Бағдарламасы (Syllabus) Оқытушы туралы деректер Мухамеджанова Раушан Журтпаевна т.ғ. к., доцент



жүктеу 1.25 Mb.
бет1/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.25 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан тарихы
оқу-әдістемелік кешені
Тарих емес мамандықтар студенттеріне арналған (ППФ, ФМФ)

  1. Пәннің оқу бағдарламасы – (Syllabus)

    1. Оқытушы туралы деректер

Мухамеджанова Раушан Журтпаевна т.ғ.к., доцент

    1. Пән туралы деректер

Атауы: Қазақстан тарихы

Кредиттер саны – 3 кредит

Өту орны № 1 оқу ғимараты
Курстың пререквизиттері: Қазақстан тарихы курсын оқуда археология, этнология, тарихи өлкетану пәндерінің мәліметтері қажет
Курстың постреквизиттері: Қазақстан тарихы курсының мәліметтері жалпы тарих, саясаттану, мәдениеттану пәндерінде қолданылады.
Курстың сипаттамасы

Курстың мақсаты – студеттерді Қазақстан тарихындағы нақтылы оқиғалармен, қазақ халқы және басқа да халықтардың тарихымен таныстыру. Қазақ халқының ғасырлар бойы өз дербестігі, қоғамда демократялық құрылысты құру, осы міндеттерді мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде жүзеге асыру жолындағы күресін көрсету.

Бұл курсты оқыту барсында студенттерге нақтылы тарихи материалдарға методологиялық талдауды игеруге және тарихи процестедің объективті зандылығын ашуға көмектесу.



Пәнді оқытудың міндеттері

Курсты оқытуда студенттердің таным дуниесі оятып, қалыптастыру:



  • адам мен дүниежүзілік ғылымның дамуымдағы жалпытарихы объективті зандылықтарды;

  • қоғам мен жеке адамның дүниеге көзқарасының дамуында білімнің маңыздылығы;

  • қоғамдық процестердің дамуын талдауда тарихи амалдың методологиясын;

  • экономика мен саясаттың себеп – салдарлық байланысын;

  • Қазақстан Республикасының дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін оқыту.

Курс аяқталған соң студент:

Тарихты оқып үйрену – студенттердің дербес зерттеу қызметіне талаптандыратын, олардың өз тұжырымдары мен пайымдауларын талдауға ынталандыратын, өз ойын білдіру қабілетін дамытатын белсенді процесс.



  • теоретикалық аспектілермен бірге әлеуметтік-мәдени аспектілерді бағдарлай білу,

  • студенттерде патриоттық сана сезімнің қалыптасуына өз елінің тарихының даму барысындағы қиындығы мен қасіретін, жетістігі мен қасиетін білу,

  • Қазақстан тарихының даму барысында әлемдік мәдениет пен тарих қорына қосқан үлесін, Қазақстан тарихының әлем тарихындағы алатын орнын дұрыс бағалай білу.

Курстың тақырыптық жоспары








Тақырыптың атауы

Дәріс

Семинар

ОЖ

СӨЖ


СӨЖ




1

2

3

5

6

1

Кіріспе. Қазақстанның тарихи кезеңдері.

2

1

1




2

Сақ кезеңі және Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттер

2

1

1,5

5

3

Ерте және кейінгі ортағасырлар мемлекеттері

2

1

2

5

4

Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде. Алтын орда. Қазақстан ХІҮ-ХҮ ғғ. 1-ші жарт.

2

1

2

5

5

Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.

2

1

2

5

6

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы

2

1

2

5

7

ХҮІІІ ғ. Қазақстан

2

1




5

8

Қазақстанның тәуелсіздіктен айырылуы. Қазақстан Ресей құрамында. Ұлт-азаттық қозғалыс.

2

1

2

5

9

Қазақстан ХХ ғ. басында. Бірінші дуниежүзілік соғыс. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс.

2

1

2

5




Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдарында.

2

1

2

5




ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан

2

1

2

5




ХХ ғ. 40 ж. 2-ші жарт., 60 жж. басындағы Қазақстан

2

1




5




Қазақстан «Кемелденген социализм» кезеңінде (1965-1985 жж.)

2

1




5




Қазақстан қазіргі кезеңде

2

1

2

5




Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуы

2

1

2

2,5




Барлығы

30

15

22,5

67,5

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі







Жұмыс түрі

Тапсырма мазмұны және мақсаты
Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі

Баллдар (рейтинг-шкала бойынша)

Бақы лау түрі

1

2

3

4

5

6

7



ОЖ

СӨЖ


Тест «Қазақстан ежелгі дәуірде»

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана А., 1982


1-ші апта

4,0

Тест-тер



ОЖ

СӨЖ


Тест «Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер»

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Акишев К.А., Кутаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или А., 1963

Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов Л., 1951

Гумилев Л.Н. Хунну М., 1960


2-ші апта

4,0

Тест-тер



ОЖ

СӨЖ


6-12 ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.

А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996

Кумеков Б.Е. Государство кимаков 9-11 вв. А., 1972

Кляшторный С.Г. Древние рунические памятники как источник по истории Средней Азии М., 1964



3-ші апта

4,0

Бақы-лау жұмы-сы

глоссарий





ОЖ

СӨЖ


6-12 ғғ. Қазақстан мәдениеті

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.

А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996

Кумеков Б.Е. Государство кимаков 9-11 вв. А., 1972

Кляшторный С.Г. Древние рунические памятники как источник по истории Средней Азии М., 1964

Аль-Фараби философские трактаты А., 1970

Махмуд Кашкари Түбі бір түркі тілі А., 1993

Қожа Ахмет Яссауи. Диуани хикмет А., 1993


4-ші апта

4,0

реферат



ОЖ

СӨЖ


«Қазақстан моңғол кезеңінде»

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994



5-ші апта

4,0

Крос-сворд



ОЖ

СӨЖ


14-15 ғ. 1-ші жарт. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Мухаммед Хайдар Дулати Тарихи рашиди А., 1969


6-шы апта

4,0

Бақы-лау жұмы-сы, Вен диаграммасын жасау



ОЖ

СӨЖ


«Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы»

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Қазақтар. т.6 А., 1998


7-ші апта

4,0

колоквиум,

глоссарий





ОЖ

СӨЖ


«16-17 ғғ. Қазақ хандығы»

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине 16 в.

Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в 16-18 вв. А., 1971

Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в 16-18 вв. А., 1991

Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в 17-19 вв. А.,1971

Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в 17-19 вв. А, 1959


8-ші апта

4,0

Бақы-лау жұмы-сы



ОЖ

СӨЖ


«ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ халқының материалды және рухани мәдениеті»

Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994.

Қазақтың көне алтыны. Древнее золото Казахстана А., 1983

Қазақтың зергерлік әшекейлері А., 1985

Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Народное декоративно-прикладное искусство казахов Л., 1970

Ибраева К. Казахский орнамент, А., 1994

Очерки изобразительного искусства казахов А., 1977

Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана (Альбом) М., 1970


9-шы апта

4,0

буклет,

глоссарий





ОЖ

СӨЖ


18-19 ғғ. ұлт-азаттық қозғалыс

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Қазақтар. т.6 А., 1998

Вяткин М. Батыр Сырым А, 1947

Кенесарин А. Кенесары Сыздық сұлтандар А., 1992

Бекмаханов Е.Б. Восстание хана Кенесары А., 1992



10-шы апта

4,0

Бақы-лау жұмы-сы



ОЖ

СӨЖ


19 ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 3 том А., 1998

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Бекмаханов Е.Б. 19 ғ. 20-40 жж. Қазақстан А., 1996


11-ші апта

4,0

кроссворд




ОЖ

СӨЖ


Е.Б. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жж.» монографиясын конспектілеу

Бекмаханов Е.Б. 19 ғ. 20-40 жж. Қазақстан А., 1996



12-ші апта

4,0

Конс-пект



ОЖ

СӨЖ


19 ғ. Қазақстан мәдениеті

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Жубанов А. Замана бұлбұлдары А., 1974

Жубанов А. Ғасырлар пернесі А., 1977

Бес ғасыр жырлайды А., 1986



13-ші апта

4,0

Рефе-рат



ОЖ

СӨЖ


ҰОС жылдарындағы Қазақстан

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

Казахстан в период ВОВ Советского Союза 1941-1945 гг. Сб. Документов и материалов А-А,1968

Қозыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта. А-А., 1970

Белан С.К. Казахстацы в боях за свободу Украины и Молдавии в 1941-1944 гг. А-А., 1984

Балақаев Г.Б. Майдандағы Қазақстандықтардың еңбегі А., 1895

Козыбаев М.К., Куманаев Т.А. Соғыста шыңдалған достық А., 1989

Балакаев Т. Колхозное крестьянство Казахстана в годы ВОВ А., 1979

Абишев Г. Казахстан в период ВОВ А-А., 1965

Казахстанцы Герои Советского Союза в 2-х т. А-А., 1965


14-ші апта

4,0

Конс-пект



ОЖ

СӨЖ


«Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси партиялар» бақылау жұмысы

Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында А., 1996

Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы А., 1998



Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер және ұлт саясаты Семей, 1995

15-ші апта

4,0

Бақы-лау жұмы-сы

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ:

  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

  2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

  3. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) А., 1979.

  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997

  5. Назарбаев Н.Ә. Жадымда жаттлсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан, 1998, 16 қантар

  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995.


ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ:

  1. Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана А., 1982

  2. Байпаков К.М., Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан А.,1992

  3. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы А., 1982

  4. Гумилев Л.Н. Хунну М.,1960

  5. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.

  6. А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996

  7. Сөнбес жұлдыздар А., 1989

  8. Махмуд Кашқари. Тұбі бір түркі тілі А., 1993

  9. Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Кихмет А., 1993

  10. Мұхамед Хайдар Дулати //Ұмытылмас есімдер А., 1994

  11. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 2 том А., 1983

  12. Гумилев Л.Н. Қиял патшасын іздеу А., 1991

  13. Кәрімов М.К. Қабанбай батыр //Семей-2000

  14. Кәрімов М.К. Қаракерей Қабанбай батыр қайда жерленген //Қазақстан тарихы, 1995, № 5

  15. Ақынжанов М.Б. Қазақстаның тегі туралы А., 1957.

  16. Қойшығыра Салғарин Қазақты қилы тарихы А., 1982.

  17. Абылай хан Тарихи жырлар 1 том. А., 1993.

  18. Х. Әбішев Аспан сыры. А., 1966.

  19. Бес ғасыр жырлайды А., 1986.

  20. Ахмет Кенесарин. Кенесары және Сыздық сұлтандар А., 1992.

  21. Бес ғасыр жырлайды 1-2 томдар А., 1989.

  22. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары А., 1974.

  23. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. А., 1977

  24. Шоқан Уалиханов Тандамалы А., 1985.

  25. К. Аллаберген Отарлау саясатының ойраңдры. А., 1993.

  26. Рысқулов Т. 1916 ж. көтеріліс //Ақиқат, 1991, № 1-2.

  27. Қойгельдиев М. Алаш қозғалысы А., 1995.

  28. Муқаметқанов Қ. Алаш сиезінің ақиқаты //Жас алаш, 17 сәуір 1992.

  29. Берденева К.Ә., Кубаев Қ.Е. Кәрібай А.Ш. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Оқу құралы А., 1998.

  30. Х. Әбжанов. Мәдени құрылыс ақтаңдақтары //Қазақ тарихы, 1993, ғ 3.

  31. Балакаев Т.Б., Алдажуманов Х.С. Қазақстан еңбекшілері – майданға А., 1979.

  32. Берденева К.А., Кубаев К.Е., Кәрібаев А.Ш. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Оқу құралы А., 1998.

  33. Коммунар Табей Мұзда жанған алау. Көкшетау-Алматы, 1993.

  34. Қабышұлы И. Қазақ қауымы. А., 1997.

  35. Қабышұлы И. Керейлер керуені Өлгий, 1978.

  36. Қазақтар Түркияға қайдан барған //Егемен Қазақстан, 21 желтоқсан, 1991.

  37. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында А, 1996.

  38. Қозыбаев М. Ақтаңбақтар ақиқаты А., 1992.

  39. Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы. А., 1998

  40. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процесстер және ұлт саясаты. Семей 1995.



Білімді бағалау туралы ақпарат
Аудиториялық сабақтарға (дәріс, семинар сабағы) қатысу үшін – 1 балл

Семинар сабағында жауап максималды – 4 балл (әр студент 3 семинарда жауап беруге тиіс)

Өздік жұмыстарды орындағаны үшін максималды балл – 4 балл
Қазақстан тарихы пәні бойынша максималды көрсеткіш – 117 балл

30 дәріс х 1 балл = 30 балл

15 семинар х 1 балл = 15 балл

3 семинар х 4 балл = 12 балл

15 ОЖСӨЖ х 4 балл = 60 балл
Курс бойынша қорытынды баға осы шкаламен қойылады


Баға




Балл

Пайыз %

А

Өте жақсы

4,0

95-100

А-

3,67

90-94

В+

Жақсы

3,33

85-89

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

Қанағаттанарлық




2,33

70-74

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

Қанағаттанарлықсыз

0,00

0-49


2 тарау. Глоссарий
Палеолит – ерте тас дәуірі.

Мезолит – орта тас дәуірі.

Неолит – жаңа тас дәуірі.

Энеолит – мыстытас дәуірі.

Қола – мыс пен қоланың қорытпасы.

Сақтар – Ежелгі Қазақстанды мекендеушілер.

Ұлы Жібек жолы – Маңызды сауда жолы.

Авеста – зороастризмнің иқасиетті кітабы, «Авестаның» авторы Заратуштра деп аталады.

Адат – әдеттегі құқық, ислам таралған елдердің дәстүрлері мен салттарын қамтиды.

Анимизм- жан мен рухқа сенім.

Дін – әлемдегі табиғаттан тыс күш – Құдай жаратқан деген сенімге негізделген, ғылыми түсінікке жат дүниетаным.

Иерархия – жоғарыдан төменге қарай реттелген бүтін бөліктердің немесе элементтердің құрылымы.

Икта – моңғол кезеңінде Орталық Азия мен Қазақстанда кең тараған , алған аумағын, жерді, суды, адамдарды салықтан босатуға құқық беретін шартты түрдегі алажағы (пожалование).

Зекет – шариғатқа негізделген хандар мен сұлтандардың пайдасына малдан алынатын салық.

Ислам – мұсылмандық – дүниежүзілік діндердің бірі. VII ғ. басында Арабияда пайда болған. Исламның діни ілімі Құранда баяндалған. Мұсылман дінінің маңызды ұғымдары – «ислам», «дін», «иман».

Меншік – кез келген субъектіге тиесілі (адамға, отбасыға, қауымға, руға, мемлекетке, т.б.) және бір адамның, заттың толық иелігіндегі мүлік.

Өндіріс дегеніміз – еңбек заты (өнделетін зат), құрал-саймандар және адам күшінің қосылуы. Өндіріс үдерісінде адамдардың өзара әртүрлі қатынастарға түсуін өндірістік қатынастар дейміз.

Ру – өзінің шығу тегін, бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе, өздерін бір атаның ұрпағымыз деп сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы.

Төлеңгіт – хан мен сұлтандар кезіндегі жасақтар, олар, әдетте, тұтқындардан немесе азат етілген құлдардың ішінен, кейбір жағдайларда өзінің рулық қауымынан жырақ кеткен қазақтардан жиналды.

Эпос – ортақ ұлттық құндылық пен ортақ тақырыпқа біріктірілген әңгіме, поэма, батырлық жырлар жиынтығы.

Отан – адамның туып өскен жері, елі, мемлекеті Отаны болып табылады. Адамның азамат болып қалыптасуы, өмірі Отанына байланысты. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Әрбір адам Отан сүюге, Отан мүддесіне қызмет істеуге міндетті.

Отаншылық - өзінің туған халқын, ұлтын сүюшілік, Отан құрметтеу, қорғау, оның гүлденуі жолына қызмет көрсетушілік, Отанға деген сүіспеншілік.

Ашаршылық – тамақтың заттарын жетіспеуі немесе оның жоқтығынан болатын құбылыс. Кеңес өкіметі кезінде, Қазақстанды Ф.И. Голощекин басқарған жылдары халықтын малын, астығын жаппай алудан қазақтар 1932-1933 жж. жаппай ашаршылыққа ұшырап, 2 млн. аса адам қырылды, 1130 млн. аса адам шетелдерге басып кетті.

Қазақ – қазақ ұлты халқының аты. Қазақ халқының шығу тегі ежелгі қола дәуірінен басталды. Қазақ деген ат 15 ғ. екінші жартысында кеңінен тарап, Қазақстанның байырғы халқының аты болып кеткен. Ал «қазақ» деген сөздің шығуы туралы түрлі болжамдар бар. Бұл әліде зерттеуді қажет етеді.

Қанау – бай, алпауыт адамдардың өздеріне кіріптар болып жұмыс істеп, еңбегін пайдалануы және еңбектен тапқан табысының бір бөлігін иемдену.

Мемлекет – Жеке меншіктің пайда болуына, еңбек бөлісімен таптың шығуына байланысты қалыптасады. Тап болған жерде мемлекет болады. Мемлекет өкімет билігінің саяси ұйымы. Мемлекет әскер, полиция, сот тағы басқа орындар арқылы елді басқарды. Тарихта мемлекеттің төрт түрі белгілі.

