Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет2/31
Дата24.09.2023
өлшемі474.54 Kb.
#478454
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

Курстың міндеті: Болашақ тіл мамандарын стилистика және тіл мәдениеті курсының теориялық негіздерімен таныстыру;
Мәтіндегі стилистикалық қателерді, тілдік нормадан ауытқуды болдырмаудың жолдарын көрсете білуге үйрету;
Ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау үстінде тіл тазалығын, анықтығын, дәлдігін сақтауға баулу;
Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОӨЖ, СӨЖ арқылы студенттердің бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.
Студенттердің стилистикаға, тіл мәдениетіне қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.
Пререквизиттері: Жалпы орта білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәні.
Нормативті қазақ тілі.
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы.
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.
Постреквизиттері: Тіл мәдениеті.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау.
Шешендіктану.
Оқыту әдістемесі: Оқыту негізінен теориялық біліммен қаруландыратын дәрістерден және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын семинар сабақтар түрінде өтеді. Білімді тексеру семинар сұрақтарын талқылау, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары, тест жұмыстары. өзіндік жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде жүзеге асырылады. Курста түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, жинақтау т.б. әдістері қолданылады.
3. Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет /жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша/.
Сабаққа қатысу:
Сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет