пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік
анатомияның негізін қалаған
италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
топографиялық анатомия — адам мен жануарлар
организмдерінің белгілі
аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары
мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
салыстырмалы анатомия — әртүрлі
типтер мен кластарға жататын
жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын
салыстырып зерттейді;
түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне
байланысты, олардың дене
құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
түқым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы
салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері
құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
қалыпты анатомия — ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз
қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
сырқаттық (патологиялық) анатомия — ауырған организм дене мүшелерінің
құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен
ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім;
синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім;
миология -
бұлшықеттер туралы ілім;
дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;
спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім;
Достарыңызбен бөлісу: