнтақты бұйымдарды жобалау және өндіру.

4 Тәжірибелік жұмыс. Баспаққалыптарды құру. Қалыптау әбзелдердің негізгі элементтерін анықтау. Тиеу камерасының биіктігін есептеу. Қарнақ диаметірін анықтау. Отырғызу мен серпімді нәтижесін есептеуімен ұяқалып пен сотанның орындаушы өлшемдерін есептеу. Беріктікке қалыптарды есептеу. Өндірістік қалыптар мен баспаққалыптардың конструкциясын зерттеу.

Жұмыс мақсаты: отырғызу мен серпімді нәтижесін есептеуімен ұяқалып пен сотанның орындаушы өлшемдерін есептеу.



6 Тақырып. Ұнтақты металлургияның құрал-сайман әбзелдері. Баспаққалыптарды құру.

5 Тәжірибелік жұмыс. Ұнтақты металлургия участоктарының технологиялық жабдықтары. Қажетті күшеюі, жабық биіктігі, қалып кеңістігі және сағатты өнімділігі бойынша баспақты таңдау. Ұнтақты металлургия участогындағы жабдықтарының құрылымы. Жабдықтың негізгі сипаттамалары.

Жұмыс мақсаты: ұнтақты металлургия участоктарының технологиялық жабдықтарының негізгі сипаттамаларын білу.


7 Тақырып. Технологиялық жабдықтар және ұнтақты металлургия участоқтарын ұйымдастыру.

6 Тәжірибелік жұмыс. Жабдықтарды тандау. Ұнтақты металлургия участоктарының пештері мен қыздыру құрылғылары. Ыстықтай баспалаудың жолдары және автоматтандырылған құрылғылары. Ұнтақты металлургияның өндірістік участоктары. Жабдықтарды ыңғайлату және орналастыру ерекшеліктері. Ұнтақты металлургиядағы техника қауіпсіздігі.

Жұмыс мақсаты: ұнтақты металлургия участоктарының пештері мен қыздыру құрылғыларын конструкциясын танып білу.



8 Тақырып. Ұнтақты бұйымдардың сапасы және оны жоғарлату жолдары.

7 Тәжірибелік жұмыс. Ұнтақты бұйымдарының сапасын бақылау. Ұнтақты бұйымдарының макро- және микроқұрылымын зерттеу. Физикалық және химиялық қасиеттерін бағалау. Ақаудан алдынала ескерту және түзету тәсілдері.

Жұмыс мақсаты: ұнтақты бұйымдарының макро- және микроқұрылымын зерттеу.


СӨЖ мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Бақылау

формасы

Бақылау түрі

Сағат бойынша көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Пән сабақтарына қатысу

26

2

Тәжірибелік сабақтарына дайындалу

Есептің шаблоны

ТЖ рұқсатнама

26

3

Аудиториялық сабақтар мазмұнына кірмеген материалдарды оқу

Конспект


Ауызша сұрау

30

4

Бақылау шараларына дайындалу




МБ 1, МБ 2, тест және т.б.

8


Өздігінен меңгеру үшін білім алушыларға ұсынылатын тақырыптардың тізімі
2 Тақырып. Ұнтақты металлургияның бастапқы материалдары.

1) Металл ұнтақтарын өндіру және олардың қасиеттері.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 10 – 129 бет.

3 Тақырып. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы.

1) Металл ұнтақтарын пішіндеу.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 131– 165 бет.

,4 Тақырып. Ұнтақты материалдар мен бұйымдардың күйежентектелуі.

1) Күйежентектеу.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 169 – 215 бет.


Бақылау шараларының күнтізбелік графигі
«Ұнтақты металлургия» пәнi бойынша күндізгі оқу түрі 050709 «Металлургия» мамандығының студенттеріне арналған сабақ үстінде жұмыс жасауға және СӨЖ –ді орындау және тапсыру бойынша тапсырмалар

1 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

25

25

25

25

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

1,2 ДҮТ

3,4 ДҮТ

5,6 ДҮТ

7,8 ДҮТ

20

Бақылау формасы

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

5

5

5

5

5

Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

1 тәжҮТ

2 тәжҮТ

3 тәжҮТ

4 тәжҮТ

12

Бақылау формасы

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

3

3

3

3

3

Тәжірибелік жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

Е

 

Е

 

Е

 

Е

20

Бақылау формасы

 

 

1ТҚ

 

2ТҚ

 

3ТҚ

 

4ТҚ

Макс.балл

5

5

 

5

 

5

 

5

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

1 ӨМҮТ

2 ӨМҮТ

3 ӨМҮТ

4 ӨМҮТ

5 ӨМҮТ

6 ӨМҮТ

7 ӨМҮТ

48

Бақылау формасы

 

 

К

К

К

К

К

К

К

Макс.балл

6

 6

6

6

6

6

6

6

6

2 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1 сабаққа қойылатын макс. балл

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы

Апта ішіндегі максималдық балл

27

29

27

17

100

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

9,10 ДҮТ

11,12 ДҮТ

13,14 ДҮТ

15 ДҮТ

15

Бақылау формасы

 

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс.балл

5

5

5

5




Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарға дайындалу

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

5 тәжҮТ

6 тәжҮТ

7 тәжҮТ

8 тәжҮТ

12

Бақылау формасы

 

Р

Р

Р

Р

Макс.балл

3

3

3

3

3

Тәжірибелік жұмыстарды ресімдеу және қорғау

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

 

Е




Е

 

Е

Е 




20

Бақылау формасы

 

 

5ТҚ




6ТҚ

 

7ТҚ

8ТҚ 




Макс.балл

5

 5

5

5

5

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп.формасы

 

8 ӨМҮТ

9 ӨМҮТ

10 ӨМҮТ

11 ӨМҮТ

12 ӨМҮТ

13 ӨМҮТ

14 ӨМҮТ




53

Бақылау формасы

 

К

К

К

К

К

К

К




Макс.балл

9

7

7

7

9

7

7

9



Шартты белгілеулер: 1ДҮТ –№1 дәріске дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Қ – оқу үрдісіне қатысуы, 1тәжҮТ –№1 тәжірибелік жұмысқа дайындалуға берілетін үй тапсырмасы, Р – рұқсатнама, Е – Есеп, 1ТҚ – №1 тәжірибелік жұмысты қорғау, 1ӨМҮТ – №1 өздігінен материалды меңгеруге берілетін үй тапсырмасы; К – коллоквиум.


Қорытынды рейтинг есептеу әдістемесі
Қорытынды баға жіберу рейтингісі (ЖР) мен қорытынды бақылаудың (ҚБ) қосындысымен есептелінеді, олардың үлес салмағын ескере отырып (ҮСЖР және ҮСҚБ).
Қ = ЖР·ҮСЖР + ҚБ·ҮСҚБ

Университеттің Ғылыми кеңесі бақылау түрлеріне және ағымдағы үлгерімге байланысты төмендегідей салмақтық үлес бекітілген.




Бақылаудың қорытындысының түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

Емтихан

Емтихан (ҮСЖР)

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау (ҮСҚБ)

0,6

Студенттің семестр бойы пән бойынша жинаған жіберу рейтингісінің бағасы мынаған тең

ЖР = (Р1 + Р2)/2
Студенттің рейтингісі (Р1 және Р2) мына формула бойынша анықталады
Р1(2) = АҮ1(2) ·0,7 + МБ1(2) ·0,3
Ағымдағы үлгерім (АҮ) 100 балдық шкаламен анықталады(бақылау іс-шараларының күнтізбелік графигін қара).

Сонымен қатар межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкаламен анықталады.

Қорытынды бақылау (ҚБ) 100 балдық шкаламен анықталады.

Баллдық жүйе бойынша пәннен қорытынды рейтинг «Оқушылардың оқу жетістіктері» және «Рейтингтік ведомость» журналдарына балл түрінде кестелерге енгізіліп эквивалентті бағаға айналдырылады.




Балл ретіндегі қорытынды баға (И)

Баллдардың сандық (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Б)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Т)

Емтихан, диф. Сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Сынақ-талды

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ. жоқ


11 Курс саясаты
Кредиттік технология бойынша оқыту барлық курстар үшін және С. Торайғыров атындағы ПМУ –да барлық пәндер бойынша студенттің білімі рейтингті бақылаумен бақылау қолданылады. Мамандықтың жұмыс оқу жоспарына енгізілген пән рейтингі 100 балдық шкаламен бағаланады.

«Ұнтақты металлургия» курсы студентке ғылыми әдебиеттермен, сонымен бірге оқулықтармен, мерзімді журналдармен, интернетпен жұмыс жасау арқылы машықтануға мүмкіндік береді.

Оқытушының берген тақырыбын студент оны ОСӨЖ сабақтарында, зертханалық жұмысты өткізгенде, зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша есепті қорғағанда нақтылай түседі.

Өздік жұмыс, теориялық курсқа кірмеген немесе қысқаша түрде қарастырылған, дәрістік тақырыптарға қатысты сұрақтарды теориялық түрде зерттеу және оларды ұсынылған әдебиет бойынша тереңдетіп оқу болып табылады.

Өздік жұмысы келесі түрде бағаланады: әр тақырыпты теориялық тұрғыдан қарастырылған сұрақтар конспект жасаумен аяқталады, конспект оқытушыға көрсетіліп бағаланады.

Студенттердің оқытушымен бірге орындалатын өздік жұмысы, дәрістік сабақтардың тақырыптарын терең зерттеп, оларды бекітуге бағытталған. Студенттер сабаққа дайындықпен келіп, ұсынылған әдебиеттер мен аталмыш сабаққа қажетті материалдарды қолдануы керек. Сабақты босатқан жағдайда студент уақытында тапсырмаған материалды келесі аптасында тапсыра алады. Уақытында тапсырылымаған материал оқу семестрінің 4 апта аралығында қабылданады және 50%-дан (жартысын аласыз) төмен бағаланады.

Бірінші және екінші межелік бақылау оқытылған тақырыптар бойынша ауызша сұрау түрінде, билеттер немесе тесттер бойынша 100 балдық жүйемен бағаланады.

Пән бойынша межелік бақылауға (МБ) ағымдағы үлгерім (АҮ) балдарын жинаған студент қана жіберіледі.

– Егер студент межелік бақылаудан өтпеген болса, немесе МБ 50 балдан төмен бал жинаған болса, онда ол студенттің рейтингі анықталмайды. Мұндай жағдайда деканат МБ тапсырудың жеке мерзімін белгілейді.

6 – семестр аяғында емтихан қабылданады.

Емтихан үш сұрақтан туратын билет бойынша немесе 50 сұрақтан тұратын нұсқаға салынған тесттер бойынша алынады. Емтихан 100 балдық жүие бойынша бағаланады.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу бағдарламалық жұмыстардың барлық талаптарын орындағандар (барлық зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды және СӨЖ және ОСӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалар орындаған және тапсырған), курстық жұмысты қорғағаны үшін жақсы баға алғандар (семестрлік жұмыстар) және жіберу рейтингісін жинағандар (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Егер студент алушы жіберу рейтингісі және қорытынды бақылауы бойынша жақсы бағаларға ие болса, онда пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Егер студент қорытынды бақылауды себепсіз жіберсе, онда оның бағасы «қанағаттанарлықсыз» деп есептелінеді.

Мен сіздерден сабаққа кешікпеулеріңізді сұраймын, оқытушыдан кейін аудиторияға кіруге болмайды, сабаққа қалғаны үшін студент сабаққа жіберілмейді, өйткені ол оқу сабағының үрдісін бұзады. Сонымен бірге тәртіп бұзғаны үшін студент аудиториядан қуылады және 0 бал қойылады.

Емтиханды көшіруге жол берілмейді. Бақылау шарасында көшіргені үшін студент аудиториядан шығарылады және оған 0 бал қойылады.

Егер сіз себепті жағдайлармен бақылау шараларын өткізу кезінде қатыспаған болсаңыз, онда оқытушы тағайындаған уақытта қосымша өтуіңізге мүмкіндік беріледі (МБ және ҚБ деканның рұқсатымен өткізіледі), кері жағдайда сіз «0» балл аласыз.


12 Әдебиет
Негізгі

1 Кипарисов С.С., Либенсон Г.А. Порошковая металлургия - М.: Металлургия,1980 - 496 с.

2 Либенсон Г.А. Основы порошковой металлургии. – М.: Металлургия, 1987-208 с.

3 Ермаков С.С., Вязников Н.Ф. Порошковые стали и изделия. – Л.: Машиностроение, 1990 –320 с.

4 Дорофеев Ю.Г., Гасанов Б.Г. и др. Промышленная технология горячего прессования порошковых изделий. - М.: Металлургия, 1990-206 с.

5 Бальшин М.Ю., Кипарисов С.С. Основы порошковой металлургии - М.: Металлургия, 1978- 184 с.


Қосымша

6 Васильев Д.И., Тылкин М.А., Тетерин Г.П. Основы проектирования деформирующего инструмента – М.: Высшая школа, 1984 –223 с.

7 Либенсон Г.А. , Панов В.С. Оборудование цехов порошковой металлургии. – М.: Металлургия, 1983-264 с.

8 Клячко Л. И., Уманский А.М., Бобров В.Н. Оборудование и оснастка для формования порошковых материалов - М.: Металлургия.1986 –336 с.



9 Девятов В.В. Малоотходная технология обработки материалов давлением – М.: Машиностроение, 1986- 288 с.

10 Тылкин М.А, Васильев Л.И. и др. Штампы для горячего деформирования металлов – м.: Высшая школа, 1977 –496с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет