Күрделі баяндауыш |
Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары
|
Машина баяу жүріп келе жатыр.
|
күрделі етістік
|
Ол музыканы, ен–күйді жақсы көретін адам еді.
Келе жатқан үшеу екен.
|
есім сөздер мен көмекші етістіктер
|
Осы – Тереңсайдың тұсы.
|
ілік септікті есімдер мен көмекші есімдер тіркесі
|
Біздің сыныптағы озаттар он үш.
Кореяның территориясы – 220 мың шаршы километр.
|
күрделі сан есімдер, шаманы, мезгілді білдіретін сөздер
|
Оның көңілінің алалығы жоқ еді.
Ол келуге тиіс екен.
|
жоқ, бар, тиіс т.б. сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі
|
Біз оқуға бел байладық.
|
тұрақты сөз тіркестері(идиомалар)
|
1-жаттығу.Кестеге қарап өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
2-жаттығу. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.
1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).
3-жаттығу. Сұхбатқа астындағы қажетті сөздердің тиістісін енгізіңіз.
- Кеше күндіз маған достарым ... .
- Сендер не істедіңдер?
- Біз музыка ... , ән ... , ... .
- Ертең сен маған кел.
- Біз не істейміз?
- Музыка ... , ... .
- Жақсы, ... .
- Сау бол!
- Сау бол!
Қажетті сөздер: әңгімелестік, тыңдаймыз, келді, айттық, әңгімелесеміз, айтамыз, келеді, тыңдадық, келемін.
4-жаттығу. Көшіріңіз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңыздар.
Шығыс Сібірде көктем кеш басталады, өте қысқа болады. Көктемнен кейін лезде жаз басталады. Сібірдің жазы жылы, оңтүстігінде тіпті ыстық болады. Жазы да ұзақ болмайды, қысы тез басталады. Күні ашық, ауа райы жақсы болады. Жауын–шашын жаз айларында жауады. Қыста шанамен жүреді.
VII сабақ. Түсті металлургия саласындағы терминология
Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Түсті металдар өндірісі бойынша негізгі термин сөздерді талдау. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.
1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:
ұсақталу, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы, қалайылы қола, металл емес материалдар, қыш, шыны, пластикалық масса.
2. Сөздер мен сөз тіркесін қазақ тіліне аударыңыз.
измельчение, медь, цинк, свинец, олово, оловянная бронза, неметаллические материалы, керамика, стекло, пластические массы.
3. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.
-
К материалам цветной металлурги принадлежат важнейшие цветные металлы - алюминий, медь, цинк, свинец, никель, олово и сплавы на их основе. К металлическим материалам относятся и материалы порошковой металлургии. Неметаллические материалы различают по основным классам: резина, керамика, стекло, пластические массы. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
-
Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндама жазаңыз.
Қарастырылған қорғасындық материалдарды қайта өндеу тәсілдердің кез келген түрдің көмегімен алынған қара қорғасын, күрделі қорытпа болып табылады да, оның құрамында асыл металдар, мыс, қалайы, сурьма, мышьяк, висмут, мырыш және т.б. қоспалар кездеседі. Қара қорғасынның құрамында осы металдар аз мөлшерде болады (2-8 %). Бірақта олардың кейбіреулердің құны, мысалы асыл металдардың, қара қорғасынның құнынан асады, сондықтанда оларды қорғасыннан шығару металлургияның басты мәселесі болып табылады. Ал кейбір металдар, қорғасында аз мөлшерде кездеседі, оның қасиеттерін өзгертіп, оны өнеркәсіпке жарамсыз етеді. Сонымен бірге осы металдар қорғасыннан асыл металдарды алуға бөгет жасайды.
Қорғасынды тазарту өте күрделі және қымбат процесс, және де ол нәзік химиялық технологияға негізделген. Қара қорғасынды тазарту процесі бірнеше операциядан тұрады да, олардың орындалу реті қорытпалар мен қоспалардың қасиеттеріне байланысты болады. Қара қорғасынды тазартудың ең ұтымды жолы – пирометаллургия. Ол келесі операциялардан құралады.
1 Мыссыздандыру – балқыманы суытқаннан кейін, сульфидтеу арқылы мысты бөліп шығару және оны штейнге көшіру, ең сонында қарапайым күкірт көмегімен балқыманың соңғы тазарту жұмысы орындалады.
2 Теллурсыздандыру – ащы натрасы бар натрий көмегімен.
3 Сілтілік тазарту (қорғасынды жұмсарту) ауа оттегісімен тотықтыру және ащы натра балқымасындағы селитра көмегімен қалайыны, мышьякты және сурьманы шығару.
4 Күміссіздендіру – мырыш көмегімен күміс пен алтынды шығарады. Осы кезде қорғасын мырышпен ластанады.
5 Мырышсыздандыру – келесі тәсілдердің біреуімен: ауамен тотықтыру, сілтілік балқымада, вакуумда айдау, хлорлау. Отандық зауаттарында осы операцияларды сапалы тазартумен бірге біріктіреді.
6 Висмутсыздандыру – кальций, магний және сурьма көмегімен жасалынады, бірақта қорғасын осы реагенттермен ластанады.
7 Сапала тазарту – күйдіргі натрмен селитра қатысуындағы тотығу арқылы немесе хлорлау көмегімен кальций, магний, сурьманы, ал кейде мырышты да шығарады.
Әрбір тазарту операция кезінде түсірмелер пайда болады (аралық өнім), оларға қоспалар мен қорғасынның аз бөлігі өтеді. Түсірмелер дербес түрде қайта өнделеді.
Соңғы тазартудан шыққан өнімнің басты қоспалардың мөлшері регламентке сай болуы тиіс. Қорғасын зауыттарында шығарылатын СО (99,992 % Pb), С1 (99,985 % Pb), С2 (99,95 % Pb) және С3 (99,90 % Pb) қорғасында өнеркәсіптің түрлі салаларында кең мөлшерде қолданылады.
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мыссыздандыру дегеніміз не?
2. Сілтілік тазартуға анықтама беріңіз?
3. Сапала тазарту түсінігі?
4. Висмутсыздандыру дегеніміз не?
5. Күміссіздендіру айтып беріңіз?
6. Мырышсыздандыру түсіндіріп беріңіз?
Пысықтауыштың түрлері. (виды обстоятельства)
Түрі
|
Сұрақ
|
Мысал
| -
Мезгіл пысықтауыш
(время)
|
Қашан?(когда?)
Қай кезде? (в какое время)
|
Ертең жаңбыр жауады.
Асқар кіргенде есік ашылды.
| -
Мекен пысықтауыш
(места)
|
Қайда?(где? куда?)
Қайдан?( откуда?)
Қалай қарай?
(в какую сторону?)
|
Мен дүкенге барамын.
Әсет футболдан келе жатыр.
Ол сатымен жоғары көтерілді.
| -
Қимыл-сын пысықтауыш
(образа действия)
|
Қалай? қайтіп? (как)
Қалайша?
(каким образом?)
|
Ол асықпай келді. Бала жүгіріп келді.
Мен осылайша түсінемін.
| -
Мақсат пысықтауыш
(цели)
|
Не мақсатпен? (с какой целью?)
Неге бола? (ради чего?)
|
Осыны айту үшін келді.
Ойнамақ оймен келген.
Әсемге бола сөйлесті.
| -
Себеп пысықтауыш
(причины)
|
Не себептен?(по какой причине?)
Неліктен? (почему?)
|
Қар қалың болғандықтан сабаққа бармадым.
Ол анасын сүйгендіктен келді.
|
1-жаттығу. Оқыңыз. Пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз.
1. А.В. Суворов бала кезінен әскери адам болуды армандады (мечтал). 2. Жас кезінде өте әлсіз (слабый) әрі аурушаң (болезненный) бала болған. 3. ”Саған әскери адам болу қайда? ”- деп әкесі қалжыңдайтын (шутил). 4. Оған Суворов қатты қынжылатын. 5. Суворов көп жаяу жүрді, атқа мінуді үйренді. 6. Ақыры дегеніне жетіп, ол көп ұзамай әскери қызметке алынды.
2-жаттығу. Сұхбаттағы орыс тіліндегі сөйлемдерді аударыңыз. Пысықтауышты табыңыз.
- Привет, Еркин! Как дела?
- Жақсы, спасибо! Ал сенің ше?
- Рақмет, неплохо. Мен сені бүгін түсте не кешке могу увидеть?
- Иә, конечно.
- Хорошо, менің бөлмеме бүгін вечером приходи.
- Сен где тоқтадың?
- В гостинице “Қазақстан”. Ол Достық проспектісінде, 423 номер.
- 423 номер? Хорошо. Часов в шесть келсем будет нормально?
- Жақсы, до встречи?
- До свидания!
VIII сабақ. Техникалық және өндірістік қауіпсіздікке қатысты сөздер мен сөз тіркестері.
Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.
1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері.
Коррозия әсері, бөлінгіш газ, сұқпажақ, цех, мырыш, ақ шойын, қышқылдық шеген, морттық, бүріккіш, байыту фабрикасы, аралық фаза, алау, тығыздау, қажу, орташаландыру, серпімділік, жарықшақ, сызат, жарықшақтөзімділік, отқабыр, пеш жабуы, балқыту температурасы. кешендік қызмет, байланыстың телефон арналары, үйлестіру құралдары.
2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Техникалық күтімнен кейін қолданылған барлық құрал – саймандарды жинап, өрт шықпас үшін май қалдықтарын жою керек.
Пеш ішінің техникалық күтімі, жөндеу, реттеу кезінде қолданушы қауіпсіздік үшін жауап береді.
Пештің жұмыс жасап тұрған кездегі өткізілетін арнайы жұмыстар персонал үшін үлкен қауіп – қатер тигізуі мүмкін. Сондықтан, келесі ережелерді орындау керек:
Кейбір ерекше жағдайларда, арнайы техникалық күтім жасаған кезде, жұмыскерлер персоналы міндетті түрде толығымен немесе жартылай сөндіріп, қорғаныс құрылғыларын ашу керек. Техникалық күтімнен кейін, жұмыскерлер персоналы жөнделген бөліктердің жұмысын қалпына келтіру керек.
Жұмыс қалпына келгеннен кейін, жұмыскерлер персоналы жұмыс рәсімі аяқталған соң, қауіпсіздік ережелері қамтамасыз етілгенін тексеру керек.
Жүйенің жұмыс жасап тұрған кезде, персонал үшін қауіпті жағдайларды болдырмау үшін, қауіпті аймаққа кіретін жолдар есіктермен жабдықталу керек. Есік кілттері операторда болуы тиіс.
Балқытушы қауіпсіздік ережелерін біліп, қатаң түрде сақтау керек. Ал әкімшілік қауіпсіз жұмыс үшін қалыпты жағдай жасау керек.
Балқытушы ретінде жұмысқа жасы 18-ден төмен емес, дәрігерлік куәландырудан, техникалық қауіпсіздік нұсқауынан өткен, қауіпсііз жұмыс тәсілдерін меңгерген, арнайы оқудан өткен, емтихан тапсырған адамдарға рұқсат етіледі. Жұмысқа рұқсат цех өкімімен шығарылады.
Техникалық қауіпсіздік орындалуын бақылауы шеберге, аға шеберге, бөлім бастығына артылады.
Жүк көтергіш машиналар мен механизмдермен жұмыс жасайтын адамдар техникалық қауіпсіздік ережелеріне оқытылу керек және арнайы куәліктері болу керек.
Технологиялық жабдыққа күтім жасаған кезде жұмыскердің міндеті:
а) Әкімшілік тапсырған ғана жұмысты ғана атқару керек. Егер де, жұмыс атқарудың қауіпсіз тәсілдерін толығымен білмесе, әкімшілікке жолығуы керек. Жана жұмыс алған кезде шеберден қосымша нұсқау алу керек;
ә) Жұмыс жасаған кезде ұқыпты болып, басқаларға кедергі жасамау керек;
б) Жұмыс орнына қатысы жоқ адамдарды жақындатпау керек;
в) Істен шыққан жабдықтар мен құрал-саймандармен жұмыс жасамау керек;
г) Жұмыс орнын тазалық пен тәртіпте сақтау керек;
ғ) Жұмыс орнында ақауларды байқаған кезде, тез арада әкімшілікке жеткізу керек. Рұқсатсыз жұмысқа кірісуге болмайды;
д) Міндетті түрде арнайы киімді, арнайы аяқ-киімді және жеке қорғану құралдарын қолдану керек.
Завод аймағында жұмыскер (аулада, ғимаратта, кіре беріс жолдарда):
а) Көпірлі жүк көтергіштің, қозғалып келе жатқан көліктің сигналдарына ұқыпты болу керек;
ә) Көтеріліп тұрған жүк астында тұрмау керек;
б) Өтуге болмайтын жерлерден өтпеу керек, келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтпеу керек;
Тыйым салынады:
а) Қажетсіз, төбе мен металлконструкцияларға көтерілуге;
ә) Зақымданған сымдарға және электр құрылғыларға тиісуг;
б) Еденде жатқан тасымалды электр сымдарға аяқпен басуға;
в) Қорғалмаған көздермен электрпісіруге қарауға;
г) Істен шыққан электржабдықтарды өз еркімен жөндеуге;
Жергілікті жарықтандыру үшін 36 В кернеулікті, ал ауыспалы үшін 12 В кернеулікті қауіпсіз шамдарды қолдану керек. Қуанышсыз жағдай кезінде, дереу дәрігерлік көмек үшін заводтағы дәрігерлік пунктке қаратылып, ауысым бастығына, шеберге хабарлау керек.
-
Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Тыйым салынатын әрекеттер?
-
Технологиялық жабдыққа күтім жасаған кезде жұмыскердің міндеті?
1-жаттығу. Пысықтауыштарды қай сөз табынан екенін айтыңыз.
Ертеңіне түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс тысқа шықты. Бүгінде таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасына шығып, Майбасардың пәтеріне келе жатты. Абай бұл уақытта бала сияқты емес. Жас бозбалаша киінген.
2-жаттығу. Төмендегі сөздерді пысықтауыш ретінде қолданып, “Қалада” тақырыбына сұхбат құрыңыз.
Спорт кешені, автобус, төмен қарай, аялдама, биік ғимараттардың жанынан, ұлттық мұражайға дейін, түске дейін, қыдыру үшін, саяхат жасау үшін.
IX сабақ. Техникалық құжаттамалар тілі (нұсқаулықтар, стандарттар, шарттар және т.б.)
Кәсіби мәтіннің мазмұнын түсіндіру әдістемесі. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Кәсіби мәтіндегі сөздік жұмысы. Кәсіби мәтіндегі аударма практикумы. Мамандық тілін сауатты жазу мен сөйлетудегі амал-әдістер және білімді бақылау формалары (алғашқы, межелік, қорытынды). Кәсіби сөйлеу ортасы және кәсіби іскерлік.
Мамандық тілін сауатты жазу мен мәдениетті сөйлетудегі амал-әдістер және білімді бақылау формалары (алғашқы, межелік, қорытынды). Кәсіби сөйлеу ортасы және кәсіби іскерлік.
1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.
Аустенит, азоттандыру, агломерат, құйма арматура, шойын пеш, балқыту былауы, құйманың бастапқы салмағы, қайтару, құймаларды қағымдау, металл емес кірінділер, металл тұтқырлығы, отқа төзімді балшық, шынықтыру, сұйықаққыштық.
-
Жаңа сөздер мен, сөз тіркестерімен танысыңыз, жаттаңыз
Изложница- құймақалып; известняк – әктас; затвердевание – қатаю; ковка – соғу; кипение металла – металдың қайнауы; ковш заливочный – құю шөміші.
-
Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
В соответствии с современными стандартами углеродистые и легированные стали разделяют на: конструкционные легированные стали, стали обыкновенного качества, углеродистые качественные конструкционные стали, повышенной обрабатываемости (автоматные) стали, рессорно - пружинные стали, подшипниковые стали, углеродистые инструментальные стали, инструментальные легированные стали, литейные стали, коррозионностойкие стали, порошковые стали. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
-
Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Көміртекті қоспаланған болаттарды қандай түрлерге бөлуге болады?
Анықтауыш
-
Тұлғасы
|
Сұрақтары
|
Мысалдар
|
Анықтауыш болатын сөз таптары
|
атау септіктегі сөз
ілік септік тегі сөз
|
қандай?
қай?
неше?
қайдағы?
қай?
ненің? кімнің?
|
Қара торы ат жақты, сұңғақ бойлы адам балуан екен.
| сын есімдер |
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ, Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.
|
зат есімдер
|
Парламентке шешуші дауыспен 269 депутат қатысты.
|
сан есімдер
|
Оспан мынау қимылға тіпті сүйсініп кетті.
|
есімдік
|
Оқыған кітаптарым мені іске бастады.
|
есімше
|
Қайталау – оқытудың анасы
Асанның анасы – инженер.
|
тұйық етістік зат есім
|
Кесте бойынша толықтауыштың жасалу жолымен танысыңыз.
-
Күрделі толықтауыш
|
Күрделі толықтауыштың жасалуы
|
Кеңес Одағының батырымен әңгімелестік
Үй ортасын тең етіп бөлген
Бағдат қарт жиырма бесті еске жиі түсіреді
Құлақ естігенді көз көреді
Баймағанбет келе жатқандарға маңқая қарады
|
зат есімдер
зат есім мен көмекші есім
күрделі сан есімдер
зат есім мен есімше
көсемше мен есімше
|
1-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.
Множество сталей относится к группе машиностроительных материалов с повышенной и высокой прочностью. В этом случае стали разделяют на углеродистые и низколегированные стали, высокопрочные среднелегированные стали, высокопрочные высоколегированные (мартенситно - стареющие) стали. Легированные стали классифицируют по четырем признакам: по равновесной структуре, по структуре после охлаждения на воздухе, по составу, по назначению. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2-жаттығу.Тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар.
1. Елтаңбаның негізгі бояуы - ... түстес.
2. Қазақстан Республикасындағы ... тіл – қазақ тілі.
3. ... ауа райы құбылмалы келеді.
4. Төле би - ... жүздің бас биі болыпты.
5. Менің ... үлкен, жаңа үйі бар.
6. Олар ... тауға қарай кетті.
7. Білім – адам үшін ең ... іс.
8. Әрбір баланың ... анасы, ... әкесі болады.
Керекті сөздер: мемлекеттік, биік, достарымның, Ұлы, тауда, туған, бағалы, алтын.
3-жаттығу.Оқыңыз. Сөйлемдерден анықтауышты табыңыз.
1. Сөзді жылдам жазу тәсілін стенография дейді. 2. Арменияда Шане Церумян ойлап тапқан стенографияның жаңа жүйесі қолданыла бастады. 3. Мұзды мұхиттан соққан суық желді осы қалың орман бізге өткізбейді. 4. Тайганың қары қалың болады. 5. Біздің еліміз бай әрі күшті ел.
4-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, сөздіктің көмегімен аударыңыздар. Мәтіннен жанама толықтауышты теріп жазыңыздар.
Ана тілі
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын, газет-журналдар, радио-теледидар мен кинотеатрдан үйреніп, ана тілін тереңірек білеміз.
Ол – біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі тыныс құралымыз.
Әр халықтың басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз ертегілері, шығарған өлең жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстарының атаулары, көргені, білгені жайлы ұғымдар, ойы, сезімі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқ кездегі кітабы, мектебі жоқ кездегі ұстазы болған.
Әр адам өз ойын ана тілінде жақсы білідіріп, өз шығармасын ана тілінде жақсы жазады.
Ана тілін жақсы білмей сауатты сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Ана тілінің байлығын молынан пайдалана білмеген адам шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайды.
Сұрақтарға жауап беріп, соңынан мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
1. Ана тілі кімнің тілі?
2. Біз ана тілін қалай біле бастаймыз?
3. Тіл қандай құрал?
4. Тіл арқылы атадан балаға не қалады?
5. Ұлт тілін кім жасайды?
X сабақ. Техникалық сипаттамалар: параметр атаулары, көрсеткіштер, өлшем, көлем, жылдамдық, кезеңі, құрамы және т.б. Кесте, диаграмма, график және т.б.
1. Мына сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Абразив материалдар, абсолют қатты дене, абсолют қара дене, абсолют қысым, абсолют температура, ажарлау, өндірісті автоматтандыру, автоматтық пісіру, автоматтық жез, ақық, агрессиялы орта, азоттау, әрекетті көмір, алунд, алюминаттар, алюминий қорытпалары, анодтық жабу, анодтық үрдіс, армко-темір, ареометр, асбест, аффинаждау, баббит, баланс, бандаж илемдейтін орнақ, шөкпейтін металл, ақ күйе, ақ шойын, сұр шойын, асыл металдар мен қорытпалар, өңсіз кендер, боксит, жылдам кескіш болат, вакуумдеу, ванадийлі болат, үйме салмақ, видиа қорытпа, висмут кендері, ылғал өлшегіш, металдардың қайтуы, созу, ирек темір, созу орнағы, тотықтыра қорыту, туынды металл, құйманы қағымдау (шығару), кернеу, жоғары сапалы болат.
2. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.
Первая очередь была запущена в работу 5 ноября 1964 года. В объекты строительства следующих очередей входили объекты передела спекания, что позволило заводу перейти на проектную схему переработки бокситов- последовательную схему Байер- спекание. В АО «Алюминий Казахстана» производство глинозема осуществляется по последовательной, комбинированной схеме Байер-спекание. Данный способ обусловлен химическим составом бокситов, поступаемых на переработку. Все глиноземное производство разбито на три основных цеха, ЦПС, ГМЦ, ЦС. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
3. Мәтінге қажетті сөздікпен танысыңыз.
күйежентектеу –спекания
жоба - проект
нобай –схема
қайта өңдеу– переработка
химиялық құрамы – химическим составом
өндіріс – производство
1-жаттығу.Оқыңыз. Аударыңыз. Бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сөйлем мүшесіне қатысты екенін айтыңыз.
Енді бір сәт Маңғыстау түбіндегі шежіре, аңыздар, айбынды батыр, атақты күйші, ақындар төңірегінен қызықты сырлар шертеді. Мұндағы босаға, есік, кереге, уық сырлы желбақан мүлгіп қалған еді. Ауа тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ. Ұлпан туған ауылына келсе, әке-шешесінің ескі үлкен қоңыр үйі тігулі, бар-жоғы төселулі екен. Оларды бастап келген адам да семіз, биік келген, қара-торы жүзді, қиғаш қас, қара сақалды, қысық көзді Ораз. Көркем шығармада жазушы әдеби кейіпкердің портретін, кәсібін, туып-өскен жерін, адам басындағы күйінішін-сүйінішін суреттейді. Жалаң бас, жалаң аяқ, көйлекшең ғана қалпыммен тысқа шықсам, жаңбыр да нөсерлей төпеп тұр.
2-жаттығу. Төмендегі сөздерді бірыңғай мүше етіп сөйлем құраңдар. Бірыңғай мүшеге ортақ жалпылауыш сөздерді өздерің ойлаңдар.
Үлгі: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақмола – бәрі де Қазақстанның ірі қалалары.- Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы...
1. Қазалы, Жаңақорған және Шардара (Сырдария өзенінің бойындағы су электр станциялары). 2. Көксерке, алабұға, таутан, мөңке, шармай (Қазақстан суларындағы балықтар).
3-жаттығу. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін түсіндіріңіз.
1. Біздің үйдің адамдары мыналар: әкем, шешем, әкемнің әке-шешесі, мен, менің інілерім – Таңатар, Түнқатар. 2. Мінезі де, түрі де–бәрі өзім. 3. Абайдың торқалы тойына талай елдерден қонақтар келді: Қырғызстаннан да, Татарстаннан да, Ресейден де, Франциядан да, Германиядан да... . 4. Шебердің қолымен жасалған сұлулық та, бар тіршіліктің кілті де, ақындық шабыт күйдің құдіреті де – бәрі осы бір жер-анадан, қара жердің бойынан табылғандай. 5. Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы, Қарағанды, Астана. 5. Жүйрік ат, жүйрік тазы, сұлу қыз – бәрі жақсы.Тек сонымен қалып қойсаң, бәрі жаман.
4-жаттығу.Мына сөздерді жалпылауыш сөздер етіп, сөйлем құраңдар да, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.
Бәріне, мыналар, үшеуі, баршасы, студенттер.
XIсабақ. Техникалық әдебиеттегі қысқартылған сөздер мен аббревиатуралар. Халықаралық қысқартулар.
Қара және түсті металлургияда қолданылатын қысқартылған сөздер мен аббревиатуралар, халықаралық қысқартулар. Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.
1. Мәтінге қажетті сөздер мен қысқартылған сөздерді оқыңыз, жаттап алыңыз, аударыңыз.
электрқожда қайта балқыту (ЭҚҚБ), вакуумды–доғалы қайта балқыту ( (ВДҚБ), электронды–сәулелі қайта балқыту ( (ЭСҚБ) және плазма–доғалы (ПДҚБ) қайта балқыту, Техника-экономикалық негіздеме (ТЭН), пайдалы көлемін пайдалану коэффициентін (ПКПК), доғалы болат балқыту пештері (ДББП), дайындаманы үздіксіз құю машиналары (ДҮҚМ).
-
Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз.
-
Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Электрболат балқыту өндірісі.
Пештердің негізгі түрлері. Балқытып алынатын болаттың сорттаменті мен қолданыс аясына қарай электр пештері әр түрлі болып келеді. Оларды екі топқа біріктіріп қарауға болады: доғалы болат балқыту пештері (ДББП) және арнаулы пештер. Үшфазалы және тұрақты токпен істейтін ДББП-де әлемде өндірілетін электр болатының 90%-нан астамы алынады да, қалған 10%-дан аздау жоғары сапалы болаттар арнаулы агрегаттарда балқытылады.
Электр болат балқыту арнаулы пештері екі түрге бөлінеді: 1) ішіндегі отқа төзімді тигельде болат балқып, одан кейін қорамсауытқа немесе ДҮҚМ құйылатын электрпештер; 2) ішінде болат балқуымен сол жерде, сумен суытылатын кристалдандырғыш қуысында қатқан құймакесек алынатын электрпештер (қайта балқытқыш пештер).
Осылардың 1-ші тобына индукциялы ашық, вакуумді, плазмалы тигельді пештер кіреді. 2-ші топқа жататындар – электрқожбен балқыту, доғалы вакуумді, электронды-сәулелі, сумен суытылатын кристалдандырғышы бар плазмалы пештер.
Пештердің сыйымдылығы және өнімділігі.
Цехта орнатылатын пештердің сыйымдылығы артқан сайын сол цехтың ТЭК-і жақсара түседі. Мысалы, 100 танналық пештің орнына 200 тонналық пешті таңдап алғанда цех құрылысына жұмсайтын шығын шамамен 4%-ға азайып, цех өнімділігі 14%-ға көтеріледі. Осыны ескере отырып, жобаланатын цехтағы пешті таңдағанда оның сыйымдылығын 100 тоннадан кем болмайтындай етіп алады.
Пештің өнімділігін анықтау маңызды шара болып табылады. Пеш өнімділігін асырыңқырап алса, ЭББЦ құрылысын салуға жұмсалатын шығын көбейеді. Өнімділікті төмендетіп қабылдаған кезде пештің мүмкіндіктерін толықтай пайдалана алмау қаупі туады. Негізгі, пештің өнімділігі жоғары болса цехтың да ТЭК-і жоғары деңгейде болатыны анық.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
-
ТЭК дегеніміз не?
-
ДББП қысқартылған сөздерді жазыңыз?
-
электрқожда қайта балқыту сөзін қысқартып жазыңыз?
-
Пештердің негізгі түрлерін атаңыз?
-
Цехта орнатылатын пештердің сыйымдылығы артқан сайын сол цехтың қандай көрсеткіші жақсара түседі?
-
Үшфазалы және тұрақты токпен істейтін ДББП-де әлемде өндірілетін электр болатының қанша %-нан астамы алынады?
-
Кестеге мұқият қарап, құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен ерекшелігін атаңыз.
Жайсөйлем
|
Құрмалас сөйлем
|
Құрмаласу тәсілі
|
Жаңбыр жауды.
Жер көгерді.
Күн шықты.
Мал өріске кетті.
Бет қаратпайтын боран болды.
Қамар қалаға бармады.
|
Жаңбыр да жауды, жер де көгерді.
Күн шыққан соң, мал өріске кетті.
Бет қаратпайтын боран болғандық-
тан, Қамар қалаға бармады.
Менің қасымда алты-ақ жауынгер бар: жұмыскерлер төртеу, баламен бесеу.
|
баяндуыштың тиянақты формасы
шылау арқылы
қосымшалар арқылы
интонация арқылы
|
1-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, әрбір сөйлемді жай сөйлем және құрмалас сөйлем түріне ажыратыңыз.
Шаңқай түс. Күн нұрын құйып тұр. Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Қылтанақтаған көк жер бетін әлі жаба алған жоқ. Бусанған жер мұнартыңқырап жатыр. Тасыған сағым көз ұшындағының бәріне сәулет беріп, құбылта түседі. Сол сағымның ішінде ұзын керуен келеді. Керуен басы – Жәнібек. Оның астында - Буданкөк. Ол барынша әнге шырқап келеді (Ғ. Мұст.).
Құрмалас сөйлем
(сложное предложение)
Екі не одан көп жай сөйлемнен құрылып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемде құрмалас сөйлем дейміз.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.
Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер ұзара тиянақты тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салаласқұрмалас сөйлем болады.
Салалас құрмалас сөйлемдер
Сложносочиненные предложения
Ыңғайлас салалас – сочинительные
(да, де, та, те, әрі, және)
Қарсылықты салалас – противительные
(бірақ, сонда да, әйтпесе де, алайда)
Себеп-салдар салалас – причинно-следственные
(себебі, өйткені, сондықтан)
Түсіндірмелі салалас – присоединительные
(сонша, сондай, соншалық, сол, мынау)
Талғаулы салалас – разделительные
(не, немесе, я, яки, болмаса)
Кезектес салалас – временные
(кейде, бірде, біресе)
Ережеге сәйкес өз тарапыңыздан бірнеше мысал жазыңыз.
2-жаттығу.Үлгі бойыша екі жай сөйлемді пайдаланып, салалас құрмалас сөйлем құраңыздар.
Үлгі: Білім-адам үшін ең бағалы іс және сол білімді тарататын құралдардың бірі – көркем әдебиет.
1. Білім – адам үшін ең бағалы іс. 2. Сол білімді тарататын құралдардың бірі – көркем әдебиет. 3. Әрбір мәдениетті адам алдымен әдебиетті жақсы білуі қажет. 4. Әдеби шығармаларды оқу арқылы біз көркемдікті, жақсы мен жаманды түсінеміз. 5. Кітапты түсініп оқу керек. 6. Мазмұнын жазып немесе біреуге айтып бере алу керек.
3-жаттығу.Төмендегі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.
Көктем келді. Күн жерді қыздыра түсті. Ағаштардың бұтағы бүр ашты. Тебіндеп көк шықты. Жыл құстары келе бастады. Алмас қараторғайға үйшік жасады.
XII сабақ. Жоба жазу ерекшеліктері. Жоба құрылымы мен сипаттамасы.
Жоба бойынша тақырып құрастыру және әдебиттер тізімін таңдауға машықтану. Металлургия мамандығы бойынша ғылыми-техникалық әдебиеттер мен мақалаларды қолдануға машықтану. Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.
Қазіргі өндірістік объектілер жобалау техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық сұрақтардың кешенді шешімдерін орындаумен байланысты. Сондықтан дипломдық жобалау тәлімгердің шығармашылық сипаттағы жұмысы болып, инженер даярлаудағы оқу үрдісінің қорытынды кезеңі болып табылады.
Дипломдық жобалау нақты жағдайға жақын орындалу керек. Өндіріс технологиясы, технологиялық және энергетикалық есептеулер, технологиялық режімді негіздеу, негізгі құрал – жабдықтарды таңдау және есептеу толығырақ орындалу керек.
Жобада сметалық және техника – экономикалық бөлімдерге үлкен көңіл бөліну керек. Негізгі цехтың іргелес цехтармен, көмекші бөлімдермен өндірістік байланысы ашылу керек. Сонымен қатар техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария, өндірістік лас суды тазалап залалсыздандыру және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына ерекше көңіл бөліну керек.
Дипломдық жоба екі бөліктен тұрады:
-
түсініктеме жазбасы;
-
графикалық бөлік.
Түсініктеме стандартқа сәйкес А 4 форматында компьютерде терілген 60 – 70 бет мәтіннен тұрады. Графикалық бөлік ең кемі 5 – 6 бет (А1 форматы) сызбадан тұрады.
Дипломдық жоба кафедра шешімі бойынша ғылыми - зерттеу сипатындағы дипломдық жұмыспен ауыстырылуы мүмкін.
Дипломдық жоба шығарғы жұмыс болып табылады да соның негізінде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы (МАК) дипломданушы – тәлімгерге инженер – металлург біліктілігін (атағын) беру туралы шешім шығарады.
2 Дипломдық жоба тақырыбы
Дипломдық жоба тақырыбы актуальды, ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес және өндірістің нақты мұқтаждығына жауап беруі керек.
Дипломдық жобаның объектісі ретінде металлургиялық өндіріс орындарының жаңадан салынатын немесе қайта құрылатын негізгі өндірістік цехтары алынады.
Жобаланатын цехтың өнімділігі (негізгі өнімі бойынша) өндіріс талабымен анықталып немесе тәлімгер іс – тәжірибе өткен цехтың өнімділігінен өзгеше болуы керек.
Арнайы кафедра дипломдық жоба тақырыбын айқындап, оның актуальдігі мен мазмұнына жауапты болып табылады.
3 Дипломдық жоба тапсырмасы
Дипломдық жобаны орындауға берілетін тапсырма жоба тақырыбын ашып, өзара байланыстағы техникалық, ұйымдастырушылық немесе экономикалық сипаттағы инженерлік есептің кешенді шешімін қарастыруы керек.
Техникалық, конструкциялық, ұйымдастырушылық немесе экономикалық сипаттағы бір сұрақ жобаның арнайы тапсырмасы (бөлігі) болып, толығырақ және тереңірек шешімі берілуі керек. Жобаның арнайы бөлігін тәлімгердің курстық ғылыми зерттеу жұмысымен байланыстырған жөн.
Дипломдық жоба тәлімгердің курстық жобасының (жұмысының) кең де терең қарастырылған жалғасы болғаны абзал. Дипломдық жоба тапсырмасында жұмыстың шешімін табатын барлық сұрақтары (соның ішінде электронды есептеу машинасымен) және графикалық материалдың міндетті сызбалары көрсетілуі тиіс.
4 Жоба құрамы мен мазмұны
Жоба құрамы мен мазмұны негізделген жобалық шешімдер, есептеулер мен көрсеткіштер түрінде, графикалық материалмен бірге дипломдық жобада қойылған міндеттерді орындауды көздейді.
Нақты объектіні жобалаудың мемлекеттік жүйесі мына міндеттерді шешуден тұрады:
а) жаңадан салынатын немесе қайта құрылатын өнеркәсіптік объектінің керектігін негіздеу;
б) ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің өндірістік тиімділігі;
в) техникалық құжаттарды жасау – жобаланған объектіні салу және пайдалану сызбаларын жасау.
Түсініктеме жазбасының құрамы
Түсініктеме жазбасының мазмұнына қойылатын жалпы талаптар кәсіпорын (ПМУ) стандарты (СТП СК – 03 - 02) бойынша анықталып, негізінен мыналардан тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және т.б.
Негізгі бөлімге кіреді:
-
Жалпы түсініктеме жазбасы.
-
Бас жоспар мен көлік.
-
Технологиялық шешімдер, энергия қорымен қамтамасыз ету.
-
Еңбекті қорғау
-
Еңбекті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару.
-
Құрылыс шешімдері
-
Табиғи қоршаған ортаны қорғау.
-
Сметалық құжат.
-
Инвестицияның талдауы.
-
Арнайы бөлім.
4 – тарау «Еңбекті қорғау» бөлімі кеңесшінің талаптарына сәйкес жазылады.
5, 8 және 9 – тарау ПМУ – дің “Сала экономикасы” кафедрасының талаптарына сәйкес жазылады.
Жоба жасауға қатысты сөздер тобы:
проект – жоба
проектировать – жобалау
специальная часть – арнайы бөлім
общая пояснительная записка – жалпы түсініктеме жазбасы
генеральный (ситуационный) план и транспорт – Бас жоспар мен көлік
технологические решения, обеспечение энергоресурсами – технологиялық шешімдер, энергия қорымен қамтамасыз ету.
охрана труда – еңбекті қорғау
организация труда и управление предприятием – еңбекті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару
строительные решения – құрылыс шешімдері
охрана окружающей природной среды – табиғи қоршаған ортаны қорғау
сметная документация – сметалық құжат
анализ инвестиций – инвестицияның талдауы
5. Төмендегі сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
жоба – жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
-
Мәтіндегі жобалауға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.
Оборудование склада готовой продукции
Склад готовой продукции – это одно пролетное отдельно стоящее здание, оборудованное мостовыми электрическими кранами и устройством для приёмки, сортировки, упаковки готовой продукции. Основное оборудование предназначено для дробления и сортировки сплавов. Это дробилки щековые сложного и простого качения, грохоты, прессы для измельчения особо прочных сплавов и т.д. Слитки массой 5-5,5 тонн могут дробиться. В сутки в целом производится 96 выпусков. Насыпной вес ФС-45 – 2000кг/м3, вес одного выпуска – 5,5тонн, следовательно, объем одного выпуска составит: 5500/2000=2,75м3. На один выпуск потребуется один короб объемом 3м3.
Количество коробов: N = Z(2+3) + 5% = 96*3 +15 =303 короба,
где Z – количество банок в сутки,
5% - запас.
Потом краном подают на узел дробления, который состоит из бункера, питателя под бункером и щековой дробилки, после которой подается на грохот и делится по фракциям. Для дробления металла в СГП установлены две щековые дробилки СМ-741,ТО-25 с производительностью 25 м3/час. После дробления производится рассев металла на узле рассева. Установлены два узла рассева с ситами, размер ячеек которых – 20мм и 75мм. Готовая продукция загружается в железнодорожные вагоны.
Расчет количества кранов в CГП производится так:
N = Z * τ * K / 2440 *η = 672 * 5 * 1.3 / 2440 * 0.8 = 3.79
где Z – количество операций;
τ – задолженность крана при погрузке;
K – неучтенные операции;
η – коэффициент загрузки крана.
Принимаем в СГП 4 крана грузоподъемностью 16/3 тонн.
-
Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Металды балқыту кезеңіндегі экзотермиялық реакциялар жылуын анықтау
Балқыманың экзотермялық жылуын материалдық баланс арқылы есептеуге болады, бірақ дәлдігі айтарлықтай емес, себебі скраптың әр түрлігінен элементтердің мөлшерін нақты анықтау қиын. Сонымен қатар элементтердің тотығу оттегі мөлшеріне тікелей байланысты. Сондықтан экзотермиялық реакциялар жылуын негізінен электрдоғалы пештерде жүргізілген зерттеу мәлеметтерінен алады. Мысалы, сыйымдылғы аз пештерде (оттегі пайдаланылмаған жағдайда) экзотермялық реакциялар жылуын жалпы жылудың 8-12%-ына тең деп алса, оттегімен үрлеуді қолданылатын үлкен пештерде бұл көрсеткіш-18,8-40,7%[5].
Экзотермиялық реакциялар жылуына графит электродтың тотығуынан бөлініп шыққан жылу да жатады. Тотыққан графит мөлшерін оның тотығу жылу әсерлілігіне көбейту арқылы жылу мөлшерін анықтауға болғанымен, бұл жылу мәнін де мөлшермен ғана есептейді. өйткені электрод көміртегінің бір бөлігі толық жанса (СО2), енді бір бөлігі – шала (СО), тағы бір бөлігі күйе түрінде газбен кетеді, яғни дәл есептеу қиын.
8. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. балқыманың экзотермялық жылуын материалдық баланс арқылы есептеуге болама?
2. балқыманың экзотермялық жылуын материалдық баланс арқылы есептегенде дәлдігі қандай?
3. элементтердің тотығуы қандай элементтің мөлшеріне тікелей байланысты?
Достарыңызбен бөлісу: |