БАҒдарламасы (Syllabus) Павлодар Пән бойынша оқыту пму ұс н 18. 3/38 бағдарламасы (Syllabus)



Дата09.07.2016
өлшемі184.78 Kb.
#186708
түріБағдарламасы
Пән бойынша оқыту ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

бағдарламасы

(Syllabus)
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы

Топонимика пәні бойынша


050902-Туризм мамандығының студенттері үшін
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)





Павлодар

Пән бойынша оқыту ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

бағдарламасы

(Syllabus)

БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»__________20 ж.


Құрастырушы: г.ғ.д., профессор Қ.Т.Сапаров _______________

оқытушы А.Е.Егінбаева _______________
География және туризм кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Топонимика пәні бойынша
050902-Туризм мамандығының студенттері үшін
Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды

Кафедра меңгерушісі____________________ А.А.Калиева

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___» ________20 ж. Хаттама № _______


ОӘК төрайымы _______________ Ұ.Д.Бүркітбаева

1 Оқытушы жөнінде мәлімет және байланысу ақпараттары:

Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

География және туризм кафедрасы

Профессор Сапаров Қуат Табылдыұлы

Оқытушы Егінбаева Айгүл Есенғалиқызы

Тел. (8-3182) 67-36-85 (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: сәрсенбі – 1200-ден 1300-ге дейін, ауд. № 313а
2 Пән жөнінде ақпарат

Пән 15 аптадан тұратын 5-ші семестрде оқытылады. Пәннің жалпы көлемі 135 сағат, оның ішінде 45 сағат аудиториялық сабақтарға және 90 сағаты пәнді оқу бойынша студенттің өздік жұмысына (СӨЖ) жұмсалады. Сабақтың түріне қарай аудиториялық уақыттың бөлінуі күнтізбелік жоспарда келтірілген.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредит саны

Аудиториялық сабақтардың түрі бойынша сағаттар саны

СӨЖ сағаттарының саны

Бақылау түрі

барлық

дәріс

тәжір.

зерт.

барлық

ОСӨЖ

5

3

45

15

30

-

90

45

емтихан

4 Пәннің мақсаты Қазақстан аумағы және Павлодар облысы топонимиялық кеңістігінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу және географиялық атаулардың қалыптасуының геоэкологиялық негіздерін анықтау болып табылады.



5 Міндеттері:

  • Қазақстан аумағы және Павлодар облысы топонимиясының қалыптасуының тарихи-географиялық жағдайларына талдау жасау;

  • топонимдердің табиғат жағдайларында бейнелену дәрежесін анықтау;

  • халықтың және географиялық терминдерді жүйелеп топтастыру;

  • этнонимдер мен генонимдерді этноэкологиялық тұрғыдан зерттеу;

  • аумақтардың географиялық атауларда бейнеленген флорасы мен фаунасының ерекшеліктерін анықтау;

  • Павлодар облысы палеоландшафттарының қалпына келтіру және табиғи жүйелерді қорғау ісінде топонимиялық деректерді пайдаланып талдау жасау;

  • аумақ топонимдерінің қазіргі кездегі жай күйі және ондағы мәселелерді шешу жолдарын көрсету.


Білімге, икемділікке және дағды машықтарға қойылатын талаптар

5 Студент білу керек:

- Қазақстан мен Павлодар облысында кездесетін халықтық және географиялық терминдер;

- Топонимдердің жіктелуі және олардың анықтамасы.

Студент істей білу керек:

- алған теориялық білімдерін іс-тәжірибеде қолдану;

- картографиялық әдіс негізінде топонимдерді кескін картаға түсіре және оқи білу;



- тарихи-мұрағаттық материалдарға талдау жасау.

6 Пререквизиттері: «Топонимика» курсын меңгеру үшін халықаралық туризм географиясы, этнография мен этногеография негіздері, әлемнің туристік-экскурсиялық нысандары, рекреациялық география пәндері бойынша алдын-ала білім алуды қажет етеді.


7 Постреквизиттері: ономастика мәселесіне байланысты материалдар, Қазақстанға байланысты топонимиялық материалдар, топонимиялық сөздіктер, көне түрік, иран, парсы және т.б.кірме топонимдердің ақпараттық жүйесі.
8 Пәннің тақырыптық жоспары



р/с


Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ


1

2

3

4

5

1

Топонимика пәні. Зерттеу нысаны.

0,5

2

5

2

Топонимдер жіктемесі.

0,5

2

5

3

Табиғи географиялық нысан атаулары.

1

2

5

4

Палеотопонимдер.

1

2

5

5

Географиялық атаулардың ақпараттылығы және аталым заңдылықтары.

1

2

5

6

Топонимикалық зерттеулердегі картографиялық әдіс.

1

2

5

7

Қазақстан оронимдерінде табиғат жағдайларының бейнелену дәрежесі.

1

2

5

8

Су нысандарының атаулары (гидронимдер).

1

2

5

9

Қазақтың жалқы атауларының қалыптасуы мен қызметіндегі географиялық терминдердің рөлі.

1

2

6

10

Қазақстан топонимдерінің өсімдік жамылғысындағы бейнелену дәрежесі.

1

2

6

11

Қазақстан топонимдеріндегі жануарлар дүниесінің бейнелену дәрежесі.

1

2

6

12

Жер беті жамылғысы, жер бедері, ландшафт ерекшеліктерінің топонимдердегі көрінісі.

1

2

6

13

Топонимдердің қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік-экономикалық факторлар.

1

2

6

14

Космонимдер – ғарыштық нысан атаулары.

1

1

5

15

Далалық топонимиялық зерттеулер.

1

1

5

16

Топонимика және мектеп географиясы.

0,5

1

5

17

Туристерге географиялық атаулар жөнінде.

0,5

1

5

БАРЛЫҒЫ:

15

30

90



9 Пәннің қысқаша мазмұны

«Топонимика» курсы – географиялық атаулардың қалыптасу кеңістігін географиялық тұрғыдан емес, сонымен қатар тарихи-лингвистикалық, геоэкологиялық тұрғыдан да сипаттап, ондағы өзгеріс заңдылықтарын анықтайды. Сондықтан қазіргі уақытта бұл пән жеке ғылым саласы ретінде дамып, қоғамда маңызды сипатқа ие болып отыр.

Жер-су аттарының мағынасын, пайда болу, қалыптасу, тұрақтану және дұрыс жазылып, айтылу заңдылықтарын зерттейтін топонимика ғылымы қазіргі уақытта жанданып жеке ғылым саласы ретінде дамып келеді. Әрбір мемлекеттің аумағында сан мыңдаған географиялық атаулар (топонимдер) бар. Географиялық атаулар өткен заманымыздың болмысын, тарихын, материалды және рухани өмірін, яғни адамзат пен табиғат арасындағы өзара ықпалдасу арасындағы қазіргі замандық геоэкологиялық жағдайды анықтайды.
10 Курстың компоненттері

Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны

1 тақырып. Топонимика. Зерттеу нысаны.

Топонимика ғылымының дамуының теориялық және әдістемелік негіздері. ТМД елдері, Қазақстан Республикасы және Павлодар облысының топонимикасы. Қазақ ономастикасының дамуы.

2 Тақырып. Топонимдер жіктемесі.

Географиялық және халықтық-географиялық атаулардың жіктемесі және зерттеу әдістемесі. Антропоним, этноним, геноним, ороним, гидроним, ойконим, комоним, хороним және т.б. географиялық және халықтық географиялық атауларды кесте және диаграмма жүзінде толтыру (Ғ.Қоңқашпаев бойынша) Қазақстан және Павлодар облысы негізінде.

3 Тақырып. Табиғи географиялық нысан атаулары.

Қазақстан топонимдерінде физикалық-географиялық жағдайлардың бейнелену дәрежесі.

4 Тақырып. Палеотопонимдер.

Палеотопонимдер, тастағы жазбалар көне, соңғы құжаттармен айғақталған палеотопонимдер. Тастағы таңбалар, палеотопонимдер. Руникалық жазбалардағы (археонимдер) палеотопонимдерді анықтау.

5 Тақырып. Географиялық атаулардың ақпараттылығы және аталым заңдылықтары.

Аталым қағидасы. Географиялық атаулардың негізгі заңдылықтары. Географиялық позитивтілік және негативтілік.

6 Тақырып. Топонимикалық зерттеулердегі картографиялық әдіс.

Топонимикада картографиялық әдістердің пайдалану дәрежесі. Нүктелік, белгілік шартты белгілер. Кескін картаға шартты белгілер арқылы топонимдерді түсіру.

7 Тақырып. Қазақстан оронимдерінде табиғат жағдайларының бейнелену дәрежесі.

Қазақстан және Павлодар облысының топонимдерінің табиғат жағдайларының бейнелену дәрежесі. Жер бедері ерекшеліктерінің топонимдердегі көрінісі. Индикатор-терминдер. Олардың таралу ерекшеліктері. Оронимдер топтамасы кестесін құрастыру. Оронимдер картасын кескін картаға түсіру.

8 Тақырып. Су нысандарының атаулары (гидронимдер).

Гидронимдердің табиғат жағдайларында бейнелену дәрежесі. Өзен, көл басқа да су нысан атаулары. Гидронимдер кестесін құрастыру, микрогидронимдер. Кескін картаға микрогидронимдер және антропогендік әрекеттердің топонимдердегі көрінісін түсіру.

9 Тақырып. Қазақтың жалқы атауларының қалыптасуы мен қызметіндегі географиялық терминдердің рөлі.

Қазақстан Республикасы және Павлодар облысының тілдік қабаттар стратиграфиясы. Түркі-қазақ және араб-иран, моңғол қалмақ, славян тілдерінен енген қабаттардың топонимдердегі таралу заңдылықтары. Тілдік қабаттар этимологиясын анықтап, тілдік қабаттар ерекшеліктерін құрастыру. Қазақстан климатын анықтайтын топонимдер топтамасы. Геологиялық құрылым және пайдалы қазбаларды анықтайтын топонимдер топтамасы. Кескін картаға климат жағдайларын анықтайтын топонимдерді түсіру.

10 тақырып. Қазақстан топонимдерінің өсімдік жамылғысындағы бейнелену дәрежесі.

Қазақстан және Павлодар облысының өсімдік дүниесін анықтайтын топонимдер. Фитонимдер шоғыры. Кескін картаға өсімдік және жануарлар дүниесін түсіру (Павлодар облысы бойынша).

11 Тақырып. Қазақстан топонимдеріндегі жануарлар дүниесінің бейнелену дәрежесі.

Зоотопонимдер. Қазақстан Республикасы және Павлодар облысының жануарлар дүниесін анықтайтын топонимдер топтамасы. Дәстүрлі мал шаруашылығы жөнінде реферат жазу.

12 тақырып. Жер беті жамылғысы, жер бедері, ландшафт ерекшеліктерінің топонимдердегі көрінісі.

Жайылымдық терминдер топтамасы. Қазақстан Республикасы және Павлодар облысының жайылымдық атауларын және терминдерін кесте жүзінде құрастырып, экологиялық тұрғыдан сипаттама беру. Ғ.Қоңқашпаев, К.Д.Каймулдинова, Қ.Т.Сапаров т.б. ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, диаграмма құрастыру.

13 тақырып. Топонимдердің қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік-экономикалық факторлар.

Дәстүрлі шаруашылық, тұрмыс-тіршіліктің көрінісін карта сызба арқылы кескін картаға түсіру. Шаруашылық түрлерін (аңшылық, марал, балық, егіншілік, омарта, ежелгі кен орындары) анықтау. Реферат жазып келу. Адам және жануар денесінің мүшелерін анықтайтын топонимдер (метафоралық терминдер), олардың жіктемесін құрастыру.

14 тақырып. Космонимдер – ғарыштық нысан атаулары.

Дәстүрлі шаруашылықтағы ауа-райын болжау әрекеттері.

15 тақырып. Далалық топонимиялық зерттеулер.

Павлодар өңірінің палеоландшафтарын топонимикалық зерттеу арқылы дәлелдеу.

16 тақырып. Топонимика және мектеп географиясы.

Қазақстан және Павлодар облысы топонимдерінің қалыптасуының геоэкологиялық негіздері.

17 тақырып. Туристерге географиялық атаулар жөнінде.

Табиғатты қорғау қағидаттары. Кескін картаға Павлодар облысының табиғи-рекреациялық ресурстар картасын түсіру. Қазақстан қорықтары және байырғы (көне) қорықтар жөнінде реферат жазып келу.
Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
Тақырып 1. Топонимика.Зерттеу нысаны.

Топонимика оқытудың негізгі алғышарттары.



Тақырып 2. Топонимдер жіктемесі.

Зерттеу нысаны. Географиялық және халықтық-географиялық атаулардың жіктемесі. Антропоним, геноним, этнонимдер.



Тақырып 3. Табиғи географиялық нысан атаулары.

Павлодар облысының елді-мекен атауларын топтастыру. Тарихи деректер негізінде елді-мекен атауларының тарихын зерттеу және анықтау.


Тақырып 4. Палеотопонимдер.

Тарихи деректер, жазбалар негізінде сақ-сармат, ғұн, түркі, моңғол-қалмақ тілдерінен енген көне топонимдерді топтастыру. Карта, диаграмма жүзінде Қазақстанның Солтүстік-шығыс, Шығыс Қазақстан өңірлерінің стратиграфиялық қабаттарын анықтау. Сөздікпен жұмыс.



Тақырып 5. Географиялық атаулардың ақпараттылығы және аталым заңдылықтары.

Географиялық атаулардың ақпараттылығы және аталым заңдылықтары тақырыбына реферат жазу.



Тақырып 6. Топонимикалық зерттеулердегі картографиялық әдіс.

Топонимикалық карталарды картографиялық әдістер арқылы құрастыру. Түрі және әдістері. Тарихи-географиялық, картографиялық геоэкологиялық, статистикалық, ГАЖ технологиясы және т.б. тарихи карталар мен жазбаларды пайдалану.



Тақырып 7. Қазақстан оронимдерінде табиғат жағдайларының бейнелену дәрежесі.

Табиғат жағдайларында топонимдердің көрініс табуы. Оронимдер топтамасы. Халықтық-географиялық терминдерді топтастыру.



Тақырып 8. Су нысандарының атаулары (гидронимдер).

Топонимдердің табиғат жағдайларындағы бейнелену дәрежесі. Халықтық географиялық терминдерді топтастыру.



Тақырып 9. Қазақтың жалқы атауларының қалыптасуы мен қызметіндегі географиялық терминдердің рөлі.

Славян және монғол (қазақ) тілдерінен енген топонимдер. Кесте және диаграмма жүзінде тілдік қабаттарды анықтау.



Тақырып 10. Қазақстан топонимдерінің өсімдік жамылғысындағы бейнелену дәрежесі.

Ландшафтық өзгерістердегі топонимикалық зерттеулер.



Тақырып 11. Қазақстан топонимдеріндегі жануарлар дүниесінің бейнелену дәрежесі.

Павлодар облысының зоотопонимдері мен фитонимдер топтамасын құрастыру.



Тақырып 12. Жер беті жамылғысы, жер бедері, ландшафт ерекшеліктерінің топонимдердегі көрінісі.

Ландшафт өзгерістерін анықтаудағы топонимикалық әдістерді анықтау.



Тақырып 13. Топонимдердің қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік-экономикалық факторлар.

Этнографиялық, дәстүрлі шаруашылықтың сипаттамасы. Этнонимдер мен генонимдер. Павлодар облысының дәстүрлі шаруашылық және генонимдер картасын кескін картаға түсіру.



Тақырып 14. Космонимдер – ғарыштық нысан атаулары.

Ауа-райы жағдайы мен табиғи ресурстарды анықтайтын топонимдер. Анемонимдер мен метеонимдер.



Тақырып 15. Далалық топонимиялық зерттеулер.

Далалық камеральды зерттеулер.



Тақырып 16. Топонимика және мектеп географиясы.

Түске байланысты (ақ, қара, сары, қоңыр т.б.) түркілік топонимдерді диаграмма жүзінде топтастыру.



Тақырып 17. Туристерге географиялық атаулар жөнінде.

Табиғатты қорғау мәселелерінің топонимдердегі көрінісі. Топонимикадағы туристік зерттеулер, Туристік маршруттар мен атаулар.



СӨЖ мазмұны




СӨЖМ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысуы

20

2

Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

25

3

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Ауызша сұрау

Конспект

30

4

Бақылау шараларына дайындық

-

МБ 1, МБ 2, (тестілеу және басқалар)

15

Барлығы:

90


Ағымдағы үлгерім мен межелгі бақылау бойынша салмақты үлестердің бөлінуі




р/с

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақты үлестері

1

Емтихан

Ағымдағы үлгерім

0,7

Межелгі бақылау

0,3


Қорытынды бақылау мен ағымдағы үлгерімді бақылау бойынша салмақты үлестердің бөлінуі




р/с

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақты үлестері

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау

0,6


11 Курстың саясаты

Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе ортасында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де сабақта жоқ деп есептеледі.

Сабақтардағы кез келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:


  • Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;

  • Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.

Талаптар мен айыпты санкциялар:

  1. Оқу процесіне белсенді қатысу.

  2. Сабаққа кешікпеу.

  3. Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.

  4. Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.

  5. Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау

  6. Босатылған дәрісті өздігінен игеріп тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.

7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.

Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.



Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:

  1. Дәріс сабақтарына қатысу

  2. Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық тәжірибелік, зертханалық жұмыстар мен СӨЖ орындау мен қорғау

  3. Білімдердің шекті бақылауы

  4. Емтихан (сынақ) бағасы

Білімді бағалау баллдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті баллдар санын жинау үшін студент барлық дәріс, тәжірибелік, зертханалық сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.

Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.

Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.

Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:

Орынды себеппен зертханалық жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 1 баллға төмендетіліп бағаланады.

Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді).

Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген жауап төмендегідей бағаланады:

-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;

-75 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;

-75 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;

-85 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;

-50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;

-0 балл – жауабы болмаған жағдайда.



Әдебиет
Негізгі:

  1. Каймулдинова К. Қазақ топонимдерiнiң этноэкологиялық негiздерi: Оқу құралы.-Алматы: Ғылым, 2001. -92б.

  2. Куанганов Ш.Т. Арий-гунн сквозь века и пространство: свидетельства, топонимы. -2-е изд., перераб. и доп. -Астана: Фолиант, 2001.-252с.

  3. Куанганов Ш.Т. "Арий- гунн" сквозь века и пространство:свидетельства, топонимы.- Алматы: Бiлiм, 1999.- 207с.

  4. Малолетко А.М. Географическая ономастика: учеб. пособ. для студ.спец. "география"/ А. М. Малалетко. -Томск: Изд-во Том.ун-та, 2004. -198 с.

  5. Малолетко А. М. Палеотопонимика / ТГУ им. В. В.Куйбышева; А.М. Малолетко.- Томск: Изд- во Том. ун-та, 1992. -264 с.

  6. Орталық Қазақстанның жер-су аттары. -Алматы: Ғылым, 1989. -217 б.

  7. Топонимия Республики Казахстан: Наименование населенных пунктов и крупных физико-географических объектов / Под ред. Джанузакова Т.С. -Алматы: КазгосИНТИ, 2001

  8. Сапаров Қ.Т. Екiбастұз өңірінің жер-су аттары / Қ.Т.Сапаров. -Павлодар: ЭКО, 2008. -251 б.


Қосымша:

  1. Павлодар облысының топонимиясы: Успен ауданы: "Прометей" бағдарламасы бойынша=Топонимия Павлодарской области: Успенский район: В рамках программы "Прометей" / Т.А.Енсебаев, Б.Қ.Қосаяқов, Қ.Т.Сапаров және т.б. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2003. -75б.

  2. Павлодар облысының топонимиясы: Ертiс ауданы: "Прометей" бағдарламасы бойынша=Топонимия Павлодарской области: Иртышский район: В рамках программы "Прометей" / Т.А.Еңсебаев, Б.Қ.Қосаяқов, Қ.Т.Сапаров және т.б. -Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2003. -123б.

  3. Павлодар облысының топонимиясы: Лебяжi ауданы: "Прометей" бағдарламасы бойынша=Топонимия Павлодарской области : Лебяжинский район: В рамках программы "Прометей" / Қ.Т.Сапаров, Т.А.Еңсебаев, А.Г.Богомолова, А.А. Оразалинова. -Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2005. -147 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет