Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет15/19
Дата20.02.2024
өлшемі0.97 Mb.
#492504
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Қазақ балалар адебиеті, Ж.Ғ.Мусина

11-СОӨЖ тақырыбы: Сәуірбек Бақбергенов шығармашылығы, тарихи тақырыптағы шығармалары.
Тапсырмалар: Сәуірбек Бақбергенов шығармашылығындағы өзекті мәселелер
Есеп беру түрі: баяндама
СӨЖ тапсырмалары: Мұхамеджан Етекбаевтың шығармашылығы
Есеп беру түрі: баяндама-реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Қазақ балалар әдебиеті. 1974ж

  2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. 1965

  3. Бақбергенов С. Шығармалар жинағы. А.1987

  4. Қазақ-совет балалар жазушылары А1987

  5. Қазақ газет-журналдары (2000-2010)

6.«Сөзстан» -А,1983
7. Ыбыраймов Б. Ой мен сөз.-А,1985
Он екінші апта
12 дәрістің тақырыбы: Мұзафар Әлімбаев және «Балдырған»
Терминдер мен анықтамалар: Балалар психологиясы
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Балалар поэзиясының барынша жатық, тілге жеңіл, көңілге қонымды болуын көп күйттеп, көп іс тындырған ақындарымыздың бірі – Мұзафар Әлімбаев. Баяндалар ой, айтылар оқиға қаншалықты қызықты, әсерлі болғанмен, техникалық жағынан мүлтіксіз орындалмаса, кішкентай оқырман жүрегіне жол таба алмаытыны бесенеден белгілі шындық. Ал ол үшін ақындық талантпен бірге айрықша шеберлік керек.
Мұзафар Әлімбаев – бала психологиясын бажайлап зерттеп, бала мінезін жетік білуге келгенде, үлгі етіп ұстанарлықтай артықшылығы бар ақын. Оның балалар әдебиетіндегі бүкіл творчестволық табысына жан беріп тұрған сиқырлы күштің көзін іздестіретін болсақ, осы ерекшелігіне назар аудармай өту мүмкін емес. Өлеңдерінің дені бала ұғымына бірден қона кететін салмақты ой тудырарлық тартымды оқиға, жеңіл штрихтарға құралады. Бұдан ақынның «арық сөйлеп, семіз шыққанды» ұнататыны, үлкен толғам айтамын деп үстірттікке ұрынбай, қарапайым ғана шындықтан қауқарлы поэтикалық шешім табуға тырысатынын сезінеміз.
Балалар баспа сөзіндегі ондаған жылдарға созылған қызметі, әсіресе 1958 жылдан тұңғыш рет шыға бастаған «Балдырған» журналында бас редактор болуым кішкентайлар әдебиетінің ерекшелігін, өзгешелігін, талап-тілектерін, мұң-мұқтажын зерттеуге себепші болды.
Міне, ширек ғасырдай туақыт ішінде октябряттар әдебиетін қалыптастыру және дамыту мәселелерімен тікелей шұғылданып, белсенді ат салысуыма тура келді. Осының бәрі менің бүлдіршіндерге рухани азық беруге өз үлесімді қосуыма мүмкіндік тудырып, творчествалық қажеттілікке орай, өмірден көріп-біліп алған әсерлеріме, оқып ізднуіме қарай үлкендерге де, балаларға да қатар жазып кеттім. Әрине, үлкендердің сыбағасы қомақтылау болды.
12 практикалық сабақтың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев шығармашылығы.
Тапсырмалар: Жазушы еңбектерінің маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет