Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет20/33
Дата21.10.2022
өлшемі0.54 Mb.
#463100
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, Қ.Ғ.Аронов

10-СОӨЖ тақырыбы:
Тапсырмалар:
а) Түркі тілдерінің сан есім жүйесі; ә) түркі тілдерінің есімдік күрделі тұлғалары; б) түркі тілдерінің еліктеу сөздерінің тұлғалық ерекшелігі
Есеп беру түрі:жазбаша жұмыс ретінде орындап, тапсыру
СӨЖ тапсырмалары: Қазақ ғалымдарының түркі тілінің дамуына қосқан үлесі /бақылау тапсырмалар/.
Есеп беру түрі: реферат немесе жазба жұмыстар күйінде тапсыру.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
Он бірінші апта
11 дәрістің тақырыбы: Түркі тілдерінің есім сөз тұлғасының өзгеру тәсілдері
Қарастырылатын мәселелер:
1.Түркі тілдерінің есім тұлғаларының даму көрсеткіштері.
2. Түркі тілдерінің Зат есім, сын есім, сан есім тұлғаларының тұлғалық көрсеткіштері.
3. Түркі тілдерінің Есімдіктің мағыналық түрлерінің сапалық ерекшеліктері.
Терминдер мен анықтамалар.
Грамматикалық тәсіл – белгілі бір лексикалық, деривациялық және грамматикалық релятивті мән-мағынаны білдірудің грамматикалық жолы, амалы.
Грамматикалық форма – жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер.
Жалғау - Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік. Көптік, септік, тәуелдік ж. зат есімге, заттталған басқа да сөздерге жалғанады. Жіктік ж. жеке сөздерді түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық тұлға. Жалғауда мағыналық дербестік жоқ. Жеке-дара қолданылмайды. Тек лексикалық мағыналы сөздерге жалғанып, әр алуан грамматикалық мағына береді.
Жұрнақ - сөзге, түбірге жалғанып, оған жаңа лексикалық мағына береді, сөйтіп жаңа лексикалық тұлға жасайды. Әрбір жұрнақтың өзіне тән грамматикалық мағынасы, тұлғасы, қызметі болады. Жұрнақ мағынасы мен қызметіне байланысты сөз тудыратын және тұлға тудыратын болып екіге бөлінеді. Тұлға тудыратын жұрнақ өзі жалғанған сөзге аз болса да мағына үстейді, бірақ сөздің негізгі лексика-семантикалық қазығынан алшақ кетпейді. Сөз тудыратын жұрнақ жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа номинативті атау жасайды. Құрамына қарай жұрнақ екіге бөлінеді: жалаң, құранды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет