Тақырып 1.3 Факторлық талдау
Түрлердің сипаттамасы және факторлық талдаудың мазмұны
Экономикалық талдаудың әдісі әрбір басқа ғылыми әдістер сияқты диалектика заңдарына негізделеді. Сонымен қоса, шаруашылық қызметтің сипаттамалық ерекшеліктері әдістері бар, және осы ерекшеліктер оларды басқа туыстас экономикалық ғылымдардан айырады. Олардың негізі, экономикалық талдау – бұл жүйелік және кешендік оқытудың амалы, экономикалық субъектінің даму серпінін және жекеленген факторлардың жалпылауын және өлшемдеуінің ықпалын бағалау, есептік және жоспарлы көрсеткіштердің арнайы оқытылу жолымен жүзеге асырылатын есептіліктің және басқа да ақпарат көзі болып табылады.
Экономикалық талдаудың дәстүрлі әдістерінің біріне бөлшектендіру жатқызылады, яғни қарастырылатын көрсеткіштер уақыттық белгі, шаруашылық операцияны орындау мекені бойынша, жауапкершілік орталықтары бойынша бөлшектендіру болып табылады. Бұл өнімнің шығарылу динамикасын, серпінділігін бағалауға мүмкіндік береді. Өнімнің тауарлық көлемін шаруашылық құбыластардың пайда болу орны бойынша бөлшектендіруге болады, яғни оның өндіріс орны бойынша (жиынтық цех, печатный, переплетный және т.б.). Жоғарыда айтылған әдістер факторлық талдау әдісінде зерттеулік құралдар ретінде біріктірілген.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің құбылыстары мен үрдістері өзарабайланысқан, өзаратәуелді. Олардың кейбіреулері өз араларында байланысқан, ал кейбіреулері жанама түрінде байланысқан. Мысалы, еңбек өнімділігін бір жағынан, өндіріс көлемін өзгерту себебі ретінде қарастыруға болады, ал екінші жағынан, өндіріс үрдістерінің автоматтандыру және тетіктендіру нәтижесі болып табылады.
Әрбір нәтижелі көрсеткіш көптеген және әртүрлі факторлардың сипатына байланысты болады. Нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың ықпалы неғұрлым егжей-тегжейлі зерттелсе, соғұрлым кәсіпорын жұмысының талдауы және бағалауының нәтижелері дәлірек болады.
Факторлық талдау оқытудың кешендік және жүйелік әдістемесі ретінде түсіндіріледі және нәтижелік көрсеткіштерге ықпал ету факторлары өлшемдері. Факторлық талдаудың келесі негізгі типтері: детерминировтік и стохастикалық; тура және кері; бірқатарлы және бірнешеқатарлы; статикалық және динамикалық; ретроспективтік және перспективтік (болжамдық).
Детерминировтік факторлық талдауы факторлардың әсер етуін зерттеу әдістемесімен түсіндіріледі, нәтижелі көрсеткіштермен байланысы функционалдық сипатымен көрінеді, яғни бұл жағдайда нәтижелі көрсеткіштер көбейтінді, факторлардың жеке және алгебралық сомасы ретінде түсіндіріледі.
Стохастикалық талдау нәтижемен байланыс толық емес, корреляциондық болып табылатын факторларды зерттеу әдістемесі ретінде көрсетіледі.
Шаруашылық қызметті оқыту үрдісінде индукция және дедукция пайдаланылады. Тура факторлық талдауында дедуктивтік әдіс пайдаланылады – жалпыдан жекеге қарай зерттеу жүргізіледі. Мысалы, өнімді шығаруға жалпы шығындардың талдауы тауарлық өнімнің өзіндік құны бойынша бағалауды орындау жалпы ең бірінші қатарда жүргізіледі, ал содан кейін материалдарға, еңбек ақыға, коммерциялық және басқару шығындарына және т.б. шығындардың қалыптасуын егжей-тегжейлі зерттеледі, жеке шығындар деңгейіне әртүрлі факторлардың ықпалы зерттеледі.
Кері факторлық талдау – бұл индуктивтік зерттеу әдісі, бұл жеке факторларды және құбылыстарды оқытудан жалпыға өтуге мүмкіндік береді. Осылайша, жекелерден кәсіпорын қызметінің жалпы көрсеткіштеріне өту. Мысалы, жеке көрсеткіштер бойынша жоспарды орындауды оқытудан (еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, табыс және т.б.) жалпы кәсіпорынның қызметін бағалауға өтеді.
Факторлық талдау бірқатарлы бола алады, егер фактордың бір деңгейі зерттелсе немесе бір қатарды оның басқа бөліктерін егжей-тегжейлі түрде зерттелмеген жағдайда. Бірнешеқатарлы талдау бірнеше қатарды зерттеу болып табылады.
Статикалық талдау сәйкес мерзімге нәтижеге факторлардың ықпал етуін оқыту кезінде пайдаланылады.
Динамикалық талдау динамикадағы себеп-салдарлы байланыстарды зерттеу әдістемесімен түсіндіріледі.
Ретроспективтік талдау өткен жылдар үшін нәтижелі көрсеткіштерді өзгеру себептерін зерттейді, ал перспективтік факторлардың тәртібін және нәтижелерді перспективада қарастырылады.
Модельдеу
Экономикалық талдауда пайдаланылатын кейбір әдістер басқа ғылымдардан алынған. Алайда, бұл әдіс-тәсілдер экономикалық талдауды пәнін оқыту үшін, зерттеу үшін сәйкес түрде бейімделген. Мұны, ең негізгі түрде «ғылымдардың патшасы» - математиканы ескермеуге болмайды, себебі аналитикалық амалдардың көп бөлігі осы ғылымнан бастау алады. Сонымен қатар, математика өзінің пайда болуымен адамдардың экономикалық қызметіне міндетті, себебі, ең біріншіден, адамдар ең бірінші санай бастағандар (есепке алғандар) – бұл аулап алғандары, тауарлар. Бүгінгі күнде пайда болып жатқан жаңа экономикалық әдістер бұл адамдардың жаңадан пайда болып жатқан қажеттіліктерін өзектіндірумен байланысты болады.
Экономикалық талдаудың пайда болуынан бері арнайы білімдердің маңызды саласы ретінде қолданылатын әдістер дәстүрлі болып саналады. Олардың араларында – салыстыруды, топтастыруды, индекстерді, цептік құруларды, «тар жерлер» және «жетекші бөлімдер» айқындау, үлестік қатысу әдісі, баланстік байламдар, салыстырмалы және орташа өлшемді және т.б.пайдалану.
Экономикалық талдаудың дәстүрлі әдістерінің біріне бөлшектендіру жатқызылады, яғни қарастырылатын көрсеткіштер уақыттық белгі, шаруашылық операцияны орындау мекені бойынша, жауапкершілік орталықтары бойынша бөлшектендіру болып табылады. Бұл өнімнің шығарылу динамикасын, серпіндлігін бағалауға мүмкіндік береді. Өнімнің тауарлық көлемін шаруашылық құбыластардың пайда болу орны бойынша бөлшетендіруге болады, яғни оның өндіріс орны бойынша (жиынтық цех, печатный, переплетный және т.б.). Жоғарыда айтылған әдістер факторлық талдау әдісінде зерттеулік құралдар ретінде біріктірілген.
Модельдеу – дегеніміз бұл ғылыми танымның негізгі әдісі болып табылады, оның көмегімен зерттеу объектісінің моделі қалыптастырылады (шартты түрі). Оның мәні келесіде жатыр: зерттелетін көрсеткіштің факторлықпен өзарабайланысы нақты математикалық теңдеу формасы ретінде беріледі. Детерминировтік және стохастикалық моделдердің түрін ажыратады.
Детерминировтік талдауда көп жағдайда келесі факторлық модельдің келесі типтері қолданылады: аддитивтік, мультипликативтік, карттық, қиыстырылған (комбинированные) немесе аралас.
Факторлық талдаудың міндеттері:
Факторлық талдаудың негізгі міндеттеріне келесілер жатқызылады:
- нәтижелі көрсеткіштерді анықтайтын факторларды іріктеу;
- шаруашылық қызметтің нәтижелеріне ықпалын зерттеу үшін кешендік және жүйелік әдісін қамтамасыз ету мақсатында факторларды жүйелендіру және топшалау;
- нәтижелі көрсеткіштер және факторлар араларындағы өзарабайланысты модельдеу;
- нәтижелі көрсеткіштің өзгеру мөлшеріне факторлардың рөлін бағалау және факторлардың ықпалын есептеу;
- факторлық модельмен жұмыс.
Экономикалық талдауда факторларды топшаландыру.
Факторларды топшаландыру жалпы белгілерге байланысты топтарға бөлу арқылы жүзеге асырылады. 2 кестеде факторлардың негізгі топтары көрсетілген.
2 кесте– Экономикалық талдауда факторларды топшаландыру
Топшаландыру белгілері
|
Факторларды топшаландыру
|
Өз табиғаты бойынша
|
Табиғи-климаттық
|
Әлеуметтік-экономикалық
|
Өндірістік-экономикалық
|
Нәтижеге әсер ету деңгейі бойынша
|
Негізгі
|
Екіншідеңгейлі
|
Адамға байланысты
|
Объективтік
|
Субъективтік
|
Пайда болу мекені бойынша (жауапкершілік орталықтары бойынша)
|
Ішкі
|
Сыртқы
|
Таралым деңгейі бойынша
|
Жалпы
|
Арнайы
|
Әрекет ету уақыты бойынша
|
Тұрақты
|
Өзгермелі
|
Әрекет ету сипаты бойынша
|
Интенсивтік
|
Экстенсивтік
|
Айқындалатын құбылыстар қасиеттері бойынша
|
Сандық
|
Сапалы
|
Өз құрамы бойынша
|
Жай
|
Күрделі
|
Ықпал етуді өлшеу мүмкіндігі бойынша
|
Өлшемді
|
Өлшемді емес
|
Иерархия бойынша
|
Бірінші қатарлы
|
Екінші қатарлы және т.б.
|
Тақырып 1.4 Қаржы коэффициенттер әдісі
Қаржы коэффициенттері
Әртүрлі қаржы коээфициенттерін пайдалану салыстырмалы өлшемдерді есептеумен түсіндіріледі, ондағы біреу бірлікке теңдестіріледі, ал екіншісі оған қатынас ретінде көрсетіледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының салыстырмалы қаржы коэффициенттері бөлу коэффициенттері және координация коэффиценттері болып екіге бөлінеді. Алғашқылары қайсыбір қаржылық жағдайдың абсолюттік қаржы коэффициенті нәтижені құрайтын абсолюттік көрсеткіштер топтарына қай бөлігі екендігін анықтау кезінде қолданылады. Ал екіншісі, әртүрлі экономикалық мәні бар қаржылық жағдайдың абсолюттік көрсеткіштерінің мәні бойынша әртүрлі қатынастарды анықтау.
Табыстылық және рентабельділік коэффициенттері
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне кәсіпорынның тиімді қызметін сипаттайтын рентабельділік көрсеткіштері жатқызылады.
Үш көрсеткіштер тобын ажыратады:
А) жалпы активтер;
Б) өнімдер;
В) ақшалай құралдардың таза ағымында есептелгендер.
Ең біріншіден жалпы активтердің табыстылығының деңгейінің көрсеткішін атауға болады(Та), бұл таза табысқа (ТТ) жалпы активтердің (авансталған капитал, баланс валютасы) қатынасы ретінде есептеледі. Табыстылық деңгейіне келесі факторлар әсер етеді: жүзеге асрылыған өнімнің табыстылығы, жалпы активтердің айналымдығы. Олардың араларындағы өзарабайланысты келесідей көрсетуге болады:
ТТ/ А = ТТ/ Т N * ТN / А
мұндағы, ТТ – кәсіпорынның таза табысы (таза пайда);
А – жалпы активтердің орташа құны;
ДN - өнімді жүзеге асырғаннан түскен табыс.
Әйтпесе, таза табыс кәсіпорынның активтерінің айналым жылдамдығына және жүзеге асырылған өнімнің табыстылығына тәуелді.
Іс жүзінде, көп жағдайда, ағымдағы активтердің табыстылығы атты көрсеткіш пайдалынылады. Бұл кәсіпорынның ағымдағы активке салынған бір теңгеден қанша табыс табатындығын көрсетеді. Бұл көрсеткішті есептеу келесі формула бойынша жүзеге асады:
Та.а. = ТТ / Аа,
Мұндағы, Та.а – ағымдағы активтердің табыстылығы;
Та – ағымдағы активтердің орташа мөлшері.
АҚ бұл көрсеткіш жеке капиталдың табыстылық деңгейі немесе мөлшерлемесі деп
атайды: (Тж.к.) бұл таза табыстың (ТТ) жеке капиталға қатынасы ретінде (Жк) анықталады.
Тж.к. = ТТ / Жк.
Бұл көрсеткішті факторлар тәуелділігіне байланысты келесідей түрде көрсетуге болады:
Тж.к. =ТТ / ТN * ТN / Жк.
Келесі табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіші ретінде негізгі қызметтен табысты атауға болады, оны келесі формула бойынша есептейді:
Тоқ = То / (S N + Рn ),
Тоқ - негізгі қызметтен табыс;
То – ұзақмерзімді активтердің орташа мөлшері;
S N – жүзеге асырылған өнімнің өндірістік өзіндік құны;
Р n - кезең шығындары.
Негізгі қызметтен табыстылықтың тағы да бір көрсеткіші – жүзеге асырылған өнімнің табыстылығы. Ол жүзеге асырылған өнімнің 1 теңгесіне таза табыстың мөлшерін көрсетеді және келесі формула бойынша анықталады:
Т Nч= ТТ / ТN.
өнімнің табыстылығының көрсеткіші сатылымы көлемінің табыстылығы болып табылады, келесі формула бойынша анықталады:
ТвN = ЖТ/ ТN,
мұндағы, ЖТ - жалпы табыс (жалпы пайда).
Бір өнімнің табыстылығы (Тоn) сатылым бағасы (Р) мен бұйымның өзіндік құны (S) қатынасы ретінде есептеледі:
Тоn = ( P - S ) / S.
Үш көрсеткіштер тобы ақшалай құралдардың таза ағымы негізінде есептеледі:
Ақшалай ағымдардың таза ағымы / Сатылым көлемі
Ақшалай ағымдардың таза ағымы / Авансталған капитал
Ақшалай ағымдардың таза ағымы / Жеке капитал
Қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері
Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін сипаттау үшін келесі көрсеткіштерді есептейді:
қор рентабельділігі – ТТ таза табыстың негізгі құралдардың орташа жылдық құнын (ҚR) қатынасы;
қор қайтарымдылығы ОПФ – өндірілген өнімнің ОПФ (Фо) орташа жылдық құнға қатынасы;
ОПФ активті бөліктің қорқайтарымы – өндірілген өнімнің құнына активті бөліктің орташа ОПФ (Фоа) құнына қатынасы
қор сыйымдылығы – ОПФ орташа жылдық құнның есепік кезеңде өндірілген өнімнің құнына қатынасы –қор сыйымдылығының көрсеткіші (Фс)
салыстырмалы үнемдеу ОФ (Эопф), ол келесі формула бойынша есептеледі:
Эопф = ОПФ1 – ОПФ0* JВП,
мұндағы ОПФ1, ОПФ0 – есептік және базалық кезеңде ОПФ орташа жылдық құнына сәйкес;
JВП –ВП индексі.
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың жалпылама көрсеткіші қор рентабельділігі болып табылады. Ол тек қана Ф0 байланысты болмайды, сонымен қатар өнімнің рентабельділігіне де байланысты.
ФR = Ф0 * RВП
Нарықтық белсенділіктің көрсеткіштері
Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге жататындар:
бір акцияға табыс;
акция құндылығы;
бір акцияға баланстық құны;
акция котировка коээффициенті;
бір акция табыстылығы;
дивиденттер төлеу коэффициенті;
тұрақты өсімнің коэффициенті;
капитализация коэффициенті.
Интегралдық көрсеткіш
Интегралдық көрсеткіштер экономикалық талдаудың әртүрлі бағыттарында пайдаланылады. Мысалы, құрал-жабдықты пайдаланудың тиімділігін бағалау кезінде уақыт және қуат бойынша құрал-жабдықты пайдаланудың интегралды көрсеткіші есептеледі. Бұл құрал-жабдықтың интегралды жүктеу коэффициенті деп аталады. Бұл құрал-жабдықтың интенсивті және экстенсивті коэффициенттерін көбейту арқылы анықталады:
Кинтег = Кэ.з.о. * Ки.з.о.
Сонымен қатар өндірілген өнімнің сапасын талдау кезінде интегралды көрсеткіш пайдаланылады (J), техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіштердің (Gm) экономикалық параметрлер (Gэ) бойынша топтық көрсеткіштерге қатынас ретінде анықталады.
J = Gm / Gэ
Егер, J < 1, талданатын үлгіге бой береді (уступает), ал егер J > 1, онда үлгі-бұйым барлық параметрлер бойынша асып түседі.
Модуль 2 Басқару талдау
Тақырып 2.1 Басқару талдауының негіздері
Басқару талдауының мақсаттары және міндеттері
Басқару талдауы бухгалтерлік басқару талдауының маңызды құрастырушысы болып табылады. Басқару талдауын өткізу тиімділігі көп жағдайда шаруашылық субъектінің нақты қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған. Кәсіпорында басқару есебін құру міндеттері оңтайлы жүргізіледі, егер де кәсіпорынның басқарушылық қажеттіліктері нақты қалыптастырылған болса, бұл менеджменттің айырықша құзіреті болып табылады.
Экономикалық дамудың заманауи кезеңдері кәсіпорын қызметінің өндірістік-шарушылық басқару облысында тиімді саясатты жасау және жүзеге асыруды талап етеді, бұл саясат олардың қызметінің тұрақтандыруға, шығындардың минималдығы кезінде максималды пайда табуға және мүмкін тәуекелділіктерді азайтуға бағытталған.
Соңғы кездері, әкімшілік-командалық басқару жүйесінен нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін, бухгалтерлік есеп тек қана есеппен қана шектеліп қойған жоқ. Заманауи кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп тек қана есепті жүзеге асырмайды, сонымен қатар, басшылық етеді, жоспарлау бойынша жұмыстарға үйлестіру, есептік ақпаратты дайындау, шешімдерді қабылдаған кезде оны пайымдауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, шешім қабылдаған кезде балама нұсқалар ішінен оңтайлы шешімді қабылдаған кезде мәліметтер талдауы және қатысуын да қосуға болады. Қазіргі уақытта бухгалтерлік есепті басқару есебі шеңберінде қарастыратындай барлық алғышарттар бар. Бұған бухгалтерлік тәжірибенің жаңа бағыты да септігін тигізеді – бухгалтерлік басқару есебі. Американдық бухгалтерлік ассоциация бухгалтерлік есепке келесідей анықтама береді: бухгалтерлік есеп – бұл пайдаланушыларға шешімді негіздеу, қабылдау және жасау үшін ақпаратты идентификация үрдісі, көрсеткіштерді есепке алу және бағалау үрдісі. Сонымен қоса, бухгалтерлік есепті реформалау үрдісі басқару тарапынан қарастырған кезде өте баяу жүріп жатыр. Көп жағдайда бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты – бухгалтерлік есептілікті дайындау және салықтық төлемдерді өткізу болып табылады, яғни әлі де болса бухгалтерлік қызмет есептік функция ретінде ғана қарастырылады. Есептік ақпаратты өндеу және оны талдауымен жоспарлау бөлімдері айналысады. Сонымен қоса аталған бөлімдер маңызды мақсатқа қол жеткізу үшін бірігуі мүмкін, бұл маңызды мақсатқа ақпаратты біріктіру, оны өндеу, бұл нақты уақытқа орай менеджментке тиімді, оңтайлы, уақытылы басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беру. Бұл кәсіпорынға түсетін сыртқы ортаның жағымсыз факторларға төтеп беру үшін иммунитетін жоғарлатады , нарықта ұзақ және тұрақты әрекет етуге септігін тигізеді.
Басқарушылық есеп негізінде өндірістік есеп және калькуляциялау жатыр. Алайда, осымен бірге есептік, жоспарлы, бақылаушы функциямен бірге, оған аналитикалық функция тән. Осылайша, басқарушылық талдау бұл бухгалтерлік басқару есебінің құрастырушыларының бірі болып табылады.
Басқару талдауының рөлі және мәні
Басқару талдауы кәсіпорын менеджментінде маңызды рольді атқарады:
- жоспарлау үшін – неғұрлым оңтайлы бизнес-жоспарды таңдау үшін барлық баламалық нұсқаларға баға беру;
- болжам жасау үшін – кәсіпорынның шаруашылық стратегиясының түрін таңдауда ол шешімді негіздеу және жүзеге асыру үшін;
- ұйымдастыру үшін – кәсіпорынның ресурстарын тиімді басқару құрылымын таңдауда барлық нұсқаларға баға беру;
- үйлестіру үшін – кәсіпорынның ресурстарын барлық басқару жүйесінің құрамдарының жұмысын келістірубойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді;
- реттеу үшін – белгіленген мақсаттардан аутқитын жағымсыз аутқуларды дер кезінде жою үшін және оларды уақытылы жою үшін жұмыстар;
- ынталандыру үшін - әрекет ететін жүйелерді оқытуды қамтамасыз етеді, шаруашылық субъектінің көрсеткіштеріне ықпалын тиімді ету үшін;
- бақылау үшін – есептік ақпараттың растығын, аналитикалық жұмыстың ұйымдастырылуын, бизнес-жоспарлардың орындалуын және жалпы басқару шешімін орындалуын тексереді.
Қазіргі уақытта бухгалтерлік басқару есебі мен менеджменттің интеграция үрдістері өте өзекті болып отыр, олар екі концепцияның өзара әрекет етуін болып табылады. Менеджмент (басқару концециясы ретінде) және басқару есебі (басқаруды ақпараттық қолдау концепциясы ретінде) арасындағы өзара әрекет етуі қателескен басқару шешімдерінің алдын алуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты менеджерлерді кәсіпорынның есептік саясатын жасауға тарту мақсатты түрде дұрыс болар еді, бұл басқарушыларға тиімді басқару шешімдерін қабылдауға септігін тигізеді, сонымен қатар олардың экономикалық салдарларын бағалауға мүмкіндік береді. Ұйымның есептік саясаты негізделген бухгалтерлік басқару есебінің жүйесі неғұрлым нақты, жетілген түрде болса, соғұрлым менеджер өз фирмасының пайдасын басқаруға жеңілдірек болады.
Жоғарыда айтылғандай, бухгалтерлік басқару есебі басқарушылық талдаудың маңызды құрастырушысы болып табылады. Біріншінің өткізу тиімділігі көп жағдайда кәсіпорынның нақты қажеттіліктерін қаншалықты түрде бейімделгеніне байланысты болады. Кәсіпорындағы басқару есебінің құру міндеттерін шешуге болады, егер де кәсіпорынның басқару қажеттіліктерін нақты қалыптасқан болса. Соңғысы менеджменттің айырықша құзіреті.
Осылайша, менеджменттің негізі, оның мәліметтер негізі басқару есебі және оның маңызды құрастырушысы басқару талдауы болуы керек. Олардың мақсаты менеджментті ақпараттық қолдау болып табылады. Қарсы жағдайда, кәсіпорында басқару талдауын өткізудің еш мәні болмайды, ал кәсіпкерлік қызметті басқару ғылыми емес болар еді. Бұл өз түрінде «құмда үйді тұрғызу» интиутивтік деңгейде басқаруды жүргізу болып табылады.
Басқарушылық талдаудың негізгі кезеңдері, мазмұны және ерекшеліктері
Басқарушылық талдау экономикалық талдаудың маңызды түрі болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін экономикалық талдау жүйесінде басқарушылық талдаудың мазмұны, ролі туралы сұрақтар әлі де болса аз зерттелген болып табылады. Экономикалық талдау бірнеше белгілер бойынша топшаланады, соның бірі басқару белгісі бойынша. Әр басқару белгісіне сәйкес талдау түрі сай келеді, алдын ала жоспарлау белгісі бойынша алдын ала (болжамды) талдауға сәйкес келеді, оперативті басқаруға – оперативті талдау және басқарудың қорытынды (бақылау) кезеңіне сәйкес – ағымдағы (ретроспективті) талдау. Дамыған нарықтық экономика талдауды ішкі басқарушылық және сыртқы қаржылық түрлеріне дифференциялау қажеттілігін тудырады, бұл бухгалтерлік есептің басқару және қаржылыққа бөлінуіне байланысты болады. Осы бөлінудің негізінде ақпаратты пайдаланушылардың әртүрлілігі жатыр. Осылайша, қаржылық есеп сыртқы пайдаланушыларға ақпарат дайындайды, ал басқарушылық кәсіпорын менеджерлеріне арналған.
Сыртқы қаржылық талдаудың негізгі міндеті қаржылық жағдайды бағалау және кәсіпорында жалпылай қызмет ету тиімділігін жоғарлатудың мүмкіндіктерін айқындау. Бұл талдаудың кемшілігі оперативтілік емес. Бұл басқарушыға қол жеткізген нәтижелерді дәл уақытында бағалауға, жеке құрылымдық бөлімдер қызметінің тиімділігін есептеуге, басқару мақсатында алынған ақпаратты шұғыл түрде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге, оперативтілікпен бірге бұл талдаудың маңызды айырықша ерекшелігі өткенге бағытталған ретроспективті талдау болып табылады. Ол шаруашылық операциялардың аяқталған кезінде жасалады, сондықтан оны қорытынды деп те атайды.
Ретроспективті талдау есептік кезең ішінде жасалады (ай, квартал, жыл). Кәсіпорынның қызметін кешенді түрде және сәйкес кезең үшін есептік мәліметтер бойынша жан-жақты талдау жасалатыны бұл талдаудың құндылығы болып табылады. Бұл кәсіпорында бар мүмкіндіктерді пайдалану бойынша толық баға беруді қамтамасыз етеді.
Қорытынды талдау мәнді кемшіліктерге де ие: анықталған резервтер өткен кезеңге жататындықтан мәңгілік жоғалтылған мүмкіндіктер болып қалады. Оның нәтижелері тек қана болашақта ескеріледі.
Оперативті және қорытынды талдаулар бірін-бірі толықтырады. Олар кәсіпорын басшылығына кемшіліктерді оралымды (оперативті) түрде жоюға, сонымен қатар жетістіктерді кешенді түрде жалпылауға, өндіріс тиімділігі бағытталған іс-шараларды жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда, кәсіпорын өзінің сақтығы мен тәуекелділігіне жұмыс істегендіктен, ішкі басқарушылық талдау тағы да бір сапалы сипаттамамен толықтыру тиіс, яғни уақыт бойынша бағдарлағын өзгертуі қажет. Қазір менеджментке осы шаққа оңтайлы басқарушылық шешімді қабылдау үшін талдау қажет, сонымен қатар болашақ экономикалық даму үшін сценарилерді жасау үшін де талдау қажет. Экономикалық талдау бухгалтерлік есеп сияқты тек қана өткенге бағытталмауы тиіс, ол перспективті сипатқа да ие болу керек. Басқарушылық талдау кәсіпорын шаруашылық қызметінің өткен және болашақ нәтижелерін бағалауға бағдарланған.
Ақпаратты алу мен шешім қабылдау арасында аралық бөлік ретінде талдау келесілердің құралы болып табылады:
- біріншіден, шаруашылық тиімділігін жоғарлату резервтерін айқындау және пайдалану:
- екіншіден, басқарушылық шешімді ғылыми негіздеу;
- үшіншіден, басқарудың барлық функцияларын жүзеге асыру;
- төртіншіден, қаржылық тетікті жетілдіру;
- бесіншіден, шарушалық субъектіні экономикалық тәрбиелеу.
Басқарушылық талдаудың зерттеу объектісі кәсіпкерлік қызметтің қызмет ету сегментінің өткен және болашақ нәтижелері. Сегмент басқарушылық талдаудың негізгі ақпараттық бірлігі, ол есептік және болжамдық ақпаратты алу үшін ажыратылады. Осылайша, бизнестің қалайша сегменттелгеніне байланысты басқарушылық есеп жүйесінің барлық әрі қарайғы қызмет ету байланысты болады, тіпті басқарушылық талдауды жүргізу сәттілігі де байланысты.
Бизнесті сегментациялау ең біріншіден кәсіпорынды басқару жүйесінде екі маңызды фукцияның – жоспарлы-аналитикалық және бақылау-мотивациялық – функцияларды жүзеге асыру үшін алғышарттар жасауы тиіс. Нәтижесінде кәсіпкерлік қызмет екі бағытта сегменттеледі – ақпараттық ретінде және бизнестегі ұйымдастырушылық сегменттер ретінде. Осылайша, біріншіге технологиялық үрдістің ерекшеліктерін, сатып алушылар класын, жүзеге асыру каналдарын, көрсеткіштер жүйесін және т.б. жатқызуға болады, ал екіншісіне – табыстар орталығын, инвестицияларды және т.б. Мысалы, аудиторлық фирмада – бухгалтерлік есепті қалпына келтіру, аудиторлық тексеруді жүргізу, кеңес беру қызметін көрсету қызмет түрлері ретінде қарастыруға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорында, ақпараттық түріне тапсырыстар жатқызылады, ал жобалық мекемелер үшін – жеке жобалар. Осылайша, өндірістік циклдің технологиялық ерекшеліктерінен бизнес сегменттелу әдістер жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің ақпараттық сегменттерге бөлінуі бюджеттендіру үрдістерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, әрбір ақпараттық сегменттің жоспарды орындауды бақылауды жүзеге асырады, мүмкін ауытқуларды талдау, яғни басқарудың жоспарлы-аналитикалық функциясын жүзеге асырады. Екінші функция – жауапкершілік орталықтары (шығындар, табыстар, инвестиция) бойынша ұйымдастырушылық сегменттерді айқындауда бақылау-мотивациялық функция жүзеге асырылады.
Сегменттеудің үшінші белгісі кәсіпорынның сегментаралық есептілігі жүйесінде құрылымдық бөлімшенің орнын айқындау. Осыған сәйкес, сегменттер сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Кәсіпкерлік қызметтің сегменттерін топшалау бухгалтерлік басқарушылық есептің маңызды функцияларына байланысты: есептік, жоспарлы-аналитикалық, бақылау-мотивациялық, есептілікті.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерлік қызмет сегментінің ұйымдастырушылық аспекті қаржылық жауапкершілкті бөлуге және мотивация механизмін жасауға мүмкіндік береді, бұл орындаушылардың ұйымдастырушы тәртібіне оңтайлы әсер етеді.
Басқарушылық талдауды өткізу үшін ақпараттық база
Басқарушылық талдаудың ақпараттық базасы немесе оның ақпараттық моделі жалпы танылған қағидалармен анықталады. Бұл әртүрлі кәсіпорындардың қызметінің нәтижелерін талдау үшін, оларды өзара салыстыру үшін қажет. Сонымен қоса, кәсіпорындардан ақпаратты талап ететін мемлекеттік органдар өте қатаң талаптар қояды. Осы талаптар кең ауқымда осындай болады: шаруашылық қызметтің толық айқындалуы; есептің шыншылдығы; нақтылық; жайшылдық және қол жетімділік; үнемділік және тиімділік.
Ақпараттың негізгі көзіне келесілер жатады: статистикалық және бухгалтерлік; жыл ішілік (ай, апта, квартал, жарты жыл үшін), сонымен қоса жылдық. Неғұрлым кең, толық ақпарат кәсіпорынның жылдық есебінде болады: бұл есептік формалардың бірқатары және түсініктеме жазба болып табылады. Кәсіпорынның жылдық есебінде оның жалпы жыл ішіндегі барлық қызметін сипаттайтын әртүрлі көрсеткіштер болады. Бір жылдан кем мерзім үшін кәсіпорынның қайсыбір көрсеткішіне статистикалық және кезеңдік бухгалтерлік есептілік жатады. Бірлестіктердің, ассоциациялардың, холдингтердің шаруашылық қызметін зерттеген кезде жиынтық есептілік пайдаланылады, онда кәсіпорынның жалпы жұмысының жиынтық нәтижелері айқындалады. Сондықтан, қосымша ақпарат көзі ретінде шаруашылық есеп ретінде оперативтік, бухгалтерлік, статистикалық есеп пайдаланылады.
Талдауды неғұрлым тереңдету үшін бастапқы есептік құжаттарды тарту маңызды болады. Компьютерлік есеп ағымдағы бақылауды оперативтік түрде жинақтау үшін және кәсіпорын жұмысының жеке жақтарын (жұмыс жасау нормасын орындау, материалдарды шығындау, өнімдерді шығару және т.б.) сипаттайтын күн сайынғы жинақ-ақпараттарды болып табылады. Бұл талдаудың ақпараттық базасын неғұрлым кеңейтеді. Басқарушалық талдауда жоспарлы ақпарат кеңінен пайдаланылады: кәсіпорынның перспективтік, жылдық жоспары және оның оперативтік жоспары.
Талдауды жасаған кезде нормативтік ақпарат та қолданылады, яғни негізгі және көмекші материалдардың шығындар нормасы, жаңармай және электроэнергия, уақыт нормасы және жұмыс жасау, амортизациялық аудармалар нормасы, пайдадан шегерімдер нормативтері, қосылған құн салығы, айналым құралдары, өндірістік циклдің ұзақтық нормативтері жатады.
Маңызды ақпарат көзіне техникалық және технологиялық ақпарат жатады: жеке машиналарға техникалық құжаттар, технологиялық инструкциялар, мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар және т.б.
Сонымен қоса, есептен тыс сипаттағы мәліметтер: әртүрлі ұйымдармен (қаржылық, несиелік, жоғарыда тұрған және т.б.) ұйымдармен өткізілетін зерттеулер, ревизия актілері, тексеріс материалдары, өндірістік кеңестеме хаттамалары, тапсырыс берушілермен және жабдықтаушылармен келісімдер, жарнамалар, пресса материалдары және т.б. Сонымен қоса, жеке факторлардың мөлшері мен сипатын анықтау үшін жүйелік ақпараттар қажет емес, кез-келген таңдалған зерттеулер пайдаланылады (мысалы, өнім сапасының талдауы кезінде).
Шарушылық қызметтің басқарушылық талдауынан шығатын нәтижелер дұрыстығы көп жағдайда талдау үрдісінде пайдаланылатын ақпараттың дұрыстығы, шыншылдығына байланысты болады. Сондықтан талдауға мәліметтер көзінің нақтылығы мен дұрыстығына көз жеткізу үшін тексеріс өткізіледі. Сол үшін арифметикалық есептемелердің есептіліктің есептік тексерісі жүргізіледі (дұрыстығы бақыланады), әртүрлі формалы есептіліктің көрсеткіштері арасындағы байланыс тексеріледі және оның келісімділігі, есептілік көрсеткіштерінде инвентаризация нәтижелерінің толықтығы айқындалады.
Талдау кезінде берілген мәліметтерді салыстырымдылығы және дәлме-дәлдігі маңызды орын алады, бұлар кәсіпорын қызметінің уақыт аралығында бағалауы салыстырылатын үшін пайдаланылады, мысалы, есептік жылдың бірінші кварталы және алдыңдағы есептік кезеңнің бірінші кварталы. Осыған байланысты аралас кезеңдердің есеп көрсеткіштерінің келісімділігі және қабылдап алуы тексеріледі.
Тақырып 2.2 Компанияның маркетингтік қызметін талдау
Маркетингтік қызметін талдаудың мақсаттары мен міндеттері
Әрбір кәсіпорын өзінің өнімін жоспарлау алдында өндірістік бағдарламалардың қалыптасуы нарықтың маркетингтік зерттеуін жүргізеді, бұл зерттеулер келесідей сұрақтарға жауап беру үшін жүргізіледі:
- Қандай өнімді шығару керек?
- Сатылым көлемі қандай болуы керек?
- Өнімді қайда, қашан және кімге сату керек?
- Сатылым бағасы қандай болуы керек?
Осы зерттеу барысында өнімге деген нарықтағы сұранысты, өнімді жүзеге асыру нарықтарын, нарық сыйымдылығы, нақты және әлеуетті сатып алушылары, қажетті материалды ресурстардың қол жетімділігі, білікті кадрлардың бар болуын және т.б. зерттеу керек. Осыдан кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижелері байланысты болады.
Осылайша, әрбір кәсіпорынның қызметі маркетингтік қызметтен басталады, оның міндеттеріне келесілер жатады:
- өнімге төлем қабілеттілігін, өткізу нарықтарын, өндірістік жоспардың негіздемесін және сәйкес көлемнің жүзеге асыру өнімдері және ассортиментті зерттеу;
- өнімге сұраныс икемділігін қалыптастыратын факторларды талдау, талап етілмеген өнім тәуекелділігін бағалау деңгейі;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және оның деңгейін жоғарлату жолдарын анықтау болып табылады:
- өнімді өткізуді ынталандыру, сұранысты қалыптастыру құралдары, тактика, әдістері, стратегияларды жасау;
- өнімді жүзеге асырудың және өндіріс тиімділігін бағалау, маркетингтік зерттеулер маркетинг үрдісінің барлық аспектілерін талдау, жинақтау, жүйелі түрде жиынтыққа келтіру келесілерді жүргізеді: өнімнің өзі, нарық, тарату каналдары, сатудың әдістері және тәсілдері, баға құрылудың жүйелері, жарнама және т.б.
Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі есеп ретінде рәсімделеді: олар ең біріншіден, өнім сапасына бекітілген талаптарды стратегиялық жоспарлау үшін пайдаланылады.
Өнімнің сұранысын талдау және тапсырыстар портфелін қалыптастыру.
Маркетингтік талдаудың басты мақсаты - өнімнің сұранысын және тапсырыстар портфелін зерттеу. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тапсырыстар портфеліне байланысты болады және оның әрі қарайғы қызметі барысында пайдалануы да байланысты болады. Белгілі бір жағдайларға байланысты өнімге деген сұраныс төмендейтін болса, сәйкесінше тапсырыстар портфелі азаяды, өндіріс құлдырайды, өнімнің өзіндік құны, шығындар өседі және кәсіпорын тақырға отыруы мүмкін.
Сұраныс экономикалық категория ретінде тауар көлемін сипаттайды, тұтынушының белгілі бір нарықта, белгілі уақыт аралығында, белгілі бір бағаға тауарды сатып алу қабілеттілігі.
Сұраныс деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді: тауар бағасы, оның сапасы, сатып алушылардың табысы, тұтынушылық қалау, нарықтың қанықтылығы және т.б.
Сұраныстың сезімталдығы бағаның өзгерісі деңгейін баға икемділігінің коэффициентімен анықталады (Ер):
i -ші тауардың сұранысының өзгеру пайыздары
Ер= ------------------------------------------------------------------------
Тауарға пайыздық өзгерісі
Табыс бойынша икемділігінің коэффициенті (Еа) тұтынушының табысы өзгеруінен тауардың сұраныс сезімталдығын сипаттайды.
i –ші тауардың сұраныстың санының пайыздық өзгерісі
Ed = -
Сатып алушылардың табысының пайыздық өзгерісі
Егер осы көрсеткіштердің мәні бірден жоғары болса, сұраныс икемді болады, ал егер бірден төмен болса, икемсіз. Егер икемділік нөлге тең болса, онда сұраныс мүлдем икемсіз және бағаның өзгеріс өнімге деген сұраныстың өзгерісіне алып келмейді. Егер икемділік коэффициенті бірге тең болса, онда сұраныстың өсім серпіні бағаның төмендеу серпіні болып табылады.
Сұранысты қалыптастыру факторларын зерттеуінде маңызды орынды корреляциялық талдау алады. Оның көмегімен зерттелетін факторлардың сұраныс тәуекелділігі деңгейі жоспарланады және бағаланады.
Нарықтың кешендік оқытуының негізгі міндетіне талдау жатады, олардың сұраныс параметрлер тарапынан қарастырғанда, өндірістік бұйымдарды бағалау. Сұраныс мөлшерін анықтау және нарық мөлшері өзіне мөлшер бағалауы енеді, нарықтағы сұраныстың перспективтік бағасы және ағымдағы нақты сұраныстың құрылымы. Ағымдағы сұранысты жалпы нақты өнімдер ретінде көрсетуге болады, нақты кезеңдегі белгілі баға бойынша өнімді сатып алу.
Кәсіпорындағы тапсырыстар портфелі нақты кезеңдегі түсу уақытына байланыссыз барлық тапсырыстар құнымен анықталады. Кәсіпорындағы бар тапсырыстар портфелі және жаңа түсімдер туралы мәліметтер нақты кезеңде және жақын болашақта өндірістің ісбастылығы деңгейі сипатталады.
Нарықты зерттеу кезінде басты міндет тауардың өмір сүру циклының ұзақтығын анықтау болып табылады – пайда болудан нарықтың кемелдену кезеңіне дейін. Тұтынушылқ сұраныстың талдауы сұранысқа және оның серпініне әсер ететін маңызды демографиялық факторларды оқытуды талап етеді: халық саны, туу деңгейі, халықтың жасаралық құрамы, халықты географиялық бөлу.
Халықтың сатып алушылық қабілетін талдаған кезде келесілер анықталады:
- халықтың табыс деңгейі;
- тұтынушылық несиені беру шарттары мен көлемі;
- халықтың жинақтаушы сомасы;
- білім беру деңгейі және кәсіби құрам.
Қажет емес өнімнің тәуекелділігін бағалау.
Сұранысты зерттеу қажет емес өнімді тәуекелділігін бағалаумен тығыз байланысты болады, бұл тұтынушылардың өнімді сатып алудан бас тарту жағдайында орын алады. Бұл кәсіпорынның материалдық және моральдық залалын мүмкін мөлшерін анықтаудан тұрады. Әрбір кәсіпорын өзінің қайсыбір өнім көлемі сатылмаған жағдайда, өзінің ысырап көлемін білуі тиіс. Аталған тәуекелділік түрін алдын алу үшін, болашақта бұл қатерлерді жібермес үшін және мүмкін ысырап көлемін азайту мақсатында бұл қатердің пайда болу себебін анықтау керек.
Негізгі факторларға келесілер жатады:
- сыртқы – сатып алушылардың төлем қабілеттілігі жоқ, салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жоғарлату, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси және т.б.
- ішкі - өнімге бұрыс (дұрыс емес) құрастырылған сұраныс болжамы, өткізу нарығында кәсіпорынның дұрыс емес баға саясаты, шикізаттың төмен сапалылығына байланысты өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі, құрал-жабдық, технологияның артта қалуы, жұмыскерлердің төмен біліктілігі, өткізудің тиімсіз ұйымдастыру және өнімнің жарнамасы.
Қажет емес өнімнің тәуекелділігін келесідей бөлуге болады: шешуге болатын (жеңетін) және шешуге келмейтін (жеңуге келмейтін). Қайсыбір топқа жатқызылуының бірнеше критерилері бар, оларға нарықта тауарларды өткізуді жеделдетуге бағытталған шаралардың экономикалық мақсаттылығы болып табылады. Егер де дизайн, жарнамаға, буып-тиюге (орамаға) қосымша шығындар түсім сомасынан асып түсетін болса, бұл экономикалық тиімсіз емес, және керісінше.
Өндірістік циклдің әртүрлі стадияларында қажет емес өнімнің тәуекелділігі анықталуы мүмкін: өндірістік алдында, өндірістік және өндірістіктен кейін. Аса маңызды тиімділік бұл алғашқы кезеңде анықталса болар еді. Онда экономикалық залал тек қана нарықты зерттеу, бұйымды жасау шығындарынан тұрады. Егер қажет емес өнімнің қатері екінші кезеңде анықталса немесе үшінші кезеңде анықталса, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының ақауларына алып келеді, онда ысырап сомасына дайындыққа, игеруге, өндіріске, өнімнің өткізуге қосымша шығындарды қамтиды.
Тәуекелділікті анықтау уақытына байланысты басқарушылық шешімдер әртүрлі бола алады. Бірінші жағдайда берілген өнімнің түрін өндіру қажет емес, оны басқа өніммен алмастыруға болады. Екінші жағдайда дизайнға, өнімнің бағасына мәнді өзгерістер енгізу арқылы, осының есебінен оны нарықта жылжыту. Кәсіпорынның соңғы кезеңінде ең біріншіден тақырға отырудан қалай құтылуға болатынын ойластыру қажет, себебі қажет емес өнім – кәсіпорынның тура шығыны болып табылады.
Өнімді өткізу нарығын талдау
Сату көлемі, бағаның орташа деңгейі, өнімді жүзеге асырудан түсетін түсім және қолға түскен табыстың сомасын өткізу нарығына байланысты болады. Талдау басында өткізу нарығындағы 3-5 жылдардағы әрбір өнімнің жағдайының серпінін анықтау қажет. Одан кейін өткізу нарығының құрылым және табыстылық деңгейі анықталады. Талдау нәтижесі бойынша тауарлардың төрт категориясы айқындалады:
- «жұлдыздар» - бұлар кәсіпорынның басты табыс көзі болады және экономикалық өсімге мүмкіндік береді;
- «саумалы сиырлар» - кемелдену кезеңін бастан кешеді, экономикалық өсімге аса мәнсіз түрде септігін тигізеді, инвестицияларды талап етпейді, қолға түсетін табыс «қиын (күрделі) балаларды» қаржыландыруға кетеді;
- «қиын (күрделі) балалар» - бұл жарнаманы, өткізу нарығында жылжытуды талап ететін жаңа тауарлар, әзірге табыс әкелмейді, алайда болашақта «жұлдыздар» болуы мүмкін;
- «өлі жүк» немесе «сәтсіздер» - өмір сүре алмайтын тауарлар, табыс әкелмейтін табыстар;
Кәсіпорын өнімдерін осылайша топшаландыру дұрыс стратегияны таңдауға мүмкіндік береді, «қиын балаларды» қаржыландыруға бағытталған олар жақын болашақта «жұлдыздар» болуы мүмкін, жеткілікті деңгейде «жұлдыздардың» болуы кәсіпорынынң ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етеді, ал «саумалы сиырлар» «қиын балаларды» қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қоса, тауардың өмір сүру кезеңдерінің әртүрлі кезеңінде нарықтың әртүрлі сегментінде болатынын ескеру қажет:
нөлдік кезең жаңа тауарды зерттеумен және жаңа тауар идеясын жасалуын апробациясымен сипатталады;
бірінші кезең (нарыққа тауарды шығару және енгізу) тауар нарықта табысқа кеңеле ме әлде жоқ па екендігі анықталады;
екінші кезең (сатудың дамуы және өсімі), бұл кезеңде тауар табыс әкеле бастайды. Ол барлық шығындарды тез жабады, алайда жарнамалық қолдауға көп шығындарды талап етеді;
үшінші кезең (кемелдену) – тауар тұрақты нарыққа ие, сұранысқа ие және тұрақты табыс әкеледі;
төртінші кезең ( күшею және құлдырау) – мұнда белгілі және белгісіз себептер бойынша сату көлемі азаяды.
Талдау барысында нақты және әлеуетті бәсекелестерді анықтау қажет, олардың қызметі көрсеткіштерін талдау, олардың бизнесінің күшті және әлсіз жақтарын, қаржылық мүмкіндіктерін, бәсекелестердің мақсаттары және стратегиялары, өнім сапасы, баға саясатын талдау қажет.
Кәсіпорынның баға саясатын талдау
Маркетингтік зерттеулердің аса маңызды бағыттарының бірі тауар нарығындағы кәсіпорынның баға саясаты болып табылады. Баға кәсіпорынның жоспарланған табысын, өнімнің бәсеке қабілеттілігін, оған сұранысты қамтамасыз етеді.
Баға саясаты кәсіпорынның бағасын белгілі деңгейде бекітеді және нарықтағы жағдайға байланысты өзгереді, бұл қысқамерзімді және ұзақмерзімді мақсаттарды қамтамасыз етеді.
Өнімге бағаның қалыптасуының талдау міндеттеріне келесілер жатады:
- шығындар деңгейінде баға сәйкестігін бекіту;
- баға өзгерісіне сатып алушылардың реакциясын анықтау;
- кәсіпорында ынталандырушы бағалар саясаты қалай пайдаланады?
- кәсіпорынның бағаларын бәсекелес-кәсіпорынның бағаларымен салыстыру;
- талданатын кәсіпорынның және бәсекелестің баға қалыптасуының қандай айырмашылығы бар?
- өндірілетін тауарларда баға құрылуы облысында мемлекеттік саясат қандай?
Кәсіпорынның баға саясаты тауардың өмірлік циклдің есепке ала отырып үйлестіру қажет. Тауардың нарыққа ену кезеңінде көп жағдайда «қаймақты қалқып алу» саясаты қолданады. Өсу кезінде баға құрылудың саясаты ұзақмерзімді перспективаға бағдарлану керек. Кемелдену кезінде баға саясаты қысқамерзімді табысты алуға бағытталған, ал құлдырау кезінде жаңа тауар пайда болғанға дейін жеңілдіктерді пайдаланған жөн.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау
Бәсеке қабілеттілік дегеніміз бұл бәсекелес тауар мен кәсіпорынның тауары арасындағы айырмашылықты сипаттайды, бұл айырмашылықтар нақты қажеттілікке, қанағаттандыруға кететін шығындар бойынша болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау сатып алушылардың қажеттіліктерін және нарық талаптарын зерттеуге негізделген. Тауар сұранысқа ие болу үшін, ол белгілі параметрлерге сәйкес болу керек:
- техникалық (тауар қасиеттері, оны пайдалану аймағы және қажет болу облысы);
- эргономикалық (тауар қасиеттерінің адам ағзасының талаптарына сәйкес болуы);
- эстетикалық (тауардың сыртқы келбеті);
- нормативтік (тауардың бар нормативтер мен стандарттарға сәйкес болуы);
- экономикалық (тауардың баға деңгейі, сервис).
Бәсекеге қабілеттілікті талдаудың келесідей міндеттері бар:
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін болжамдау және бағалау;
- оның деңгейіне ықпал ететін факторларды оқыту;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қажет деңгейін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу.
Бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін бірқатар көрсеткіштер пайдаланылады: бірлік, топтық және интегралдық.
Бірлік көрсеткіштері (Q) – бұл бәсекелестің өнімінің параметрлерінің өлшеміне қайсыбір техникалық немесе экономикалық параметрлеріне пайыздық арақатынасын сипаттайды:
,
Мұндағы, Q – бірлік параметрлік көрсеткіш;
Р – зерттелетін бұйымның параметр деңгейі;
P100 – үлгі ретінде алынған, бұйымның параметр деңгейі, адамдардың қажеттіліктерін 100% қанағаттандырады.
Топтық көрсеткіш (G) сарапшылар көмегімен анықталған өлшенген коэффиценттер арқылы бірегей парамтерлер тобы бойынша бірлік көрсеткіштерді біріктіреді (qj) (техникалық, экономикалық, эстетикалық):
,
Интегралды көрсеткіш (J) техникалық параметрлер бойынша топтық парамтерлердің (Gm) экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткішке қатынасы ретінде анықталады: (Gэ): J = Gm / Gэ.
Егер J < 1 болса, талданатын бұйым үлгіден төмен, ал егер J > 1 болса, өз параметрлері бойынша үлгіден жоғары болады.
Тақырып 2.3 Өндірісті талдау және өнімді жүзеге асыру
Талдаудың мақсатттары және міндеттері
Өндірісті талдау 2 бағытта жүзеге асырылады: біріншіден, қаржылық табысты табу тарапынан алғанда, өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру перспективаларын бағалау жасалады, екіншіден, қаржылық – экономикалық салдарлар тарапынан қарастырғанда, өндірісті реттеу бойынша басқарушылық шешімдердің экономикалық салдарлары анықталады.
Нарық жағдайында талдау объектісі ретінде тек қана өндірістік үрдіс ғана алынбайды, ал өндірілген өнімге тапсырыс пен оның төлемі жатады.
Өндірісті және оның жүзеге асырлуына талдаған кезде келесі негізгі кезеңдік міндеттері болады:
Біріншісі маркетингке негізделген және өнімге деген сұранысты зерттеумен, алдыңғы кезеңнің келісімдік міндеттемелерін орындауды талдаумен байланысты болады. Бұл шаралар бар келісімшарттардың кеңейтілуі немесе ұзартылуы кәсіпорынға максималды пайда әкелмеді немесе жоқ па екендігін анықтауға бағытталған.
Екінші кезең кәсіпорынның негізгі құралдарын, материалдық және еңбек ресурстарын пайдаланудың қосымша резервтерін анықтаудан тұрады.
Үшінші кезеңде көлемдері бойынша келісімшарттарды орындау және жабдықтаудың серпінділігі, өнімнің сапасы және кешенділігі бағаланады. Шығындардың сомасы келісімшарттар бойынша уақытылы емес орындау немесе толық емес орындау нәтижесінде және кәсіпорын жұмысының негізгі экономикалық көрсеткіштеріне әсер ету деңгейі арқылы анықталады: жүзеге асырылу көлемі, табыс, рентабельділік.
Төртінші кезең келісімдік міндеттемелердің орындамаудың сыртқы және ішкі себептерін бекітуден тұрады.
Өндірістік бағдарламаның орындау және қалыптастыруды талдау.
Өндірістің, жүзеге асырылудың көлемі натуралды бірліктерде, шартты-натуралдық, еңбектік және құндық өлшеуіштерде көрсетілуі мүмкін. Құндық бағалау үшін салыстырмалы және ағымдағы бағалар пайдаланылады.
Талдауды өнімді шығарудың және жүзеге асырудың серпінділігін зерттеуден бастайды, өсімнің және азшылық өсімнің (прирост) базистік және қатарлық серпінінің есептелуі болады. Сонымен қоса, өндіріс көлемі және өнімді жүзеге асыру салыстырмалы бағаларда анықталады. Бұл базистік кезеңнің бағалары болуы мүмкін. Талданатын кезеңде өндіріс көлемін анықтау үшін оның көлемін алдыңғы кезеңдегі санына сәйкес бағалар индекстерінің көбейтіндісіне бөлу керек
Одан кейін формула бойынша өсімнің орташа жылдық есептеу керек:
.
Өндіріс бойынша орындауды бағалау және өнімді жүзеге асыру нақты мәліметтерді абсолюттік және салыстырмалы түрде жоспарлы мәліметтермен салыстыру арқылы жасалады (жоспарл факт % жоспарға).
Жоспарды орындауды және өнімді жүзеге асыруды талдау барысында келесі көрсеткіштер оқытылады:
- натуралды көріністегі негізгі номенклатура, яғни мемлекеттік келісімшарт бойынша, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жабдықтау, өнімді шығаруды жаңарту;
- тауарлар (жүзеге асыру көлемі), келісімді, жіберу бағаларымен өнімдер, сонымен қоса экспорт;
Номенклатура – дегеніміз кодты нұсқаумен бұйымдар атауларының тізімі, ТМД аймағында өнеркәсіптік өнім топшасында қызмет ететін сәйкес өнімдер түрлеріне бекітілген тізім.
Номенклатура бойынша жоспарды орындауды талдау номенклатураға енгізілген нақты және жоспарлы негізгі өнімдердің шығарылымын салыстыру жолымен жүзеге асыралады.
Келісімшарттық жабдықтауларды жүзеге асырмау, орындамау кәсіпорынның түсімін азайтады, айыппұл санкцияларын төлеуге алып келеді. Сонымен қатар өткізу нарықтарынан да айырылып қалу мүмкін, бұл өндіріс көлеміне әсерін тигізеді. Өнімдерді жабдықтамау сауда ұйымдарына, транспортқа залалын тигізеді.
Өнімнің ассортиментін және құрылымын талдау
Ассортимент – бұл әр тауар бойынша санын көрсетумен бұйымдардың атауларының тізімі.
Ассортименттің толық (барлық түрлері мен әртүрлілігі), топтық (туыстық топтар бойынша) және ішкі топтық ассортимент.
Ассортимент бойынша жоспарды орындауды талдау мейілінше төмен % немесе орташа % бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қоса, жоспардан артық шығарылған немесе жоспарда қарастырылмаған бұйымдар есептеуде пайдаланылмайды.
Өнім құрылымы – жалпы шығарылымдағы жеке бұйымдардың үлестік ара салмағының қатынасы. Құрылым бойынша жоспарды орындау – нақты шығарылымда оның жеке түрлерінің жоспарланған қатынасын сақтап қалу.
Экономикалық көрсеткіштерге оның ықпалын бекіту мақсатында құрылымдық жылжымаларын есептеу үшін келесі әдістер пайдаланылады: орташа бағалар әдісі, тура шоттар әдісі, түйінді қою әдісі, пайыздық айырмалар.
Орташа бағалар әдісін пайдаланған кезде келесі формуламен есептеледі:
,
Мұндағы, - құрылым өзгерсінен өндіріс көлемінің өсімі (төмендеуі)
- есептік және жоспарлы (өндірістік) кезеңде бұйымдар топтарының орташа жіберу бағасы
- есептік кезеңде бұйымдардың нақты шығарылымы;
Барлық бұйымдар бойынша тура шот келесі формула бойынша есептеледі:
,
Мұндағы, - нақты құрылым кезінде өнімнің нақты шығарылымы;
- жоспарлы құрылымда өнімнің нақты кіруі;
Түйінді қою әдісі арқылы құрылымға әсер етуді есептеу:
Дәл осныдай нәтижені өндіріс бойынша жоспарды орындауды есептеу жолымен алуға болады, құндық, натуралды шығарылым көлемі негізінде, құндық көріністегі жоспарлы шығарылымға көбейтеміз.
Өнім сапасын талдау
Өнім сапасы - өз тағайындалуына байланысты белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыратын кәсіпорынның қасиеттер жиынтығы.
Өнім сапасының бірлік, кешендік және жалпылама көрсеткіштерін ажыратады.
Бірлік көрсеткіштері өнімнің тұтынушылық қасиеттерінің бірін сипаттайды (сүт майлылығы, астық ылғалдылығы, кеңдегі металдың құрамы, аққуыздардың құрамы, көмірқышқылдың құрамы және т.б.).
Кешендік көрсеткіштер бірнеше қасиеттерді сипаттайды (құндылығы, сұрыптылығы).
Жалпылама көрсеткіштері оның тағайындалуы мен түріне байланыссыз өнімнің сапа деңгейін сипаттайды (үлестік салмақ, өнімнің қирауы, өнімнің экспорты, жоғары категория және т.б.).
Өнімнің сапасын талдау барысында келесі міндеттер шешіледі:
- өнімнің техникалық деңгейі бағаланады;
- базистік деңгеймен және мүмкін деңгеймен салыстырғанда жеке бұйымдар шегінде осы деңгейдің ауытқулары анықталады:
- параметрлер, сипаттамалар бойынша және оны даярлау және жабдықтау бойынша өнімнің шығарылым құрылымы талданады;
- өнім деңгейінің техникалық өсімін шектейтін факторлар анықталады;
- сапаны жоғарлатудың, қираудың және шығындардың азайуының мүмкіндіктері негізделеді.
Өнімнің сапасын талдауда пайдаланатын ақпарат талданатын объектінің іс жүзінде барлық жақтарын қамтиды. Бұған патенттер, нормативтік-техникалық құжатттар, сынақтар акты, физика-химиялық көрсеткіштердің лабораториялық бақылауының мәліметтері және т.б.
Өнім сапасының экономикалық бағалау деңгейін келесі экономикалық көрсеткіштер бар:
- сәйкес сапа деңгейіне жатқызылатын өнімнің үлестік салмағы;
- экспортталатын өнімнің үлестік салмағы;
- брак өнімдердің көлемі;
- жарнама саны және өнімді жарнамалау үшін кететін қаражат;
- дефекті өнімді тапсыру және т.б.
Соңғы үш көрсеткіш өнімді жасау сапасы бойынша нормадан ауытқуды сипаттайтын көрсеткіштер.
Ақаудың (брак) негізгі себептеріне келесілер болуы мүмкін: жұмысшылар біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі, құрал-жабдықтың ақаулығы, технологиялық үрдістен ауытқу, сақтау шарттарының, көлікпен тасу үрдісінің бұзылуы.
Өнім сапасын талдау алдыңғы кезеңмен нақты мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі, басқа туыстас кәсіпорынның аналогиялық мәліметтерімен де салыстырылады.
Өнім сапасы шығарылымға ТП, жүзеге асырылудан түсетін пайдаға ( және табысқа ықпалын тигізеді.
Шығарылым көлеміне өнім сапасының ықпалы орташа өлшенген баға көмегімен есептеледі:
.
Кәсіпорынның нашар жұмыс сапасын өндірістік ақау (брак) сипаттайды. Бұйымдар бөлімі мен бөлшектері кейіннен қайта жөндеуге, әзірленуге жіберілуі мүмкін (жөнделетін ақау).
Өндірісті ақаудың көлемі толығымен қиратылған бұйымдардың және шығындардың өзіндік құнымен сомасымен анықталады, жөндеуге келетін бұйымдар жөндеуге жіберіледі.
Егер кәсіпорын сұрыптылық бойынша өнімдер шығаратын болса, ТП шығарылымға, түсімге және өнімді жүзеге асырудан табысқа сұрыпты құрамның ықпалы талданады.
Өнімнің шығарылым көлеміне сұрыптылықтың ықпалы абсолюттік айырмалардың әдісі арқылы анықталады, яғни әрбір сұрып бойынша үлестік салмақты сәйкес бағаға, көбейтеміз, алынған нәтижелерді қосады және натуралды көріністе берілген өнімнің түрінің нақты шығарылымына көбейтеді, келесі формула бойынша:
Сұрыптылықтың өзгеруі нәтижесінде өзіндік құнның талдауы келесідей болады:
Одан кейін факторына ықпалы анықталады
Кәсіпорын жұмысының серпінділігін талдау
Өндірістің серпінділігін және өнімді жүзеге асыруды оқыту аса маңызды орын алады. Бірқалыпты (бірдей өнім көлемін бірдей уақыт аралығында шығару) және серпінді шығарылым (сағаттық, тәуліктік жоспарларды орындау, өнндірістің айлық графиктері).
Серпінділікті бағалау үшін серпінділік, вариация және аритмикалық сандары пайдаланылады.
Серпінділік коэффициенттері (Кр) өнімнің жоспарлы шығарылымына (немесе үлестік салмағы бойынша) нақты (бірақ жоспарлыдан жоғары емес) өнім шығарылымының қатынасы арқылы есетеледі.
Вариация коэффициенттері (Кв) орташа квадраттық ауытқудан, жоспарлы тапсырыстан (тәулік үшін) орташа тәуліктік жоспарлы шығарылымына қатынасы ретінде анықталады.
,
мұндағы n – жоспарлы тапсырмалардың саны.
Жоспарлы тапсырманы толығымен орындамау, сонымен қоса оны шамадан тыс орындауда кері құбылыс болып саналады. Аритмикалық бағалау үшін жоспардан оның және теріс ауытқулардың сомаларын қосу арқылы табылады.
Серпінділікті талдаудың нәтижесінде жіберіп алған пайданы айтуға болады. Бұл сәйкес жұмыс тәуліктеріне неғұрлым үлкен және кіші тәуліктік шығарылым арасындағы айырманы көбейту жолымен серпінді емес жұмысқа байланысты болады.
Серпінді емес жұмыстың себептеріне келесілер жатады:
- шикізат пен материалдың уақытылы емес жеткізілуі;
- кәсіпорын кінәсімен энергияны жеткізілмеуі;
- құрал-жабдықтың тұрып қалуы;
- жұмыс уақытының жоғалуы және т.б.
Өнімді жүзеге асыруды талдау
Өнімді жүзеге асыру кәсіпорын құралдарының шеңбер айналымының соңғы, бітіруші кезеңі болып табылады. Оның өлшемдерінен қаржылық – шаруашылық қызмет байланысты болады.
Талдауды жүзеге асырылу көлемі бойынша жоспарды орындауды анықтаудан басталады. Орындау оның тауарлық массасын қамтамасыз ету деңгейіне байланысты болады. Бұл көрсеткішті оқыту үшін тауарлық өнімнің балансы құрастырылады. Ол келесі түрге ие болады:
РП = ГПн + ТОн + ТП - ГПк - ТОк
РП = ОП + ТОн - ТОк,
Мұндағы РП – жүзеге асырылу көлемі;
ГПн, ГПк – жыл басына және соңына сәйкес қоймадағы дайын өнімдердің қалдықтары;
ТП – өнім шығарылымы;
ТОн, ТОк – жыл басына және соңына сәйкес жүктелген тауарлардың қалдықтары;
ОП – өнімдік жүктеу.
Факторлардың ықпалы салыстыру әдісі арқылы жүзеге асады.
Жыл басына ТО және жыл сонына ГП қалдықтардың өзгеру факторлары көрсеткіштердің өзгерісіне кері болатынын естен шығармау керек.
Өнімді жүзеге асырыуды талдау өнімді жеткізу бойынша келісімді міндеттемелерді орындауды талдаумен тығыз байланысты.
Келісімді міндеттемелерді орындау пайызы келесідей есептеледі:
,
мұндағы, ТП0 –келісімді жасау үшін өнімнің жоспарлы көлемі;
ТНн – келісім бойынша өнімдерді жабдықтамау.
Достарыңызбен бөлісу: |