Отар – ірі елдердің әлсіз елдерді күшпен басып алуы немесе дербестігінен айырылып, кіріптар болып, қанауға душар болған елдер, территориялар. Қазақстан өткен ғасырларда Ресей империясының, 1917 ж. кейін Кеңес империясының отары болып келді.

Өлке – мемлекеттің шет аймағына орналасқан сол мемлекеттің қарауындағы территория, кейіннен жер көлемі үлкен, құрамында бірнеше облыстары болатын әкімшілік территориялық аймақ. Кейде жер көлемі шағын территорияны да өлке деп атайды.

Республика – латын сөзінен шыққан қазақша қоғамдық, бүкілхалықтық дегенді білдіреді, мемлекетті басқару формасының бір түрі. Республикада мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары белгілі мерзімде сайланып қойылады. Жоғары өкіметтік билік сол сайлағандардың қолына беріледі.

Тарих – араб, парсы, сөзі, оның мағынасы зерттеу және оқиғалар туралы әңгіме. Адамзаттың пайда болуы мен алғашқы қауымдық құрылысынан бастап, қазіргі дәуірге дейінгі өмір сүруін, тіршілік жайын, оның өзгеруін, қоғамның дамуы, тоқырауы, өрлеу кезеңдерін жеке дәуірлерге бөліп те және жеке халықтар тарихы ретінде де зерттейді, Қазақстан тарихы Қазақстандағы басқа халықтар және көрші елдер тарихынан, мәдениетінен хабардар етеді.

Тәуелсіздік – мемлекеттің ішіндегі және сыртқы істерін өзі шешіп, өзі басқарып іс жүргізуі, өз билігінің өзінде болуы. Оған басқа өкіметтің араласуына жол бермейтіндігі, әғни саяси толық тәуелсіздігі мен дербестігі.

Хан – көне түркі сөзі – хаған, қаһан дегеннен шыққан. Монарх, тайпа көсемі, әмірші. Қазақ жерінде елді хан билеген. Көрші елдермен қатынас жасау, соғыс жариялау, бітім шартын жасау хан еркіне жатқан. Ол соғыс жағдайында жасақтардың қолбасшысы болған.

Ауыл – шаруа селосы.

Ұжымдастыру – ұсақ шаруашылықтарды үлкен коллективті шаруашылықтарды біріктіру

Отырықшыл – үнемі бір жерде отырып өмір сүру.

Ауыл шаруашылығы – халық шаруашылығының мал, егін, жеміс-жидек өнімдермен айналысатын саласы.

Конфискация – мемлекет қаулысы бойынша бай кулактардың дүние-мүлікін мемлекет пайдасына алу.

Пайда – ұлғалмалы өңдіріс үрдісінде шаруашылық қызметінің жемістігі.

Зиян – ұйымның, кәсіпорынның, шаруашылықтың дұрыс ұйымдастырмауында туатын шығын.

3 ТАРАУ
Дәрістердің қысқаша конспектісі

1 тақырып.

Кіріспе. Қазақстанның тарихи кезеңдері

Дәрістің мақсаты: Қазақстан тарихы курсының мазмұнымен таныстыру. ҚР дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерді көрсету.

Дәріс сұрақтары:

  1. «Қазақстан тарихы» пәні, оның мақсаты мен міндеттері

  2. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі

  3. Қола дәуіріндегі Қазақстан

Әрбір азамат өз елінің өткені мен тарихын білуге, Отан тарихын үйренуге, тәжірибесі мен құндылықтарын келесі ұрпаққа үйретуге міндетті. Қазақ елінің ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы әлемдік тарихтың құрамды және маңызды ажырамас бөлігі болып табылады.

Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып 3 кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды.

Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді.Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – 1 мың мыңжылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі – көшпелі мал шаруашылығына ауысады.

Қола дәуіріндегі экономикалық 2 бағыт – мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.

Қола дәуірінде Сібірдің, қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.

Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі – қазақстан жері. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я.Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты көптеген археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVIғғ.) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғғ.) түгелдей қамтиды.

Қоныстарды мекендеушілер арасында керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.




Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


  1. Ерте палеолит дәуірінің уақытын анықтаңыз

  2. Обыласай тұрағы орналасқан территория

  3. Жаңа тас дәуіріндегі тас өңдеу әдістері

  4. «Энеолит» терминнің мағынасы.


Әдебиет:


  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

  2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

  3. Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана А., 1982


2 тақырып.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет