Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет40/46
Дата01.11.2022
өлшемі385.53 Kb.
#463807
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Адаи

агевзия, кемуі — гипогевзия, ал қалыптан тысқа әуес болушылық — парагевзия деп
аталады.
Дыбыс талдағышының шеткі бөліміне ішкі қүлақта орналасқан
Корти мүшесі, өткізгіш бөліміне д ы б ы с н е р в і, қыртыс бөліміне
самай тұсында орналасқан д ы б ы с е с т у о р т а л ы ғ ы жатады.
Дыбыс талдағышының ең шеткі бөлімі - құлақ үшке бөлінеді: сыртқы,
ортаңғы және ішкі кұлақ болып.
Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер
көп болады. 1 жасқа дейін күлақ түтігі өсіп, үзарып, кеңейеді. Дабыл
жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға кара-ганда анағүрлым
көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус).
Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы
нашар. Сәбидің ортаңғы қүлағы сүйыққа толы болады да біртіндеп
барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу
болады. Ішкі күлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның қүлағымен
теңеседі.
2-3 жаста сыртқы қүлақ түтігі сәл иіледі де 4-6 жаста ересек
адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ак; ересек
адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып,
тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы қүлақтың көлемі 2-3 жаста
ересек адам-ның қүлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің
ортаңғы қүлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста үзарып 6


жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі қүлақ 2-3 жастың
арасында-ақ ересек адамның қүлағымен теңеседі.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт
төмпешіктің
және
басқа
аймақтарының
нейрондары
дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі
де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту
талдағышының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен
дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші
сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік
зоналар жетіледі.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашкы жылдың ішінде тез жетіліп,
қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса
музыкалық қарапайым әуенді аздап ажы-рата алады. Дегенмен, ми
қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4
жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші
ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы
аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс
орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды.
6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адам-нан
анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс талдағы-шының барлық
бөлімдері ересек кісінің дыбыс талдағышын-дай, бірақ есту қабілеті
анағұрлым жоғары болады. Ми қыр-тысының талдау және талқылау
қасиеттері одан әрі дами түседі.
Адамның вестибулярлық аппараты туғаннан бастап қызмет
атқарады. Жаңа туған нәрестенің жартылай айналмалы каналдары,
әсіресе бүйір жақ шетіндегі каналы жақсы қалыптаскан. Ол тік және
еркін орналасқан жоғарғы каналмен үлкен бүрыш жасайды. Ересек
адамда бүл канал тік күйінде қалғанымен, сәл қиғаштау орналасады.
Оның артқы жағына таман пирамиданың бетінде терең шұңқыры
көрініп тұрады. Ол арқылы қан тамырлары өтеді. 3-5 жастан кейін ол
үзын өзекше пішінді болады, 8-10 жаста тар жылғашаға айналады.
Жаңа туған сәбидің ұлу тәрізді сүйекшесінің күмбезі жалпақтау және
жоғарырақ орналасқан. Оның жалпы көлемі баланың жасы үлғая келе
кішірейіп, 3-5 жаста ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің
отолит сүйекшелері мен отолит жіпшелері нәзік шеміршектен түрады. 1-
3 жастың арасында олардың тығыздығы темен болады да 5-7 жаста
тығыздығы артады. Жаңа туған нәресте тербелісті жақсы сезеді, тіпті 1
ай-дан аса тербелістің бағытын да сезе алады. Тербеліс сезімталдығы
өте жоғары болады. Бір жасқа дейінгі нәрестелер орнынан қозғағанда,
жастығын жөндегенде, денесі оқыс қозғалғанда екі қолын екі жаққа
созып, саусақтарын ербеңдетеді. Баланы оқыс көтеріп, төмен
түсіргенде осы қимылдарына қоса, тынысын ішіне тартады. Бесікке
жатқызу, тербету сияқты әрекеттерге байланыс-ты "бесік" шартты
рефлекстері 12-16 күнде-ақ пайда болады. Бүл рефлекстері осы
әрекеттерге дайындық кезінде қолдарын екі жаққа созуы мен
саусақтарын ербеңдету қимылдары, содан соң қолы мен саусақтарын
бүрынғы қалпына келтіруі, тынысын ішіне тартуы арқылы байқалады.
Тепе-теңдік рефлекстері баланы аспа бесікке салып, жоғары-төмен
тербеткенде жақсы байқалады. Бүл рефлекс 2-3 айлығында
айқындалады. Баланың вестибулярлық рефлекстері 6-7 жаста жылдам
пайда болады. Олардың рефлексінің пайда болуына эсер ету үзақтығы
жасына байланысты: 6-7 жаста 7,3 м/сек, 10-15 жаста 11 м/сек, 15-20


жаста 16 м/сек. Баланың жасы өсе келе, вестибулярлық аппараттын
сезімталдығы төмендейді. Оған қоса, жаттықтыру арқылы оның
сезгіштігін азайтуға болады.
Кеңістікте қозғалудың үйлесуі негізінен балалық шакта
қалыптасады. Оның қалыптасуы көптеген мүшелер жүйелерінің
дамуына байланысты, сондықтан кеңістіктегі орынын анықтау және
тепе-теңдігін сақтау қабілеттері баланый өмірден алған тәжірибесіне,
шартты рефлекстерінің пайда болуына, жүйке жүйесінің дамуына
байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет